Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
схема Каз тарих.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
399 Кб
Скачать
☆
  • Жау жағадан алып, ел басын күн туған ауыр кезде қазақ еліне қабілеті бар тегеурінді хан керек еді

  • Алайда таққа Әз Тәукенің жігерсіз ұлы Болат хан отырды

  • Ханның аты “Болат” болғанымен, заты болжыр бос болды

  • Болат хан билеген жылдары кіші хандар өз алдына дербестеніп, Ұлыстың орталық хандығының билігі әлсіреп, саяси жақтан бөлшектенді

  • Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі

  • Қазақ хандығының өзара қырқысқан алауыздығын пайдаланған Жоңғарлар 1723 ж. шабуылға шықты

  • Осы кезде жаздың қайнаған ыстығында шөлден, қақаған қыстың аязында үсіп өлді

  • Бұл ауыр кезең қазақ тарихында “Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама” деп аталды

  • Бұл тұста 1 млн. халық қырылып қалды

  • Өкшелей қуған жаудан қара үзген қазақ артына қайрылып, қайтадан Үш Алаш болып тізе қосып, жоңғарларға қарсы соғыс ашты

  • 1726 Жылы Шымкент маңындағы Ордабасы тауында қазақ үш жүзінің хан-сұлтандары бас қосып, кеңес ашты

  • Кіші жүз ханы Әбілхайыр және Қабанбай, Бөгенбай батырлардың басшылығымен қазақ жасақтары 1728 жылы Арқада, Сарысудың батысындағы Бұланты өзенінің бойында, кейіннен балқаштың оңтүстігіндегі Итішпес көлі бойында жоңғарларға соққы беріп, жеңіліске ұшыратты

  • Осындай жақсы жаңалық қазақ хан-сұлтандары арасындағы бақталастықты жоюдың орнына асқындыра түсті

  • 1730 Ж. Болат хан қаза табады

  • Болат ханның қайтыс болуы кіші жүз ханы Әбілхайыр мен Орта жүз ханы Сәмекенің Ұлы хандық орнына дәмесін күшейтеді

  • Ұлы хандық орынға көтеріле алмаған Кіші жүз ханы Әбілхайыр өзіне қарасты жасағын шапқыншылықтың алдыңғы шебінен шегеріп алып кетеді

  • 1731 Жылы қазанда Әбілхайыр ханның бастауымен Кіші жүз Ресей империясының құрамына кірді

  • Ұлы жүздің басым көп жері жоңғарлардың билеуінде, Кіші жүз Ресей империясының ықпалында болғандықтан ұлы хандық тек Орта жүздің көлемінде ғана болды

  • Тарих сахнасына Абылай (Әбілмансұр) сұлтан шыққанға дейін Әбілмәмбет хан айтарлықтай тегеурінді қимылдарымен көзге түсе алмады

  • Абылай жоңғарлармен болған бір шайқаста моңғұлдың белгілі Шырыш батырын өлтіріп, Бас батыр атағын алады

  • Әбілмәмбет сұлтандық дәрежеге көтеріп, қолдап-қуаттайды

  • Жоңғар шапқыншыларының жүз жылға созылған қанды жорығына біржолата тойтарыс берілген осынау сындарлы кезеңде тарих сахнасына Абылай хан көтеріледі

  • Абылай хан даңқын жамылып немесе мұрагерлік жолын пайдаланып хан көтерілген жоқ

  • Елі үшін жасаған ерен еңбегі үшін хан көтерілді

  • Түркістан түбіндегі Қарнақ қаласын билеген, жауға мейрімсіздігі, ержүүректілігі үшін қанішер Абылай атанған ұлы әкесінің аруағын шақырып, Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңіп, үлкен абыройға жетеді

  • Орта жүздің сұлтаны деп танылып, ең беделді әміршілердің біріне айналады

  • Осыдан кейін Әбілмансұр есімі ұмытылып Абылай атанады

  • Ұлыстағы бар үкім Салқам Жәңгір әулеті, әз Тәуке ханның немересі Әбілмәмбеттен өтіп, жалаң қылыш, жалғыз атпен жүрген жиырма жасар Абылайдың қолына өтеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]