- •1 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерінің теориялық негізі
- •2 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерін эксперименталды түрде зерттеу
- •1 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерінің теориялық негізі
- •Ауыл жастарының психологиясы жайлы мәлімет
- •1.2 Психология ғылымындағы бейімделу ұғымының теориялық сипаттамасы
- •2 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерін эксперименталды түрде зерттеу
- •2.1 Ауыл жастарының әлеуметтік – психологиялық бейімделуін зерттеу әдістерін, процедурасын және базасын негіздеу
- •2.2 Ауыл жастарының әлеуметтік–психологиялық бейімделуінің зерттеу нәтижелерін талдау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша а
- •Қосымша ә
- •Қосымша б
- •Қосымша в
1 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерінің теориялық негізі
Ауыл жастарының психологиясы жайлы мәлімет
Жоғарыда айтылғандай арнайы әлеуметтік демографиялық топ – жастардан құрылады дедік. Осыған орай зерттеу тақырыбымыздағы ауыл жастары деп алып отырғанымыз, ол қалаға білім алу мақсатында келген студент жастарымыз. Сондықтан студенттерді ерекше әлеуметтік топ деп қарастыру дұрыс болар еді. Енді осы студент сөзіне тоқталатын болсақ «студент» сөзі – латын тілінен шығады, қазақша аударғанда «ынтамен жұмыс жасаушы, бір іспен шұғылданушы, яғни, білімдерді меңгеруші» [1].
Осы бөлімді бастамас бұрын студенттік жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктерін ашып көрсетсек жөн болады.
Студент қандай да бір жас кезеңіндегі адам ретінде және жеке адам ретінде үш жақты сипатталады:
жеке адамның психологиялық үрдістер, қалыптар және қасиеттерін біріктіретін психологиялық жағы. Психологиялық тұрғының маңыздысы – психикалық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез, қабілеттер). Ал бұларға психикалық үрдістердің жүруі, психикалық қалыптардың пайда болуы, психикалық жасалулар тәуелді десек те, нақты бір студентті зерттей отырып, сонымен бірге сол индивидтің ерекшеліктерін, оның психикалық қалыптары мен үрдістерін есепке алу қажет.
әлеуметтік жағы, ол студенттің қандай да бір әлеуметтік топқа, ұлтқа жатуына орай туындайтын қоғамдық қатынастарды, қасиеттерін қамтиды.
биологиялық жағы, оған – жоғары жүйке жүйесінің әрекеті, анализаторлардың құрылымы, шартсыз рефлекстер, инстинктер, физикалық күші, дене құрылысы, бойы, бет әлпеті, терісінің көзінің түсі және т.б. жатады. Бұл тұрғыда негізінен туа берілген ерекшеліктер мен тұқым қуалаушылықпен алдын- ала болжанған, бірақ та, белгілі бір шекте өмір жағдайына байланысты да өзгеріске ұшырайды.
Егер студентті жеке адам деп зерттесек, онда 18-20 жас – бұл адамгершілік және эстетикалық сезімдердің белсенді дамуының, мінездің қалыптасып және тұрақтануының, әсіресе, ересек адамның әлеуметтік рөлдерінің толық жиынын: азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б. меңгерудің кезеңі. Бұл кезеңмен «экономикалық белсенділігінің» басталуы тығыз байланысты. Демографтардың пайымдауынша экономикалық белсенділік – ол адамның өз бетінше өндірістік іске араласуы, еңбек жолының бастауы және өз жанұясын құруы. Бір жағынан мотивациялардың, барлық құндылықтардың жүйесінің қайта жасалуы, екінші жағынан кәсібиленуге байланысты арнайы қабілеттерінің қалыптасуының шапшаңдығы осы жас кезеңін мінез бен интеллект дамуының орталық шағы ретінде бөліп қарастырады. Бұл спорттық рекордтардың уақыты, шығармашылық, техникалық және ғылыми жетістіктердің бастауы [2].
Студент жеке басына арналған зерттеулер ішкі әлемінің қарама-қайшылығы, өзінің өзбеттілігін табуымен және ашық байқалатын, жоғары мәдениетті индивидуалдылығының қалыптасуын көрсетеді.
Студенттік шақ сондай-ақ бұл кезеңдегі интеллектуалдық және физикалық күш дамуының оптимумының көпшілігіне қол жеткізілуімен де ерекшеленеді. Бірақ та, осы мүмкіндіктерімен олардың жүзеге асырылуының арасында қайшылықтар кезедсіп жататыны да рас. Сыртқы көріктіліктің ажарлануымен бірге жүретін үздіксіз өсіп отыратын шығармашылық мүмкіндіктер, интеллектуалдық және физикалық күштердің дамуының өзінде күштің өсуі «мәңгілікке» жалғасады, жақсы өмірдің бәрі алда, ойлаған нәрсенің бәріне оңай қол жеткізуге болады деген иллюзияларды жасырады.
Жоғарғы оқу орнында білім алу уақыты жастық шақтың екінші кезеңімен немесе жеке бас қасиеттерінің қалыптасу күрделілігімен ажыратылатын зерделік шақтың бірінші кезеңімен сәйкес келеді. Осы зерделік шақтың бірінші кезеңі Б.Г.Ананьев, А.В.Дмитриев, И.С.Кен, В.Т.Лисовский, З.Ф.Есаревтің және т.б. еңбектерінде талданады. Осы кездегі адамгершіліктік дамудың маңызды сипаты мінез-құлықтың саналы мотивтерінің күшеюі болып табылады. Жоғарғы сыныптардағы өте жеткіліксіз болған – мақсатқа бағыттылық, шешімталдық, табандылық, өзбеттілік, инициятива, өзін басқара алу сияқты қасиеттердің күшеюі анық білінеді. Адамгершілік (мақсаттар, өмір бейнесі, міндет, махаббат, сенімділік және т.б). мәселелерге қызығушылық жоғарылайды.
Сонымен қатар жас ерешелік психологиясы мен физиологиясы аумағындағы мамандар 17-19 жастағы адамның өз мінез-құлқын саналы реттеу қабілеттері толыққанды дамымаған деп белгілейді. Мотивсіз тәуекел, өз қылықтарының салдарын алдын ала болжай алмаушылық, олардың негізінде әрқашан қажетті мотивтер болуы мүмкін. Г.Ю.Любимова көрсеткендей 19-20 жаста бұл шексіз құрбандылық пен өзіндік толық берілумен, бірақ кейде жағымсыз көріністер де болады [17].
Жастық шақ - өзіндік талдау мен өзіндік бағалау шағы. Өзіндік бағалау идеалды «Меннің» реалдымен салыстыруы арқылы жүзеге асады. Бірақ идеалды «Мен» ой айқындалмаған және де кездейсоқ болуы мүмкін, ал реалды «Мен» жеке адамның өзі арқылы жан жақты бағаланбаған. Осындай жас жеке адамның дамуындағы объективті қарама-қайшылық өзіне іштей сенімсіздікті тудыруы мүмкін және кейде сыртқа агрессивтілігімен, түсінусіздік сезімімен бірге жүреді.
Эриксон бойынша жастық шақ әлеуметтік және индивидуалды жеке бастық таңдаулар, идентификациялар және өзіндік анықталулардың сериясынан тұратын бірегейлік дағдарысының аумағында құрылады. Егер жас адам осы міндеттерді шеше алмаса онда адекватты емес бірегейлік қалыптасады. Ол негізгі 4 бағытта жүруі мүмкін:
1) психологиялық интимдіктен кету, өте тығыз тұлға аралық қатынастардан қашу;
2) уақыт сезімін шаюы, өмірлік жоспарларды құруға қабілетсіздік, есею мен өзгерістер қорқынышы;
3) өнімділік, шығармашылық қабілеттерді шаюы, өзінің ішкі ресурстарын жұмылдыру қандай да бір негізгі іс-әрекетке тұрақтала алмау;
4) «негативті бірегейліктің» қалыптасуы өзіндік анықталудан бас тарту және еліктеуге жағымсыз бейнелерді таңдау [16].
Жоғарғы оқу орнына түсу жас адамда өз қабілет, мүмкіндіктеріне сенімін нығайтады, толыққанды және қызықты өмірге үмітін жалғайды. Сонымен қатар екінші және үшінші курстарда жоғарғы оқу орнын, мамандықты, кәсіпті таңдаудың дұрыстығы туралы сұрақтың кездесуі де жиі байқалады. Үшінші курстың аяғына таман кәсіби өзіндік анықталу туралы толық шешіледі. Бірақ та, осы уақытта келешекте мамандық бойынша жұмыс жасаудан бас тарту сияқты шешімдер де қабылданады. В.Т.Лисовскиймен берілген мәліметтерге сүйенсек Ленинградтық төрт үлкен жоғарғы оқу орындарының тек 64 пайызы жоғарғы курс студенттері өздері үшін олардың болашақ кәсіптері олардың негізгі бейімділіктері мен қызығушылықтарына сәйкес келеді деп шешкен. Студенттердің көңіл-күйлеріндегі өзгерістердің жиілігі байқалады – оқу алғашқы айларындағы тамашалаудан оқу ортадағы тәртіп, оқыту жүйелері, жекелей оқытушыларды скептикалық бағалауы.
Адамның кәсіби таңдауын кездейсоқ факторлар анықтап жататыны жиі кездеседі. Бұл құбылыс әсіресе оқу орнын таңдауда келеңсіз, себебі бұндай қателіктер қоғамға және жеке адамға мәнді зиян келтіреді. Сондықтан да жоғарғы мектепке түсуші жас адамдармен кәсіби бағдар беру жұмысы өте маңызды. Жоғарғы оқу орнында оқытылатын қандай да бір кәсіпті меңгеру үшін қажетті қабілеттерді анықтау үшін профессиограммалардың күйі бұрынғы сипаттамасы талап етіледі. Адам психикасына ұсынылатын профессиограмманың талаптарына сәйкес үш деңгейді көрсетеді:
1) абсолютті қажетті;
2) салыстырмалы қажетті;
3) қалаулы.
Осы профессиограммаларды қолдану жақсы нәтижелерді береді.
В.А.Воронский тұжырымы бойынша студенттік жас кезеңі адамның негізгі социогенездік потенцияларының дамуы үшін сензитивті кезең болып табылады. Жоғарғы білім адам психикасына, оның жеке басының дамуына үлкен әсер береді. Оқу орнында білім алу кезінде жағымды жағдайлар болғанда студенттерде психиканың барлық деңгейлерінің дамуы өтеді. Олар адам саналылығының бағыттылығын анықтайды, яғни, жеке адамның кәсіби бағыттылығын сипаттайтын ойлау қоймасы қалыптасады. Оқу орнында үлгерімді оқу үшін жалпы интеллектуалдық дамудың, соның ішінде қабылдау, елестеу, ес, ойлау, зейін, эрудицияланған, танымдық қызығушылықтардың кең аясы, белгілі бір логикалық операциялардың аумағын меңгеру және тағы сол сияқтылардың жеткілікті жоғары деңгейі қажет. Осы деңгейдің кейбір төмендеуі оқу әрекетіндегі жоғарғы мотивация немесе жұмысқа қабілеттілік, табандылық, мұқияттылық және ұқыптылықтың компенсациясы болуы мүмкін. Бірақ бұндай төмендеудің де шегі болады, мұнда компенсаторлық механизмдер көмектесе алмайды да студенттің оқудан шығарылуы да мүмкін. Әр түрлі оқу орнында осы деңгейлер аз да болсын ерекшеленеді, бірақ жалпы алғанда тіпті беделді және беделді емес мамандықтар деп аталынатын астаналық және периферилік оқу орындарын салыстыратын болсақ, олар бір-бірімен өзара ұқсас болып келеді. Оқу орнында гуманитарлық білімді жеткілікті меңгеру үшін адам интеллектінің айқын көрінетін вербальды типін игеруі керек [9].
Жоғарғы оқу орнына келіп түскеннен бастап болашақ мамандарға әлеуметтік қабылданған нормаларға жағымды қатынас, адамның өз мүмкіндіктерін шынайы бағалау сияқты жеке адамға тән қасиеттер дамиды.
Студенттің табысты іс-әрекетіне қажетті жағдай ішкі дискомфортты сезінуді жоғалтатын және қоршаған ортамен қайшылықтың болуының алдын алу. Ол үшін таңсық болған оқу орнындағы оқу ерекшеліктерін меңгеру болып табылады. Алғашқы курстарда студенттік ұғым пайда болады, ақыл-ой әрекетінің ұжымдастырудың дағды-үйреністері қалыптасады, таңдалған кәсіпке сәйкестік сезіледі, тұрмыстың бос уақыттың және еңбектің оптималды тәртібі жасалынады, жеке адамның кәсіби мәнді қасиеттеріне өзіндік тәрбиелеу мен өзіндік жасалулар бойынша жұмыс жүйелі түрде орнығады [15].
И.П.Павловтың ашқан психофизиологиялық құбылыс – динамикалық стереотип негізін құрайтын көпжылдық әдеттегі жұмыс стереотипінің күрт өзгеруі кейде жүйке тозулары мен стресстік реакцияларға әкеледі. Сол себепті бұрынғы стереотиптің күрт өзгеруімен байланысты бейімделу (адаптация) кезеңінің салдарынан алғашқы уақыттарда салыстырмалы түрдегі төменгі үлгерім және қарым-қатынастағы қиыншылықтарға әкелуі мүмкін.
Бірінші курстардың оқу орнына бейімделу үрдісіне орай жүргізілген көптеген зерттеулер келесідей негізгі қиындықтарға жіктеледі екен: кешегі мектептің ұжымындағы оқушылардың оның өзара көмегі мен моральдік қалауының кетуімен байланысты жағымсыз күйзелістер; кәсіпті таңдаудағы мотивацияның белгісіздігі, оған жеткіліксіз психологиялық даярлық, мінез-құлық пен іс-әрекетті психологиялық өзіндік реттей алмаушылық, оның күнделікті бақылауға ашылуын педагогтардың талап етуі, жаңа жағдайда еңбек пен демалыстың оптималды тәртібін қарастырып іздеу жұмыс пен өзіндік қызметті реттеу, әсіресе үй жағдайынан жатақханаға ауысу кезінде, соңғысы өзіндік жұмысқа дағдының болмауы, конспекті жасай алмау, алғашқы еңбек көздерімен, сөздіктермен, анықтама сілтемелермен жұмыс жасай алмаушылық.
Барлық осы қиыншылықтар өзінің шығуына байланысты әр түрлі. Оның кейбіреулері объективті құрыла алмайтын, енді біреулері субъективті сипатта және де әлсіз даярлықпен, мектеп және жанұя тәрбиесіндегі ақаулармен байланысты.
Студенттердің жоғарғы оқу орнына бейімделуі Столяренко Л.Д. бойынша келесідей жіктеледі:
а) кәсіби бейімделу, оқу үрдісінің мазмұны, сипаты, жағдайлары мен ұымдастырылуына икемделу, оқыту және ғылыми өзбеттілік дағдыларының жасалуы;
б) әлеуметтік – психологиялық бейімделу – индивидтің топқа, онымен өзара қарым-қатынасқа икемделуі, өзіне тән мінез-құлық стилінің анықталуы.
Басқаша айтсақ, «бейімделу қабілет – ешқандай ішкі дискомфортты сезінбей және қоршаған орта мен қарама-қайшылықсыз адамның қоршаған ортаның әлеуметтік, физикалық, әр түрлі талаптарына бейімделе алу қабілеті ». Бейімделу – бұл белсенді іс-әрекеттің алғы шарты және оның тиімділігінің қажетті шарты. Бұдан индивидтің қандай да бір әлеуметтік рөлінің жақсы қызмет етуі үшін бейімделудің жағымды маңызы көрінеді [31].
Зерттеушілер бірінші курс студенттерінің оқу орнының жағдайына бейімделуінің үш түрін көрсетеді:
формальды бейімделу, студенттердің жаңа ортаға, жоғарғы мектеп құрылымына, ондағы оқыту мазмұнына және оның талаптарына қатысты;
қоғамдық бейімделу, яғни, бірінші курс студенттерінің топтық ішкі бірігуі және жалпы алғанда топтардың басқа студенттермен қосылу үрдісі;
дидактикалық бейімделу, жоғарғы мектепте студенттердің оқыту жұмыстарының түрлері мен әдістеріне байланысты бейімделу.
Студенттердің үлгерімді оқуы көптеген факторларға тәуелді. Олардың ішінде ең бір маңыздысы болып табылатын – ақыл-ой әрекетінің көрсеткіші ретіндегі интеллектуалдық дамуы мен таным процесстерін реттеуші қызмет атқаратын – зейін.
Зерттеулерге сүйене отырып мысал келтірсек, техникалық оқу орнының бірінші курстарынан: «Бірінші курста сіздер әдеттегіден бөлек, жаңа қандай нәрселермен кездестіңдер?» деп сұрай келе мынадай қорытынды жасалған: өте үлкен өзіндік жұмыс көлеммен, жанұядан бөлек өз бетінше өмір сүру ерекшеліктері мен жаңа студенттік ұжымның нормаларымен кездесендігін көрсетті. Барлық осы факторлар студенттің жаңа оқу орны өмірінің жағдайларына бейімделу үрдісіне өте күшті ықпал етеді [16].
Зерттеулер көрсеткендей, бірінші курстар орта мектепте жеткіліксіз даярлық алуына байланысты әрқашан білімдерді меңгере алмағандығы емес, оның себебі, оларда мынадай жеке адамнық қасиеттер қалыптаспаған: оқуға даярлық, өзбетінше оқу бақылау және өзін бағалау, танымдық әрекеттегі өзіндік жеке дара ерекшеліктерін игеру, өз бетімен даярлану үшін өзінің жұмыс уақытын дұрыс бөле алуы. Кейбір мектептегі күнбе – күнгі қадағалау мен қамқорлыққа үйрену бірінші курс студенттер қарапайым шешімдерді де қабылдай алмай жатады. Оларда өзіндік жасалу мен өзіндік тәрбиеге ұмтылыс жеткіліксіз дамыған.
Көпшілік бірінші курс студенттері алғашқы кездері өзіндік оқу жұмысындағы дағдылардың болмауынан үлкен қиындықтарды басынан кешідеді, олар дәрісті конспектілей алмайды, оқулықтармен жұмысты, алғашқы бастаулардан білімді тауып және іздестіре алмайды, үлкен көлемді ақпаратты қорытындылай алмайды, өз ойын нақты және анық айтып бере алмайды.
Бірінші курс студенттерімен негізгі жұмыс міндеттерінің бірі – ол өз беттік жұмыстың рационализациялау мен оптимизациялаумен оларды таныстыру болып табылады.
Студенттердің өздік жұмысын семинар, практикалық және зертханалық сабақтары арқылы бақылайтын кейбір студенттер тарапынан сәйкес талаптарды орындаудан қашып және оған енжарлық танытулары да байқатады.
Мамандарды даярлаудың сапасын көтеру үшін үлкен резервтері студенттер білімін бақылауды жүзеге асыруды ашады. Емтихандық сессияларда үлгерімдікті бақылау жүйесі студенттердің тек сол кезде ғана дайындалып, кейіннен ұмытуға себепші болатын жағдай ғана. Студенттердің кітаппен жұмыс жасауы, бүкіл семестр бойына жүйелі түрде дайындалмауы кездейсоқ емес [9].
Уақыт бюджетін социологиялық зерттеуі студенттің жұмыс күні жеткілікті тығыз және аудиториялық сабақтармен қосылғанда 8-9 сағатқа көбейеді. Бірақ та бұдан оқуға деген түрлі қатынаспен анықталынатын жұмыс уақытында өте үлкен шашыраңқылығы және әртектілі білінеді. Негізінен студенттер күнделікті профильдік сабақтарға 2 және 3 тен артық сағатын жұмсайды және 22,8% бұған 1 сағаттан аз уақыт бөледі. Жоғарғы оқу орнындағы оқыту жүйесі маңызды деңгейде саналылықтың дәрежесіне есептелген, студенттер қызығушылығына орай құрылған, әйтпегенде онда күнделікті мектептегі сияқты тексеру жүйесі, оқытушы алдындағы «қорқыныш», күнделікті «сабақ» дайындау қажетті түрде болмайды. Кейбір студенттер күрделі, қиын сайысқа қатысамыз деп, соңында оқуға жауапкершілікпен қарауға дайындықсыз болып қалады. «Қолға қалам алып» сабақ туралы мүлдем ұмытады. Студенттердің тек 9,6 пайызы әдетте семестр бойы дайындалып, емтихан кезінде өткенді қайталай салады, ал 47,6 пайызы -кітап және конспект бойынша бүкіл курс материалдарын қайталап шығады және 42,8 пайыз тек конспект бойынша даярланады [ 32].
Студенттің оқу орнына оптималды бейімділігін қамтамасыз ететін тактика мен жоспарларды жасау үшін бірінші курс дәрістенушісінің өмірлік жоспарлары мен қызығушылықтарын, басым мотивтерінің жүйесін, тартымдылық деңгейін, өзін бағалауын, мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін және т.б. білу маңызды. Осы мәселені сәтті шешу жоғарғы оқу орнының психологиялық қызметінің дамуымен байланысты.
Көпшілік бірінші курс студенттері кеше ғана мектептегі мұғалімдерінің назары мен қамқорлығын сезінген олар оқу орны жағдайында алғашында дискомфортты сезінеді. Оларды жоғарғы оқу орнындағы жаңа іс-әрекеттері – ол жауапкершілікті тәуелді қатынастардың сапалы өзгеше жүйесі. Онда ең бірінші орынға өз мінез-құлқын өз бетімен реттеу қажеттілігін, өз ісі мен тұрмысының ұйымында бостандық дәрежесінің болуы қойылады [30].
Әр студенттің бейімделу үрдісі әр түрлі жүреді. Еңбек стажы бар жас адамдар студенттік өмірмен тұрмысқа жеңіл және тез бейімделеді, ал кешегі оқушылар – академиялық жұмысқа жақсы бейім. Студенттік топтың міндеті – жалпы оптималды іс-әрекет үшін жағдай жасау.
Әдетте, барлық оқу орындарында бірінші курстықтарды оқу орны жағдайына бейімдеуге көмектесетін арнайы іс-шаралар жүйесі жоспарланады. Маңыздырақ іс-шаралар қатарына «Студенттерге арнау» , «Мамандыққа кіріспе курсының оқытылуы, алдыңғы қатарлы мұғалімдер мен бірінші курс студенттерінің сөз сөйлеуі, бақылау, бағалау шаралары жатады» [22].
Студенттердің әр курстағы дамуы бірнеше сипатқа ие.
Бірінші курс ұжымдық өмірдің студенттік түрлеріне кешегі абитуриентті үйрету міндетін шешеді. Студенттердің мінез-құлқы конформизмнің жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. Бірінші курстағы студенттер де өз рөлдеріне дифференциацияланған қадам жоқ.
Екінші курс – студенттің оқу әрекетіндегі ең қысым түсетін оқыту мен тәрбиелеудің барлық түрлері жедел араласады. Студенттер жалпы дайындықты алады, олардың мәдени сұраныстары мен қажеттіліктері қалыптасады. Берілген ортаға бейімделу үрдісі негізінен аяқталған деп саналады.
Үшінші курс – мамандандырудың басталуы, ғылыми жұмысқа қызығушылықтың күшеюі студенттің кәсіби қызығушылығының тереңдеуі мен ары қарай дамуының бейнеленуі ретінде көрінеді. Мамандануға табанды қажеттілік жеке адамның жан жақты қызығушылықтары аумағының таралуына жиі әкеліп соғады. Әдетте, жоғарғы оқу орнындағы жеке адамның қалыптасуының түрлері мамандану факторымен анықталады.
Төртінші курс – оқу іс-тәжірибесі кезінде мамандықпен бірінші нақты танысу. Студенттер мінез-құлқын арнайы дайындықтың рационалды түрлері мен жолдарын интенсивті іздестіру. Студенттер мәдениет пен көпшілік өмір құндылықтарын асыра бағалайды; оқу орнын жақында тәмәмдау перспективасы – болашақ іс-әрекет түрін нақты тәжірибелік қағидалары қалыптасады. Жұмыс орны, материалдық және жанұялық жағдаймен байланысты одан әрі өзекті бола бастаған жаңа құндылықтар пайда болады. Студенттер біртіндеп оқу орнының ұжымдық өмірінен алшақтай бастайды.
Үшінші және төртінші, кей жағдайда екінші курстарда өмірлік серігін іздеу маңызды рөл атқарады. Бұл да студенттердің қоғамдық іс-әрекеті мен үлгеріміне әсер етеді. Қарама-қарсы жыныс өкіліне қызығушылық студенттер мінез-құлықтары мен ақыл-ойында мәнді орынды иеленеді. Интимдік қарым-қатынастар өзін жақсы көрсетуге, жұмысты көңіл-күй, шығармашылық белсенділік тудыратыны жиі кездеседі. Десек те О.Кернбергтің ойына жүгінсек эмоционалды өзара қарым-қатынастарда агрессия мен махаббат өзара әрекеттесе рөл ойнайды.
Студенттің жеке басының психологиялық дамуы – қарама-қайшылықтардың пайда болуы мен шешілуі, сыртқының ішкіге ауысуы, өзіндік серпіліс, өзімен белсенді жұмыс жасаудың диалектикалық үрдісі.
Б.Г.Ананьев жеке адамның дамуын масштаб және деңгейі бойынша өсетін интеграция – кіші құрылымдардың жасалуы мен олардың күрделене түсетін синтезі ретінде қарастырды. Басқа қырынан қарасақ, психикалық функциялардың дифференциациясының өсімшіл үрдісі де тең бағытта жүріп жатады [53].
Лисовский студенттің негізгі 11– ге бөлінетін типологиясын жасайды. Олар:
1. Гармонияға талпынатын.
2. Кәсіпкер (Профессионал)
3. Академик
4. Қоғам адамы.
5. Өнер сүйгіш.
6.«Тырысушы»
7. «Ренішті»
8. «Көңілі қалған»
9. «Жалқау»
10. «Шығармашылық»
11. «Бөгеледі»
Бұл типологияда жалпы студенттердің кәсіпті таңдау ерекшеліктері, оқу үлгеріміндегі, мамандығына қатынасының айырмашылықтарына, негізгі қызығушылықтарына, қарым-қатынасы, бос уақытын өткізу ерекшеліктеріне баса назар қойылған [54].
Оқытудың сәттілігі оқытылу сияқты адамның психикалық қасиетімен анықталады. Бұл түсініктің негізін адамның жеке бас ерекшеліктері (бейімділік, жеке адамның тұрақтылығы мотивациялар тығыздығы және басқалар) және оның барлық интеллектуалдық потенциалы құрайды.
Студенттердің үлгерімі тек арнайы қабілеттер мен жалпы интеллект дамуына ғана емес, сонымен бірге, қызығушылықтар мен мотивтер, мінез қырлары, темперамент, жеке адам бағыттылығы, оның өзіндік санасына да тәуелді. Жеке адамның бағыттылығына, оның материалдық және рухани қажеттіліктері кіруі мүмкін. Осы қажеттіліктер өзінің қанағаттануын күтеді және сондықтан да құмарлық, еліктеу, тілек ету, талпыныс, эмоционалдық күйлерді тудыратыны хақ, ал осылардың себебінен студент белсенділік танытуға мәжбүр болады.
Жеке адамның потенциалды мүмкіндіктерін жұмылдырудың маңызды шарты оның қандай да бір іс - әрекет түріне бағыттылығы мен белсенділігі болып табылады. Адам үшін ең мәнді нәрсе сайып келгенде оның іс-әрекетінің мотивтері мен мақсаттары ретінде орын алады.
Студенттің жеке басындағы негізгі қажеттіліктерінің бірі қарым-қатынас қажеттілігі. Қарым-қатынаста студенттер өзгелерді ғана емес өзін де танып-біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірибесін меңгереді.
Студент дамуы мен іс-әрекетінде әлемдік көзқарасы – қоршаған ақиқат дүниеге көзқарасы, наным-сенімдер жүйесі де қомақты рөлге ие. Студенттің мінез-құлқы мен әрекетіндегі айқын ерекшеліктер темпераментіне де тәуелді. Сондай-ақ, студенттердің іс-әрекеттерінде олардың мінезі де көрініс береді. Мінез – адамның салыстырмалы тұрақты психикалық құрылымы, оның жүріс – тұрысына әсер ететін қырлар жиыны.
Сонымен студенттік жас кезеңдерінде төмендегідей жаңа жасалулар, мүмкіндіктер анық байқалады:
ақыл-ой, адамгершілік қатынастағы зерделілік (ересектік);
наным-сенім, дүниеге көзқарасы;
өзбеттілік - турашылдық;
сыншылдық және өзіне сыншылдық және өзіне сыншылдық;
ішкі сенімсіздікті тудыратын өзіндік бағасының қайшылығы;
максимализм, үлкендердің ойына жағымсыз қатынас;
екі жүзділік, қалжың, дөрекілік, айқаймен әсер етуге талпыныс;
интеллектуалдық танымдық дамудың жоғарғы шегі.
Студенттік кезең кәсіби ойлау мен кәсіби компотенттілігінің қалыптасуындағы ең қолайлы кезең.
Біздің ойымызша, студент жеке адам ретінде өз қызығушылықтары мен мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Ол үлгерімді студент болуымен қатар келешек өмірінің жоспарларын құрайды. Студент оқу уақытынан бөлек махаббат, эстетикалық таным, басқалармен қарым-қатынасқа түсу, бос уақытын өзткізуге де уақыт бөлуі керек. Кейбір адамдар өмірде жар таңдау мәселесінде айтарлықтай қиыншылық, қиналыстарға, түсініспеушілікке, қызғаныш пен жек көру сезімдерін бастарынан кешіріп жатады.
Бейімделу фонеменін үрдіс және оның нәтижесі ұғымын білдіретін өзіндік статикалық-динамикалық құбылыс ретінде түсіндіруге болады. Бейімделу үрдісі субъектіде түрлендіру әрекеті жүзеге асқан кезде орын табады. Ыңғайландыру динамикасының құбылмалылығы, қозу мен белсенділік кезеңдерінің пайда болуы, десонхринизация және стабилизация, сонымен қатар, қызметтің жаңа деңгейіне көшу немесе бейімделудің жүзеге аспай қалуы физиологиялық адаптацияның жалпы заңдылығы болып табылады [11].
Осыған орай, тұлға деңгейінің де көптеген заңдылықтары бар. Алайда, тұлға заңдылықтары бойынша зерттеушілердің ортақ пікірлері жоқ, әсіресе бейімделу үрдісінің мерзім анықтау бойынша пікірлері.
Бейімделудің бастапқы кезеңі адамның жаңа ұжыммен, жаңа ортаның жағдайларымен танысқан кезде байқалуы дәстүрлі болып табылады. Көптеген зертеушілер тұлғаның бейімделу кезеңдерін тұлға мен ортаның арасындағы белгілі-бір ортақ келісімге келген мерзімімен анықтайды. Кейбір бейімделу кезеңдерінің ұзақтығы көптеген себептерге байланысты, дәлірек айтсақ, бейімделу мерзімінің шарттастырылуы іс-әрекетке байланысты, бейімделушіліктің кезеңдеріне байланысты, ұжым қызметінің аясына және зерттелетін контингенттің ерекшелігіне байланысты болады. Сонымен қатар, кейбір авторлардың анықтауы бойынша кәсіптік және әлеуметтік-психологиялық бейімделудің дамуы уақыты арасында салыстырмалы тәуелсіздік байқалады.
Студенттердің жоғарғы оқу орны жағдайына бейімделу үрдісінің кезеңдері түрлі критерий бойынша анықталады. М.Шайхова бірінші курста оқитын студенттердің функционладық қалпының өзгеруі бойынша мынандай кезеңдерді атап көрсеткен:
- бейімделудің бірінші кезеңі оқу жылының басында – студенттер жаңа оқу жылын жағымсыз функционалдық қалыпта бастайды, мұның себебі алды болып өткен бітіру кешінен және жоо-ға түсу емтихандарынан шаршау, сонымен қатар жоо-да үйреншіксіз жағдайлардың нәтижесінде туындайтын эмоциялық қауырттылықтан пайда болады.
- екінші кезең – емтихандық стресс – функционалдық қалыптың нашарлауына жетелейтін эмоциялық қауырттылық;
- үшінші кезең – алда болатын емтихандар динамикасында эмоциялық қауырттылық деңгейі азаяды, бірақ емтиханға фактор ретінде толығымен бейімделу әлі де болса жүзеге аспайды[40].
Х.Хартманн жас адамдардың оқу жағдайына бейімделу үрдісін төрт кезеңге бөліп топтастырған.
І-кезең – үшінші семестрдің бірінші айына дейін созылады;
ІІ-кезең – екінші оқу жылы;
ІІІ-кезең – үшінші және төртінші оқу жылы;
ІV-кезең – соңғы бітіру жылы.
Жоғарыда аталған топтастырудың негізгі критерийі – студент
тұлғанысының типологиясы, мотивтері, мақсат-міндеттері, шындық жағдайға және жоғарғы оқу орнына және т.б. деген тепе-тең көзқарасы болып табылады. Басқа да көптеген зерттеушілер студенттердің бейімделу үрдісін кәсіптік және әлеуметтік-психологиялық деп екіге бөлген кезде оңтайлы мерзімдерді белгілеген: кәсіптік бейімделу тоғыз-он ай бойы жүзеге асады, ал әлеуметтік-психологиялық төрт-бес ай бойы жүзеге асады[36].
Ғылыми әдебиеттерді талдау мынандай нәтижелерді анықтауға мүмкіндік берді: тұлғаның бейімделу мерзіміне қатысты зерттеушілер арасында ортақ пікір жоқ, себебі топтастырудың негізінде өзіндік критерийге сүйену қажет. Көптеген зерттеушілердің ашық айтуы бойынша, бейімделу үрдісі алғашқы үш курста әлдеқайда қарқындылығымен ерекшеленеді. Ал кейбір авторлардың айтуынша, бірінші курста оқитын студенттерге қарағанда үшінші курста оқитын студенттердің белгілі тұлғалық өзгерістері анықталған.
Біздің ғылыми зерттеу жұмысымызда бірінші курста оқитын студенттер зерттелген. Зерттеу жұмыстары студенттер қысқы сессияны тапсырғаннан кейін өткізілді (әлеуметтік-психологиялық тренинг қысқы сессия басталмас бұрын өткізілді – жоо-да оқу жылының екінші айы).
Көптеген авторлардың пікірі бойынша, бейімдеушілік үрдісін дамуы бойынша мүмкін болатын қайта бейімделу мен дезбейімдеушілік сияқты екі бағытқа бөлінеді.
Фрустрация қоғамның сұраныстарына сай жеке адамның қажеттіліктері мен шектеулерінің арасында болатын кикілжіңдердің бұлжытпай салдары ретінде болып табылады. Аталған жағдайда маңызды да мәнді болатын шектеулер әскери қызметтің негізгі ерекшеліктерінен туындайтыны туралы сөз қозғаған болатынбыз.
Салдарында фрустрацияның тұлғаға жеке өзіне және оның атқарған қызметі мен іс-әрекетіне ықпал жасау бойынша әртүрлі күйде болады. Олар бұзылмалы және сындарды түрде болады.
Фрустрацияның сындарлы түрі – бұл фрустрация туғызған эмоционалдық қауырттылық жеке адамның сұраныстары мен әлеуметтік шектеулерді жүзеге асырудың арасында туындайтын кикілжіңді жағдайлардан шығу жолдарын іздестіру сияқты психикалық әрекеттерін белсендіреді. Аталған іс-әрекетерді жүзеге асыру белгілі бір сұраныстардың қанағаттануы сияқты мақсаттарға жету тәсілдердің алмастырылуына әкеп соғады. Мысал ретінде, туған адаммен қарым-қатынас жасау қажеттілігі көп жағдайда хат жазысу, телефонмен хабарласу т.с.сияқты табысты әрекеттермен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, оқу жағдайларына сай әлдеқайда бара-бар амқсаттарға алмастыру болуы мүмкін. Осыған қоса, жаңа кешендік қажеттіліктердің қалыптасуына және жалпы фрустрациялық жағдайларды қайта бағалау болуы мүмкін. Дәлірек түсіндіретін болсақ, тұлғаның қайта бейімделуінен нақты қалыптық жағдайларға бейімделушілік үрдісіне өту кезеңі туралы сөз қозғалып отыр. Қоғамдық өмірде аталған құбылыстар көзделген мақсатқа жету сияқты жүзеге асыруда қажеттілікті шарттастыратын оқу ерекшеліктерінің шектеулері аясында өзіндік сұрасныстарын қанағаттандыру мүмкіндіктерін іздестіру ретінде болады [21].
Жағдайда қайта бағалау қарама- қайшы болатын, жағымсыз түрде өркениеттің сыртқы ортаның элементтерін жаңаша түрде көруге мүмкіндік береді. Міне, осыған орай, фрустрацияның сындарлы жағы табысты қайта бейімделу ерекше сипатта болады.
Алайда, И.П.Александрович, А.Г.Малютин және Ж.Г.Сенокосов сияқты ғалымдар өз еңбектерінде фрустрациялық төзімділік немесе қауырттылық деңгейінің шекті көлемі ұғымы туралы жазған, яғни оның деңгейі көтерілетін болса, онда жеке адамның психикасы мен іс-әрекетіне деструктивті түрде ықпал жасайды. Әрбір жеке тұлғаға тән мінезі мен қасиеттерінің үйлесімділігі тек оның өзіне ғана тән (жоғарғы жүйке жүйесінен бастап, оның әлеуметтік сипатына дейін), әр адамның төзімділігі фрустрацияға тек жеке-дара түрде болады.
Жеке адам өзгерген өмір сүру жағдайларында уайымдайтын стеникалық эмоциялардан туындайтын қауырттылықтың артуы, оның жеке-дара төзімділік шегі психикалық реакциялардың қайта құрылған жүйелері тұлғаға кикілжіңді жағдайлардан шығудың сындарлы жолдарын табуға көмектесуі және оның табысты түрде қайта бейімделуімен қамтамасыз етуге дейін жоғарылауы мүмкін. Осыған орай, аталған қауырттылық алаңдау, мазасыздану эмоциялардың басымдылығы жағдайында одан ары артуын, сонымен қатар жеке адамның психикалық мүмкіндіктері бәсеңдейді, психикалық әрекеті дезұйымдастырушылығын жалғастырады.
Жеке адамның санасында бейімделудің сындарлы жолдарын қамтамасыз ететін қасиеттерінің қажетті деңгейде болмауы, көптеген сұраныстары мен қажеттіліктердің қанағаттанбауына, айналадағы ортаның тұлғаның беделіне, сәттіліген, оның жеке-дара қызығушылықтарына деген қауіп-қатерліктің төнуіне әкеп соғады. Осыған орай, тұлғаның жүйке психикалық әрекеті қалыпсыз сипатқа айналады, яғни жүйке-психикалық реакциялардың ескі, дағдыланған кешендері сыртқы ортамен тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ете алмайды, ал жеке адамда нақты жағдайда қажетті жаңа жүйке-психикалық әрекеттерінің маңызды да мәнді түрде ұйымдастырылуы мүмкін емес.
Яғни, қауырттылықтың өсуі, әдетте, рационалдық үрдістерге кедергі болатын эмоциялық қозумен қатарлас жүреді. Адам қобалжиды, уайымдайды, сасқалақтайды, бәсеңдейді, өзінің іс-әрекеті мен болған жағдайды бақылауға әлсірейді [20].
Бірінші түрі – агрессиялық – қарапайым мағынада қиындықтарға қарсы шығу немесе шабуыл жасау ұғымын білдіреді (оның бейімділік қызметі туралы айту нақтырақ болады). Алайда, әскери оқу жағдайында құқықтық заңдар мен ережелерді анықтайтын қатаң ережелік талаптарға қарсы тұру, оларға тұрақты бейімделуіне мүлдем көмектеспейді де, бірде-бір мүмкіндік туғызбайды, соған қоса әскери қызметшінің жағдайы да қатаң түрде қиынға ұшыратады.
Аталған әрекеттердің қауіптілігін сезінгенде, агрессия бірге оқитын курсанттарға, басқа бір жат адамға, яғни агрессияға ешбір қатысы жоқ адамдарға, әрине агрессияға қатысы жоқ түрлі кездейсоқ объектіге бағытталады. Сонымен қатар, фрустрацияның дәйекті көзі мүлдем түсіндірілмейді. Бұл жағдайда да агрессия нақты объекті мен қауіптілекке емес, кездейсоқ объектілер мен жат адамдарға бағытталады. Бұл бірге оқитын курсанттардың арасында бір-біріне деген жағымсыз қарым-қатынасы, маңызы жоқ себептерге қатаң ашулану, айналада болып жатқан жағдайларға, нақты тұлғаға қойылатын талаптар мен міндеттерге көңілдің толмауы, әсіресе басқарушылар мен командирдің бұйрықтарына қарсы тұру мен орындамау сияқты әрекеттерде көрінеді.
Екінші түрі – жағдайлардан қашу – адамның өзіндік уайымдауларына «жүгінуі», яғни жоғарғы психикалық энергияның өзін-өзі кіналауы, өзін-өзі жек көруі сияқты т.б. жағымсыз қалыптардың жүзеге асуына жетелейді. Алаңдау, мазасыздану сияқты депрессиялық белгілер дамиды. Адам қырсық, бақытсыз жағдайларға ұшырауына өзін ғана кіналайды, нәтижесінде сыртқы ортаға және болған жағдайда ешбір ықпал тигізе алмайтын жарамсыз, жағымсыз тұлға ретінде сезінуіне әкеп соғады. Студенттердің бұл түріне тұйықтық, қысылу, өзінің терең ойларына жүгіну тән. Осыған орай, барлық өзекті мәселелер мен пролемаларды шешудің, кикілжіңді жағдайлардан шығудың негізгі жолы - өмірден кету (өлім) көп жағдайда кездеседі, яғни оқу орнын немесе казарманы өз еркімен тастап кету және басқа да көптеген мәселелерді шешудің жолы ретінде болып табылады[17].
Жалпы бейімделудің дамуы, суицидтік эксцесстерден басқа, психикалық әрекеттің қалыпсыз жолы бойынша дамуы тұлғаның терең психикалық өзгеруіне қатаң қауіп-қатерлік төндіреді. Студенттің психикалық денсаулығына жағымсыз ықпал тигізіп, зиян келтіріп денсаулыққа қатысты көптеген проблемалар пайда болады. Осыған орай, аталған өзгерістер күрделі жүйке-психикалық бұзылыстар мен психикалық денсаулықта жағымсыз өзгерістерге әкеп соғады.
Осыған орай, бейімделушілік үрдісі жағымды бағытта дамыған кезде, онда ол психикалық қауырттылықтың қорытынды кезеңіне жетелейді. Яғни, тұлғаның болған жағдайды жаңа үлгіде сезінуіне дайындалуы және туғызатын реакциясы мен әрекеті, белгілі бір деңгейде ескі қызметтік уақытқа оралуына психиканың өзіндік дайындығы аталған кезеңнің маңызды да мәнді сипатты мазмұны болып табылады [43].
Студенттердің өмірінде дайындық кезеңі ретінде, яғни туған-туысқандарға, дағдыланған жағдайлар мен әрекеттерге оралуда алдын-ала масаттануды білдіреді. Аталған кезеңде қауырттылық, күту, уайымдау мен мазасыздану сияқты белгілер қайта пайда болады.
Студенттермен алда болатын және көп күткен дағдыланған өмірге қайта оралуын уайымдауын ерекше түрде бастан кешіреді. Аталған уайымдау сезімдеріне байланысты әскери альбомды дайындау, киім үлгісі мен жеке заттарын дайындау сияқты және т.б. әрекеттер мен дағдыларға ерекше үлкен қызығушылық пайда болады. Сонымен қатар, тұлға барлық бос уақытын тек аталған іс-әрекеттер арнайды. Мұны пайда болған қауырттылық психиканы белсендіруімен жоғалтқан психикалық энергияны толықтырады деп түсіндіруге болады.
Шығудың өткір психикалық реакциялардың кезеңі өзінің қызметтік маңызы бойынша белгілі мөлшерде кіру реакциясы кезеңіне ұқсас, себебі өмірлік жағдайдың, сыртқы орта әрекеттердің түрлі өзгерістері кешендік психикалық реакциялар мен барлық психикалық әрекеттердің қайта құрылуына жетелейді. Жалпы шығу дегеніміз – бұл әскери қызметші өзінің білім алу кезеңінде ұзақ уақыт болған белгілі бір жағдайдан шығу деген ұғымды білдіреді. Алайда, әскери қызметшінің алда болатын өмірлік жағдайлары, яғни ол өзінің үйреншікті, дағыланған өміріне қайта оралуы, оның жоғарғы оқу орнына түспес бұрын болған жағдайларға қарағанда өзгеше болуы мүмкін. Көбінесе, бұл құбылыс тұлғаның құрылымында білім алу уақыты аралығында болған өзгерістермен тікелей байланысты. Негізінен бұл кезең көптеген әлеуметтік шектеулерді жеңу, яғни өзіндік қажеттіліктер мен сұраныстарды қанағаттандыруда толық тәуелсіздік пен шексіз мүмкіндіктердің болуын сезіну, эйфорияның туындауы сияқты көптеген әрекеттік реакциялармен сипатталады. Сонымен қатар, тек әскери ортада ғана емес, тұтас әлеуметтік қоғамда да көптеген ережелрге қарыс болған кезде, аталған сезімдер жалған болып, жағымсыз нәтижелерге жетелейді. Оқу орнынан шығарып жіберілген курсанттар үйге қайтқан кезеңде қоғамдық ережелерді бұзған фактілерін мысал ретінде келтіруге болады [24].
Бейімделудің соңғы үш кезеңінің мазмұны мен сипаты аталған үрдіс пен оның заңдылықтарын ұғыну үшін маңызды да мәнді түрде қажет. Яғни, студенттердің іс-әрекеттері аталған кезеңде белгілі ережелерге бағынады (тек әлеуметтік және қызметтік талаптар аясында).
Адамның психикалық жағдайы түрлі факторлардың ықпалдарымен туындайды. Ең алдымен, бұл белгілі әрекеттің сыртқы жағдайлары: қауіп-қатерліктің болуы, жағдайдың өзгергіштігі мен қиынға соғуы, климат, аймақ, және тағы басқа да факторлар; қызмет мазмұнымен байланысты, жоғарғы құлықтық және даралық жауапкершілікті бастан кешіру мен уайымдау (сенім-нанымдар, адамгершілік ойлар, қалыптасқан этикалық нормалар); батыл әрекеттерді жүзеге асыруда ішкі тиек болатын түрткі уәждер (өзінің қалуы бойынша немес бұйрық бойынша әрекет жасау); кенеттілік, шапшаңдылық пен жылдам әрекеттер; достары мен үлкендердің мысал ретінде болуы; қиыншылықтарды бастан кешіру немесе жоғалту мен айырылу сияқты факторларды атауға болады.
Авторлар анықтаған тізімі әлі де болса толық емес көптеген жағдайлар мен шарттар адам өзінің сыртқы ортаға деген қатынасын үнемі бастан кешіріп уайымдауды талап етеді. Мысалға, қарауылда, сыныптық немесе далалық сабақтарда болған курсант қызмет жағдайының міндеттерін орындауға мәжбүр болады. Оның қатынасы үнемі пайда болатын психикалық қалыптан өткен кезде жүзеге асады [33].
Осыған орай, жас кадрларды дайындауда өзіндік психикалық қалыптарын басқару іскерлігін болжамдайды, сонымен қатар бұл жұмыстар жоғарғы оқу орынан түспес бұрын жүргізілуі мүмкін.
А.В.Барабанщиковтың көзқарасы бойынша, студент темпераментінің ерекшеліктерін ескеру өте маңызды болып табылады.
Сонымен қатар, бейімделу үрдісінің темпераментке тікелей тәуелді екені анықталған, дәлірек айтсақ, темпераменті флегматик пен маланхоликтер студенттерге қарағанда, темперменті сангвиник пен холерик студенттер жоғарғы оқу орнының бекітілген ережелеріне әлдеқайда тез бейімделеді.
Яғни, темперамент өзін-өзі бағалау, өзін-өзі қабылдау, өзін-өзі жақсы көру, ұжымдық құмарлық сияқты анық тұлғалық сипаттарға маңызды да мәнді ықпал тигізеді. Нәтижесінде, адамның мінезі неғұрлым қатты болса, соғұрлым ұжымға деген нақты қарым-қатынастар пайда болып, қалыптасады. Сонымен, әлдеқайда қағидалы және ерікті тұлғалар қоғамдық жұмысқа, ұжымға, мамандыққа қатысты нақты жағымсыз немесе айқын жағымды қарым-қатынастарды тез қалыптастырады.
А.Г.Маклаков, темпераментке келесідей анықтама береді: «Темперамент дегеніміз – бір жағынан эмоционалды қозуға, яғни сезімнің туу шапшаңдығына, екінші жағынан олардың күшіне байланысты болатын белгілі бір адамға тән психикалық ерекшеліктердің жиынтығы». Сырттай темперамент адамның күш-қуаты, іс-әрекетінің ырғақтылығы мен шапшаңдылығы, оның сөйлеген сөзі, жүріс-тұрысы, мимикасы, икемділігі және тағы басқа да қасиеттерден байқалады. «Темпераментті психиканың динамикалық ерекшеліктеріне байланысты ескеру қажет, яғни студенттер тек оқу сабақтарын ғана қабылдамайды, сонымен қатар түрлі тапсырмаларды шапшаң орындау маңыздылығын ескереді»[18].
Студенттердің бейімделуіне маңызды да мәнді ықпал тигізетін психологиялық қасиеттерді зерттеудің қажеттілігі В.И.Петровский мен басқа да авторлардың ғылыми еңбектерінде нақтыланған. Белгілі бір нақты ортада адамның бейімделуін басым деңгейде анықтайтын тұлғалық сипаттар бейімділік сипаттар ретінде көрініс табады. Осыған орай, бейімділік сипаттар бейімділік үрдісі барысында қалыптасады, нәтижесінде оның қорытындысы ретінде орын атқарады. Яғни, қалыптасқан бейімділік сипаттар белгіленген жағдайларда ыңғайландыру үрдісін анықтайтын бейімделудің ішкі факторлары ретінде қарастырылады [22].
Осыған орай, тәртіп пен жарғылық ережелерге бейімделу үрдісіне нақтырақ тоқталатын болсақ, онда әскери қызметке қабілеті бар және мамандыққа, сонымен қатар басқа да әскери қызметшілерге қызығушылығы бар тұлғаларда әлдеқайда тез жүзеге асатынын аңғарамыз[20].
Сонымен, студенттердің жалпы білім деңгейі мен техникалық қабілеттері мамандықты тез меңгеруге көмектеседі және бейімделу үрдісі тек курсант ұйымшыл ұжымға, оқу үрдісіне және ортаның жағдайларына қанағаттанғанда ғана жедел түрде жүзеге асады. Егер де мамандық пен белгілі парыздар мен борыштар курсантқа ешбір жағымды әсер етпесе, үнемі жағымсыз күйде болса, онда бейімделу үрдісі ұзаққа созылады.
Г.Матулене «Студенттердің тәрбиесі және коллектив арасындағы бейімделушілік атты ғылыми еңбегінде көптеген жеке-дара қабілеттер туралы жазады, яғни адамның белгілі мүшелері қасиеттерінің дұрыс дамуы, оның атқарған қызметіне тәуелсіз болады. «Егер атқарған қызметке байланысты белгілі мүшелердің қасиеттерін дамыту талап етілсе, онда бұл арнайы қабілеттер дегенді білдіреді. Мысалы, снайперге - өткір көру қажет, ал минерге – дұрыс, әрі нақты сезу қажет. Алайда, олардың табысты қызмет атқаруы үшін снайпер мен минерге жағымды психикалық ерекшеліктер маңызды да мәнді түрде бірдей қажет, дәлірек айтсақ ақыл-ой реакциясының шапшаңдылығы, тапқырлық, зеректік және тағы басқа да қабілеттер» [19].
Белгілі бір нақты жеке адамға тән жалпы, арнайы және дара қабілеттердің жиынтығын оның белгілі қызметке жарамдылығын, артықшылығын көрсететін дарындылығы құрайды.
Жеке адамда жалпы, арнайы және дара қабілеттердің бірдей жағымды үйлесімділігі болуы да мүмкін. Әдетте, дарындылық әртүрлі болады. Егер де адам белгілі бір салада шын мәнінде дарынды болса, онда ол басқа да көптеген жағдайлар мен әрекеттерге ықпалын тигізе алады. Сондықтан, тәжірибелі оқытушылар түрлі байқалған қабілетті міндетті түрде бағалауы оңды іс болады.
Сонымен қатар, қабілеттер дамуының негізгі жолдары икемділігі мен қызығушылығына сай белсенді әрекетке жұмылу болып табылады. Яғни, офицер табысты басқару қызметін атқару үшін әскери қызметшілердің тұлғалық қабілеттері мен қасиеттерін анықтап дұрыс бағалау қажет, осының негізінде жеке адамның жан-жақты дамуына және жаңаның қалыптасуына жағымды жағдайларды орнату керек.
Студенттердің қасиеттерін анықтау және ең алдымен оның қабілеттерін анықтау әрекеттері кәсіптік-психологиялық іріктеу шараларын жүргізуге бағытталған. Оның мәні – болашақ мамандыққа сәйкес және оңтайлы кәсіптік жарамдылығын анықтайтын жағымды дара-психологиялық қасиеттері мен қабілеттер бар үміткерді таңдау болып табылады.
Жоғарғы оқу орнына түскен көптеген студенттердің (әсіресе шет аймақтардан келгендер) ата-аналары жағынан бақылау азаяды (жергілікті аймақтар) немесе әлсірейді. Өмірдің оқумен байланысты өзіндік кезеңіне өту сәті асқан еркіндікпен, әлеуметтік қорқыныштан алшақтаумен, тұлға сипатының толық мәнде көрінуі мен ұстамсыздықпен шарттастырылады. Студенттердің табиғи эмоционалдылығы бейімділік реакция болып табылатын қарқындылықтың өсуіне мүмкіндік береді.
Студенттердің өзінің көзқарасы мен пікірін жақтау іскерлігі және өзіне деген сенімдігі мен өзіндік бағалау қалыптасады. Дегенмен, сыртқы ортаның жағдайларына, оның түрлі қызметіне және жүзеге асу шарттарына байланысты адамның бейімделу үрдісі «бейімдеушілік қабілеті» ұғымына қатысты түрлі қасиеттердің туындауын талап етеді.
Студенттердің оқу жағдайына бейімделу үрдісін зерттеу барысында олардың психикалық қалыптарын диагностикалайтын тесттерді қолдану маңызды да мәнді орын атқарады. Психикалық қалып психологиялық дәреже ретінде ішкі және сыртқы стимулдардың мазмұнын ұғынатын тұлғаға деген ықпал тигізудің түрлі кешендік құбылыстарын құрылымды түрде біріктіреді. Психикалық қалыптарға мысал ретінде сергектік, алаңдау, мазасыздану, әлсіреу, шаршау және т.б. жатқызуға болады.
Студенттердің психикалық қалпын анықтау зерттеу жұмысының негізгі бөлігі болып табылады. Осыған орай, көптеген, сандық тесттік әдістер қолданылады.
Тұлғаның бейімделуі мен мазасыздануына қатысты екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Кейбір авторлар (Салливан, Кеттелл, Шейер) мазасыздануды адамның ортаға бейімделе алмайтынының көрсеткіші ретінде қарастырады. Ал басқа авторлар жоғары деңгейде мазасызданатын субъектілер төмен деңгейде мазасызданатын субъектілерге қарағанда стреске өте сезімтал болады деп ұйғарады.
Х.Хартманның зерттеулері, стрестік жағдайларда жоғары деңгейде мазасызданатын адамдар қызмет пен әрекетті тиімді орындағанда қабілеттері төмен болатынын анықтады [36].
А.Г.Амбрумованың зерттеулерінде тым мазасызданатын және жүйке жүйесі әлсіз тұлғалар басқа студенттерге қарағанда білім деңгейлерін аралық бақылау нәтижелері сирек кездеседі деген қорытындылар анықталды.
К.Д.Шафранская мен басқа авторлардың тәжірибелерінің нәтижесінде, көптеген зерттеушілер психологиялық мазмұнның уәждемелік үрдісі ретінде қарайтын фондық мазасызданудың жоғарғы деңгейі емтиханды жағымды да табысты тапсырудың негізгі орталығы ретінде екендігі анықталды. «Болатын жағдайға жоғарғы жауапкершілік сезімі ретінде және алдағы мақсатқа жету қажеттілігі ретінде алаңдаушылықпен қарау – қосымша уәждемелік факторы ретінде орын атқарады». Сонымен қатар, көптеген зерттеушілер қызметтің табысты болуына тұлғаның мазасыздануы кейбір жағдайда ғана ықпал тигізеді деген қорытынды жасаған.
Сонымен, бейімделудің негізгі мақсаты – бұл белгілі қызмет пен әрекетті орындауға қамтамасыз ету, яғни қызметтің табысты болуына алаңдаушылық кейбір жағдайларда ғана әсер етеді, ал тұлғаның сипаты (алаңдаушылық) бір жағдайда бейімділік ретінде жағымды орын атқарса, екінші жағдайда керісінше дезбейімдеушілік түрде болады.
Ортаның белгілі факторларына бейімделу, тұлғаның нақты сипаты басқа факторларға бейімделмеуі мүмкін. Н.А.Свиридованың зерттеулерінде танып-білуге бейімделген студенттер қарым-қатынас жасауда немесе басқа да жағдайларға қажетті бейімделе алмайтыны анықталды [30].
Бейімділік сипаттар ретінде болатын алаңдаушылық бұл жағдайда тұлғаның жағымды жақтарды корреляциялайтын басқа да сипаттарын өзектендіреді.
Студент тұлғасының тағы да бір маңызды да мәнді әлеуметтік-психологиялық сипаттарына адамның өз мақсаттарына жетуде белсенділігі мен дербестігі, оның тәуелсіздік деңгейін, сонымен қатар өмірде болатын жағдайларға дара жауапкершілігінің дамуын жатқызуға болады.
Осыған орай, тұлғаның аталған сипатын өлшейтін бақылау локусы бұл адам іс-әрекетінің көптеген аспектілеріне белсенділіктің реттеуші ықпалын және оның әлеуметтік ортаға және өзіндік қызметке бейімделуінде маңызды да мәнді орын атқаратынын көрсетеді.
К.Муздыбаев айтқандай: «Қазіргі заманда адамдардың өмірінде және сыртқы ортадағы болған оқиғалар мен жағдайларға орай, өзіне барлық жауапкершілікті алуға құмар адамдар әлдеқайда бейімделінген болып табылады, ал басқалары өз жауапкершіліктерін сыртқы факторларға жүктеуге ұмтылады».
Сонымен қатар, өзін-өзі бағалау бейімділік сипаттары ретінде қарастырылады. Ереван психологтарының дәлелдеуі бойынша, студенттердің табысты бейімделуі тек олардың өзіндік бағалауы топтың көзқарасымен сәйкес болған жағдайда әлдеқайда мәнді де маңызды түрде жүзеге асады.
Студент тұлғасының психодинамикалық және эмоционалды-құлықтық сипаттары дезбейімделушілік түрде тек оның қабылдаған қызмет түрі нақты осы жеке адам қызметінің өзіндік оңтайлы ұйымдасуымен сәйкес болмаған жағдайда жүзеге асады. Тұлғаның дезбейімділік сипаттарының күрделенуі, яғни тиімді қызметті қамтамасыз етуде қабілетсіз болуы әлсіз жүйке жүйесі бар тұлғалар қатты жүйке жүйесі бар студенттерге лайықты (сабақтарда қалыпсыздық көрсету, босатулардың болмауы, тәуекел ету және т.б. әрекеттер мен қылықтар) қызмет түрін иеленеді. Осыған орай, бұл жағдайда оқу әрекеті түрлерінің сәйкессіздігінің салдары академиялық үлгермеуші-лікке жетелейді.
Ғылыми әдебиетті талдаудың нәтижесінде, яғни көптеген зерттеулердің қорытындылары жеке адам сыртқы ортаның барлық түрлі факторларына бейімделуіне мүмкіндік туғызатын тұлғаның әмбебап бейімділік сипаттары туралы айтуға мүмкіндік бермейтіні аңғарылды.
