Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
она й шаруашылыы - Экзамен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

68. Туризм индустриясындағы қонақ үй шаруашылығының мәні

Бүгінгі таңда қонақ жайлылық индустриясы экономикамыздың дамуының әлуетті және болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр.Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді.Ал туризм болса , әлеуметтік – тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 1\10 бөлігін қамтамасыз етеді.Қазіргі кезде әрбір он бесінші қызметкер қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді .Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен жеті проценті, салық түсімдерінің бес проценті, тұтынушы шығындарының он бір проценті келеді.бұл көрсеткіштер, әрине туризм индустриясының , оның ішінде , қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады. Туризм тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізіп,халықтың танымдық деңгейін көтереді.

Қазақстанның туризм саласында келесідей қайта құрулар орын алды: туристік қызметтердің жалпы көлемінде ішкі туризм көрсеткіштері өсуде, келу туризмінің көрсеткіштер динамикасы жыл сайын артуда , кету туризмінің көрсеткіштерінің үлесі тұрақталуда. Жалпы қонақ үй шаруашылығы бизнесін туристік бизнестен қарастыру мүмкін емес. Өйткені, қонақ үй шаруашылығы халықты жұмыспен қамтамасыз етеді және пайда табу көзі болып табылады. Қонақ үй шаруашылығы — әр бір мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет түрі.

Қонақ үй жұмысы үлкен табыс әкелетін маңызды салаға айнала бастады.

69. Қонақ үй кәсіпорынының негізгі қорлар жағдайын және қозғалысын бағалау көрсеткіштері:

  • Қозғалыс көрсеткіштері: жаңарту коэффициенті; өндірістік үдерістен шығу коэффициенті; белгілі бір мезгілдегі өсім коэффициенті.

Негізгі қордың қозғалыс процесін бағалау және олардың қозғалысын сипаттау үшін бірқатар көрсеткіштер қолданылады.Олардың бірі негізгі қорды жаңарту интенсивтілігін көрсетеді. Ол үшін белгілі кезең ішіне негізгі қорды жаңарту коэффициенті есептеледі: Кжаң = Қенг / Қ ж.аяғ, мұндағы Кжаң – жаңарту коэффициенті; Қенг – белгілі кезең ішінде қайтадан енгізілген (жаңадан түскен) негізгі қордың құны; Қж.аяғ – негізгі қор талданып жатқан кезеңнің жыл аяғына негізгі қор құны. Негізгі қорды жаңарту процесі олардың шығуын да зерттеуді талап етеді. Бұл процесті белгілі бір кезеңге негізгі қордың шығу коэффициенті бағалайды. Кшығ = Қшығ / Қ ж. бас ,мұндағы Кшығ – шығу коэффициенті; Қшығ – белгілі кезең ішінде өндірістен шығарылған негізгі қор құны; Қж. басы – сол кезеңнің жыл басына негізгі қор құны.

  • Жағдайды бағалау көрсеткіштері: жарамдылық коэффициенті; тозу коэффициенті.

Негізгі қордың техникалық жағдайының жалпылама көрсеткіші болып жарамдылық және тозу коэффициенті саналады. Тозу коэффициентінің көлемі негізгі қордың әр түрлері немесе топтары бойынша белгілі бір кезеңге мынадай түрде есептеледі: Ктозу = Тқ / Қ бас.қ, мұндағы Ктозу – негізгі қордың тозу коэффициенті; Тқ – белгілі кезең ішіндегі негізгі қордың тозу құны; Қ бас.қ - сол негізгі қордың бастапқы құны. Жарамдылық коэффициенті негізгі қордың бастапқы құнының қалдық құнына қатынасы арқылы анықталады: Кжар = Ққалд.қ / Қ бас.қ = 1 - Ктозу, мұндағы Кжар – негізгі қордың жарамдылық коэффициенті; Ққалд.қ - негізгі қордың қалдық құны; Қ бас.қ - негізгі қордың бастапқы құны. Негізгі қордың жарамдылық және тозу коэффициентін кезеңнің басына және аяғына есептеу қажет. Тозу коэффициенті неғұрлым төмен болған сайын, негізгі қордың техникалық жағдайы соғұрлым жақсы. 70. Туризм индустриясындағы франчайзинг ерекшелігі неде?

Нарықтық экономикада кең тараған іс-әрекеттің түрі – франчайзинг. Ағылшын тілінен аударғанда «басымдылық», «құқық», «лицензия», ал француз тілінен аударғанда «жеңілдік » деген мағынаны білдіреді.

Франчайзер келісім шарт негізінде белгілі бір кәсіпкерлік іс-әрекетпен қорғалған құқығын ұсыну арқылы көрсету және осы қызметті ұйымдаструға, басқаруға,мамандардың оқытылуына көмектесу арқылы жүзеге асырылады.

Франчайзинг келісім шартына, өнімге, бренд атын пайдалануына, сауда маркасын пайдалануына, барлық қызмет түрінің топтамасын пайдалануына болады. Франчайзинг бизнесмендерге кең мүмкіншіліктер береді. Ешқандай тәжірибені иемденбей, кішігірім капиталды игере отырып, ол бастау алған жердентез аада қарқынды өріс ала алады. Бірақ, бизнесті жүргізудің кез-келген түрі сияқты, франчайзингтің де өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Елімізде франчайзингтің дамып, кең етекалуы келесі жетістіктерге жетелейді:

  • Шағын және орта кәсіпкерлік аясының кеңеюі мен бекітілуі;

  • Қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға өткізуге мүмкіндік.