Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
она й шаруашылыы - Экзамен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

  1. Қонақ үй индустриясының туризмдегі орны

Қонақ үй индустриясының туризмде алар орны зор. Себебі, туризмде қонақ үйлік кәсіпорындар негізгі функцияларды жүзеге асырады, өйткені олар туризмнің негізгі элементтері мен барлық секторларды құрайтын және дамытатын кешенді қонақ үйлік өнімді тұтынушыларға ұсынады. Қонақ үйлер қызмет көрсету саласындағы көп функционалды кәсіпорындар болып табылады. Олардың негізгі қызметі тұтынушыларға тұратын орынды қамтамасыз ету болып есептеледі, соның ішінде қонақтарға қызмет көрсетудің технологиялық процессінің негізгі элементтерінің орындалуы кіреді: брондау, келу уақытындағы тіркеу, нөмірде тұруға алдын-ала төлеу; қабаттарда қызмет көрсету.Сонымен қатар, қонақ үйлерде ақпараттық және транспорттық қызметтер, қоғамдық тамақтандыру қызметі (мейрамхана, кафе,бар, асханалар),ойын-сауық орындары,бос уақытта демалуға арналған орындар (экскурсиялар, кездесулер, концерттер, қызығушылығына сай орындар) қызметі көрсетіледі. Тұрғындарға кешенді қызмет көрсету үшін спорттық және сауықтыру шаралары, жәрмеңкелер мен фестивальдар, мерекелік қабылдаулар мен банкеттер ұйымдастырылады. Қазіргі заманғы қонақ үйлік кәсіпорын тұтынушыларға тек тұру және тамақтану қызметін ғана ұсынып қоймай, сонымен бірге, көлік, байланыс, ойын-сауық, экскурсиялық қызмет көрсету, мединциналық, спорттық қызмет, сән салондары және т.б. қызметтердің кең ауқымын көрсетеді.

  1. Қонақ үй сферасындағы жұмыс жасау ерекшелігі

Қонақ үй қызметі — бұл қонақ үй персоналдары мен қонақтар арасындағы ұйымдастырылған түрде қонақтардың қалауын қанағаттандыратын қызметтер. Қонақ үй қызметтерінің ерекшелігі қонақтарға технологиялық қызмет көрсетумен анықталады. Қонақ үйдегі технологиялық процесс өзіне мыналарды кіргізеді:

- қонақтарды қона үй алдында күтіп алу;

- тіркеу, құжаттарды безендіру және қонақтарды орналастыру;

- номерде қызмет көрсету;

- тамақтануда қызмет көрсету;

- мәдени сұрақтарды, спорттық, денсаулық және фитнес қызметтерін қанағаттандыру;

- шығарып салуын безендіру, жолға шығарып салу.

3. Орналастыру орындарының классификациясы

Орналастыру орындары – туристер тұру үшін және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын қонақ үйлер, мотелдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжай үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және басқа да ғимараттар мен құрылыстар.

Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) классификациясы бойынша орналастыру орындары қалай бөлінеді?

1.Жеке (пәтерлер, пәтердегі бөлмелер, үйлер, жалға берілетін коттедждер);

2.Ұжымдық (қонақ үйлер, мотельдер, пансионаттар, жатақханалар, санаторийлер, ботельдер, кемпингтер)

Қазақстанда қонақ үйлер мен соған ұқсас кәсіпорындар туристер мен саяхатшыларды жайғастыру орындарын 4 топқа бөледі:

  1. Қонақ үйлер мен кәсіпорындар (қонақ үйлер, жағажай қонақ үйлер, мотельдер. Бөлмесі бар клубтар, пансионат, т.б.)

  2. Коммерциялық және әлеуметтік жайғастыру орындары (туристік база, туристік ауылдар, жастарға арналған қонақ үйлер, туристік қонақ үйлер, әлеуметтік туризм кәсіпорындары, бунгало)

  3. Арнайы жайғастыру құралдары (транспорттық жайғастыру орындары, еңбек және демалыс лагерлері, ротель, ботель, флотель, лашықтар, альпотель)

  4. Жеке меншік жайғастыру орындары (жеке баспана, жеке үйлердегі жалдамалы бөлмелер, жеке агенттерде жалданған орындар, туыстар мен таныстардың үйінде жайғасу)

Қонақ үйлердің сыйымдылығына қарай типологиясы

  • Кіші қонақ үйлер (100 орынға дейін)

  • Орташа қонақ үйлер (100-150 орын)

  • Ірі қонақ үйлер (500 орыннан көп)