Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz.ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.58 Кб
Скачать

29. «Судың да сұрауы бар» тақырыбына эссе жазыңыз.

Су – адамзат пен жан-жануар және өсімдік әлемінің ауадан кейінгі тіршілік көзінің маңызды құрамы. Жалпы адам, ауқатсыз үш ай өмір сүрсе, оттегісіз бірнеше минут қана тіршілік етпек. Ал, сусыз үш тәулікке әрең шыдар еді. Суды жер бетінің құрылысшысы деп те атайды. Су ауа-райын реттеп, адамзатты қажетті қормен әрі ғаламат қуатпен қамтамасыз етеді.

Суға қатысты статистикалық деректер таңқаларлық жайтқа толы. Нақты айтқанда, жер бетінің 70 пайыздан астамы сумен көмкерілген. Пайымға салып, судың жайы жайлы абыржымай-ақ қоюға болар еді. Тек, бұл ойымыз мүлдем жаңсақ, себебі жер бетіндегі барлық сулардың ішуге де, тұрмыстық қажеттіліктерге де жарамсыз. Ал, адамға тұщы су қажет, оның қоры аса қуантарлық емес, әрі біркелкі орналаспаған көрінеді. Ғалымдардың тұжырымынша, планетамыздағы 70 пайыздан астам судың 3 пайызы ғана ішуге жарамды деп есептеледі. Арыдан қозғамай маңайды шарпысақ, бұрыңғы Кеңестер Одағы құрамындағы елдермен салыстырғанда, еліміз тұщы су қоры тапшы мемлекет екен. Елдегі басты тіршілік нәрінің тапшылығын көріп жатқан ауыл адамдары қаншама. Тәуелсіздігімізді нақтылағалы бері, осы бір проблема сан мәрте қозғалған-тын, қолдан келгенше жұмыстар да атқарылды. Есімде 90-ыншы жылдары ауданымызға таза су келді. Енді су іздеп тәнтіректемейтін болдық деп тұрғындар сүйіншілеп жүрді. Біз үшін бұл әжептәуір қуаныш еді, ол кезде. Жанды сусындататын жаңалықпен той тойлататын әдет бойынша, Жаңа-Қазалы стансасы теміржол бекетінің жанындағы стадионда мейрамдау процесін де өткізді. Сол кезде оқушылар шақырайған күннің астында, еріндері кезергенше бірнеше сағат репетиция жасап, матамен тиесілі судың толқынын салып берді. Бағдарлама барысымен су да атқыланды. Жұрт мәз-мәйрам! Қайтсін енді, көптен аңсаған армандары ғой бұл. Дегенмен, бұдан кейін де халық шелегін сылдыратып, бөшкелерін сүйреуден бір арылмады. Бәзбіреулер құдық қазып, бір айлық су құйып күнелтті. Таза суға қарқ болған түгі жоқ. 

Қазір жағдай басқаша, азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту және ауыл тұрғындарын ауыз сумен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету мақсатында ел Үкiметiнiң қаулысымен 2002–2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасы бекітілді. Күрмеулі мәселені түбегейлі шешу үшін іле-шала Үкімет 2011–2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын да қабылдады. Бағдарламада 2020 жылға қарай ауылдық елді мекендердің 80 пайызын, қалаларда 100 пайызын қамтамасыз ету көзделген. Осыған орай, біздің ауданда да су құбырлары жүргізіліп, ауыл тұрғындары үй ішіне кіргізілген таза ауыз суға қол жеткізуде. Әр көшеге су ағарлар орнатылды, құптарлық жайт. Алақайлап қалпағыңды аспанға лақтыруға лайықты. Алайда, лақтырған қалпағыңды емес, бармағыңды тістеуге мәжбүрсіз. Неге дерсіз, дейтін түгі жоқ. Ашып айтқанда сол колонкілердің бір-екеуінің қысы-жазы сарылдап ағып тұрғанын көріп, қынжыласыз. Аңсап жеткеніміз осы ма?! Су тапшы дейміз де, оны үнемдеу қарастырылмаған ба? Ол судың есебі қайда сонда? Ағындыны қайта жию мүмкін еместігін ойламағанымыз ба... Судың да сұрауы бар, ал, оның қадірін бағамдамай отырмыз. 

Кейбір деректер бойынша, ақаулы суқұбыр шүмегінен әр үш секунд сайын тамшылаған су, тәулік ішінде 10 литрге жуық шығынға ұшыратпақ. Сонымен бір аптада салғырттықтан 70 литердей суды ағызып жіберуіміз мүмкін. Мамандардың кеңесіне құлақ түрсек, ағып тұрған суқұбыр шүмегін қолданып болғаннан соң, толығымен бұрап тастау керек екен. Бізде болса суды тиімді пайдалану жүйесін қарастырмай, мөлшерден тыс ысырапшылдыққа жол берілуде. Ас та төкпен қатар, мұндағы анти санитарияға да көзді жұмып қарай алмайсың. Қыс мезгілінде суағардың маңайы мұз құрсауымен күл-қоқысқа толы болды. Қыста онша зияны тие қоймайды. Ол бесенеден белгілі. Тек көктеммен жаз шыға мәселе күрделенбесе болғаны. Судың қадірін сезбей, әрі қоршаған ортаға залалымызды тигізіп жатқанымызды ойландық па?... Бұл адами тұрғыдан қозғағанда, ал діни тұрғыда қарастырсақ: Ислам дінінің қоршаған ортаға қатысты маңызды ерекшеліктерінде, пайымдамастан Аллаһ Тағаланың берген нығметтерін өзінің мұқтаждығынан тыс пайдаланып, астамшылдықпен қолдануға тыйым салынған. Ислам қағидасы бойынша адам өзіне қажет мөлшерін ғана ішіп-жеуі адал делініп, ысырапшылдықты харам деп тыйым салған. Құран кәрімде бұл жайында: "Жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Аллаһ ысырап етушілерді сүймейді", - делінген. (Ағраф 7/31) Осы қасиетті сөздерді ой сүзгісінен өткізгеніміз абзал. Дүниедегі әрбір нәрсенің, қандай да бір қордың шегі болатыны анық. Сондықтан қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімізді қосуды естен шығармайық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]