Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срсп 7.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
76.29 Кб
Скачать

Алматы технологиялық университеті білім және ғылым министрлігі

СОӨЖ

Тақырыбы: «Жоспарлау мен басқарудың қағидасының негізі»

Тексерген: Сауранова.М.М

Орындаған: Абсаттарова Н.

Жоспарлау

Жоспарлау экономикада– нақты нысанның (мемлекеттің,кәсіпорынның,ұжымның, т.б.) экономикалық және әлеуметтік дамуының белгілі бір мерзімге арналған жоспарын, сондай-ақ оны жүзеге асыруға бағытталған нақтылы іс-шаралар кешенін талдап жасау. Микроэкономикалықдеңгейдегі Жоспарлау өңдіріс ішілік,фирмаішілік көрсеткіштерді қамтыса, макроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау қоғамды басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі, мемлекеттің әлеуметтік-экономика саясатын жүзеге асыруының негізгі құралы болып табылады.Макроэкономикалықжоспарлау белгілі бір кезеңде елдің экономика және әлеуметтік даму жоспарын жасауды, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру мен орындалуын бақылауды қамтиды. Макроэкономикалық жоспарлау директивалық (нұсқаулық) жоспарлау және индикативтік жоспарлау болып бөлінеді. Директивалық (нұсқаулық) жоспарлау – тоталитарлық қоғамдағы халық шаруашылығын мемлекет басқарудың орталық буыны болып табылды.КСРО-дағы, т.б. елдердегі директивалық, яғни бір орталықтандырылған жоспарлауды жүзеге асыру тәжірибесіндегі мемлекет тапсырыстардың, разнарядкалардың, ресурстарды жинақтаудың, т.б. қатаң белгіленген жүйесі өнім өндірушіні еркіндіктен, дамуға деген ынталылықтан айырып, экономика өсу қарқынының баяулауына, сөйтіп, халық шаруашылығындағы дағдарысқа әкеліп соқты. Жоспарлаудың бұл түрінің зиянды салдарлары Қазақстанда да анық байқалды (қ. Бесжылдықтар, Жоспарлы экономика).Қазақстан Республикасыдербес мемлекетке айналып, нарықтық экономикаға көше бастаған кезден бастап (1991), елдегі экономика және әлеуметтік өзгерістерді индикативтік жоспарлау үлгісі қолданылды. Индикативтік жоспарлау немесе экономикалық бағдарламалау – ел экономикасын мемлекеттік реттеудің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол – елдегі қоғамдық өндірістің дамуы мен әлеуметтік-экономика саясаттың стратегиялық тұжырымдамаларының ең оңтайлы нұсқасы таңдап алынған кешенді жалпы экономика бағдарламалар негізінде экономиканы реттеп отыру жүйесі саналады және индикативтік, яғни ұсыныстық сипатқа ие. Ондағы жоспарлы көрсеткіштер ел дамуының жалпы бағдарлары түрінде болады. Жоспарлаудың бұл түрі 2-дүниежүзүзілік соғыстан соңФранцияда,Нидерландта,Норвегияда,Жапониядақолданылды, 20 ғасырдың 50 – 60 жылдарыШвецияда,Финляндияда,Ұлыбританияда,Италияда,Бельгияда,Германияда,Испанияда, 70-жылдарыАҚШпенКанададакең таралды. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде (1991 – 98) индикативтік жоспарлау елдің эконмика және әлеуметтік дамуының стратегиялық бағыттарын айқындауға, неғұрлым ірі ғылыми-техника және құрылымдық бағдарламаларды жүзеге асыруға, экономиканы ырықсыздандыруға және кәсіпорындарды жекешелендіруге, нарықтық инфрақұрылымдар жасауға, салық және несие-қаржы жүйесін жетілдіруге, тұрақты ақша айналысын қамтамасыз етуге, т.б. бағытталды. Онда халықты әлеум. қорғау жүйелерін жетілдіру мәселелері де қамтылды. Әсіресе, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың таяу болашақтағы ел дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын айқындаған “Қазақстан-2030” Жолдауының маңызы зор болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанда ел дамуының таяу болашақтағы негізгі көрсеткіштерін айқындауға бағытталған 3, 5, 10 жылдық индикативті жоспарлау ісі қолға алынды.