Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
она й шаруашылыы - Экзамен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

75. Қор сыйымдылығы дегеніміз не?

Қор сыйымдылығы – өндірістік негізгі қорлардың (негізгі капиталдың) өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы құны. Қор сыйымдылығы орташа жылдық есептеуде де, жылдың аяғындағы жағдайы бойынша да өндірістік негізгі қорлардың баланстық құны бойынша есептеледі. Бұл орайда макродеңгейде жалпы ішкі өнім және өндірілген ұлттық табыс туралы деректер, ал салалар деңгейінде жалпы, тауар және таза өнім туралы деректер пайдаланылады. Өнімнің қор сыйымдылығы тікелей және толық сыйымдылық түрлеріне бөлінеді. Қор сыйымдылығы– негізгі қорлардың пайдаланылуы тиімділігінің маңызды көрсеткіші.

76. Жабдықты интегральді қолдану коэффициенті Негізгі қорларды қолданудың барлық көрсеткіштері үш топқа бөлінеді: - Негізгі қорларды қолданудың уақыты бойынша деңгейін көрсететін экстенсивті көрсеткіштер; - Негізгі қорларды қолданудың қуаты бойынша деңгейін көрсететін интенсивті көрсеткіштер; - Негізгі қорларды қолданудың факторларының бірігуін көрсететін интегралды көрсеткіштер. Көрсеткіштердің үшінші тобына құрылғыны интегралды қолдану коэффициенті (Кинтегр), өндіріс қуаттылығын қолдану коэффициенті (Ким), өнімнің қор қайтарымы (Ққ), қор сыйымдылығы (Қс) жатады. Кинтегр = Кэкст * Кинт, Ким = Q / M, Ққ = Q / НҚ, Қс = НҚ / Q Мұндағы, Q - өндіріс көлемі, М – орта жылдық өндіріс қуаты; НҚ – НҚ ортажылдық құны; 77. Қонақжайлылық саласындағы іскерліктің басты мақсаты Қонақжайлылық — бұл кәсіпорын/мекен, осы кәсіпорында/мекенде көрсетілген қызмет, персоналдың/тұрғындардың адамгершілік қатынастары туралы қонақта (клиентте) белгілі бір сипатта, белгілі бір дәрежеде пікір қалыптасуы.

Уэбстердің түсіндірме сөздігіне сай, «қонақжайлылық индустриясы – қонақжайлылық қағидаларына негізделетін, қонаққа қатысты кеңдік және достықпен сипатталатын кәсіпкерлік іс-әрекет». Демек, қонақжайлылық индустриясын туристік нарықта маманданатын, негізгі іс-әрекеті қонақтарды қабылдау және қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерліктің әр түрлі формалары ретінде қарастыруға болады.

Сонымен қоса кәсіпорындар клиенттерге өзінің қызметін бәсекелес фирмаларға ұқсас көрсететіндігін есте ұстау қажет. Клиент, сервис көрсетілгенде, тек тапсырыс берген қызметті ғана тұтынады. Осы жағдайда клиентке қонақжайлылық ұсынылса кәсіпорын қызметкерлері «қонақтан» оған не қажет және оның қалай істелетіндігін сұрастырады.

Клиент туристік кәсіпорын үшін маңызды тұлға болып табылады. Нарықтық жағдайда клиент қонақжайлылықты ұсынған кәсіпорынға тәуелді емес, керісінше аталмыш кәсіпорын оған тәуелді. Басқаша айтқанда, «клиент» – кәсіпорын жұмысына кедергі емес, ол оның іс-әрекетінің мәні және мақсаты. Яғни, кәсіпорын клиентке қызмет көрсете отырып оған жәрдем қылмайды, керісінше, клиент кәсіпорынға өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндік бере отырып, оны мақсатына жеткізеді. Қабылдаушы жақтың алдында клиент – «патша», ал оның қажеттіліктерін қамтамасыз ету – қонақжайлылық индустриясы жұмыскерлерінің бастапқы мақсаты. Басқаша айтқанда, клиенттің тұрғысы әрқашан дұрыс болып саналады.

Міне, сондықтан қонақжайлылық саласындағы іскерліктің басты мақсаты – клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру, содан соң ғана кәсіпорын табысын жоғарылату. Жоғары табыс – қонақ үй бизнесінің дұрыс ұйымдастырылуының нәтижесі. Егер ұйым клиентті қанағаттандыратын болса, ол көрсетілетін қызметтерге толығымен төлеп қана қоймай, сонымен қатар бұл қонақ үй немесе туристік агенттікке болашақта тағы келуі, таныстарына осы кәсіпорындар туралы ең жақсы пікірлерін жеткізу арқылы қосымша клиенттердің ағымын ұлғайтуы мүмкін.