- •«Мемлекеттік тіл - ұлт негізі» тақырыбына эссе жазыңыз
- •«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Мәртебелі мемлекеттік тіл» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Мамандығым мақтанышым» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Қазақстан дипломатиясының кезеңдері» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Дипломатия әліппесінен» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Білікті маман - қоғам сұранысы» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Нота – дипломатиялық құжат» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Екі жақты және көпжақты дипломатиялық құжаттар» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Қазақстан жаһандану дәуірінде» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Мәдени ынтымақтастық туралы келісім» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •12. «Халықаралық қатынастар» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •«Мемлекеттік шекара» туралы мәлімет жазыңыз.
- •«Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •15. «Тыныштық белдеуі» тақырыбына эссе жазыңыз
- •16. Қазақстан – Қытай шекарасы туралы қысқаша мәлімет жазыңыз.
- •17. «Қазақстан шекарасын тмд-дағы көршілермен делимитациялау мәселесі туралы мәлімет жазыңыз.
- •18. «Каспийдің экологиялық жағдайы» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •19. «Қазақстан сыртқы саясатының қазіргі кезеңдегі негізгі басымдықтары» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •20. «Халықаралық ұйымдар» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •21. Біріккен Ұлттар Ұйымы
- •22. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы тақырыбына эссе жазыңыз.
- •23. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы тақырыбына мәлімет жазыңыз.
- •24. Мәдени ынтымақтастық туралы келісімнен үзінді жазыңыз.
- •25. «Елдестірмек елшіден» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •26. Еуропа Одағы мен Қазақстан арасындағы қатынастар туралы мәлімет жазыңыз.
- •27. Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесінің декларациясынан үзінді жазыңыз.
- •28. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қатынастарды дамыту туралы декларациядан үзінді жазыңыз.
- •29. «Судың да сұрауы бар» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •30. «Ұлттық мейрамдар» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •31. Келісім. Сенім грамоталары. Шағын мәлімет жазыңыз.
- •32. Кері шақыру грамоталары туралы мәлімет жазыңыз.
- •33. Қазақтың тұңғыш Өкілетті және Төтенше Елшісі туралы қысқаша мәлімет жазыңыз.
- •34. Мамандық саласындағы танымал тұлғалар дегенді қалай түсінесіз? Өз ойыңызды жазыңыз.
- •35. Қазақстан Республикасының дипломаттары туралы шағын мәлімет жазыңыз.
- •36. Дипломатиялық қабылдаулар туралы қысқаша мәлімет жазыңыз.
- •37. Елшілік. Елшінің негізгі міндеттері туралы сұхбат құрыңыз.
- •38. Қазақстанның сыртқы саясаты туралы шағын мәлімет жазыңыз.
- •39. Қазыбек бидің ашық нотасы туралы мәлімет жазыңыз.
- •40. Дипломат м.С. Фазылов туралы қысқаша мәлімет жазыңыз.
- •41. Түркияның тәуелсіздік күніне байланысты ресми құттықтау нотасын жазыңыз.
- •42. Өзбекстан Республикасына Наурыз мерекесіне байланысты құттықтау ноталарын жазыңыз.
- •43. Иран Ислам Республикасына Наурыз мерекесіне байланысты құттықтау нотасын жазыңыз.
- •44. Мемлекеттік Протокол қызметінің құзіреті туралы баяндаңыз.
- •45. Абылай ханның қазақ мәмілегер-дипломаттарын қалмақ еліне аттандырар кезіндегі сөйлеген сөзін сипаттап жазыңыз. Баға беріңіз.
- •51. Берілген сөздермен сөйлем құраңыз:
- •52. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз:
- •53. Сөйлем құраңыз:
- •58. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз:
- •59. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз:
- •60. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз:
«Мемлекеттік тіл - ұлт негізі» тақырыбына эссе жазыңыз
Мемлекеттік тіл – аса маңызды да өзекті мәселе, тіл – халықтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ол – ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс.
Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды.
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар.Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды — қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту — Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі», сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» — деп тұжырымдайды. Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін — ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық
Мемлекеттің туы, Елтаңбасы, Әнұраны сияқты «мемлекеттік тіл – еліміздің басты рәміздерінің бірі» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап айтқандай, мемлекеттік тіл – мемлекеттің ажырамас бір бөлігі. Тіл – мемлекеттің елдігін айқындайтын басты белгілердің бірі.
Тіл – адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарына тіл ғылымнан да мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілің қатысуымен жасалады.
Тіл – бір мемлекеттің аяғынан тік тұруына, оның жалғасуына ықпал ететін, сол мемлекет тіуелсіз екенін білдіретін құрал. Тіл адамдарды бір-біріне жақындастырып, олардың арасында бірлік, ынтымақтастықты қалыптастырып негізгі ірге. Тіл – өткен мен келешек арасындағы көпір, ол бүтін бір ұлттың мәдени-әдеби құндылықтарын, білімін, өмірлік ұстанымдарынғ кешеен бүгінге, одан болашаққа жеткізеді.
