- •Қонақ үй индустриясының туризмдегі орны
- •Қонақ үй сферасындағы жұмыс жасау ерекшелігі
- •3. Орналастыру орындарының классификациясы
- •4. Таймшер дегеніміз не?
- •5. Кондоминиум қонақ үйлер дегенеміз не?
- •6. Қонақ үйлердің типологиясы
- •7. Кішкентай қонақ үйлердің ерекшеліктері
- •8. Бизнес қонақ үйлердің ерекшелігі
- •9. Курорттық және Спа қонақ үйлерінің ерекшеліктері
- •11. Германиядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •12. Швейцариядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •13. Грециядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •14. Грециядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •16. Ұлыбританиядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •17. Франциядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •18. Аустралиядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •19. Қонақ үй кәсіпорнының ортасы. Қонақ үйдің жұмысына әсерететін факторлар
- •20. Қонақ үй жұмысының негізгі көрсеткіштері
- •21.Қонақ үй қызметтерінің ерекшеліктері
- •23. Қонақ үй қызметтерінің түрлері
- •24. Қонақ үй қызметінің сапасын басқару
- •25. Қонақтарды қарсы алу және орналастыру бөлімінің қызметі
- •26. Шаруашылық бөлімінің қызметі
- •27. Тамақ және сусындар бөлімінің қызметі
- •28. Техникалық бөлімінің қызметі
- •29. Қаржы бөлімінің қызметі
- •30. Сату және маркетинг бөлімінің қызметі
- •31. Қауіпсіздік бөлімінің қызметі
- •32. Қонақ үйді басқару формалары
- •33. Қонақ үйлерді франчайзинг келісімшарты бойынша басқару
- •35. Қонақ үйлік консорциумдар
- •38. Халықаралық қонақ үйнарығының даму тенденциялары
- •39. Қонақ үйдің миссиясы мен мақсаты
- •52. Негізгі қорға деген қажеттілік қалай анықталады?
- •58. Жалпылама коэффициенті
- •59. Қонақ үй кәсіпорынының негізгі қорлар жағдайын және қозғалысын бағалау көрсеткіші:
- •66.Қызмет көрсетілетін туристік туристік қонақжай кәсіпорындарындағы көрсеткіштер
- •68. Туризм индустриясындағы қонақ үй шаруашылығының мәні
- •69. Қонақ үй кәсіпорынының негізгі қорлар жағдайын және қозғалысын бағалау көрсеткіштері:
- •71. Қонақжайлылық ерекшеліктері
- •72. Франчайзинг негізінде өз бизнесіңізді ұйымдастырудағы франчайзи мен франчайзер үшін тәуелділікті қалай бағалайсыз?
- •73. Моральдік тозу дегеніміз не?
- •74. Жеке бизнес құру кезеңдері
- •75. Қор сыйымдылығы дегеніміз не?
- •78. Қонақ үйдегі жоспарлау қызметі қандай негізгі міндеттерді қарастырады
- •79. Халықаралық қонақ үйлер желісі
- •85. Қонақ үй өнімін құрайтын элементтер
- •92. Қонақжайлық бизнесті қалыстастыру идеясы
- •93. Жабдықты интенсивті қолдану коэффициенті
- •95. Қонақжайлық кәсіпорындарының негізгі қорлары: түсінігі және жіктелімі
- •96. Қонақ үй кәсіпорнын басқарудың ұйымдық құрылымы
- •97. Амортизация нормасы
- •98. Негізгі қорларды ақшалай нысанда бағалау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі
- •99. Физикалық тозу дегеніміз не және ол қалай сипатталады?
- •100. Қонақ үй кәсіпорынының негізгі қорлар жағдайын және қозғалысын бағалау көрсеткіштері (Қозғалыс көрсеткіштері)
- •101. Негізгі қорлардың тозуы және амортизация түсінігі
- •102. Қонақжайлық индустриясының қызметін ұйымдастырудағы жоспарлау функциясы
- •103. Лицензиялау дегеніміз не
- •104. Қонақ үй кәсіпорны жұмысының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар
- •105. Негізгі қорларды айналым құралдарынан айырмашылығы
- •106. Қонақжайлық индустриясының өнімі
- •107. Пассивті қорлар дегеніміз не?
- •108. Қонақ үй кәсіпорнының айналым құралдарын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері.
- •110. Қонақжайлық іс-әрекетінің көрсеткіштері
- •111. Қонақ үй кәсіпорындарының негізгі қорлары қалай жіктеледі?
- •112. Қор қайтарылымы дегеніміз не және ол қалай анықталады?
78. Қонақ үйдегі жоспарлау қызметі қандай негізгі міндеттерді қарастырады
Жоспарлау – өндірісті материалдық көздерімен қамтамасыз етілуін және нарықтағы сұраныс деңгейін ескере отырып, кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын, сонымен қоса пропорциялырын анықтау болып табылады. Жоспарлаудың мәні – мақсаттарды нақтылау, оларға жету жолдарын, мерзімдері мен жүзеге асыру тәртібін, қойылған мақсаттарды шешу үшін қажет материалды, еңбек жцне қаржы ресурстарын анықтауда көрінеді. Жоспарлаудың басқару қызметі келесі негізгі міндеттерді қарастырады:
Маркетингтік талдау;
Техника-экономикалық талдау;
Қаржылық талдау.
Жоспарлау сапасының деңгейінің маңызды шарттары:
Басқарудың барлық деңгейлеріндегі басшылардың құзыреттілігі;
Қызметтік бөлімшелердегі мамандардың біліктілігі;
Ақпараттың базаның болуы мен компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі.
79. Халықаралық қонақ үйлер желісі
Қонақүйлер желісінің артықшылықтары
жарнамалық бюджет
жұмыс процесі мен құрал-жабдықтарды стандартизациялау және оптимизациялау
желісінің құрылысы мен дизайны
бренд
біркелкі брондау жүйесі
Ең алғашқы қонақ үй желісі – Cesar Ritz деп аталған.
Негізінен Қонақ үй шаруашылығы индустриясында 2 термин қолданылады:
1) қонақ үй желісі
2) қонақ үйлер тобы
10 халықаралық ірі қонақ үй желісі.
№ |
Қонақ үй желісі |
Мемлекеті |
1. |
Intercontinental hotels group |
Ұлыбритания |
2. |
Gerdant |
АҚШ |
3. |
Marriott Jun |
АҚШ |
4. |
Accor |
Франция |
5. |
Choice |
АҚШ |
6. |
Hilton Corp. |
АҚШ |
7. |
Best Western |
АҚШ |
8. |
Starwood Hotels and Resorts World |
АҚШ |
9. |
Carlson Hospitality |
АҚШ |
10. |
Hilton Int. |
Ұлыбритания |
ТМД елдерінде (Ресейден өзге) Rezidor және Marriott көшбасшы позициясын бөледі, ал Accor аз үлесі бар, мұнда нарықтағы ірі үлесіне Rixos, Hyatt, Wyndham және Starwood топтары ие.
AccorHotels компаниясы 2015 жылы 1 500 жаңа нөмірлерін нарыққа шығара отырып, өзінің позициясын бекітті және қазірде екінші орынға ие (33 қонақүйлер, соның ішіндегі 29 – Ресейде).
80. Қонақ үй шаруашылықтары мен орналастыру орындарының типологиясы Дүниежүзілік туристік ұйымының (ДТҰ) ұсыныстық сипатқа ие анықтамасы бойынша, жайғасу орны дегеніміз – туристерге үнемі немесе кезеңдермен түнеуге мүмкіндік беретін кез келген нысан. Осыған байланысты қонақ үйлерді негізгі, классикалық жайғасу орны деп есептеуге болады. Қазіргі таңда олар мынадай белгілерге ие: - минимумнан асатын бөлмелік қордың болуы; - міндетті қызметтер жиынтығы (бөлмелерді және санитарлық түйіндерді тазалау, төсекті күн сайын жинастыру, бөлмелерде қызмет көрсету) болуы; - қосымша қызметтердің ассортименті болуы. ДТҰ-ның пікірі бойынша барлық қонақ үйлер нақты жабдықтар және көрсетілетін қызмет ерекшеліктеріне байланысты санаттарға топталуы тиіс. Осы ереженің негізінде ДТҰ жайғасу орындарының стандартты жіктелімін жасап әр мемлекеттің Үкіметтеріне (соның ішінде Қазақстанға да) ұсынған. Бұл құжатта қонақ үйлер мен соған ұқсас кәсіпорындар туристер мен саяхатшыларды жайғастыру орындарының ішінде төрт үлкен топтың бірін құрайды. Бұған қоса жайғасу кәсіпорындары бірқатар белгілері бойынша жіктеледі. Осы белгілердің бірі бойынша барлық жайғасу орындары екі негізгі типке бөлінеді: - қонақ үй типіне жататын жайғасу орындары; - қосымша түрлеріне жататын жайғасу орындары. Қонақ үйлер сыйымдылығы, яғни тұрақты жатын орындары мен ондағы бөлмелер саны бойынша ажыратылады. Қазіргі таңда туризм саласы дамыған мемлекеттер қонақ үйлердің сыйымдылығына қарай мынадай типология ұстанады: кіші қонақ үйлер— 100 орыннан аз; орташа қонақ үйлер—100 - 500 орын; ірі қонақ үйлер —500 орыннан көп. Бұған қоса қонақ үй кәсіпорындары орналасуы, көрсетілетін қызметтер жиынтығы, қызмет көрсету деңгейі және пайдалану режимі бойынша жіктеледі. Орналасқан орны бойынша мынадай қонақ үйлер санатын бөлуге болады: - қала орталығындағы қонақ үйлер – әдетте, өзінде немесе жанында автокөліктерге арналған жабық тұрағы бар биік ғимараттар болып табылады; - жол маңындағы қонақ үйлер - ашық автотұрақтары, мейрамханалары, дәмханалары, кейде ашық ауадағы жүзу бассейні бар, кездесулерге арналған орындары жоқ аз қабатты ғимараттар; - қалалар мен әуежайлардағы қонақ үйлер – ашық автокөлік тұрақтары, демалыс және көңіл көтеру орындары, банкет залдары және кездесу залдары бар кіші және орта қабатты ғимараттар; - қалқымалы қонақ үйлер – мейрамхана түріндегі туристерді теңіз, өзен және көл жағасында жайғастыруға арналған қалқымалы құрал. Қалқымалы қонақ үйлер әдетте әдемі жермен, әсем табиғат және экологиялық жағынан таза туристік орындарға орналастырылады. Қажет болған жағдайда қонақ үйді туристерімен бірге су үстінде басқа орынға сүйреп алып кетуге болады; - курорттық қонақ үйлер - қала аумақтарының шетінде орналасады, себебі туристерді тарту үшін табиғи немесе қолдан жасалған көрнекі орындарды пайдаланады. Мұндай қонақ үйлер, негізінен, демалу және көңіл көтеру үшін келетін туристерге қызмет көрсетеді, сондықтан бұл кәсіпорындарда қызмет көрсетудің рекреациялық құралдары, тамақтану және сусынмен қамтамасыз ету орындары, банкет залдар және кездесу орындарының болуы тән. Әдетте, қала шетінде орналасқандықтан курорттық қонақ үйлер өздерін ерекше демалу орны ретінде жарнамалайды. Қызметтерінің деңгейі, ассортименті және құны бойынша қонақ үй кәсіпорындары материалдық база және персонал жұмысының тиімділігіне байланысты бірнеше типке бөлінеді: - арзан қонақ үй немесе шектеулі сервисті қонақ үйлер (минимумдық қызмет көрсетеді, алайда кейбір кәсіпорындар көптеген қызметтермен қамтамасыз ете отырып, орта сапалы қызмет көрсетуі мүмкін). - «люкс» қонақ үйлер (сәнді көркемделген, жоғары сапалы жиһаз, салондар және қоғамдық орындармен жабдықталады). Осындай қонақ үй кәсіпорындарында қызмет атқаратын персонал санын пайызы бөлмелер санына шаққан қатынасынан анықталуы мүмкін (көп жағдайда 1:1 қатынасына тең жағдай сақталады). Пайдалану мерзіміне қарай қонақ үйлер жыл бойы және маусымдық қызмет ететін болып бөлінеді. Қазіргі таңда жаһандану үдерістерінің дамуына байланысты қонақ үй бизнесі нарықтың белгілі бір сегментіне ғана көңіл бөлуімен сипатталады, сондықтан заманауи қонақ үйлер базасына жататын отельдердің бірнеше негізгі типтерін бөліп көрсетуге болады:
люкс отельдер – бұл қонақ үйлерде 100-400 орын болады, әдетте, қала орталығында орналасады, білікті персоналдың жоғары деңгейлі қызмет көрсетуімен, жоғары бағамен сипатталады, орындар қымбат жабдықтармен көркемделеді, қонақтардың, әсіресе ірі кәсіпорын басшылары, жоғары деңгейлі мамандар мен конференцияларға қатысушыларының, өмір сүруіне ыңғайлы жағдайлар жасалады;
жоғары деңгейлі қонақ үйлер - 400–2000 орыннан тұрады, қала шеттерінде орналасқан, қызметтердің кең көлемін ұсынады, білікті персонал жоғары деңгейлі қызмет көрсетеді және көбінесе жеке туристерге, конференция қатысушыларына және т.б. бағытталған;
орта деңгейлі қонақ үйлер - әр түрлі көлемде болуы мүмкін және эксплуатациялық шығындарды азайту, бағаларды төмен деңгейде ұсыну негізінде заманауи технологияларды кеңінен қолдануға тырысады;
апарт-отель - 100-400 орыннан тұрады, олар жиһазды бөлмелерге ұқсас. Орналасу уақытына байланысты бағалары да әр түрлі және ұзақ мерзімге тоқтайтын бизнесмендер мен отбасылы турситерге бағытталған;
эконом класс қонақ үйлері - орындар саны 10-150 болуы мүмкін, қала маңында орналасады, персонал саны көп емес, заманға сай, жақсы жабдықталған, қымбат емес бөлмелер ұсынады, алайда қызметтердің ішіне тамақтануды ұсыну кірмейді. Тұтынушылар ретінде іскер адамдар және жеке туристер болады, себебі олар толық пансионды қажет етпейді және нақты қызметтерге ақы төлеуді қалайды;
мотель немесе автокөлікпен саяхаттайтын туристерге арналған қонақ үй -көлемі 150-400 орын болады, қала сыртында, автокөлік жолдарының бойында орналасады, персонал саны аз, орташа деңгейде қызмет көрсетіледі және кафе немесе асханада тамақтану ұсынылады;
курорттық қонақ үй - 100-500 орыннан тұрады, теңіз, мұхит, көл, таулар және т.б. рекреациялық сипаты бар жерлерде орналасады, әдетте, қаладан алшақ, қалалық қонақ үйлерге қарағанда бағасы орташа қызметтердің толық жиынын ұсынады. Спорт ғимараттары, қымбат мейрамханалары, банкет залдары, кездесуге арналған бөлмелері болады және туристердің әр түрлі санаттарына бағытталған.
кондоминиум типіндегі қонақ үйі – бұл кәсіпорындарда 50–250 орын болады, алайда 4-5 бөлмесі бар жекелеген құрылымдар да осы қонақ үйлердің қатарына жатқызылуы мүмкін. Мұндай қонақ үйде пәтер типіндегі бөлмелер, спорт ғимараттары болады. Жеке пәтерлер жеке адамдарға уақытша сатылуы мүмкін, алайда толық меншік құқығына басқару компаниясы ие (таймшер). Демалыстағы немесе каникулдағы клиенттерге қызмет көрсетуге арналған пәтерлер, әдетте, курорт аудандарында орналасады.
81. Франчайзинг келісім-шартын жасауда Қазақстанда қандай шарттар пайдаланылады? Франчайзинг – келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа коммерициялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға құқық беретін кәсіпкерлік инновацилық нысан. ҚР-ның «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг)» туралы заңы 2002 жылы 24 маусымда қабылданды. Осы заң кешенді кәсіпкерлік лицензияны (франчайзингті) жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының мазмұнын айқындайды және ҚР-да франчайзинг қызметті дамыту мен мемлекеттік қолдауға бағытталағн. 82. Сертификаттау дегеніміз не? Қазіргі кезде республикамызда өндірістін және шет елдерден әкелінетін тазық-түлік, шикізат, өнімдері адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіз, сондай-ақ сапасы сұраныс деңгейін қамтамасыз ете алу қажет. Өнімнің қай жерде жасалғанына қармастан, оның номативті-техникалық құжаттарға сай жасалғанына кепілдік беретін-сертификаттау. Сертификаттау дегеніміз - дайындаушы мен тұтынушыға және сатып алушыға тәуелсіз мекеменің өніміне жұмысына, қызмет көрсетудің нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарғңа сәйкес расталуы. Өндірістің өнімінің және көрсететін қызметтің сапасы тұтынушы-сұранысын қанағаттандыруы үшін өндірістің сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттайды. Ол жоғары сапалы өнім шығарушы және олардың ішкі немесе халықаралық бәсекелестік қамтамасыз етуге бағытталған. Сертификациялауды жүргізу үшін арнайы аттестацияланған сынақ зертханалары, қажет жабдықтар меннормативті анықтаумен құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар сынақ барысында алынған нәтижелер бірдей жағдайда басқа зертханаларда жүргізілген сынақ нәтижесіне сәйкес болуы тиіс.Аталған жұмыстарды жүргізу стандарттау және сертификаттау мамандандырылғанға жүктеледі. Кез-келген процесті, өнімді немесе қызметті сертификаттау 3-жақтың қатысуымен жүргізіледі. Олар:
1. Жеткізуші (өндіруші, дайындаушы).
2. Тұтынушы немесе сатып алушы.
3. Қарастырылып отырып мәселелерде қатысушы жақтарға.
ҚР-ның мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мынандай принципте жүргізіледі:
1. Өнім туралы ақпараттардың дұрыстығын қамтамасыз ету.
2. Өндірушімен тұтынушының тәуелсіздігі.
3. Өнімдерді сынақ кәсіби түрде өтуі керек.
4. Шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау.
5. Өтініш берушінің сертификаттау органның сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және оған қатынасатын адамдардың жаупкершілігі.
6. Сертификаттау туралы ақпараттық анықтығы немесе сәйкестік сертификаттың уақытының біткендігі, жойылғандығы туралы ақпарат.
7. Сертификаттау объектісі ерекше енскере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі.
8. Сертификаттау жұмыстарында ИСО МЭК сияқты халықаралық ұйымдардың нұсқауларымен ережелерін пайдалану.
9. ҚР-ндағы қатынасатын екі және көп жақты келісімдер бар шет елдердің сертификаттау органдардың аккредитациясын және сәйкестік белгісін ҚР-нда тану.
10. Ақпараттың, коммерциялық құпияны сипаттау.
11. Қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамын қатынастыру.
ҚР-ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша елімізде өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталады. Бұл үлес бұдан әрі қарай да өсе береді. Сондықтан да сертификаттау жұмысының маңызды өндірістік өнімлер үшін қажетті деп саналады. Сертификаттау негізгі мақсаттары болып төмендегілер табылады:
1. Өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің адам өлімі мен денсаулығына, мүмкіндіктеріне немесе қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2. Өнімдермен қызмет көрсетулердің сапасы бойынша тұтынушылардың мүдделерін қорғау.
3. Саудадағы түрлі кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету.
4. Заңды және жеке тұлғалардың халықаралық, экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және саудаға қатысу үшін қажетті жағдайлар жасау.
83. Туристер мен саяхатшыларды жайғастыру орындары Дүниежүзілік туристік ұйымының (ДТҰ) ұсыныстық сипатқа ие анықтамасы бойынша, жайғасу орны дегеніміз – туристерге үнемі немесе кезеңдермен түнеуге мүмкіндік беретін кез келген нысан. Осыған байланысты қонақ үйлерді негізгі, классикалық жайғасу орны деп есептеуге болады. Қазіргі таңда олар мынадай белгілерге ие: - минимумнан асатын бөлмелік қордың болуы; - міндетті қызметтер жиынтығы (бөлмелерді және санитарлық түйіндерді тазалау, төсекті күн сайын жинастыру, бөлмелерде қызмет көрсету) болуы; - қосымша қызметтердің ассортименті болуы. ДТҰ-ның пікірі бойынша барлық қонақ үйлер нақты жабдықтар және көрсетілетін қызмет ерекшеліктеріне байланысты санаттарға топталуы тиіс. Осы ереженің негізінде ДТҰ жайғасу орындарының стандартты жіктелімін жасап әр мемлекеттің Үкіметтеріне (соның ішінде Қазақстанға да) ұсынған. Бұл құжатта қонақ үйлер мен соған ұқсас кәсіпорындар туристер мен саяхатшыларды жайғастыру орындарының ішінде төрт үлкен топтың бірін құрайды. Бұған қоса жайғасу кәсіпорындары бірқатар белгілері бойынша жіктеледі. Осы белгілердің бірі бойынша барлық жайғасу орындары екі негізгі типке бөлінеді: - қонақ үй типіне жататын жайғасу орындары; - қосымша түрлеріне жататын жайғасу орындары. Қонақ үйлер сыйымдылығы, яғни тұрақты жатын орындары мен ондағы бөлмелер саны бойынша ажыратылады. Қазіргі таңда туризм саласы дамыған мемлекеттер қонақ үйлердің сыйымдылығына қарай мынадай типология ұстанады: кіші қонақ үйлер— 100 орыннан аз; орташа қонақ үйлер—100 - 500 орын; ірі қонақ үйлер —500 орыннан көп. Бұған қоса қонақ үй кәсіпорындары орналасуы, көрсетілетін қызметтер жиынтығы, қызмет көрсету деңгейі және пайдалану режимі бойынша жіктеледі. Орналасқан орны бойынша мынадай қонақ үйлер санатын бөлуге болады: - қала орталығындағы қонақ үйлер – әдетте, өзінде немесе жанында автокөліктерге арналған жабық тұрағы бар биік ғимараттар болып табылады; - жол маңындағы қонақ үйлер - ашық автотұрақтары, мейрамханалары, дәмханалары, кейде ашық ауадағы жүзу бассейні бар, кездесулерге арналған орындары жоқ аз қабатты ғимараттар; - қалалар мен әуежайлардағы қонақ үйлер – ашық автокөлік тұрақтары, демалыс және көңіл көтеру орындары, банкет залдары және кездесу залдары бар кіші және орта қабатты ғимараттар; - қалқымалы қонақ үйлер – мейрамхана түріндегі туристерді теңіз, өзен және көл жағасында жайғастыруға арналған қалқымалы құрал. Қалқымалы қонақ үйлер әдетте әдемі жермен, әсем табиғат және экологиялық жағынан таза туристік орындарға орналастырылады. Қажет болған жағдайда қонақ үйді туристерімен бірге су үстінде басқа орынға сүйреп алып кетуге болады; - курорттық қонақ үйлер - қала аумақтарының шетінде орналасады, себебі туристерді тарту үшін табиғи немесе қолдан жасалған көрнекі орындарды пайдаланады. Мұндай қонақ үйлер, негізінен, демалу және көңіл көтеру үшін келетін туристерге қызмет көрсетеді, сондықтан бұл кәсіпорындарда қызмет көрсетудің рекреациялық құралдары, тамақтану және сусынмен қамтамасыз ету орындары, банкет залдар және кездесу орындарының болуы тән. Әдетте, қала шетінде орналасқандықтан курорттық қонақ үйлер өздерін ерекше демалу орны ретінде жарнамалайды. Қызметтерінің деңгейі, ассортименті және құны бойынша қонақ үй кәсіпорындары материалдық база және персонал жұмысының тиімділігіне байланысты бірнеше типке бөлінеді: - арзан қонақ үй немесе шектеулі сервисті қонақ үйлер (минимумдық қызмет көрсетеді, алайда кейбір кәсіпорындар көптеген қызметтермен қамтамасыз ете отырып, орта сапалы қызмет көрсетуі мүмкін). - «люкс» қонақ үйлер (сәнді көркемделген, жоғары сапалы жиһаз, салондар және қоғамдық орындармен жабдықталады). Осындай қонақ үй кәсіпорындарында қызмет атқаратын персонал санын пайызы бөлмелер санына шаққан қатынасынан анықталуы мүмкін (көп жағдайда 1:1 қатынасына тең жағдай сақталады). Пайдалану мерзіміне қарай қонақ үйлер жыл бойы және маусымдық қызмет ететін болып бөлінеді. Қазіргі таңда жаһандану үдерістерінің дамуына байланысты қонақ үй бизнесі нарықтың белгілі бір сегментіне ғана көңіл бөлуімен сипатталады, сондықтан заманауи қонақ үйлер базасына жататын отельдердің бірнеше негізгі типтерін бөліп көрсетуге болады:
люкс отельдер – бұл қонақ үйлерде 100-400 орын болады, әдетте, қала орталығында орналасады, білікті персоналдың жоғары деңгейлі қызмет көрсетуімен, жоғары бағамен сипатталады, орындар қымбат жабдықтармен көркемделеді, қонақтардың, әсіресе ірі кәсіпорын басшылары, жоғары деңгейлі мамандар мен конференцияларға қатысушыларының, өмір сүруіне ыңғайлы жағдайлар жасалады;
жоғары деңгейлі қонақ үйлер - 400–2000 орыннан тұрады, қала шеттерінде орналасқан, қызметтердің кең көлемін ұсынады, білікті персонал жоғары деңгейлі қызмет көрсетеді және көбінесе жеке туристерге, конференция қатысушыларына және т.б. бағытталған;
орта деңгейлі қонақ үйлер - әр түрлі көлемде болуы мүмкін және эксплуатациялық шығындарды азайту, бағаларды төмен деңгейде ұсыну негізінде заманауи технологияларды кеңінен қолдануға тырысады;
апарт-отель - 100-400 орыннан тұрады, олар жиһазды бөлмелерге ұқсас. Орналасу уақытына байланысты бағалары да әр түрлі және ұзақ мерзімге тоқтайтын бизнесмендер мен отбасылы турситерге бағытталған;
эконом класс қонақ үйлері - орындар саны 10-150 болуы мүмкін, қала маңында орналасады, персонал саны көп емес, заманға сай, жақсы жабдықталған, қымбат емес бөлмелер ұсынады, алайда қызметтердің ішіне тамақтануды ұсыну кірмейді. Тұтынушылар ретінде іскер адамдар және жеке туристер болады, себебі олар толық пансионды қажет етпейді және нақты қызметтерге ақы төлеуді қалайды;
мотель немесе автокөлікпен саяхаттайтын туристерге арналған қонақ үй -көлемі 150-400 орын болады, қала сыртында, автокөлік жолдарының бойында орналасады, персонал саны аз, орташа деңгейде қызмет көрсетіледі және кафе немесе асханада тамақтану ұсынылады;
курорттық қонақ үй - 100-500 орыннан тұрады, теңіз, мұхит, көл, таулар және т.б. рекреациялық сипаты бар жерлерде орналасады, әдетте, қаладан алшақ, қалалық қонақ үйлерге қарағанда бағасы орташа қызметтердің толық жиынын ұсынады. Спорт ғимараттары, қымбат мейрамханалары, банкет залдары, кездесуге арналған бөлмелері болады және туристердің әр түрлі санаттарына бағытталған.
кондоминиум типіндегі қонақ үйі – бұл кәсіпорындарда 50–250 орын болады, алайда 4-5 бөлмесі бар жекелеген құрылымдар да осы қонақ үйлердің қатарына жатқызылуы мүмкін. Мұндай қонақ үйде пәтер типіндегі бөлмелер, спорт ғимараттары болады. Жеке пәтерлер жеке адамдарға уақытша сатылуы мүмкін, алайда толық меншік құқығына басқару компаниясы ие (таймшер). Демалыстағы немесе каникулдағы клиенттерге қызмет көрсетуге арналған пәтерлер, әдетте, курорт аудандарында орналасады.
84. Қазіргі таңдағы қонақ үй қызметінде жоспарлау қандай сипаттамалар бойынша жіктеледі? Қазіргі таңдағы қонақ үй қызметінде жоспарлау келесідей сипаттамалар бойынша жіктеледі:
Көлеміне байланысты;
Жоспарлау нысанына байланысты;
Қызмет ету саласына байланысты;
Жоспарлау тереңдігіне байланысты;
Мерзіміне байланысты;
Мазмұнына байланысты;
Құрылымдық дамуына байланысты;
Реттеу үрдісіне байланысты;
Көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты.
Уақыт ішіндегі кезектілікке байланысты.
