Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz.ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.58 Кб
Скачать

15. «Тыныштық белдеуі» тақырыбына эссе жазыңыз

Қазақстан мемлекеттік егемендігін алғаннан кейін Қазақстан дипломатиялық қызметінің алдына қойылған міндеттері: Қазақстан Республиканың егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, шекарасының мызғымастығын, басқа мемлекеттермен қарым-қатынаста, халықаралық аренада республиканың саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін қоғауды қамтамасыз ету болды. Мемлекет басшысы жас мемлекеттің бағдарламаларын анықтап берді:

-бейбітшілікті сақтауды Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдықты мақсаты ретінде танимыз;

-саяси, экономикалық және өзге де мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде соғысты немесе әскери күшпен қауіп төндірудіжоққа шығарамыз;

-қалыптасқан шекаралардың мызғымастығы, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидаларын ұстанамыз.

1990 жылдардың басында Бұрынғы КСРОдан Қазақстан шекарасы заңды түрде ресімделмеген шекара ретінде мұраға қалды.

Сондықтан Қазақстан тәуелсіздігін жарияланғаннан кейін мемлекет басшысы Сыртқы Істер министрлігіне және басқа да мүдделі министрліктер мен ведомстволарға аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету үшін шектес мемлекеттермен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңды түрде рәсімдеуді тапсырды.

1992-1993 жылдары Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау, ал 1998-2002 жылғы мамырда шекараны демаркациялау жүргізілді.

1999-2005 жылдары шекараны делимитациялау жөніндегі келіссөздер нәтижесінде Түркменстанмен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Ресеймен Қазақстанның шекарасын делимитациялау туралы шарттарға қол қойылды.

Қазіргі уақытта Өзбекстанмен және Түркменстан арадағы шекараға демаркациялау жұмыстары жүргізілуде.

16. Қазақстан – Қытай шекарасы туралы қысқаша мәлімет жазыңыз.

Қазақстан мен Қытай арасында мемлекеттік шекараны орнатудың ежелгі және күрделі тарихы бар. Қазақстан – Қытай шекарасы тұтас алғанда үш ғасыр бойы қалыптасты. Бірақ ең алғаш рет құжаттамаға түсіру 140 жыл бұрын басталды. Бұл жұмыстың бастауына 1860 жылы Шәуешек хаттамасы негіз қалады. Кейінірек 1881 жылы Петербург шарты жасалып, Орталық Азия аумағында Ресей – Қытай шекарасын орнату аяқталды.

Жоғарыда аталған шарттар мен хаттамалардың маңызды ерекшелігін атап өті керек. Халықаралық құқық нормаларына сәйкес олар заңды қолданысын жоғалтпайды және күші жойылмайды, сондай-ақ заңдық тұрғыдан дәлелді материал болып табылатындықтан, Ресей мен Қытай арасында Орталық Азия өңіріндегі шекара сызығын ұзақ мерзімге белгілеп берді.

Өткен уақытқа шегініс жасайтын болсақ, кеңес және қытай карталарын салыстырып қараған кезде оларда белгіленген шекара сызығы бір-біріне сәйкес келмейтін болып шықты. Олардың арасында орналасқан аумақ даудың объектісіне айналды. Әңгіме Қытайдың Қазақстанмен, Ресеймен, Қырғызстанмен және Тәжікстанмен шектесетін аумақтарындағы учаскелер туралы еді. Жиынтық түрінде олар 34 мың шаршы шақырымды құрады. Оның ішінде екі ірі учаске Қазақстанның Қытаймен шекарасында болатын. Қытай тарапы әлгіндей учаскелер кімнің заңды құқығында екенін анықтауды ұсынды. Кеңестік тарап бұл учаскелерді даулы деп таныды және қытайлық тараппен шекаралық мәселелерді төмендегідей талаптармен қарауға келісті: біріншіден, 19 ғасырдағы орыс-қытай шарттары негізге алынады; екіншіден, келіссөздер халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес жүргізіледі; үшіншіден, әділеттілік пен ұтымдылық сақталады; төртіншіден, өзара түсіністік және өзара ымыраға келу қағидаты басшылыққа алынады.

Қазақстандық тарап мұндай көзқарасты әділетті және халықаралық құқықтың талаптарына, сондай-ақ Қазақстан мүдделеріне жауап береді деп таныды. Қытай тарапымен шекараны делимитациялауды жоғарыда аталған 19 ғасырдағы тарихи шарттардың негізінде, яғни оы құжаттарда шекара сызығының өтуі қалай түсіндірілсе, солай жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кеңестер Одағы түрлі идеологиялық және саяси себептерге байланысты 35 жыл ішінде өтіп, Қазақстан- Қытай мемлекеттік шекарасы ұзындығының (шекараның бүкіл ұзындығы -1783 км) 90 пайыздан астамын келісті. 1994 жылғы 26 сәуірде Қазақстанның және Қытайдың басшылары Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімге қол қойды.

1992-1993 жылдары Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау, ал 1998-2002 жылғы мамырда шекараны демаркациялау жүргізілді.

Қазақстанның Қытаймен шекарасының ұзындығы қазір 1700 шақырымдай деп жүрміз. Бұл тұрғыдағы нақты цифр шекараны демаркациялаулан кейін, яғни жергілікті орында шекаралық белгілермен белгіленген соң анықталады.

Бұрын ол мынадай шарт құжаттарының негізінде белгіленген болатын:

- 1860 жылғы 2 қарашадағы Пекин қосымша шарты (шекараның жалпы бағытын анықтайды);

-1864 жылғы 12 ақпандағы Шәуешек хаттамасы (шекараның географиялық бағдарлықтар бойынша өтуін анықтайды);

-1881 жылғы 12 ақпандағы Санкт-Петербург шарты.

Бұл көрсетілген құжаттар шекаралық мәселенің тарихына қатысты жайлар.

1994 жылы 26 сәуірде мемлекет басшылары Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімге қол қойды, ол 1995 жылғы 11 қыркүйекте бекіту грамоталары алмасқаннан кейін күшіне енді. Осы кезде шекараның екі учаскесі бойынша келісімге қол жетпеді. Біріншісі – Сарышілде өзені ауданындағы учаске (Алматы облысының Алакөл ауданы).

Екіншісі – Шағын – Оба және Баймырза асулары ауданындағы учаске (Шығыс Қ., Зайсан ауданы)

1998 жылғы 4 шілдеде қол қойылған қосымша келісім бойынша келісілмеген екі учаскенің шамамен 944 шаршы шақырым жалпы ауданынан Қазақстанға 537 шаршы шақырым, Қытайға 407 шаршы шақырым бекітілді.

Тарихи құжаттарға қарай отырып, шекараның дәлелденуі нәтижесінде тараптар заңдық негізде хатталған шекараға ие болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]