Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz.ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.58 Кб
Скачать

17. «Қазақстан шекарасын тмд-дағы көршілермен делимитациялау мәселесі туралы мәлімет жазыңыз.

1991 жылғы желтоқсанда кеңестен кейінгі елдердің басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрған Алматы Декларациясын қабылданғаны белгілі. Бұл құжатта ТМД-ға қатысушы барлық мемлекеттер бір-бірінің аумақтық тұтастығын және КСРО ыдыраған уақытта қалыптасқан қазіргі шекарасын танитындығы әрі құрметтейтіндігі туралы ереже бар.

Шектес мемлекеттердің әрқайсысы мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасын орнатудың өзіне тән ерекшеліктері болды.

Бес жылдан астам уақытқа созылған Қазақтан – Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі келіссөздер тарихи маңызды құжатқа қол қоюмен аяқталды, құжатта уағдаласу жолымен ұзақтығы 7591 километр Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы белгіленді.

Түркімен тарапымен шекара туралы шарт жобасы қысқа мезгілде дайындалды. 2001 жылы 5 шілдеде Астанада мемлекет басшылары аталған құжатқа қол қойды.

Екі жылдан астам уақыт алған, екі тарап делегациясының жұмысының нәтижесі – ұзақтығы 1242 километр болатын Қазақстан – Қырғызстан шекарасы туралы шарт жобасын дайындаумен аяқталды, оған 2002 жылғы 15 желтоқсанда қол қойылды.

Қазақ пен өзбек арасындағы мемлекеттік шекараны белгілеу туралы келіссөздер 1999 жылы басталып, 16.01.2001 жылы ұзындығы 2440 шақырым болатын шекара сызығының 2091 шақырымына (96%) қол қойылғандығы белгілі. Ал қалған 4 пайыз жер – Бағыс пен Түркістан елді мекендері екі жақты келісім бойынша Бағыс ауылы 800 гектар жерімен және Арнасай су бекеті бес елді мекенімен Қазақстанның еншісінде қалды. Ал негізінен өзбек этникалық тобы тұратын Түркістан мен Баймұрат Нысан-1, Нысан-2 ауылары көршімізге қалды.

18. «Каспийдің экологиялық жағдайы» тақырыбына эссе жазыңыз.

Каспий теңізінің жағалауы мен табанынан мұнай өндірудің жыл сайын үдей түсуі мемлекетаралық әлеуметтік-экологиялық проблемалардың шиеленісіне түсуіне әкеп соғуда.қоршаған ортаның мұнай өнімдерімен ластануы, ауа, су ресурстарының сапасының нашарлауы, фауна мен флораның зардап шегуі мен адам денсаулығының нашарлауы тұрғындардыалаңдатып отыр. Тұтастай алғанда Каспий теңізінде өсімдіктердің – 500, балық пен жануарлардың 854 түрлері бар. Жағалауға таяу аудандарда көміртегі шикізатын барлау және зерттеудің одан сайын кең қанат жаюы, өзен, өнеркәсіптік, коммуналдық ағындылардың лас ағымының көбеюі, теңіз апаттарының болуы салдарынан мұнай мен мұнай өнімдерінің теңіз бетіне тарауы, т.с.с. зиянды антропогендік процестерді күшейте түсті.Каспий теңізі солтүстік бөлігі дүние жүзінде сирек кездесетін – бекіре, итбалықтар, шоқыр, қара уылдырық беретін балықтар аса құнды табиғи тіршілік иелері екендігі белгілі. Сондықтан бұл аймақ ерекше қорғалатын табиғи қорық деп жарияланған. Алғашқы кездерде шетелдік мұнай компаниялары өздерінің озық технологиялары барын, сондықтан мұнай қалдықтарымен жұмыс жасауға мол тәжірбиелері бар екендігі ұсынған.

Соңғы жылдары теңіз астынан мұнай іздеп бұрғылау кезінде күкірт қышқылы, азот, аммиак және сынаппен ластанған.Кейінгі кезде Каспийдің итбалықтары қырылу құбылысы енді қызыл балықтарға қауіпін төндіруде.

Сонымен бірге теңіздің кіші інжу-маржан аралдарынан қорытпа, бекіре, северюга, тәрізді бекіре тұқымдастардың ғана уылдырығымен және шабақ планктондарымен қоректенетін мнемиопопсис деп аталатын мөлдір денесі іркілдеген теңіз жәндігі – медузаның көп мөлшерде табылғандығы туралы мәліметтер бар. Медуза – мөлдір түсті, денесі іркілдек теңіз жәндігі.

Бұл жәндіктердің ойда жоқта көбейіп кетуін ғалымдар түсіндіре алмай отыр, ал бұл жебір жәндіктер асыл байлығымыз болып табылатын балықтарымызды құртуда. Көпшілік ғалымдар бұл құбылысты теңіздің мұнай қалдықтарымен ластануымен байланыстырып отыр Әлдебір құдірет Каспийге енді сол тауықметті тартқызбақ.

Каспий теңізіндегі балықтардың ауруға шалдығуы көптеп кездесіп жүр. Мысалы, зертханалық зерттеулер бекіре ағзасының елеулі түрде сырқатқа шалдыққанын анықтап отыр. Оның уылдырығының сырты былжырап жұқарған. Әсіресе, етінен ауыр металдар – қорғасын, сынап пен калий бар екендігін анықтаған. Бұлардан басқа гербицид, пестицид сияқты улы заттар да табылған. Ал ауру балықтардың уылдырығы болса консервілеуге мүлдем келмейді. Айта берсек қазіргі кездегі Каспий теңізінің тіршілік көздерінің ластану салдары ұшан теңіз. Балық бағалы байлық. Тек Каспий байлығымен қазіргі күні 5 мемлекеттің жүздеген миллион адамдары қоректеніп отыр. Егер осы балық болмаса, осыншама халық қалай күн көрмек.

С 85

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]