Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
она й шаруашылыы - Экзамен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

25. Қонақтарды қарсы алу және орналастыру бөлімінің қызметі

Қабылдау және орналастыру қызметі ( Front office). Бұл бөлімге консьерждер, швецарлар, жүкті жеткізушілер, паждар, телефон операторлары, администраторлар, қабылдау бойынша агент сияқты қызметкерлер кіреді. Бұл бөлімді Front office manager менеджер басқарады.

«Front office» - бұл қонақ үйдің басты пункті, қонақты қабылдау және онымен қоштасу орны. Қонақ үшін «Front office» - бұл отельдің көрінісі және тіпті көбінесе қонақтың отельмен байланысы «Front office» бағанында персоналмен әңгімелесу мен шектеледі. Бұл бөлімнің қызметкерлері отель туралы, қаланың көрнекті жерлері мен қала бойынша қозғалыс туралы, театрлардың, музейлердің, концерт залдпрының күнтізбектері туралы барлық ақпаратты білулері қажет.

Қабылдау және орналастыру (reception) бөлімінің негізгі функциалары болып қонақтарды тіркеу, нөмірлерді үлестіру, қонақтарды орналастыру мен шығарып салу және оларға көптеген қосымша қызметтер көрсету табылады. Қабылдау қызметі отельдің холында орналасады.

Қабылдау және орналастыру бөлімінің администраторы тікелей қонақтарды орналастыру мен оларды тіркеумен айналысады. Қонақтардың сұраныстары мен арыздарын қабылдайды және сәйкес қызметтерді сол мәліметтер туралы ақпараттандырады. Бұл қызметтер отельдегі қонақтардың ыңғайлы жүріс-тұрысы үшін жауапты болатын отельдің барлық қызметкерлерінің жұмысын бақылайды.

Консьерж – театрлар мен музейлерге билеттерге тапсырыс берумен, таксиге тапсырыс берумен және басқа да сол сияқты жұмыстармен айналысады. Консьерж, сонымен қатар келесідей қонақ үй лоббинің барлық қызметкерлерінің жұмысын қадағалайды: швейцарлар, жүкті жеткізушілер, паждар мен лифтерлар.

Швейцар (doorman) қонақты күтеді, есікті ашады, такси шақырады, машиналардың орналасуын басқарады, қонаққа жүгін түсіруге көмектеседі, жүкті күзетеді және оны жүкті жеткізушілерге береді, олар ол жүкті қонақ үйге кіргізіп, нөмірлер бойынша үлестіреді.

Паж (bellboy) қонақты нөмірге дейін ертіп барады, оның қол жүгін алып жүреді, нөмірді ашады, оның дайындығын тексереді, қонаққа нөмірдің құралдарын қолдану ережелерін түсіндіреді, сонымен қатар нөмірлер бойынша корреспонденцияны жеткізеді және жеткізушінің басқа да функцияларын атқарады.

Телефон опаераторы кіріс және шығыс қоңырауларын үлестіру мен айналысады, сонымен қатар келіссөздердің өз уақытылы төленуін қадағалайды. Ол сонымен қатар қонақтарды оятады және де қонақ үй қонақтарының сұрақтарына жауап береді.

Тапсырыс беру бөлімі нөмірлерді резервілеу мен айналысады. Тапсырыстар әр түрлі каналдар бойынша келеді: телефон, факс, электронды почта арқылы.

26. Шаруашылық бөлімінің қызметі

Шаруашылық қызмет (Housekeeping). Бұл бөлімшенің менеджері барлық отель мен оның нөмірлерінің тазалығы үшін жауап береді. Сонымен қатар менеджер кір жууды басқарады. Бұл бөлімге күтушілер, ұмытылып қалып кеткен заттар бөлімі және кір жуу қызметкерлері кіреді.

Күтушілер отельді және нөмірлерді жинастыруға жауапты. Әрбір күтушіге өз ауысымын да сәйкес территория бекітіледі, нөмірлерді ғана жинастырмайды сонымен қатар қызмет орындарын, мейрамханаларды және т.б. жинастырады.

Ұмытылып қалып кеткен заттар бөлімі отель қонақтарының барлық ұмытылып қалып кеткен заттары үшін жауапты, олар журналдарға тіркеледі де қоймада сақталады.

Кір жуу қызметі қонақтар мен берілген заттардың тазалығы үшін жауапты. Сонымен қатар бұл бөлім қызметкерлері отельдің барлық бөлімшелерінің униформаларының тазалығы үшін жауап береді.