- •2. Технологиялық үрдісті автоматтандырудың түрлері және олардың сипаттамалары.
- •7. Дабыл түрлерін кодтау.
- •9. Датчиктердің жіктелуі және сипаттамалары.
- •11. Автоматиканың оптикалық құрылғылары.
- •13. Автоматиканың электронды құрылғылары (лампа, диод, транзистор, тиристор)
- •14.Электронды лампа, диод, транзистор, тиристор түрлері жәе олардың негізгі сипаттамалары.
- •15. Электромагнитті реле түрлері және негізгі сипаттамалары.
- •18. Деңгей өлшегіш түрлендіргіштердің қолданылуы мен негізгі сипаттамасы.
- •19. Жиілік өлшегіш түрлендіргіштердің қолданылуы және негізгі сипаттамасы.
- •20.Температура өлшегіш түрлендіргіштердің қолданылуы және негізгі сипаттамасы.
- •26.Гидравликалық реттеу жүйелерінің негізгі сипаттамалары.
- •27.Гидравликалық реттегіштердің негізгі түрлері және олардың жұмыс принципі.
- •30)Автоматты бекіту принципін түсіндіріңіз
- •31.Вентильді түрлендіргіштер
- •32. Автоматиканың пневматикалық және гидравликалық құрылғылары
- •§14. Автоматиканың гидравликалық құрылғылары
- •36.Астық сақтағыштарда температураны бақылауды автоматтандыру.
- •40. Элеватордағы астык тазалау процесін автоматтандыру.
- •41. Кептіру процессінің автоматтандырылуы
- •42. Ун зауытының дайындау бөлімін автоматтандыру
9. Датчиктердің жіктелуі және сипаттамалары.
Датчик (өлшеуіш түрлендіргіш) – сыртқы әсердің нақты бір түрін қабылдайтын құрылғылар. Сыртқы әсерлерге температура, жарық, қысым, күш, жылдамдық, ылғалдылық, т.б. жатады. Датчиктер осындай әсерлерді қабылдап, өлшеуге, тасымалдауға және басқаруға ыңғайлы түрдегі сигналдарға түрлендіріп береді.
Айналу жиілігінің қарапайым датчигінің құрамына білікке (вал) отырғызылған магниттен және оның қозғалмайтын жағына бекітілген индуктивтілік катушка кіреді. Біліктің әрбір айналғанында магнит катушкада ток импульсын қоздырады, ал импульстер арнайы санауышпен тіркеледі. Біліктің айнау жиілігі өскен сайын, импульстер жиі тіркеледі.
Егер конденсатордың бір айнала қоршауы (обкладка) мембрана болып табылса, онда ол қысымның қарапайым датчигіне айналады. Қысым өскен сайын мембрана бүктеледі де прибор сыйымдылығы өзгереді. Термодатчиктердің кедергісі тепмература өскен сайын көбейеді. 4.1–суретте температура мен қысымды қабылдайтын датчиктері; 4.2-суретте иісті және дәмдә сезу датчиктері көрсетілген.
Датчиктер автоматтардың сезім мүшелері болып табылады. – суретте вестибуляр аппарат – автоматтың иіс қабылдау органы, екінші аппарат - автоматтың дәм сезу органы болып табылады.
Датчиктер классификациясы Сезімтал элементтеріне байланысты:
• контактылы (механикалық) датчик;
• потенциометрлі датчик;
• тензометрлі датчик;
• индуктивті датчик;
• индукционды датчик;
• сыйымдылықты датчик;
• фотодатчик (оптикалық);
• термодатчик, т.б.
Өлшенетін шамаға байланысты:
• қозғалыс датчигі;
• қысым датчигі;
• температуралы датчик;
• газ ылғалдылық датчигі;
• радиация датчигі;
• жарық датчигі;
• вибрация датчигі, т.б.
Кіріс шама мен шығыстағы электр энергиясын (ЭҚҚ) түрлендіретін датчиктерді генераторлы датчик д.а. бұл датчиктер арнайы ток көзін қажет етпейді. Мысал ретінде тахогенераторларды, термопараларды, пьезодатчиктерді, т.б. айтуға болады. Олардың шығысындағы кернеу айналым жиілігіне пропорционал болады.
Электромеханикалық (қозғалыс) датчиктер (4.3; 4.4-сурет) негізінен механикалық шамаларды (қозғалыс, жылдамдық, қысым, вибрация, т.б.) электр шамаларға (ЭҚҚ, кедергі, индуктивтілік, сыйымдылық, т.б.) аударады. Кейде оларды кері түрлендіру, яғни, электр шамаларды механикалық шамаға аудару үшін де қолданады.
Мысал ретінде темір жол автоматикасында жиі қолданылатын рельсті педаль деп аталатын қозғалатын состав (пойыз) жүріс датчиктерін айтуға болады. Ауа – мембраналық педальді рельс астына орнатады, ол қозғалатын состав өткенде рельс бүгілісін сезеді. Контактыны ауыстыру үшін 0,015 мм рельстің бүгілуі жектілікті. Педаль контактілері арқылы педальды реле қосылады.
Өлшеуіш түрлендіргіштеріне сәйкессендіру бұрышына пропорционал электр кернеуін шығаруға арналады. Қызмет атқару принципы бойынша олар потенциометрлік, индукционды, сыйымдылықтық, фотоэлектрлі (4.5-сурет), контактылы, магнитті, магнитоэлектрлік болып табылады.
Өлшеуіш түрлендіргіштерінің негізгі құрылғылары болып сезімтал құрылғылар жатады. Оларға қойылатын талаптарға: жоғары дәлдік, жұмыс сипаттамаларының сызықты болуы, сенімділік, жоғары ПӘК жатады.
10. Контактілі датчиктер.
Контактілі датчиктер- Резисторлі датчиктердің қарапайым түрі болып табылады.Контактілі датчиктер арқылы орын ауыстыруды, температураны, объектілердің өлшемдерін, формаларын өлшеп, бақылайды. Контактілі датчиктерге сөндіргіштер, контактілі термометрлер, электродты датчиктері жатады. Контактілі датчиктер тұрақты және айнымалы тоқта жұмыс істеуі мүмкін. Өлшеу шектеріне байланысты контактілі датчиктер бір-шекті және көп-шекті болуы мүмкін. Контактілі датчиктердің кемшілігі- үздіксіз бақылау жүйесін орындау күрделі жұмыс болып келеді және контактілі жүйенің жұмыс істеу мерзімі шектеулі.
