- •1 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерінің теориялық негізі
- •2 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерін эксперименталды түрде зерттеу
- •1 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерінің теориялық негізі
- •Ауыл жастарының психологиясы жайлы мәлімет
- •1.2 Психология ғылымындағы бейімделу ұғымының теориялық сипаттамасы
- •2 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерін эксперименталды түрде зерттеу
- •2.1 Ауыл жастарының әлеуметтік – психологиялық бейімделуін зерттеу әдістерін, процедурасын және базасын негіздеу
- •2.2 Ауыл жастарының әлеуметтік–психологиялық бейімделуінің зерттеу нәтижелерін талдау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша а
- •Қосымша ә
- •Қосымша б
- •Қосымша в
2.2 Ауыл жастарының әлеуметтік–психологиялық бейімделуінің зерттеу нәтижелерін талдау
Ауыл жастарының әлеуметтік – психологиялық бейімделуін зерттеу үшін ең алдымен алғашқы қадам бірінші курс студенттер мен танысудан басталды. Осы мақсатта Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің 1 курс күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге анкета және В.Т. Ряховскийдің - «Қарым-қатынас денгейін анықтау» әдістемесі тестін жүргіздік. Жоғарыда аталып өткен бөлімдерде оқитын студенттердің жалпы саны 44 студент. Ал біздің зерттеу жұмысымызға қатысқан студенттердің саны 40 студент.
Осы 40 студентке алдымен жетекшімізбен бірігіп құрастырылған анкета жүргізілді. Осы анкетадан алынған мәліметтерді былайша сипаттауға болады.
Анкетадан алынған жауаптар төмдегідей сипатталады:
Студенттердің басым бөлігі 17-19 жас аралығы. Осы мамандықты таңдауды өзіңіз жасадыңыз ба деген сұраққа, студенттердің көбінің жауабы ата-ананың қалауы және өз еріктері екендігін жазған. Алғашында қандай қиындықтар кездесті деген сұраққа – кейбір пәндердің, әдебиеттердің орыс – тілінде болуы деді. Ал университет ішіндегі басқада бөлім студенттері мен қарым-қатынас жасайсыздар ма деген сұраққа дерліктей - ия деген жауап алынды. Оқытушылар мен қарым-қатынастарың қалай деген сұраққа – барлығыда «өте жақсы» деген жауап алынды. Оқу бағдарламасы сізді қанағаттандырады ма деген сұраққа келсек, студенттерді кейбір пәндердің орыс-тілінде жүргізілетіндігіне қанағаттанбайтындықтарын білдірді. Сабақ оқыту барысындағы уақыттың ұзақтығына жылдам үйрендіңіз бе деген сұраққа бірдей жауап алынды деуге болады, үйткені барлығыда «ия бірден үйрендік, үйткені көптеген пәндер қызықты сондықтан уақыттың қалай өткенін білмейде қаламыз» делінген. Соны мен анкета сұрақтарынан алынған жауаптарды жүйелейтін болсақ бірінші курс студенттері алғаш келген күннен бастап топтағы студенттер мен сондай-ақ басқада топ студенттерімен де бірден қарым-қатынасқа түсіп, оқу бағдарламасына, өту уақытына және т.б жағдайларға бейімделулері жақсы деуге болады.
Келесі зерттеу әдісіміз ауыл жастарының, яғни студенттердің қарым-қатынасының жалпы деңгейін бағалайтын В.Т.Ряховскиймен өңделген әдістемесін жүргіздік. Әдістемеде 16 қарапайым сұрақтан тұрады. Жауаптар ұпайлармен бағаланды. Алынған ұпайлар сомаланып, классификатор бойынша зерттелінуші қандай адамдар категориясына жататыны анықталды. Нәтижесінде қарым-қатынастағы ашықтық деңгейі бағаланды. Респонденттердің жауаптары 4-18 ұпай аралығындағы көрсеткішті көрсетті, яғни ол балллдар келесідей сиппаты көресетеді.
Жауаптарды бағалау: «Иә» - 2 ұпай, «кейде» - 1 ұпай, «жоқ» - 0 ұпай. Алынған ұпайлар сомаланып, классификатор бойынша зерттелінуші қандай адамдар категориясына жататыны анықталды.
В.Ф.Ряховский тестінің классификаторы.
14-18 ұпай – қарым-қатынасқа түсу сізде қалыпты. Сіз әңгімеңізді қызығушылықпен тыңдайсыз, қарым-қатынаста шыдамдысыз, өз пікіріңізді салмақты ұстанасыз. Уайымсыз жаңа адамдармен кездесуге даярсыз. Сол уақытта шулы топтарды ұнатпайсыз, көпсөзділік пен өзімшілдік сізді тітіркендіреді.
9-13 ұпай – сіз біршама ашықсыз. Басқалар да тітіркенушілік туғызатын әртүрлі сұрақтар бойынша сөйлегенді ұнатасыз. Барлығының зейініне түскенді ұнатасыз, орындай алмағанның өзінде өтініштерден бас тартпайсыз. Барлығының зейініне түспенді ұнатасыз, орындай алмағанның өзінде өтініштерден бас тарпайсыз. Тез ашыланып, тез басыласыз. Сізге жетіспейтіні – шыдамдылық және күрделі мәселелермен кездескендегі батылдылық. Алайда қалауыңыз болса өзіңізді ұстап тұра аласыз.
4-8 ұпай – сіз қарым-қатынаста ашықсыз. Сіз әр уақытта бәрінің ортасында жүресіз. Күрделі тақырыптар сіздің басыңызды ауыртса да барлық пікірталастарға қатысқанды ұнатасыз. Қандай болсын сұрақ бойыншща, ол туралы біліміңіз терең болмаса да сөз аласыз. Қандай іс болсын аяғына дейін жеткізбесеңізде шетін ұстайсыз. Осы себепті жетекшілер мен әріптестер сізге бір күдікпен қарайды. Осы фактілерге ойланыңыз.
Бұл әдістемеде алынған ұпайлар санына байланысты сомаланып, қарым-қатынастағы ашықтың деңгейіне сәйкес категориялар анықталады. Әдістеме классификаторының критерийлері бойынша ауыл мектебіндегі нәтижелер келесідей пайыздық көрсеткішті көрсетті: 25 пайызы яғни 10 респондент қарым-қатынаста «белгілі деңгейде ашық» көрсеткішті көрсетсе, «өте ашық» деген деңгейді 35 пайызы, 14 студент көрсетті, 40 пайыз яғни, 16 респондент ал қарым-қатынаста «қалыпты» деңгейді көрсетті. Жалпы алынған нәтижелер бойынша қарым-қатынаста «ашық емес» және «ерекше ашық» деңгейлері мүлде танылған жоқ. Осы көрсеткіштерді төмендегі диаграммадан көре аласыздар
Сурет 1. Қарым-қатынас әдістемесі
Біздің осы зерттеу жұмысымыздың жалғасы студенттерге проективті әдісті, яғни автопортрет әдісін жүргізу мен жалғасты. Осы автопортрет мүмкін болатын элементтер жиынтығынан тұрады. Олар бас, көз, ауыз, құлақ, мұрын, аяқ, қол. Енді осы әдістеме нәтижесіне толық тоқталатын болсақ ол төмендегідей сипатталады.
Бас бөлігінің өзі екі топқа жіктеледі, бастың кіші болып салынуы және үлкен болып салынуы. Бас бөлігін кішкене етіп салған респонденттер саны 14, яғни 35 пайызы қамтыйды. Бұл респонденттерге өз ақыл – ойына көңілінің толмауы тән болып келеді. Ал респонденттердің 26, яғни 65пайызы бас бөлігін үлкен етіп салған. Осы респонденттердің өз ақыл–ойына деген көңілі жақсы екенін анғаруға болады. Осы көрсеткіштерді төмендегі диаграммадан көре аласыздар
Сурет 2. Автопортрет әдістемесі
Енді екінші элементке тоқталатын болсақ, көз аймағы. Көз аймағының өзіде топтарға бөлінеді. Көзді қатты басып үлкен етіп ашып салса, көзді кішкене етіп салуы немесе мүлдем жабық болуы, көзге кірпіктерді салу. Осы элементтер бойынша респонденттердің 40 пайызы яғни, 16 студент көз бөлігін кіші етіп салған, олар өз ойларымен жүретін, ойлары бітпейтін, интроверт адам.Ал респонденттердің 35 пайызы, 14 бала көз бөлігін үлкен етіп салған, оларға сенімсіздік, басқа адамдар пікіріне аса сақтық пен қарау тән болып келеді. Ал қалғандары 25 пайызы, 10 студент көзге кірпік салып бейнелеген, оларға құбылып – құлпыру тән болып келеді. Осы көрсеткіштерді төмендегі диаграммадан көре аласыздар.
Сурет 3. Автопортрет әдістемесі көз аймағының топтарға бөлінуі
Келесі элемент ауыз бөлігі, ауыз бөлігіде басқа элементтер секілді жіктеледі. Сонымен ауыз бөлігін қатты, дөңгелетіп салуы, ауыз аймағын салмауы немесе немқұрайлы салуы, сондай-ақ ерін түр-пішінін салуына байланыстыда талданады. Осы белгілер нәтижесінде 2 респонденттің яғни 5 пайызы студент ауыз бөлігін қатты және айқын, дөңгелетіп салған, ол респонденттер тұйық болғандықтан қарым – қатынаста нәтижесіз және өз ойын толық жеткізе алмауы тән. Ал 30 респонденттің жалпы алғанда 83 пайыз ауыз бөлігін қалыпты салған, яғни бұл студенттер қарым-қатынаста өте ашық және өз ойларын толық жеткізе алады. Ал 5 респондент яғни, 12 пайызы ауызға тіс салып бейнелеген, оларға агрессия тән екендігі көрсетіледі. Осы көрсеткіштерді төмендегі диаграммадан көре аласыздар
Сурет
4. Автопортрет әдістемесі ауыз бөлігінің
бейнеленуі
Келесі элемент құлақ аймағы. Құлақ бөлігі адамның интелектісіне байланысты сипатталады. Құлақ бөлігін кіші етіп салу және құлақ бөлігін үлкен етіп салуына байланысты жіктелінеді. Нәтижесінде 53 пайызы, 21 респондент құлақ бөлігін кіші етіп салған, бұл студенттер өздеріне байланысты айтылған сынға назар аудармау қасиеті тән. Ал 47 пайызы, 19 респондент құлақ бөлігін үлкен етіп салған, ал осы респонденттерге сынға қарсы тұра алу қасиеті тән болып табылады.Осы көрсеткіштерді төмендегі диаграммадан көре аласыздар
Сурет 5. Автопортрет әдістемесі құлақ бөлігінің бейнеленуі
Ал келесі элементке тоқталатын болсақ ол мұрын бөлігі. Мұрын бөлігінің өзі былайша жіктеледі мұрын бөлігін анық, қатты бастырып салу және кіші етіп салу, мұрын тесіктерін анық көрсетіп салу. Осы элементтер бойынша тоқталатын болсақ 67 пайызы, 27 респондент мұрын бөлігін қатты батырып бейнелеген, бұл респонденттерде сексуалды проблемаларының бар екендігі көрсетіледі. Ал 23 пайызы, 13 респондент мұрын бөлігін кіші, мұрын тесіктерін айқын бейнелеген, ал осы респонденттерге тоқталатын болсақ оларда – агрессияның белгілері бар екендігін анғаруға болады.
Осы көрсеткіштерді төмендегі диаграммадан көре аласыздар
Сурет 6. Автопортрет әдістемесі мұрын бөлігінің бейнеленуі
Ал енді қол бөлігіне тоқталатын болсақ, осы қол арқылы адамның қарым – қатынасты қандай екендігін анғаруға болады. Ал енді осы қол бөлігінің өзі бірнеше бөліктерге бөлінеді. Қолға еш қысым болмай салуы, қолды төмен қаратып салуы, қолды нәзік етіп салуы, қолды үлкен, қысқа етіп салуы немесе қолды салмауы бойынша сипатталады. Енді осыларға жеке – жеке тоқталатын болсақ 5 пайызы , яғни 2 респонденттің қолды жайғана төмен қаратып салған, олардың қарым – қатынаста нәтижесіз, белсенді емес екендігі көрсетіледі. Ал 10 пайызы , 4 респондент қол бөлігін салмаған, олар өздерін кінәлі сезінетін, ұялшақ адамдар екендігі көрсетіледі. Ал 85 пайызы , 34 респондент қолды айқын бастырып салған, бұл жерде студенттердің мазасыздық денгейін көрсеткенімен олардың қарым-қатынаста ашық екендігін көрсетеді.
Осы көрсеткіштерді төмендегі диаграммадан көре аласыздар
Сурет 7. Автопортрет әдістемесі қол бөлігінің бейнеленуі
Сонғы элементтке тоқталатын болсақ ол аяқ бөлігі. Аяқ бөлігінің өзі ұзын, қысқа немесе жоқ болуы деп бөлінеді. Осы сонғы элемент бойынша 80 пайызы , 32 респондент аяқ бөлігін ұзын етіп салған олар өмірде тәуелсіз болуды қалайтындар. Ал 20 пайызы , 8 респондент аяқ бөлігін салмағандықтан олардың психологиялық қорғанысының нашарлығынан қорқақ жасқаншақтық тән болып келеді.Осы көрсеткіштерді төмендегі диаграммадан көре аласыздар
С
урет
8. Автопортрет әдістемесі аяқ бөлігінің
бейнеленуі
Біздің көздеген мақсатымызды, болжамымызды нақтылайтын элементке нақтығырақ кейін тоқталатын болсақ ол элемент ауыз бөлігі және қол бөлігі болып саналады.
Зерттеу жұмысымыздың маңызды аспектісі – келесі әдістемеміз болып табылады. Ол К.Роджерс-Р.Даймондтың «Әлеуметтік–психологиялық бейімделу» сұрақнамасы. Бұл сұрақнамада жоғарыда аталған студенттерге жүргізілді. Бұл сұрақнаманың өзі 6 шкаладан тұратындықтан, олардың әрбір тобын бөлек–бөлек ұсынайық.
К.Роджерс–Р.Даймондтың “әлеуметтік–психологиялық бейімделу” сұрақнамасының бірінші шкаласы бейімделу шкаласы. Бұл шкала бойынша респонденттердің 32 пайызы - яғни 13 студенттің бейімделу денгейі жоғары. Ал 56 пайыз , 22 респонденттің бейімделу денгейі орташа көрсеткішті көрсетсе, 12 пайыз, яғни 5 респондентіміздің бейімделу денгейі төменгі көрсеткішті көрсетті.
Осы көрсеткіштерді төмендегі диаграммадан көре аласыздар
Сурет 9. К.Роджерс – Р.Даймондтың “әлеуметтік – психологиялық бейімделу” сұрақнамасының бейімделу шкаласы
К.Роджерс – Р.Даймондтың “әлеуметтік – психологиялық бейімделу”
сұрақнамасының екінші шкаласы - өзін өзі қабылдау. Өзін-өзі қабылдау шкаласы бойынша студенттердің 37 пайыз, 15 студенттің өзін-өзі бағалауы орташа болды. Ал 63 пайыз, 25 студенттің өзін- өзі қабылдау денгейі жоғарғы көрсеткішті көрсетті. Осы көрсеткіштерді төмендегі диаграммадан көре аласыздар
Сурет
10. Өзін-өзі қабылдау шкаласы
Келесі шкала – өзгелерді қабылдау шкаласы. Өзгені қабылдау шкаласы бойынша 30 пайыз, 12 респонденттің басқаларды қабылдау денгейі орташа денгейді көрсетсе, 70 пайыз , яғни 28 респонденттің басқаларды қабылдау денгейі жоғары көрсеткішке ие болды.Осы көрсеткіштерді төмендегі диаграммадан көре аласыздар
К
.Роджерс–Р.Даймондтың
“әлеуметтік–психологиялық бейімделу”
сұрақнамасының төртінші шкаласы –
эмоционалды камфорт. Осы эмоционалды
камфорт шкаласы бойынша – 63пайыз, яғни
25 респондент орташа көрсеткішті көрсетсе,
32 пайыз, 13 респонденттің эмоционалды
камфорт денгенйі жоғарғы көрсеткішті
көрсетеді. Ал респонденттердің 5 пайыз
, яғни 2 студентің көрсеткіші төменгі
деңгейді көрсетті.Осы көрсеткіштерді
төмендегі диаграммадан көре аласыздар
Сурет 11. Өзгелерді қабылдау шкаласы
Сурет 12. Эмоционалды комфорт деңгейі
К.Роджерс–Р.Даймондтың “Әлеуметтік – психологиялық бейімделу” сұрақтамасының келесі шкаласы – интерналдылық шкаласы. Осы шкала бойынша студенттердің – 55 пайыз , яғни 22 студент орташа денгейдегі көрсеткішті көрсеткен. Яғни өздеріне іштей бақылау жасай алатындар. Ал 45 пайыз, 18 студент жоғарғы көрсеткішті көрсеткен.
Осы көрсеткіштерді төмендегі диаграммадан көре аласыздар
Сурет 13. Интерналдылық шкаласы
К.Роджерс–Р.Даймондтың “Әлеуметтік–психологиялық бейімделу“ әдістемесінің сонғы шкаласына тоқталатын болсақ ол – басымдылыққа ұмтылу шкаласы. Сонғы шкала бойынша 20 пайыз , яғни 9 респонденттің басымдылыққа ұмтылу денгейі жоғары. Ал 5 пайыз, 2 респонденттің басымдылыққа ұмтылу денгейі төмен көрсеткішті көрсетті. Қалғандары яғни, 75 пайыз, 30 респонденттің басымдылыққа ұмтылу денгейі орташа денгейді көрсетті.
Осы көрсеткіштерді төмендегі диаграммадан көре аласыздар
Сурет 14. Басымдылыққа ұмтылу шкаласы
Біздің диплом жұмысымыздың тақырыбына сай қойылған мақсатымызға жету үшін автопортрет және К.Роджерс–Р.Даймондтың «әлеуметтік – психологияляқ бейімделу» сұрақнамасы көмегімен нәтижелердің өзара байланысын Стьюдент t-критерий арқылы мәнділікті тексереміз.
Автопортрет әдісінің нәтижесі бойынша алынған мәліметтерден студенттердің қарым – қатынаста қиыншылық көретін және вербалды қарым – қатынасында қиыншылық бола қоймайтын студенттердің К.Роджерс–Р.Даймондтың «Әлеуметтік – психологиялық бейімделу» сұрақнамасындағы 6 – шкала бойынша көрсеткіштердің байланысын анықтап, статистикалық мәнділігін дәлелдедік.
Екі
топқа бөлінген студенттердің әрбір
шкаладағы көрсеткіштері бойынша орташа
арифметикалық шамасын, яғни алынған
мәндердің қосындысының арифметикалық
ортасын төмендегі формула арқылы табуға
болады.
(1)
(2)
Мұндағы
(
),
(
)
– орта мән болып табылады. Осы орта мән
арқылы алынған нәтижелер көрсеткіші
төмендегідей:
Кесте 1 Әлеуметтік-психологиялық бейімделу шкаласы
Шкалалар |
A |
S |
Z |
E |
J |
D |
Х |
82 |
71 |
69 |
66 |
70 |
65 |
У |
60 |
52 |
52 |
56 |
50 |
54 |
A - бейімделу шкаласы
S - өзін - өзі қабылдау шкаласы
Z - өзгелерді қабылдау шкаласы
E - эмоционалды комфорт шкаласы
J - интерналдылық шкаласы
D - басымдылыққа ұмтылу шкаласы
Осы алынған орта мәндерді төмендегі формулалар арқылы статистикалық мәнділігін анықтаймыз.
(3)
(4)
(5)
(6)
(7)
Стьюдент t- критериі бойынша алынған нәтижелерді төменнен көре аламыз, сонымен
A |
S |
Z |
E |
J |
D |
3,3 |
3 |
2,9 |
2,8 |
2,8 |
0,3* |
* - статистикалық мәнділік t > 2,6
A - бейімделу шкаласы
S - өзін - өзі қабылдау шкаласы
Z - өзгелерді қабылдау шкаласы
E - эмоционалды комфорт шкаласы
J - интерналдылық шкаласы
D - басымдылыққа ұмтылу шкаласы
Б.А.Сосновскийдің “Лабараторный практикум по общей психологии” оқулығында көрсетілгендей мәнділік денгейі 50-адам үшін – t > 2.6 статистикалық мәнділіктен жоғары болу керек, яғни егер эмперикалық мәнділік t > 2.6 болса, онда бұл крсеткіш статистикалық мәнді болып табылады. Ал эмперикалық мәнділік t <2,6 болса, онда бұл көрсеткіш статистикалық мәнді емес болып табылады. “әлеуметтік–психологиялық бейімделу” сұрақнамасындағы шкалалардың ішіндегі бес шкала статистикалық мәнді болса, бір шкала статистикалық мәнді емес болып табылды.
Енді осы шкалаларға тоқталатын болсақ:
Бірінші шкаладан бесінші шкалаға дейін статистикалық мәнді болып табылуы ол, ауыл жастары өз еріктерімен, ниеттерімен, қалауларымен білім алуға келгендіктен оқу барысында кездесетін барлық жағдайға өздерін икемдеп, бейімдейді.
Біздің зерттеу жұмысымызда қолданылған әдістемелер нәтижесінде ауыл жастарының қалаға әлеуметтік-психологиялық бейімделуінің қалыпты денгейде екенін байқауға болады, өйткені студенттердің басым бөлігі қарым-қатынасқа еркін түседі және белсенді депте айтуға болады, ал бұл өз кезегінде студенттердің тек өз топ арасында ғана емес басқа да топтар арсында өздерін белсенді ұстап университет қабырғасына бейімделулері қалыпты денгейде болуына жағдай жасайды.
