Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
она й шаруашылыы - Экзамен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

39. Қонақ үйдің миссиясы мен мақсаты

Миссия – ұйымның құрылуының ерекше себебі миссияны қалыптастыруда келесі жағдайлар есепке алынады. 1. кәсіпорын нақты қандай кәсіпкерлік қызметпен айналысуы керек. 2. кәсіпорынның сыртқы ортасы қандай. 3. Ұйымның міндеті. Миссияның негізінде ұйымның мақсаттары қортылады.

Миссияны нақтылаудың формасы – мақсат болып табылады. 

Миссияның құрылымына келесідей факторлар әсер етеді: оларға – тарихи әдет-ғұрыптар, бәсекелестіктегі артықшылықтар, ұйымның потенциалы, қауіптері, басшылықтың және серіктестердің көзқарасы.

1. Ортақ мақсаттар (олардың саны әдетте 4-6) олар ұйымның ең маңызды мақсаттарын толығымен және бөлшектеп көрсетеді. Олар функционалдық және интегралдық болуы мүмкін. 1-сі бөлектенген түрлері , яғни қаржылық, маркетингтік, кадрлық және т.б . 2-сі тұрақтылықты қамтамасыз етумен, қажетті пайда, табыс, сату көлемі, сыртқы нарыққа шығумен байланысты. 2. Спецификалық( локальдық) мақсаттар әрбір бөлімшеде құрылады және негізгі мақсаттардың бөлініп кетуінде қолданылады. Олар әдетте қысқа және орта мерзімді уақыттарды қолданылады және жоспардың негізін құрайды. Олар операциондық және оперативтік болады. 1-сі бөлек жұмысшыларға қойылатын болса, 2-сі бөлімшеге қойылады. 3. Тактикалық мақсаттар- стратегиялық мақсатқа жетудің бөлек кезеңдерін көрсетеді. 4. Стратегиялық мақсаттар- үлкен кең көлемдегі жағдайларды шешуге арналған түрі, мысалы, халықаралық нарыққа шығу, құралдарды түпкілікті түрде ауыстыру т.б. 5. Қысқамерзімдік ( ағымдағы) мақсаттар – стратегиялық түрінен шыққан бұл түрі соны жүзеге асыруға бағытталады, ол әдетте 1 жылдық мерзімге жасалады.

6. Оперативтік мақсаттар – ағымдық түрінен анықталады және оны жүзеге асыруға бағаытталады, әдетте белгілі бір мерзімге, периодқа, 1 айға, күнге анықталады[2].

Мысалы: «RIXOS» қонақ үйі

Миссиясы: Сапалы және мінсіз өнім жасап, оны клиенттеге ұсыну.

Мақсаты: Жоғары стандартты қызмет көрсетулер мен өнімдер ұсыну – сапа ең тиімді бағаға.

Стратегиясы: Қонақжайлылық

Қағидасы: «All inclusive – All Exclusive», яғни «Бәрі қамтылған және бәрі эксклюзивті» 40. Қонақ үйдегі ұжымдық мәдениет түсінігі Ұжымдық философияның мәні – жоспарлау, ұйымдастыру және бақылауболатын. Ал қазір оның мағынасы тереңдей түсті. Қазір ұжымдық философия жоғары әрі сапалы көрсетілген қызмет, өнім арқылы көшбасшы болуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұжымдық философия келесідей құндылықтарға болса назар аударады: мораль, әділдік, сапа. Корпоративная культура гостиничного предприятия непосредственно влияет на конкурентоспособность, ускоряет и увеличивает объемы продаж. Это инструмент достижения стратегических целей отеля, ориентированных на перспективу, что особенно важно в условиях существующего экономического кризиса. В связи с этим данная тема будет актуальной. Корпоративная культура, как средство управления, может влиять на: -   мотивацию сотрудников; -   привлекательность фирмы как работодателя, что отражается на текучести кадров; -   нравственность каждого сотрудника, его деловую репутацию; -   производительность и эффективность трудовой деятельности; -   качество работы сотрудников; -   характер личностных и производственных отношений в организации; -   отношения служащих к работе; -   творческий потенциал служащих Корпоративная культура гостиницы «Державная» отражена в «Кодексе правил»: «Обстановка неподдельной заботы и комфорта, окружающая наших гостей, – наша первоочередная задача. Выражайте искренний интерес к каждому гостю, делайте это с энтузиазмом, отдавая ему свое внимание».· «Улыбайтесь и здоровайтесь с каждым гостем. Разговаривая с гостем, делайте это с теплотой, в дружеской и уважительной манере. Как можно чаще называйте гостя по имени». «Прощаясь с гостем, поблагодарите его, что он выбрал именно нашу гостиницу. Нужно постараться, чтобы у гостя остались теплые и положительные воспоминания о пребывании в гостинице». 41. Қонақжайлық индустриясының даму эволюциясы Әлемдік қонақ үй индустриясының негізгі кезендеріне шолу жасайтын болсақ, саяхатқа жүрген адамдарға қызмет көрсету алғашқы қонақ үйлер ( Керуен сарайлар ) б.э.д. 2000 жыл бұрын көне шығыс елднрінде кең таралған.Ежелгі Греция,ертедегі Рим кезеңнен бастап әртістерге, кубелерге, саяхатшыларға арналған ертедегі қонақ үй түрлері: ханны, инны, пошта бекетері және т.б. болып саналған.Қонақ үй индустриясының даму тарихы әлемдік адамзат өркениетін дамутарихы мен тұспа тұс келеді.Европа, Азия дүние бөліктеріндегі ірі импералдардың құлауы.Жібек жолы бойындағы қалалардың күйреуі, соғыс әрекеттері, қонақ үй кәсіп-шілігіне тоқырау алып келді. ХVII – XIX өндірістік революция, су жолының дамуы дүниежүзілік қонақ үй шаруашылығының қалыптасуына өзіндік үлесін тигізді. XX ғасырдағы қонақ үй индустриясының ерте кезден бастап XX ға – сырдың соңына дейінгі даму этаптарының негізгі сипаты төмендегідей. Б.э.д. II –I мыңжылдық аралығында Ассария кезінде керуен сарайлар мен алғашқы адамдар демалатын үйлердің саяхатшыларға уақытша тұруына арналып салына басталды.Осы уақытта Шығыс елдерінде, көне Грецияда,Крит аралдарындада керуен сарайлардың ашылғандығы белгілі. Б.э.д. I мыңжылдықтың Ежелгі Грек жерінде қонақ үйлердің үш типі қалыптасқан: жекеменшік аулалар ( кататорлар ), мемлекет құзырындағы аулалар ( пандокен ), ұйықтайтын бөлмелер бар таверналар (тамақ ішетін орындар). Б.э.д. VI – ғасырдағы – б.э. I – ғасырында Ежелгі Рим территориясында жол бойында көне қалаларда көптеген жзататын үйлер мен таверналар салынған.Оларды пайдаланушылар саяхатшылармен қатар, мемлекеттік шенеуіктер, саудагерлер, кезбелер, т.б. болып Рим империясындағы пошта байланысының қалыптасуына байланысты мемлекеттік заңға байланысты 70 – 100 шақырым ат жарыс аралық бекеттерінің ашылуы таверна, қонақ үйлердің дамуына себеп болды.Орта ғасыр (V – VIII ғ) заманында Европа мен Шығыс елдерінде саудамен саяхаттың қайта жандануына орай орналастыру мен тамақтану қызмет көрсету саласы дамудың жаңа жолдарына бағытталды.?Европалық монастырларда арнайы қонақжайлық орындар пайда болды. Қайта өрлеу заманында Европа дүние бөлігінде кәсіпкершіліктің дамуы, ат жегілген тарантас, көлік құрылысының пайда болуы қонақтар тоқтайтын аулалар орындарының көбеюіне септігін тигізді. XIX ғ.Европа мен Америкада өндірістік революция нәтижесінде көлік түрлерінің пайда болуы ( пороход, паровоз ) туризмнің дамуына үлкен ықпалын тигізді.1930 ж. қонақ үй шаруашылығының «Ұлы күйзеліс» өзіндік ықпалын тигізді.Екінші дүниежүзілік соғыс кзеңі де өз септігін тигізді. 1950 – 60 ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың тұрақталуы, қонақ үй шаруашылығының қайта жандануына ықпалын тигізді.Қонақ үйдің жаңа типтері мотель, отель, кемпинг пайда болуы және курорт – ты қалаларда демалыс қонақ үйлер салына бастады. ДТҰ мәліметі бойынша 17 млн. адамдар тоқтай алатын қонақ үй жүйелері қалыптасқан.Солардың ішіндегі ең ірілері «Шератон»,«Рамада», «Марриот», «Редиссон» қонақ үй кластарына орай «Апартамент», «Кондоминниум» түрлері пайда болды. 2000 ж. жекеменшік, шағын әртүрлі типтегі қонақ үйлер қалыптасуы нарықтық жағдайда өтуде. Көп елдерде халықтың табысы туристік қызмет саласына жұмсалады. Шығу және ішкі туризм сферасында қонақүй шаруашылығы туристерге толық комплексті қызмет түрін ұсынады. Қонақ үй шаруашылығы Қазақстанда даму преспективасын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Республиканың көрікті, көрсетуге болатын маңызды объектілері мемлекеттің оңтүстігінде орналасқан. Олар Қазақстанның алғашқы қалалары: Түркістан, Отрар, Баба-ата, Испиджап (Сайрам), Тараз, Мерке; Талхиз(Талғар), Қойлық(Талдықорған). Алдағы уақытта қонақ үй бизнесінің дамуы туризмнің дамуымен тікелей байланысты. 42. Негізгі қорлардың жіктелімі Негізгі қорлар - ұзақ уақыт өндіріс үдерісінде әрекет ететін, өзінің натуралды-заттық нысанын сақтайтын және құны тозу мөлшеріне байланысты бөлшектенген амортизациялық аударылымдар түрінде өнімнің немесе қызметтің өзіндік құнына қосылған өндірістік, материалдық-заттық құндылықтардың жинытығы. Есепке алу, бағалау және талдау мақсатында негізгі қорлар бірнеше сипаттар бойынша жіктелімге жатқызылады. Кәсіпорынның негізгі қорлары – бұл тозуына байланысты өзінің құнын дайын өнімге жартылай көшіретін еңбек құралдарының құндық көрінісі. Негізгі қорлардың жіктелімі: қызметтік тағайындалуы бойынша (өндірісті/өндірісті емес); меншік нысаны бойынша (жеке меншік/жалға алынған); сапалық сипаттар бойынша (өнеркәсіптің негізгі құралдары/ауылшаруашылықтық негізгі құралдары); натуралды-заттық құрамы бойынша (ғимараттар/құрылыстар/құрылғылар/техника және құрал-жабдықтар); қолдану үдерісіне байланысты (қолданыстағы/қорға сақталған). Негізгі қорларды ақшалай нысанда бағалау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Негізгі қорлардың бастапқы құны;

  • Қайта қалпына келтіру құны;

  • Қалдық құны;

  • Жою құны.

Қонақ үй кәсіпорынының негізгі қорлары 5 топқа жіктеледі: 1) Қызметтік дайындалуы бойынша: өндірістік, өндірістік емес; 2) Салалық сипаттар бойынша: өндірістік негізгі құралдары, ауыл шаруашылық, т.б. 3) Натуралды заттық құралдар бойынша: ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар, техникалық заттар, құрал-жабдықтар. 4) Меншік нысаны бойынша: жеке меншік, нарыққа арналған. 5) Қолдану үдерісіне байланысты: қолданыста, қорда сақталады. 43. Франчайзинг түсінігі Франчайзинг, франшизинг (ағылш. franchіse — лицензия, айрықша құқықтық); франшиза (фр. franchise — жеңілдік) – коммерциялық концессия, нарықтық субъектілер арасындағы қарым-қатынастардың түрі, бір тарап (франча́йзер) екінші тарапқа (франчайзиге) ақы (роялти) үшін белгілі бір бизнес түрін, әзірленген бизнес-моделін және оның жүргізу әдісін пайдалануға береді. Бұл лицензиялаудың дамыған түрі, онда бір тарап (франчайзер) екінші тарапқа (франчайзиге) өз атынан тауарлық белгілер және/немесе франчайзердің брендін пайдалана отырып ақылы әрекет етуге құқық береді. Өріс алушы нарықта франчайзинг – кәсіпкелерді пайдалы , табысты бизнесті жүргізуде қажетті іс-тәжірибелік стандарттарға үйретудің, оқытудың ең жылдам тәсілі болып саналады. Барлық франчайзингтік мәмлелер обьектілері бойынша үш негізгі түрге бөлінеді: 1. Тауарлық франчайзинг 2. Өндірістік франчайзинг 3. Іскерлік франчайзинг Франчайзи жетекші компаниядан өз тауарларын сол компанияның тауарлық белгісін қолдана отырып сату құқығын сатып алу арқылы бизнес жүргізу тәсілі тауарлық франчайзинг деп аталады. Франчайзер өзінің өнімін негізінен франчайзиға сатады, ал ол өз ретінде тек қана оның өнімін ғана сатып, осы тауарға ұқсас бәсекелестер өнімін сатпауы керек. Тауарлық франчайзинг барлық жерлерде жағар-май, автомобильдік тауарлар, гигиена құралдарын, сусындаржәне тағы басқа өнімдерді өткізуде қолданылады. Мысалы: «TEXACO», « Chevron», « Procter&Gamble», «Coca-Cola». Франчайзер франчайзиге тауарларды өзі (франчайзер, бас компания) жеткізетін немесе онымен келісу арқылы жеткізілетін шикізатты, материялдарды технологиялар мен жабдықтарды пайдалана отырып, өзінің тауарлық белгісімен өндіру мен өткізу құқығын сатуды өндірістік франчайзинг дейміз. Франчайзердің франчайзиді құрал-жабдықтар, тауардбелгілерді пайдалану құқығы менрецептурасы және де өндіріс пен өнімді өткізу кезінде жалпы жарнамалық қормен жабдықталуы. Мысалы: «Дока-Пицца», «Довгань» компаниялары. Іскерлік франчайзинг — жағдайында франчайзер кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса франчайзиге береді. Яғни, танымал фирманың қызмет түрі мен атауын ала отырып шағын кәсіпорынды ұйымдастыру құқығын сату. Яғни, франчайзер тауарлар мен қызмет сауда — саттығын сәйкесінше қамтамасыз ету жолымен (ноу-хоу) тауарлық белгілерді және қызмет көрсету белгілерін қолдану құқығына лицензия береді.Мысалы: «Mac Donald s» рестораны, «Алматы Құс» АҚ, Okan Inter – Continental мейрамханалық желілері жатады. Әлемдік тәжірбиеде франчайзингтің мынадай типтері қалыптасты: 1.Өндіруші мен бөлшек саудагер арасындағы франчайзинг.Мысалы, «Форд» және оның делдары арасындағы келісімдік қатынастар. «Аdidas» компаниясы Шығыс Еуропада франчайзингтік дүкендер жүйесін ұйымдастырды. 2. Өндіруші мен көтерме саудагер арасындағы франчайзинг. Мысалы, «Coca — cola» және «Pepsi» компаниялары өз концентраттарын , сусындарды өндіріп, бөтелкелерге құятын және бөлшек сауда орындарында сататын зауыттарға сатады. 3. Көтерме және бөлшек саудагерлер арасындағы франчайзинг. Мысалы, ойншықтар сататын «Христиансенс» дүкендері. 4. Дистрбьютор және қызмет көрсету фирмасы арасындағы франчайзинг. Әлемнің көптеген елдерінде қызмет ететін «Mac Donald s» және оның кәсіпорындары франчайзинг жағдайындағы тиімді серіктестікті жүргізудің нақты мысалы бола алады. 44. Ежелгі Римдегі қонақ үй сипаттамасы Ежелгі мемлекеттердің халықтары танымдық, спорттық, емдік мақсаттармен саяхаттай бастады. Сауданың дамуы есебінен саяхаттаушыларға түнейтін және тамақтанатын орынның қажеттілігі туындады. Саяхаттау сол уақыттарда өте қиын әрі баяу болатын,таверналар аз және барлық саяхаттаушыларға жетпейтін. Рим империясының кеңеюі қонақжайылық жүйесінің дамуын талап ете бастады. Империяны оперативті басқару үшін астананы басқа қалалармен байланыстыратын, ұзындығы 80-120 мың шаршы шақырымға жететін үлкен жолдар салынды. Осы жолдарды саяхаттаушылар қолдана бастады. Б.з.д. І ғасырда Рим империясында барлық негізгі жолдар бойында мемлекеттік постоялые дворы пайда болды, олар әрбір 25 миль сайын орналасатын және басқарушы шенеуліктер мен арнайы рұқсаты бар адамдар тоқтай алды. Уақыт өте келе, бұл постоялые дворы барлық адамдарға қызмет ете бастады. Белгілі бір қаражатқа оларға арнайы жол сілтеушілер, қорғаушылар, сонымен қатар, тұратын орын мен тамақтану қызметі ұсынылды. Кейбір бай жер иеленушілер өз иеліктерінің шекарасында жеке постоялые дворы сала бастады. Оларды құлдар басқаратын болды. Ауылдық жерлерде және Римнің өзінде «пристанща» - бақшасы, ауласында суы бар, құрметті қонақтарды қарсы алуға арналған бөлек бөлмелері бар залдары болатын кешен секілді қонақ үйлер пайда болды. Римдіктер қонақ үйді белгілі бір жүйемен жіктеді. Олар «пристанищаның» екі түрін салды: біреуі плебейлерге (стабулярии), екіншісі – тек патрициилерге (мансионес) арналды. Венециялық саудагер–саяхаттаушы Марко Поло өз заманында Римге саяхаттап, постоялые дворы туралы жақсы сипаттамалар қалдырды. Осылайша Ежелгі Римде қонақжайлылық жүйесі біртіндеп дами бастады. Римдік пирлер аса танымалдыққа ие болды. Қалталы Римдік азаматтарға арналып трактирлердегі өзіндік «мейрамханалар» ұйымдастырылды, осылардың ішінде римдік Секвиль Локарттың мекемелері танымал болды. Римдік аспаздар қала элитасына айналып, жоғары атақтармен марапатталды. Адриан императордың басқару кезінде ол (б.э.д. 117-138) өз аспаздық өнерінің академиясын ашты. Алғашқы қонақ үйлердің нақты пайда болған уақытын білу мүмкін емес. Бұл индустрия тарихының тамыры тереңде жатыр. Адамдар саяхаттай бастағаннан-ақ, оларға тоқтайтын орын қажет болды. Ежелгі Грецияда саяхаттаушыларды орналастыратын таверналар болған. Бірақ қонақ үйлік индустрия өз бастауын Римнен алады. Дәл осы жерде саудагерлер мен шенеуліктер сауда мәселелерін шешу үшін мемлекет арасында саяхаттауы тиіс болатын. Бұл қозғалыстардың есебінен, көбінесе саяхаттаушыларға арнайы жол бойында орналасқан сарайлар мен қонақ үй желілері көбейе бастады. Римдегі театрлық қойылымдардың өткізілуі де көрермендерге арналған орналасу орындарының салынуына себеп болды. Олар театрларға жақын орналасатын, өйткені кейбір уақытта жаңбыр жауа бастағанда көрермендер осы мекемелерде жауыннан қорғанатын. 45. Жабдықты экстенсивті қолдану коэфициенті Негізгі қорларды қолданудың барлық көрсеткіштері үш топқа бөлінеді: - Негізгі қорларды қолданудың уақыты бойынша деңгейін көрсететін экстенсивті көрсеткіштер; - Негізгі қорларды қолданудың қуаты бойынша деңгейін көрсететін интенсивті көрсеткіштер; - Негізгі қорларды қолданудың факторларының бірігуін көрсететін интегралды көрсеткіштер. Көрсеткіштердің бірінші тобына жататындар: құрылғыны экстенсивті қолдану коэффициенті (Кэкст), құрылғы жұмысының кезектілік коэффициенті (Ксм), құрылғының жүктілік коэффициенті (Кжүкті), құрылғы жұмыс уақытының кезектілік режимінің коэффициенті (Ккез.р.).

Экстенсивті қолдану колдану көрсеткіштері – уақыт аралығындағы қолдану деңгейін сипаттайды.

Құралдарды экстенсивті қолдану коэфициенті:

Кэкст.=tн/tнор;

tн – құралдардың нақты жұмыс істеу сағатының саны;

tнор – нормативпен бекітілген жұмыс істеу сағатының саны.

46. Экономика құрылымы Экономика дегеніміз грек тілінен аударғанда «үй шаруашылығын жүргізу өнері», яғни материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар. Экономиканың құраушы бөліктері:

  • Сауда-саттық;

  • Өнеркәсіп;

  • Ауыл шаруашылығы;

  • Құрылыс;

  • Көлік.

Экономика құрылымы:

  • Өндіріс (ұйым формалары);

  • Тұтыну (адамдар, ұйымдар);

  • Тарату (мемелекеттік органдар);

  • Айырбас (нарық).

Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды анықтайды, олардың негізі болып табылады. Қызмет немесе тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерді, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды білдіреді.

47. Ежелгі замандағы қонақ үй шаруашылығының дамуы Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі туралы ескі манускриптерде – Вавилонның патшасы Хаммурапидің кодексінде таверналардың иелеріне билік жөнінде әңгімелерді жеткізіп отыруын жүктеген. Келушілердің құрамы әртүрлі болған. Кейбіреулері «қонақжайлық» сөзі ескі француз сөзі «ospis» — біртүрлі қабылдау деп жобаласа, енді біреулері латын сөзі «hospitalis» дегенді яғни – қонақжайлық дегенді білдіреді деген. Қонақжайлар – дәл осылай антика дәуірінде өз үйінде жанұясымен қоса күтетін адамдарды атаған. Қонақжайлармен шетелдік мемлекеттер қарсылықты көмек, достық және   қорғаныс жөнінде келісім құрған. «Қонақжайлық» түсінігі адамзат өркениеті  сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау себебтерімен тікелей байланысты. Қонақ үйлер әдетте бір елмен басқа елдерге баратын басты жолдардың бойында орналасады. Сонымен бірге жолаушыларды күтумен қатар, қонақ үйлерде үкімет қызметкерлерімен өкілдер жұмыс жүргізеді. Қонақ үйлерде адамдарға түнеу, баспана, сол жерде тамқтандырады, аттарын ауыстырады. Орта ғасырларда Еуропада тұрақты аулалар монастырлар кезінде соғыла бастады. Шіркеу жолаушылары діни қызметкерлерге, әулие жерлерге саяхаттаушыларға арнап қонақ жайлар ұйымдастыруды міндеттеді. Уақыт өте келе тегін қонақжайлылықтан кіріс табуға есептелінген мекемелерге айналды. Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу шығыста, Орталық Азияда және Кавказияда орын ала бастады. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар керуендерімен жолаушылайды. Олар әдетте  шатырларда, кеу кездері керуен сарайларда, әр түрлі қонақжай кешендерінде, адамдардың арнайы түнеу орындарында жайғасты. Сауда  байланысының дамуына байланысты Еуропада қонақжай шаруашылығының біршама өсуіне әкеп соқтырды. Мысалы XIV – ғасырда Миланда 150 қонақ үйі орын алды. Дегенмен ол кезеңдегі қонақжай шаруашылығы ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқандай жағдай болмады, санитарлық  деңгейі өте төменгі жағдайда болды. XVIII–XIX ғасырлардағы мемлекетаралық экономикалық және саяси байланыстардың өсуі, Еуропа қалаларындағы қонақ үй шаруашылығының тез дамуына ықпал етеді. Қонақ үй жұмысы үлкен табыс әкелетін маңызды салаға айнала бастады.XIX ғасырдағы өндірістердің дамуы  қонақжайлығы, туризмнің дамуымен байланысты.Теңіз жағалауларында, минералды су көздері маңында табиғаты керемет орындарда ірі және ұсақ қонақ үйлер құрылыстары бой көтере бастады. Олардың уақыт өте келе техникалық жабдықталуы, қонақтарға арналып өте ыңғайлы жағдай жасалынып қызмет көрсетудің әдістері және түрлері өзгерді. Экономиканың бұл облысында компаниялар, акционерлік қоғамдар, корпорациялар және синдикаттар пайда бола бастады.Осындай біріккен ірі мекемелер өз еліндегі қонақ үй  шаруашылықтарын басқара отырып, сондай – ақ басқа мемлекеттерде қонақ үй тұрғызумен айналысты. Лондонда қонақ үй синдикаты, Францияда «Қонақ үй қожайын одағы» құрылды. Бұл мекемелердің  жеке иегерлері нөмірлерге бағаларын белгілеп, қонақ үй қызметкерлері мен мамандар даярлап туризмнің дамуына жағдай жасады. 1906 жылы «Халықаралық қонақ үй иелерінің одағы» құрылып, әр түрлі әлем елдерінің 1700 қонақ үй иегерлерін біріктірді. Еуропаның  ең ірі қалаларында  қонақ үйлерді басқа бағытта пайдалану басталды. Ол жерлерде казино ойындарын өткізу, прессконфепенция өткізу қарастырылған. Қонақ үй шаруашылығының тез қарқынмен дамуы XX ғасырда басталды. Бұған себеп автомашиналардың сапалы және сандық бағытта тез өсуі, әуе және темір жол транспорты, мемлекет аралық сауданың, мәдениеттің, ғылыми – техникалық және спорттық байланыстардың өріс алуы болып табылады. Қонақ үй базасының материалдық және техникалық өсуін келесі факторлар анықтайды: Ø Қалалардың дамуы және жаңа қалалардың пайда болуы Ø өнеркәсіптің өсуі Ø ғылымның және мәдениеттің өсуі Ø өнердің өсуі Ø адамдардың материалдық жағдайының өсуі және т.с.с. 48. Заманауи кәсіпорынның үш жақты шаруашылықтарының дамуын сипаттау

49. Экономика дегеніміз не? Экономика дегеніміз грек тілінен аударғанда «үй шаруашылығын жүргізу өнері», яғни материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.Экономиканың құраушы бөліктері:

  • Сауда-саттық;

  • Өнеркәсіп;

  • Ауыл шаруашылығы;

  • Құрылыс;

  • Көлік.

Экономика құрылымы:

  • Өндіріс (ұйым формалары);

  • Тұтыну (адамдар, ұйымдар);

  • Тарату (мемелекеттік органдар);

  • Айырбас (нарық).

Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды анықтайды, олардың негізі болып табылады. Қызмет немесе тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерді, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды білдіреді.

50. Қонақ үйлердің қалыптасуына себеп болған факторлар Қонақ үйлердің қалыптасуына себеп болған факторларды бірнеше топқа бөлуге болады:

  1. Жалпы сыртқы факторлар

  2. Спецификалық сыртқы факторлар.

Жалпы сыртқы факторлар қонақжайлылық салалардың даму перспективаларына әсер етеді. Оларға: экономикалық дамудың тұрақтылығы, қауіпсіздік деңгейі, экология және қоршаған орта, әлеуметтік-демографиялық даму, саяси-тұрақтылық деңгейі, мемлекеттің жүйелі басқару эффективтілігі қызмет көрсету және тауар даму деңгейі жатады.

Спецификалық сыртқы факторлар жанама әсер етеді. Қонақ үйдің сапалы қызмет көрсетуді негізінен адамдар күрделілігіне, мамандығына, мүдделігіне, жаңа технологияны тез орада меңгеруіне, шығармашылығының мүмкіншілігіне, сонымен қатар жаңа ұйымшылдық процестерді және формалары, типтері, материалдық базалар қызмет көрсеткенде пайдалануына байланысты болады. 51. Жоспарлау сапасының деңгейінің маңызды шарттары

Жоспарлау сапасының деңгейінің маңызды шарттары:

  • Басқарудың барлық деңгейлеріндегі басшылардың құзыреттілігі;

  • Қызметтік бөлімшелердегі мамандардың біліктілігі;

  • Ақпараттың базаның болуы мен компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі.

Қазіргі таңдағы қонақ үй қызметінде жоспарлау келесідей сипаттамалар бойынша жіктеледі:

  • Көлеміне байланысты;

  • Жоспарлау нысанына байланысты;

  • Қызмет ету саласына байланысты;

  • Жоспарлау тереңдігіне байланысты;

  • Мерзіміне байланысты;

  • Мазмұнына байланысты;

  • Құрылымдық дамуына байланысты;

  • Реттеу үрдісіне байланысты;

  • Көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты.

  • Уақыт ішіндегі кезектілікке байланысты.