- •1 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерінің теориялық негізі
- •2 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерін эксперименталды түрде зерттеу
- •1 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерінің теориялық негізі
- •Ауыл жастарының психологиясы жайлы мәлімет
- •1.2 Психология ғылымындағы бейімделу ұғымының теориялық сипаттамасы
- •2 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерін эксперименталды түрде зерттеу
- •2.1 Ауыл жастарының әлеуметтік – психологиялық бейімделуін зерттеу әдістерін, процедурасын және базасын негіздеу
- •2.2 Ауыл жастарының әлеуметтік–психологиялық бейімделуінің зерттеу нәтижелерін талдау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша а
- •Қосымша ә
- •Қосымша б
- •Қосымша в
Қорытынды
Сонымен қорыта келгенде адам, қоғам және олардың арасындағы байланыста үнемі түрленіп, дамып, өзгеріп отыратын күрделі құбылыстар. Қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында, күрделі экономикалық және саяси өзгерістер жалпы адам психикасына елеулі әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты адамның бейімделуін зерттеу адам мен оны қоршаған орта қатынасының динамикасын күшейтетін факторлардың өсуімен, қоғамның адамға қоятын талаптарының көбеюімен, тұлға қалыптасуы мен дамуы мәселесінің маңыздылығымен байланысты. Студенттің оқу орнына оптималды бейімділігін қамтамасыз ететін тактика мен жоспарларды жасау үшін бірінші курс студенттерінің өмірлік жоспарлары мен қызығушылықтарын, басым мотивтерінің жүйесін, тартымдылық деңгейін, өзін бағалауын, мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін және т.б. білу маңызды. Осы мәселені сәтті шешу жоғарғы оқу орнының психологиялық қызметінің дамуымен байланысты.
Әр студенттің бейімделу үрдісі әр түрлі жүретіні белгілі, өйткені әрбір студенттің өзіндік ерекшелігі мен мінез құлқы бар, бірі кездескен қиындық пен өзгерістерге қарсы тұра алып бейімделуі қалыпты денгейді көрсеттсе, енді бірі қиыншылықтарға қарсы тұра алмай оқу үрдісінде және жеке даму барысында көптеген қиыншылықтармен кездеседі.
Әдетте, барлық оқу орындарында бірінші курс студенттеріне оқу орны жағдайына бейімдеуге көмектесетін арнайы көптеген іс-шаралар өткізіледі, тренингтік ойындар, әнгіме, экскурция, кинотеатрға т.б орындарға бару арқылы студенттердің танымын, қарым-қатынасын дамытудағы шаралардың бірден бірі болып табылады.
Басқаша айтсақ, «бейімделу қабілет – ешқандай ішкі дискомфортты сезінбей және қоршаған орта мен қарама-қайшылықсыз адамның қоршаған ортаның (әлеуметтік, физикалық, әр түрлі талаптарына бейімделе алу қабілеті)». Бейімделу – бұл белсенді іс-әрекеттің алғы шарты және оның тиімділігінің қажетті шарты. Бұдан индивидтің қандай да бір әлеуметтік рөлінің жақсы қызмет етуі үшін бейімделудің жағымды маңызы көрінеді.
Зерттеушілердің бірінші курс студенттерінің оқу орнының жағдайына бейімделуінің түрлерін көрсеткендей біздің зерттеу жұмысымызға қатысқан респонденттерге қоғамдық бейімделу тән болғ үйткені бірінші курс студенттерінің топтық ішкі бірігуі және жалпы алғанда топтардың басқа студенттермен қосылу үрдісі өте жақсы дамыған.
Тұлғаның эффективті бейімделуге қол жеткізуі үшін ол қоғамның талаптары мен күтімдерін қанағаттандыруы қажет. Түпкі мағанасында тек әлеуметтік норманы қабылдау ғана емес, ол жаңа және қауіпті жағдайға кездескендегі эффективті өзгермеллілік, сондай-ақ оқиғаға өзіне қажетті бағыт беру. Бұл мағанада бейімделу өз мақсат, құндылық, ұмтылыстарын жүзеге асыру үшін адамның дұрыс шешім қабылдауымен инициатива көрсетумен және өз болашағын анық бағдарлаумен сипатталады. Әлеуметтік психологиялық бейімделу денгейіне адамның жасы, білім денгейі, өмір тәжірибесі, өзіндік бағалауы мен тұлғалық ерекшеліктер әсер етеді және адамның белсенділігімен де тығыз байланыста болады. Тұлғаның жаңа ортаға әлеуметтік - психологиялық бейімделуінің мәнді белгісінің бірі болып құндылық бағдар болып табылады. Ал осы біздің респонденттерімізге қажетті құндылық бағдарға материялды жетістік, сенімді достың болуы, денсаулық, бақытты өмір.
Сондықтан біз оларды жете түсіне білуіміз үшін төмендегі әдістемелерді таңдап алдық:
В.Т.Ряховскийдің - «Қарым-қатынас денгейін анықтау» әдістемесі; Автопортрет әдісі;
К.Роджерс–Р.Даймондтың «әлеуметтік–психологиялық бейімделу» әдістемесі;
Әлеуметтік-психологиялық бейімделуді анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелерді толығымен қарастырғаннан кейін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, психология және педагогика институтының 1 курс студенттеріне өткізілді.
В.Т. Ряховскийдің - «Қарым-қатынас денгейін анықтау» әдістемесі бойынша респонденттердің басым бөлігінің қарым-қатынас денгейінің жоғары екендігі, яғни коммуникативті екндігі анықталды. Ал проективті әдіс, яғни автопортрет әдістемесі бойынша алынған нәтижеденде респонденттердің өз ақыл-ойларына, өз іс-әрекеттеріне сенімді, өздеріне айтылған сындарға қарсы тұра алатындығы, кез-келген жағдайда өздерін көрсете алатындығы, қарым - қатынаста белсенді, ашық екендігі анықталды. Бірақ кейбір респонденттердің мінез-құлқының тұйықтығына байланысты жиі қарым-қатынасқа түспейтіндігі анықталды. Бұндай жауаптың алынуы жоғарыда айтылғандай барлық әр-бір студенттің өзіндік бір ерекшелігінеде байланысты болуы мүмкін. К.Роджерс–Р.Даймондтың «әлеуметтік–психологиялық бейімделу» әдістемесі бойынша студенттердің бейімделу денгейі қалыпты денгейді көрсетті. Осы респонденттерге жүргізілген зерттеу нәтижелері математикалық статистикалық әдістермен өңделініп, төмендегідей нәтижені алдық:
К.Роджерс–Р.Даймондтың «әлеуметтік–психологиялық бейімделу» сұрақтамасының интегралды көрсеткіштері, яғни алты шкаланың бесеуі статистикалық мәнді болып шықты. Жаңа ортаға бейімделулері жақсы, климатқа байланысты денсаулықтарында ешқандай өзгерістер болмаған, студенттер «Талапты өрге жүзеді» дегендей, білім алу үшін талпынған студенттер барлық қиыншылықтарды жеңуге тырысып бағуда.
Осы нәтижелерге байланысты негізгі болжамымыздың дәлелденгені анық. Біздің осы жұмысымыз болашақта өз жалғасын табады деп сенеміз.
