- •Қонақ үй индустриясының туризмдегі орны
- •Қонақ үй сферасындағы жұмыс жасау ерекшелігі
- •3. Орналастыру орындарының классификациясы
- •4. Таймшер дегеніміз не?
- •5. Кондоминиум қонақ үйлер дегенеміз не?
- •6. Қонақ үйлердің типологиясы
- •7. Кішкентай қонақ үйлердің ерекшеліктері
- •11. Германиядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •8. Бизнес қонақ үйлердің ерекшелігі
- •9. Курорттық және Спа қонақ үйлерінің ерекшеліктері
- •12. Швейцариядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •13. Грециядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •14. Грециядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •16. Ұлыбританиядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •17. Франциядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •18. Аустралиядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •19. Қонақ үй кәсіпорнының ортасы. Қонақ үйдің жұмысына әсерететін факторлар
- •20. Қонақ үй жұмысының негізгі көрсеткіштері
- •21.Қонақ үй қызметтерінің ерекшеліктері
- •23. Қонақ үй қызметтерінің түрлері
- •24. Қонақ үй қызметінің сапасын басқару
- •25. Қонақтарды қарсы алу және орналастыру бөлімінің қызметі
- •26. Шаруашылық бөлімінің қызметі
- •27. Тамақ және сусындар бөлімінің қызметі
- •28. Техникалық бөлімінің қызметі
- •29. Қаржы бөлімінің қызметі
- •30. Сату және маркетинг бөлімінің қызметі
- •31. Қауіпсіздік бөлімінің қызметі
- •32. Қонақ үйді басқару формалары
- •33. Қонақ үйлерді франчайзинг келісімшарты бойынша басқару
- •35. Қонақ үйлік консорциумдар
- •38. Халықаралық қонақ үйнарығының даму тенденциялары
- •39. Қонақ үйдің миссиясы мен мақсаты
- •52. Негізгі қорға деген қажеттілік қалай анықталады?
- •58. Жалпылама коэффициенті
- •59. Қонақ үй кәсіпорынының негізгі қорлар жағдайын және қозғалысын бағалау көрсеткіші:
- •66.Қызмет көрсетілетін туристік туристік қонақжай кәсіпорындарындағы көрсеткіштер
- •68. Туризм индустриясындағы қонақ үй шаруашылығының мәні
- •69. Қонақ үй кәсіпорынының негізгі қорлар жағдайын және қозғалысын бағалау көрсеткіштері:
- •71. Қонақжайлылық ерекшеліктері
- •72. Франчайзинг негізінде өз бизнесіңізді ұйымдастырудағы франчайзи мен франчайзер үшін тәуелділікті қалай бағалайсыз?
- •73. Моральдік тозу дегеніміз не?
- •74. Жеке бизнес құру кезеңдері
- •75. Қор сыйымдылығы дегеніміз не?
- •78. Қонақ үйдегі жоспарлау қызметі қандай негізгі міндеттерді қарастырады
- •79. Халықаралық қонақ үйлер желісі
- •85. Қонақ үй өнімін құрайтын элементтер
- •92. Қонақжайлық бизнесті қалыстастыру идеясы
- •93. Жабдықты интенсивті қолдану коэффициенті
- •95. Қонақжайлық кәсіпорындарының негізгі қорлары: түсінігі және жіктелімі
- •96. Қонақ үй кәсіпорнын басқарудың ұйымдық құрылымы
- •97. Амортизация нормасы
- •98. Негізгі қорларды ақшалай нысанда бағалау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі
- •99. Физикалық тозу дегеніміз не және ол қалай сипатталады?
- •100. Қонақ үй кәсіпорынының негізгі қорлар жағдайын және қозғалысын бағалау көрсеткіштері (Қозғалыс көрсеткіштері)
- •101. Негізгі қорлардың тозуы және амортизация түсінігі
- •102. Қонақжайлық индустриясының қызметін ұйымдастырудағы жоспарлау функциясы
- •103. Лицензиялау дегеніміз не
- •104. Қонақ үй кәсіпорны жұмысының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар
- •105. Негізгі қорларды айналым құралдарынан айырмашылығы
- •106. Қонақжайлық индустриясының өнімі
- •107. Пассивті қорлар дегеніміз не?
- •108. Қонақ үй кәсіпорнының айналым құралдарын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері.
- •110. Қонақжайлық іс-әрекетінің көрсеткіштері
- •111. Қонақ үй кәсіпорындарының негізгі қорлары қалай жіктеледі?
- •112. Қор қайтарылымы дегеніміз не және ол қалай анықталады?
85. Қонақ үй өнімін құрайтын элементтер
“Қонақ үй өнімі” – бұл экономикалық теория тұрғысынан алып қарағанда, ол адамның материалдық-заттай, рухани, ақпаратты нысандық жұмыстар мен қызметтер түріндегі шаруашыдық іс-әрекеттерінің нәтижесі” болып табылады.
Қонақ үй өнімінің 4 деңгейді моделі:
өндірілген өнім;
күтілетін өнім;
кеңейтілген өнім;
әлеуетті өнім.
Ядроны қоршайтын:
1-ші шеңбер күтілетін өнім, яғни бұл клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын қызметтер.
2-ші шеңбер, кеңейтілген өнім, яғни нарықтың аналогтардан ерекшелендіретін қасиеттерін, меншік формасының сипаттамалары жатады.
Соңғы шеңбер әлеуетті өнім, яғни болашақ туристерді тарту, ұстап қалу, қолжетімді, мүмкіндігі бар қызмет түрлері кіреді.
86. Кәсіпорынның өмірлік цикл құрылымы 1 этап – кәсіпкерлік (мақсаттың нақты болмауы, шығармашылық мүмкіндіктердің жоғары болуы); 2 этап – ұжымдастыру (ережелердің қалыптасуы, жоғары міндеттер); 3 этап – қалыптасу мен басқару (нақты ережелердің қалыптасуы, тұрақты құрылысының қалыптасуы, тиімділікке негізделуі); 4 этап – ұйым құрылымын қалыптасытыру (ұйым құрылымының күрделенуі, орталықтануы, нарықта кеңеюі); 5 этап – құлдырау (кадрлардың жоғары тұрақсыздығы,келеңсіз жағдайлардың ұлғаюы).
87. Қайта қалпына келтіру құнын анықтаудағы екі әдіс Бағаланатын обьектінің қайта қалпына келтіру құнын анықтау үшін 3 әдіс пайдаланылады:
Ауданның бір бөлігінің сыбағалы шығындық әдісі;
Элементтерге бөлшектеп есептеу әдісі;
Сметалық есептеу әдісі.
Ауданның бір бөлігінің сыбағалы шығындық әдісі дегеніміз – ұқсас обьектілерге құрылыс жұмысының нормативтік шығынын әзірлеу негізінде құрылымдық шығыны туралы ақпарат алу (1 кв.м ауданына немесе 1 куб м).
Бағаланатын ғимараттың құнын нормативтік сыбағалы шығынды жалпы ауданға және жалпы көлемге көбейтіп аламыз. Элементтерге бөлшектеп есептеу әдісінің мақсаты – бұл ғимаратты жеке элементтерге бөлу: фундамент, цоколь, қабырға, каркас, шатыр және т.б.
Бағалаушы әр элементтің шығындары бойынша ақпарат жинайды, содан соң элементтердің шығындарын қосу арқылы ғимараттың жалпы құны есептеледі. Сметалық есептеу әдісі – бұл ғимараттың құрылыс жобалық сметасын құру арқылы құрылыс монтаждық жұмыстар тізімі бойынша (түрлі жұмыстардың түріне) кеткен шығынмен есептеледі (еңбекақы, материалдар, инструменттер, электроэнергия, арнайы тасымалдау көліктері және т.б.).
88. Қонақжайлық қызметінің экономикасы Экономика саласы бола тұрып, рекреацияны, демалысты және қонақүй мен рекреация қызметтерде әлем халқының өсіп отырған қажеттіліктерін қамтамасыздандыратын қызмет түрлерін ұйымдастыру үшін жаңа территорияларды іздеумен үнемі байланысты. Қонақжайлылық индустрияның даму мақсатында Қазақстанның туристік-рекреациялық әлеуетін, оның табиғи және мәдени-тарихи объектілерін игеру отандық туроператорларда жаңа ойлар, кәсіпкерлік ынтасы болуы тиіс, яғни бар ресурстарды жаңаша пайдалану болып табылады. Саяхатшыларға қызмет көрсету бойынша экономикалық қызметтер түрлері туристік территорияларды игеруде және осы индустрияда объектілерді құруда кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайды қамтуды талап етеді. Қазіргі уақытта экономикасы дамыған елдерде де, кеңестен кейінгі ақпараттық кеңістікте де туристік кәсіпкерліктің жалпы қабылданған экономикалық теориясы әлі де қалыптасқан жоқ. Мұны шаруашылық философиясы, халық ділі, және тұлғалық деңгейдегі экономикалық тәжірибесі әлеуметтік және мәдени тәртіп жағдайының көптеген ерекшеліктері бойынша әртүрлігімен ақталады. Әлем экономикасындағы халықтар мен мемлекеттердің бірігуі, менеджерлік ілім жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Қазақстан бизнесі жиырма жылдық тарихы барына қарамастан, «менеджер» анықтамасы іскерлік белсенділік саласына кірген әр азаматқа лайық деп саналады, соның шінде қонақүйлік кәсіпорынның менеджерлері де бар.
89. Кәсіпорынның даму деңгейлері Деңгейлері:
Толуы;
Балалық шақ;
Балдаурен шақ;
Ерте есею;
Күш қуаттың пайда болуы;
Күш қуаттың нық болуы;
Қартаюы;
Жаңару.
Факторлары:
Алғашқы мақсаттар;
Көшбасшылық типі;
Ұйымдастырушылық кейіп;
Күш-қуатты топтау;
Ортақ мәселе;
Жоспарлау түрі;
Басқару әдісі;
Ұйымдастырушылық модель.
90. Туризм индустриясында франчайзингті пайдалану мысалын келтіріңіз? Франчайзигтік жүйе 1907 жылы қонақ үй индустриясында қолданыла бастады. Ritz Development Company Нью-Йорктік фирмасынан сатып алып Ritz Carlton деп аталуына құқық алды. Хуард Джонсон 1927 франчайзинг келісім шартына отырып, өз отельдерінің басқаруын бастады. Ол өз ісін тез арада кеңейтуге мүмкіндік берді – бірінші, Шығыс жағалауларында, кейіннен Орта Батыс және 60 жылдардан бастап Калифорнияда. Қазіргі уақытта бұл тараптарға 900 кәсіпорындар кіреді. 60-шы жылдары франчайзинг қонақ үйлері мен мотельдері даму стратегиясының өсуі болды. 90-шы жылдары бұл тенденция сақталып қалды. Қонақ үй индустриясында франчайзингпен айналысатын ірі компаниялардың бірі болып Парсиппанидағы Hospitality Franchise System саналады. Одан кейін Choice Hotels International, Holiday Inn Worldwide. Қазіргі таңда туризм индустриясында, мысалы қонақ үй саласы немесе тамақтану саласында болсын франчайзинг жүйесі кеңінен қолданылады. Қонақ үйге мысал ретінде, Қазақстан астанасында 2014 жылы Hilton Garden Inn Astana қонақ үйі, 2005 жылы Rixos President Astana, 2007 жылы «The Residor Hotel Group» қонақ үй жүйесінің Қазақстандағы ең бірінші «Radisson Park Inn Astana» атты қонақ үй тамыз айында ашылды. Ал тамақтану орындарынан мысал келтіретін болсақ франчайзинг жүйесі бойынша KFC, McDonald’s, Starbucks және т.б. 91.Амортизацияны есептеу әдістері Негізгі құралдар объектісінің болжамды қызмет ету ұзақтығы жиелі кезеңде қайта қаралып отырылуы тиіс. Негізгі құралдардың қызмет ету ұзақтығын өзгертудің мақсаты - ұйымның қызмет жағдайының өзгерісіне байланысты негізгі құралдарды пайдаланудың нәтижесінде кірістер мен шығындардың арақатынасының дұрыстығын сақтап қалу болып саналады. Объектінің пайдалы қызмет ету мерзімін өзгертудің нәтижесі ағымда және болашақ мерзімде осы объектінің амортизациялық деңгейіне әсер етеді, ал өткен мерзімдегі жинақталған амортизация өзгертілмейді. Амортизацияны есептеу кезінде ұйым төмендегі әдістерді қолдана алады: а) бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі; б) құнды орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды шығару әдісі (өндірістік әдіс); в) жеделдетілген әдіс: - азайып отыратын қалдық әдісі; - кумулятивтік әдіс. Негізгі құралдардың әрбір түріне әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Ұйымның таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі есеп саясатымен анықталып, бір есепті мерзімнен екінші есепті мерзімге дейін қолданылуы тиіс. Тікелей сызықты есептеу әдісі –объектінің функционалдықпайдалылығыоның пайдалы қызмет ету ұзақтығына байланысты емес, пайдалану уақытына байланысты болады және ол пайдалы қызмет ету ұзақтығында өзгеріссіз қалады. Амортизация объектінің қызмет ету ұзақтығында оның амортизациялатын құнын тең бөлу арқылы жүргізіледі. Мұндай әдіс бойынша амортизацияның жылдық нормасы және жылдық сомасы пайдалы қызмет ету ұзақтығында тұрақты болып қалады да, жинақталған амортизация көбейіп, объектінің баланстық құны тең үлеспен азайып отырады. Дайындалған өнімнің (орындалған жұмыстың) көлеміне пропорционалды шығару әдісі объектінің функционалдық пайдалылығы уақытқа байланысты емес, оны пайдаланудың нәтижесіне негізделеді. Осыған байланысты қызмет ету ұзақтығы ұйымның осы объектіні пайдаланудың нәтижесінде өндіретін өнімнің саны немесе орындайтын қызметтің көлемімен анықталады. Бұл әдісті пайдалану кезінді амортизация объектінің амортизацияланатын сомасын қызмет ету ұзақтығы кезінде өндірген өнімнің көлеміне пропорциналды бөлу арқылы есептеледі. Жылдық амортизация сомасы жылдын жылға өзгеше болуы мүкін. Өндірілген өнімнің санына байланысты жинақталған амортизация көбейеді де, баланстық құн төмендейді. Азайып отыратын қалдық әдісі –негізгі құралдардың пайдалылығы мен өнімділігі соңғы пайдалану кезеңге қарағанда алғашқы пайдалану кезеңдерінде едәуір жоғары болытындығымен түсіндіріледі. Бұл объектінің тез моральдық тозуға ұшырауына немесе қызмет ету кезеңнің соңында техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалған шығындардың шамадан тыс жоғарылауына байлансты болады. Шығындар мен кірістердің арасындағы арақатынасты қамтамасыз ету үшін объектінің амортизациясы әрбір ағымдағы мерзімде болашақ мерзімге қарағанда жоғары болуы тиіс. Бұл әдіс кезінде амортизация нормасы амортизацияланатын құнға емес, өткен мерзімнің соңындағы объектінің баланстық құнына қолданылады. Соған байланысты қалдық құнын азайту үшін қажетті шамамен шектелетін соңғы жылды қоспағанда, тозуды есептеген кезде жойылу құны есеп алынбайды. Азайып отыратын қалдық әдісіқолдану кезінде амортизацияның шектелген нормасы барлық уақытта қалдық құнға қолданылады. Бөліміндегі сома бойынша құнды есептен шығару әдісі (кумулятивтік әдіс) –есептелу коэфициентін анықтауды білдіреді. Коэфициенттің алымы қызмет ету мерзімінің жылдар сомасына тең болса, ал бөлімі кері тәртіп бойынша қызмет ету мерзімінің соңына дейінге қалған жылдар санын білдіреді. Бұл коэфициент пайдаланудың әрбір кезеңінде әртүрлі болады, бірақ амортизацияланатын құнның тұрақты деңгейіне қолданылады.
