- •2. Технологиялық үрдісті автоматтандырудың түрлері және олардың сипаттамалары.
- •7. Дабыл түрлерін кодтау.
- •9. Датчиктердің жіктелуі және сипаттамалары.
- •11. Автоматиканың оптикалық құрылғылары.
- •13. Автоматиканың электронды құрылғылары (лампа, диод, транзистор, тиристор)
- •14.Электронды лампа, диод, транзистор, тиристор түрлері жәе олардың негізгі сипаттамалары.
- •15. Электромагнитті реле түрлері және негізгі сипаттамалары.
- •18. Деңгей өлшегіш түрлендіргіштердің қолданылуы мен негізгі сипаттамасы.
- •19. Жиілік өлшегіш түрлендіргіштердің қолданылуы және негізгі сипаттамасы.
- •20.Температура өлшегіш түрлендіргіштердің қолданылуы және негізгі сипаттамасы.
- •26.Гидравликалық реттеу жүйелерінің негізгі сипаттамалары.
- •27.Гидравликалық реттегіштердің негізгі түрлері және олардың жұмыс принципі.
- •30)Автоматты бекіту принципін түсіндіріңіз
- •31.Вентильді түрлендіргіштер
- •32. Автоматиканың пневматикалық және гидравликалық құрылғылары
- •§14. Автоматиканың гидравликалық құрылғылары
- •36.Астық сақтағыштарда температураны бақылауды автоматтандыру.
- •40. Элеватордағы астык тазалау процесін автоматтандыру.
- •41. Кептіру процессінің автоматтандырылуы
- •42. Ун зауытының дайындау бөлімін автоматтандыру
15. Электромагнитті реле түрлері және негізгі сипаттамалары.
Реле – коммутациялық құрылғы, оның бір электр тізбегінде (орамшасында) ток өзгергенде, басқа электр тізбегіндегі контактілері тұйықталады/ажыратылады.
Реле классификациясы
1) Қоректену тогына байланысты: т ұ р а қ т ы т о к релесі мен а й н ы м а л ы т о к релесі.
2) Атқарушы тізбек тогының мәніне байланысты: к ү ш т і к (силовое) ә л с і з және а р а л ы қ реле. 3) Реттелетін шама түріне байланысты: т о к және к е р н е у релесі; у а қ ы т релесі.
4) Жұмыс атқару принципы бойынша реле: э л е к т р о м а г н и т т і, и н д у к ц и о н д ы, э л е к т р о – т е р м и я л ы қ, және т.б. релелер.
5) Сезімтал элементіне байланысты: ж ы л у л ы қ, т е м п е р а т у р а л ы, ж а р ы қ, д ы б ы с, т.б.
Жоғарыда көрсетілген классификациядан бөлек, барлық релелерді екі топқа бөлуге болады: контактылы және контактысыз (электрондық).
Барлық реле түрлерін бір жұмыста қарастыру мүмкін емес, сондықтан біз реленің кейбір түрлеріне ғана тоқталамыз: электромагниттік, жылулық, аралық және температуралы релелерге тоқталамыз.
Әдетте автоматикада реле және релелік қызметтегі приборлар кірісі мен шығысы электр шамалар (ток пен кернеу) болып табылады. Егер шығыс тізбектегі токтың секіріс өзгеруі тізбекті физикалық ажырату арқылы іске асырылса, онда осындай элементті к о н т а к т ы л ы р е л е немесе әшейін реле д.а. Егер шығыс тізбектегі токтың секіріс өзгеруі элементтің ішкі күйімен (өткізгіштің ішкі кедергісі, индуктивтілік, т.б.) анықталса, яғни, физикалық ажырату арқылы емес болса, онда ол р е л е л і к қ ы з м е т т е г і п р и б о р немесе к о н т а к т ы с ы з р е л е д.а.
Контактылы реле қарапайымдылығына және сенімділігіне байланысты автоматикада жиі кездеседі. Оның бір артықшылығы ретінде тұрақты және айнымалы ток шығыс тізбектерін біруақытта тәуелсіз ауыстырып қосу мүмкіндігін айтамыз, бұл кезде тізбектердің өзара гальваникалық байланысы жоқ болады.
Контактылы реле а р т ы қ ш ы л ы қ т а р ы н а: контактылы ауысуларда қуаттың аз шығынын, магниттікк және электр өріс әсерінен тәуелсіздігін, жоғары электр беріктілігін, және т.б. айтуға болады.
Бірақ контактылы реленің бір к е м ш і л і г і – көлемі мен салмағы үлкен, импульсті режимде жұмысы баяу. Осы кемшіліктер 22 контактысыз реледе жоқ, себебі онда механикалық контактылар болмайды.
Сенімділігі бойынша І және төменгі класс релелері кездеседі.
І класс релелері жоғары сенімділікпен (өз салмағы арқылы зәкірді қайтарады). Төменгі кластағы реле контактылы пружина арқылы ажыратылда, сондықтан тез істен шығады.
Э л е к т р о м а г н и т т і реле ток орамшамен өткенде зәкірді тартып контактілерді ауыстыру қасиетіне негізделеді (2.5-сурет).
И н д у к ц и о н д ы (екіэлементті) реле бірінші элементтің магнит өрісі (айнымалы магниттікк өріс арқылы) мен екінші элементтің айнымалы магнит ағыны арасындағы байланысқа негізделеді. Бұл реле айнымалы токпен жұмыс істейді.
Э л е к т р о т е р м и я л ы қ реле қыздырғанда денелердің кеңею қасиетіне негізделеді (биметал пластиналар).
Жылулық реле. Жылулық релелерді асинхронды электр қозғалтқыштарды артық жүктемеден сақтау үшін қолданады. Оларды магниттікк қосқыштарда немесе панелдерде орнатады. Кеңінен тараған жылулық релелерге ТРН, ТРП, РТТ, ТРАТП, РТЛ сериялы релелер жатады.
16. Уақыт және температура релесі және негізгі қызметі.
Уақыт релесі. Ауыл шаруашылығында уақыт релесі машиналардың электр жетегін қосу алдында уақытты қажетті тоқтатуға арналады. Яғни, қажетті сигнализация, технологиялық процесс ұзақтығын қамтамасыз ету, ағындық линия электржетектерін уақыт бойынша қосу, ағындық линия электржетектерін уақыт бойынша тоқтату, және т.б. үшін қолданылады.
Уақыт релесі аппарат катушкасына кернеу берілген соң нақты уақыт аралығынан кейін контактілері тұйықталатын/ажыралатын аппарат болып саналады. Кеңінен тараған болып электромагниттік және электромеханикалық релелер саналады.
Электромагниттік уақыт релесі іске қосуды уақытша тоқтататын электромагниттік реттелетін жүйеден және контактылы жүйеден тұрады. Релеге кернеу берген кезде қозғалмалы өзекше тартылады да сағат механизм пружинасын жүргізеді. Пружина әсерінен сағат механизмы іске қосылады. Орнатылған уақыт аяқталған соң қозғалмалы контактылы көпір тұрақты контактыларды тұйықтайды.
Температуралы релелер . Температуралы релелер және датчиктер электр жылытқыш және желдеткіш қондырғыларда қолданылады. Олар сынап-контактылы, манометрлы, биметалл және жартылай өткізгіш болып бөлінеді.
Сынап-контактылы температуралы реледе (термометр) температура көтерілген сайын көтерілетін сынап бағанасы бар болады. Сынап бағанасы көтеріліп, контактыны тұйықтайды. Ол 10-20 мА токқа ғана шыдай алады, сондықтан термометр контактылары әдетте күшейткіш аралық реле арқылы тізбекке қосылады. Сынап-контактылы температуралы термометрлерді тұрақты дәнекерленген контактыларымен бірге (ТК-1, ТК-2, ТК-3, 29 ТК-4, ТК-5) және контактыларды магнитты ауысатын етіп (ТК-6, ТК-8) шығарады. Термометрді қажетті температураға магнитты құрал арқылы баптайды, магнитты құралды бұру арқылы сымды контактыны көтереді немесе төмендетеді.
Жартылай өткізгіштік температуралы реле (ПРТ-2, ПТР-3, ПТР-П терморегуляторлары) қызметі жартылай өткізгіштердің кедергісінің температураға тәуелділігіне негізделген. Жартылай өткізгіш терморезисторлар компактылы, оларды кез келген 31 қолжетімсіз (объект температурасы туралы сигнал алатын) жерге орналастыруға болады. Терморезисторды айнымалы токтың өлшеу көпіріне (измерительный мост) қосады. Егер реттелетін объект температурасы приборда орнатылған мәнге тең болса, көпір орнықты және шығыс сигналы нөлге тең.
17.Автоматты реттегіштердің жіктелуі және негізгі сипаттамалары.
Реттегіш - машинаның немесе үрдістің кезкелген айқындауышын берілген шектеулерде ұстауға арналған құрылғы.
Контактісіз реттегіш - жартылай өткізгіш аспаптарында дайындалған кернеу реттегіші.
Оталдыру шының ваккумды реттегіші - іштен жанатын козғауыштағы енгізу колектіріндегі ваккум мөлшеріне байланысты ерте оталдыру бұрышын автоматты өзгерту құрылғысы.
Бүкілрежимдік реттегіш - жанармайберубаспасының жагдайымен сәйкес козғауыш айналу білігінің берілген жиілігінің үстауын қамтамасыздандыру үшін арналған дизельді қозғауыштың реттегіші.
Ішінен орнатылған реттегіш - көліктің генераторына орнатылған кернеу ретгегіші.
Қысым реттегіші - жұмыс сұйықтығының қысымын басқаруға арналған гидравликалық басқару жүиесінің құрылғысы.
Компрессор қысымы реттегіші - жүйедегі қысым берілген мағынага жеткен кезде, компрессорды бос жүріс жұмыс тэртібіне шыгаратын құрылғы.
Екі режимді реттегіш - козғауыш білігінің тах және тіп айналу жиілігі бойынша шектеулерді камтамасыздандыратын дизельді қозғауыштын реттегіші.
Шанақтың реттегіші - автомобиль шанағының жагдайын тік бойынша, сонымен қатар бойлық және көлбеу жазықтықтарында теңестіруге мұмкіндік беретін құрылғы.
Кернеу реттегіші- генератор білігінң эртұрлі айналу жиілігіндегі өлшем бойынша тұракты кернеуді ұстауға арналған реттсгіш.
Ерте оталу реттегіші - ерте оталу бұрышын автоматты және қолмен өзгертуге арналған құрылғы.
Шығын реттегіші - гидравликалық басқару жүйедегі, - жұмыс сұйықтығының шығынын басқаруға арналған құрылғы.
Тежеуші күштер реттегіші - тежеуші күштін қосындысын көбейту үшін, көліктіңалдыңғы және артқы тежеуіш механизмдері арасындағы қатынасын автоматтық өзгертуге арналған құрылғы.
Ортадан тепкішті оталдыруыштың реттегіші - іштен жанатын қозғауыш білігінің айналу жиілігінен тәуелді, таралатын жүктердің көмегімен ерте оталу бұрышын автоматтық өзгертуге арналған құрылғы.
