- •2. Технологиялық үрдісті автоматтандырудың түрлері және олардың сипаттамалары.
- •7. Дабыл түрлерін кодтау.
- •9. Датчиктердің жіктелуі және сипаттамалары.
- •11. Автоматиканың оптикалық құрылғылары.
- •13. Автоматиканың электронды құрылғылары (лампа, диод, транзистор, тиристор)
- •14.Электронды лампа, диод, транзистор, тиристор түрлері жәе олардың негізгі сипаттамалары.
- •15. Электромагнитті реле түрлері және негізгі сипаттамалары.
- •18. Деңгей өлшегіш түрлендіргіштердің қолданылуы мен негізгі сипаттамасы.
- •19. Жиілік өлшегіш түрлендіргіштердің қолданылуы және негізгі сипаттамасы.
- •20.Температура өлшегіш түрлендіргіштердің қолданылуы және негізгі сипаттамасы.
- •26.Гидравликалық реттеу жүйелерінің негізгі сипаттамалары.
- •27.Гидравликалық реттегіштердің негізгі түрлері және олардың жұмыс принципі.
- •30)Автоматты бекіту принципін түсіндіріңіз
- •31.Вентильді түрлендіргіштер
- •32. Автоматиканың пневматикалық және гидравликалық құрылғылары
- •§14. Автоматиканың гидравликалық құрылғылары
- •36.Астық сақтағыштарда температураны бақылауды автоматтандыру.
- •40. Элеватордағы астык тазалау процесін автоматтандыру.
- •41. Кептіру процессінің автоматтандырылуы
- •42. Ун зауытының дайындау бөлімін автоматтандыру
14.Электронды лампа, диод, транзистор, тиристор түрлері жәе олардың негізгі сипаттамалары.
Әрбір үйде жарық беретін электровакуумды лампа (6.1-сурет) металл, айна, керамикадан жасалған баллоннан тұрады. Ішінде контактылар жапсырылған. Баллон ішінде вакуум. Вакуум электрондар қозғалысына кедергі жасамау үшін керек. Катод – теріс электрод, ол электрондар көзі болып табылады; ал анод – оң электрод – электрондарды қабылдағыш болып табылады. Электрондық лампаны американ зерттеушісі Т.А.Эдисон тапты.
Электрондық лампаларға диод, триод, терод, пентод, т.б. жатады. Оларда сәйкесіншге екі, үш, төрт, бес электрод бар. Диодты 1906 ж. Ли де Форест тапты. Электрондық лампалар радиотаратқыштарда, радиоқабылдағыштарда, телевизорда, т.б. пайдаланылады.
Телевизор, электрондық микроскоп, электродәнекерлеу принциптері бірдей. Ерекшелік тек ток шамасында ғана. 6.2-суретте электрондық сәулелі түтікше (ЭСТ) берілген. ЭСТ қондырғылардың негізгі бөліктері – электрондық зеңбірек (генератор, электрондар көзі), катушкалар, пластиналар және электродтар. Катушкалар мен пластиналар жоғары кернеулі электромагниттік өрісті күшейтеді, ал өріс электрондар шоғын біріктіріп, бір нүктеге бағыттайды.
Автоматиканың электрондық құрылғылары өндірісте жиі кездеседі, олар жартылай өткізгіш элементтерден тұрады. Электрондық элементтерге диод, транзистор, тиристор, және т.б. жатады.
Диод – бір бағыттағы токты жақсы өткізетін, ал кері бағыттағы токты өткізбейтін жартылай өткізгіш (г е р м а н и й, к р е м н и й) прибор. Диодтың екі электроды бар – анод пен катод. Диод жартылай өткізгіштен жасалған екі пластинадан тұрады, олар n-ауысу және p-ауысу аймақтарын өткізеді. Олардың арасында p-n- ауысу аймағы бар. Диодтар түзеткіштерде (айнымалы токты тұрақты токқа айналдырады) және стабилизаторларда (кернеуді немесе токты реттейді) пайдаланылады.
Транзистор (ағыл. transfer – тасымалдау және resistor – кедергі жасау) – түрлі жиілікті электр толқындарын күшейту, генерациялау және түрлендіруге арналған жартылай өткізгіштік прибор. Транзисторды 1948 ж. У.Шокли, У.Браттейн, Дж. Бардин тапты. Транзистор германий немесе кремнийден жасалған пластиналардан тұрады. Олар электрондық (n-типті) және кемтік (p-типті) электрөткізгіштікпен қамтамасыз етіледі. Жартылай өткізгіш пластинасы мен оның ішіндегі екі аймақ әрқайсысы электр өткізгіштік қасиеті бар екі p-n-ауысу құрайды. Яғни, жалғанған екі диодтан тұрады. Транзистордың үш электроды бар: база Б, эмиттер Э мен коллектор К. Осыған орай транзисторды Жалпы База, Жалпы Эмиттер және Жалпы Коллектор арқылы жалғау схемаларын пайдаланады.
Тиристор. Тиристор – екі орнықты күйі бар жартылай өткізгіштік прибор. Оның жалпы үш немесе одан да түрлендіру контактілері бар болады, және ол жабық күйден ашық күйге және керісінде ауыса алады.
Диодты тиристор (динистор) – екі шығысы бар тиристор, олардан негізгі ток та басқару тогы өтеді.
Триодты тиристор (тринистор) – екі негізгі және бір басқарушы шығысы бар тиристор.
Құрылымы және жұмыс принципы. Диодты тиристордың құрылымы тізбектей орналасқан электр өткізгішті аймақтардан тұрады. Үш түрлендіргіш ауысулардан басқа диодты тиристорда қосымша екі омды ауысу бар болады. Омды ауысудың біреуі шеткі n–аумақ пен метал электрод (катод) арасында орналасады. Екінші омды ауысу шеткі р–аумақ пен метал электрод (анод) арасында орналасады.
