- •1 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерінің теориялық негізі
- •2 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерін эксперименталды түрде зерттеу
- •1 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерінің теориялық негізі
- •Ауыл жастарының психологиясы жайлы мәлімет
- •1.2 Психология ғылымындағы бейімделу ұғымының теориялық сипаттамасы
- •2 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерін эксперименталды түрде зерттеу
- •2.1 Ауыл жастарының әлеуметтік – психологиялық бейімделуін зерттеу әдістерін, процедурасын және базасын негіздеу
- •2.2 Ауыл жастарының әлеуметтік–психологиялық бейімделуінің зерттеу нәтижелерін талдау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша а
- •Қосымша ә
- •Қосымша б
- •Қосымша в
2 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерін эксперименталды түрде зерттеу
2.1 Ауыл жастарының әлеуметтік – психологиялық бейімделуін зерттеу әдістерін, процедурасын және базасын негіздеу
Дипломдық жұмыс мақсатына жетуде дәлме–дәл әдістемелерді тағайындауды талап етті. Тақырыбымызға байланысты көптеген зерттеулерді қарастырып өттік. Бейімделуге байланысты А.Г.Маклаковтың «тұлғаның бейімделу қабілетінің даму денгейін бағалау» әдістемесі; К.Роджерс – Р.Даймондтың «әлеуметтік - психологиялық бейімделу» сұрақнамасы; Гарбузованың – «доминантты инстинкт» әдістемесін қарастырдық. Ал қарым-қатынас денгейін анықтауға қатысты В.Т. Ряховскийдің - «Қарым-қатынас денгейін анықтау» әдістемесі. Сондай - ақ проективті әдістемелердің ішінен автопортрет әдісін қарастырдық. Осы әдістемелер негізінде мақсатымызды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төмендегі әдәстемелерді таңдап алдық.
Анкета
Автопортрет әдісі
В.Т. Ряховскийдің - «Қарым-қатынас денгейін анықтау» әдістемесі.
К.Роджерс – Р.Даймондтың әлеуметтік - психологиялық бейімделу әдістемесі.
Енді осы әдістемелерге жеке - жеке тоқталып өтейік, бірінші жүргізілген әдістемеміз анкета оның сұрақтары төмендегідей:
Аты жөніңіз
Жасыңыз.
Мамандықты таңдауда өзіңіз таңдау жасадыңыз ба, әлде басқалардың таңдауы ма?
Алғашында қандай қиындықтар кездесті және қай жағынан.
Өз тобыңмен танысқаннан кейін бірден араласып кеттің бе№
Басқа мамандық студенттері мен араласасыз ба?
Оқу бағдарламасы сізді қанағаттандырады ма?
Оқудың өту уақыты (80 мин) сізде қиыншылық тудырды ма?
Жоғарғы курс студенттері мен араласасыздар ма?
Ал біз ауыл жастарының, яғни студенттердің қарым-қатынасының жалпы деңгейін бағалайтын В.Т. Ряховскиймен өңделген әдістемесін алдық. Әдістемеде 16 қарапайым сұрақ қойылады. Жауаптар ұпайлармен бағаланады. Алынған ұпайлар сомаланып, классификатор бойынша зерттелінуші қандай адамдар категориясына жататыны анықталады. Нәтижесінде қарым-қатынастағы ашықтық деңгейі бағаланады.Жауаптарды бағалау: «Иә» - 2 ұпай, «кейде» - 1 ұпай, «жоқ» - 0 ұпай. Алынған ұпайлар сомаланып, классификатор бойынша зерттелінуші қандай адамдар категориясына жататыны анықталды.
В.Ф.Ряховский тестінің классификаторы.
30-32 ұпай – сіз қарым-қатынаста ашық емессіз, бұдан сіз ең алдымен өзіңіз көп қиналасыз. Бірақ жақын адамдарыңызға да оңай емес. Сізге топтық күшті талап ететін істерді тапсыру қиын. Ашық болуға тырысыңыз, өз өзіңізді бақылаңыз.
25-29 ұпай – сіз тұйықсыз, көп сөйлемейсіз, жаңғыздықты ұнатасыз, сондықтан сіздің достарыңыз аз. Жаңа жұмыс пен жаңа байланыстардың қажеттілігі сізді көп байыпсыздандырады. Сіз бұл мінезіңіздің ерекшелігін білесіз және өзіңізге қанағаттанбайсыз. Алайда осымен шектелмеңіз, бұл ерекшеліктерді жою сіздің қолыңызда. Қатты, іске еліктегенде толық ашықтық пайда болатыны шын емес пе? Тек бір сілкіну қажет.
19-24 ұпай – сіз белгілі деңгейде ашықсыз және таныс емес жағдайда өзіңізді сенімді сезінесіз. Жаңа мәселелер сізді қорқытпайды. Соның өзінде жаңа адамдардан күдіктенесіз, пікірталастарға қатысқанды қаламайсыз. Сіздің сөз тұжырымдарыңызда негізсіз сарказм көп. Бұл кемшіліктер жөнделеді.
14-18 ұпай – қарым-қатынасқа түсу сізде қалыпты. Сіз әңгімеңізді қызығушылықпен тыңдайсыз, қарым-қатынаста шыдамдысыз, өз пікіріңізді салмақты ұстанасыз. Уайымсыз жаңа адамдармен кездесуге даярсыз. Сол уақытта шулы топтарды ұнатпайсыз, көпсөзділік пен өзімшілдік сізді тітіркендіреді.
9-13 ұпай – сіз біршама ашықсыз. Басқалар да тітіркенушілік туғызатын әртүрлі сұрақтар бойынша сөйлегенді ұнатасыз. Барлығының зейініне түскенді ұнатасыз, орындай алмағанның өзінде өтініштерден бас тартпайсыз. Барлығының зейініне түспенді ұнатасыз, орындай алмағанның өзінде өтініштерден бас тарпайсыз. Тез ашыланып, тез басыласыз. Сізге жетіспейтіні – шыдамдылық және күрделі мәселелермен кездескендегі батылдылық. Алайда қалауыңыз болса өзіңізді ұстап тұра аласыз.
4-8 ұпай – сіз қарым-қатынаста ашықсыз. Сіз әруақытта бәрінің ортасында жүресіз. Күрделі тақырыптар сіздің басыңызды ауыртса да барлық пікірталастарға қатысқанды ұнатасыз. Қандай болсын сұрақ бойыншща, ол туралы біліміңіз терең болмаса да сөз аласыз. Қандай іс болсын аяғына дейін жеткізбесеңізде шетін ұстайсыз. Осы себепті жетекшілер мен әріптестер сізге бір күдікпен қарайды. Осы фактілерге ойланыңыз.
3 – одан төмен – сіздің қарым-қатынастағы ашықтылығыңыз ауру сипатында. Сіз көп сөйлеп, сізге қатысы жоқ іске араласасыз. Мүлде компитенттілігіңіз жоқ мәселені шешуге тырысасыз. Ерікті, еріксіз айналаңыздағы қақтығыстардың себепкері боласыз. Ашулаңсыз және тез ренжисіз. Жұмыста да, бәрі жерде сізбен ауыр. Сізге өз мінезіңізді жөндеу керек. Ең алдымен өзіңізде шыдамдылық, ұстамдылық тәрбиелеп, адамдарға сйыламдылықпен қараңыз. Денсаулығыңызды ойлаңыз – бұндай өмір стилі – ізсіз өтпейді.
Ауыл жастарының әлеуметтік – психологиялық бейімделуін зерттеу үшін ең алдымен алғашқы қадам бірінші курс студенттер мен танысудан басталды. Осы мақсатта Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің 1 курс күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге анкета және В.Т. Ряховскийдің - «Қарым-қатынас денгейін анықтау» әдістемесі тестін жүргіздік. Жоғарыда аталып өткен бөлімдерде оқитын студенттердің жалпы саны 44 студент. Ал біздің зерттеу жұмысымызға қатысқан студенттердің саны 40 студент.
Осы 40 студентке алдымен жетекшімізбен бірігіп құрастырылған анкета жүргізілді. Осы анкетадан алынған мәліметтерді былайша сипаттауға болады.
Анкетадан алынған жауаптар төмдегідей сипатталады:
Студенттердің басым бөлігі 17-19 жас аралығы. Осы мамандықты таңдауды өзіңіз жасадыңыз ба деген сұраққа, студенттердің көбінің жауабы ата-ананың қалауы және өз еріктері екендігін жазған. Алғашында қандай қиындықтар кездесті деген сұраққа – кейбір пәндердің, әдебиеттердің орыс – тілінде болуы деді. Ал университет ішіндегі басқада бөлім студенттері мен қарым-қатынас жасайсыздар ма деген сұраққа дерліктей - ия деген жауап алынды. Оқытушылар мен қарым-қатынастарың қалай деген сұраққа – барлығыда «өте жақсы» деген жауап алынды. Оқу бағдарламасы сізді қанағаттандырады ма деген сұраққа келсек, студенттерді кейбір пәндердің орыс-тілінде жүргізілетіндігіне қанағаттанбайтындықтарын білдірді. Сабақ оқыту барысындағы уақыттың ұзақтығына жылдам үйрендіңіз бе деген сұраққа бірдей жауап алынды деуге болады, үйткені барлығыда «ия бірден үйрендік, үйткені көптеген пәндер қызықты сондықтан уақыттың қалай өткенін білмейде қаламыз» делінген. Соны мен анкета сұрақтарынан алынған жауаптарды жүйелейтін болсақ бірінші курс студенттері алғаш келген күннен бастап топтағы студенттер мен сондай-ақ басқада топ студенттерімен де бірден қарым-қатынасқа түсіп, оқу бағдарламасына, өту уақытына және т.б жағдайларға бейімделулері жақсы деуге болады.
Келесі зерттеу әдісіміз ауыл жастарының, яғни студенттердің қарым-қатынасының жалпы деңгейін бағалайтын В.Т.Ряховскиймен өңделген әдістемесін жүргіздік. Әдістемеде 16 қарапайым сұрақтан тұрады. Жауаптар ұпайлармен бағаланды. Алынған ұпайлар сомаланып, классификатор бойынша зерттелінуші қандай адамдар категориясына жататыны анықталды. Нәтижесінде қарым-қатынастағы ашықтық деңгейі бағаланды. Респонденттердің жауаптары 4-18 ұпай аралығындағы көрсеткішті көрсетті, яғни ол балллдар келесідей сиппаты көресетеді.
Жауаптарды бағалау: «Иә» - 2 ұпай, «кейде» - 1 ұпай, «жоқ» - 0 ұпай. Алынған ұпайлар сомаланып, классификатор бойынша зерттелінуші қандай адамдар категориясына жататыны анықталды.
В.Ф.Ряховский тестінің классификаторы.
14-18 ұпай – қарым-қатынасқа түсу сізде қалыпты. Сіз әңгімеңізді қызығушылықпен тыңдайсыз, қарым-қатынаста шыдамдысыз, өз пікіріңізді салмақты ұстанасыз. Уайымсыз жаңа адамдармен кездесуге даярсыз. Сол уақытта шулы топтарды ұнатпайсыз, көпсөзділік пен өзімшілдік сізді тітіркендіреді.
9-13 ұпай – сіз біршама ашықсыз. Басқалар да тітіркенушілік туғызатын әртүрлі сұрақтар бойынша сөйлегенді ұнатасыз. Барлығының зейініне түскенді ұнатасыз, орындай алмағанның өзінде өтініштерден бас тартпайсыз. Барлығының зейініне түспенді ұнатасыз, орындай алмағанның өзінде өтініштерден бас тарпайсыз. Тез ашыланып, тез басыласыз. Сізге жетіспейтіні – шыдамдылық және күрделі мәселелермен кездескендегі батылдылық. Алайда қалауыңыз болса өзіңізді ұстап тұра аласыз.
4-8 ұпай – сіз қарым-қатынаста ашықсыз. Сіз әр уақытта бәрінің ортасында жүресіз. Күрделі тақырыптар сіздің басыңызды ауыртса да барлық пікірталастарға қатысқанды ұнатасыз. Қандай болсын сұрақ бойыншща, ол туралы біліміңіз терең болмаса да сөз аласыз. Қандай іс болсын аяғына дейін жеткізбесеңізде шетін ұстайсыз. Осы себепті жетекшілер мен әріптестер сізге бір күдікпен қарайды. Осы фактілерге ойланыңыз.
Бұл әдістемеде алынған ұпайлар санына байланысты сомаланып, қарым-қатынастағы ашықтың деңгейіне сәйкес категориялар анықталады. Әдістеме классификаторының критерийлері бойынша ауыл мектебіндегі нәтижелер келесідей пайыздық көрсеткішті көрсетті: 25 пайызы яғни 10 респондент қарым-қатынаста «белгілі деңгейде ашық» көрсеткішті көрсетсе, «өте ашық» деген деңгейді 35 пайызы, 14 студент көрсетті, 40 пайыз яғни, 16 респондент ал қарым-қатынаста «қалыпты» деңгейді көрсетті. Жалпы алынған нәтижелер бойынша қарым-қатынаста «ашық емес» және «ерекше ашық» деңгейлері мүлде танылған жоқ. Осы көрсеткіштерді төмендегі диаграммадан көре аласыздар
Автопортрет әдісіне тоқталатын болсақ , тұлғаның өзіндік сана - сезім құрылымы негізінен мына басты компоненттерді бөліп көрсетеді: когнитивті - өзіндік қасиеттерінің, қабілетінің, сырт бейнесінің, әлеуметтік мәнділігінің бейнесін т,б, және эмоционалды - өзіне қатынасы, өзін бағалауын т.б. Кейде бұлар өзіндік сана - сезім және өзіндік қатынас ретінде "мен концепция" шегінде интеграцияланып әлеуметтік ортаға адамның нәтижелі бейімделуі үшін дәлме - дәл құрылым болып табылады.
Тұлғаның өзіндік сана-сезімін, өзін бағалауын, өзіне қатынасының ерекшелігін анықтау үшін "Автопортрет" тестін жүргізуге болады.
Бұл тест Р.Бернсон мен (АҚШ) бейімделген. Бұл тесте зерттелінушілерге өзін салуды ұсынады. Р.Бернс айтуынша "сіз үйге келін айғайлап немесе жылап аласыз, бірақ мұны жұмыста істей алмайсыз, міне осының барлығы сіздің суретіңізде көрініс береді".
Автопортрет тестінде мүмкін болатын элементтер келесідей талқыланады:
Бас бөлігі - ақыл - ойға байланысты. Бас әлсіз болса ақыл ойына көңілі толмайды. Қатты басылып салынса керісінше ақыл ойына көңілі толады. Денесіне қарағанда басы кішкентай болса - ақыл ойына көңілі толмайтын адам.
Көз - көзі үлкен болып ашылса - сенімсіз, басқа адамның пікіріне аса сынмен қарайтын адам. Көзге ұзынғып кірпік салса - құбылып өзгеру тән. Көзі кішкене болса немесе жоқ болса - өз ойымен жүретін, ойы бітпейтін, интроверт адам.
Ауыз - дөнгелектеп қатты батырып салса - тіл байлығының жеткіліксіздігінен өз ойынын жеткізе алмайтын адам. Егер ауыз салмаса немесе нәзік немқұрайлы салынса - депрессия немесе сөйлегісі келмейтін бір нәрседен қиналып жүрген адам.
Құлақ - адамның интелектісіне байланысты. Құлақ аса кіші болса - сыңға назар аудармайды. Ал үлкен болса - сыңға қарсы тұра алатын адам.
Мұрын - мұрынды қатты бейнелеу - адамның сексуалды проблемасы бар екендігін көрсетеді. Ал кішкене немесе жайғана сала салуы сексуалды проблемасынаң жоқ екендігін көрсетеді. Мұрынның екі шұңқырын анық етіп салу агрессияға тән екенін көрсетеді.
Қол - басқа адаммен қарым - қатынасын көрсетеді. Егер қолда қысым болмаса - қарым - қатынаста қатал, тұйық, өз парызын жақсы түсінтін адам. Адам қолын төмен қаратып жай ғана салуы ол адамның қарым - қатынаста нәтижесіз екендігін көрсетеді. Ал қол нәзік салынса - физикалық энергиясының аздығын және басқаларға тәуелділігін көрсетеді. Қолдары үлкен қатты салынса - айналасындағыларын көп ойлайтын адам. Қолы домалақ болса - агрессияға бейім, бірақ оны сыртқа көрсетпейді. Саусақтары бесеуден асып кетсе - олда агрессияның белгісі.
Аяғы - ұзын болса - өмірде еркін, бостандықты қалайтын адам. Егер аяғы қысқа немесе жоқ болса - психологиялық қорғаныстарының нашарлығынан жасқаншақ, қорқақ болып келеді [42].Осы автопортрет тестіндегі элементтердің ішінен біздің зерттеу жұмыстарымызды нақтылайтын басты элемент ауыз болып табылады.
Келесі біздің қарастыратын әдістемеміз ол К.Роджерс–Р.Даймондтың әлеуметтік - психологиялық бейімделу әдістемесі. Бұл әдістеме К.Роджерс–Р.Даймондтпен бейімделген. Осы әдістеме тұлғаның әлеуметтік - психологиялық бейімделу денгейін анықтауға арналған. Әдістеме 101 сұрақтан тұрады және мынадай жауаптар шкаласын қамтыйды;
"0" - бұл маған мүлдем қатысы жоқ
"2" - маған қатысты деуге күманданамын
"3" - мен оны өзіме қатысты деп есептеймін.
"4" - бұл маған ұқсас, бірақ сенімді емеспін.
"5" - бұл маған ұқсас
"6" - бұл дәл мен туралы.
Зерттелінушілерге мынандай нұсқаулар беріледі: сізге адамның өмір бейнесі жайлы пікірлер ұсынылады. Сұрақнамадағы әр бір пікірді оқып, оны өздеріңіздің әдеттеріңіз, өмір бейнелеріңізбен салыстырып және қандай денгейде осы пікірлер сізге қатысты екенін бағалаңыз.
Әлеуметтік - психологиялық бейімделу әдістемесі 8 шкаланы қамтиды, ал оның өзі екі қарама - қарсы көрсеткіштерден тұрады.
Осы әрбір көрсеткіштерге берілген жауаптар негізінен, қандай денгейде екенін көруге болады. Енді сол көрсеткіштерге жеке-жеке тоқталып өтейік.
а) 1. бейімделу көрсеткіші мына жауаптар бойынша есептелінеді: 4,5,9,12,15,19,22,23,26,27,29,33,35,37,41,44,47,51,53,55,61,63,67,72,74,75,78,80,88,91,94,96,97,98. Және осы көрсеткіш мына денгейінде қалыпты болып табылады. Егер көрсеткіш (68-170) 68-136 шегінде болса.
2. бейімделудің бұзылысы мына жауаптар бойынша есептелінеді: 2,6,7,13,16,18,25,28,32,36,38,40,42,43,49,50,54,56,60,62,64,69,71,73,76,77,83,84,86,90,95,99,100. Ал бұл көрсеткіш мына денгейде қалыпты болып табылады. Егер көрсеткіш (68-170) 68-136 шегінде болды.
б) 1. жалғандық + көрсеткіші мына жауаптар бойынша есептелінеді: 34,45,48,81,89. Бұл көрсеткіш (18-45)18-36 денгейде қалыпты болады.
2. жалғандық – көрсеткіші мына жауаптар бойынша есептелінеді: 8,82,92,95,99. Бұл көрсеткіш (18-45) 18-36 денгейінде қалыпты болады.
в) 1. өзін - өзі қабылдау көрсеткіші мына жауаптар бойынша есептелінеді: 33,35,55,67,72,74,75,80,88,94,96. Ал бұл көрсеткіш мына денгейде қалыпты болып табылады, егер көрсеткіш (14-35) 22-42 аралығында болса.
2. өзін - өзі қабылдамау көрсеткіші мына жауаптар бойынша есептелінеді: 7,59,62,65,90,95,99. Бұл көрсеткіш мына денгейде қалыпты болып саналады егер, (14-35) 14-28 аралығындағы көрсеткішті көрсетсе.
г) 1. өзгелерді қабылдау көрсеткіші мына жауаптар бойынша есептелінеді: 9,14,22,26,53,947. Ал бұл көрсеткіш мына (12-30) 12-24 денгей төңірегінде болса қалыпты болып табылады.
2. өзгелерді қабылдамау көрсеткіші мына жауаптар арқылы есептелінеді: 2,10,21,28,40,60,76. Егер бұл көрсеткіш (14-35) 14-28 денгей аралығында болса, қалыпты болып табылады.
д) 1. эмоционалды комфорт көрсеткішіне келетін болсақ, бұл көрсеткіш мына жауаптар бойынша есептелінеді: 23,29,30,41,44,47,78. Ал бұл көрсеткіш денгейі мына денгей аралығында болса (14-35) 14-28 қалыпты болып табылады.
2. эмоционалды комфорттың бұзылу көрсеткіші мына жауаптар бойынша есептелінеді: 6,42,43,49,50,83,85. Бұл көрсеткіште эмоционалды комфорт денгейі секілді (14-35) 14-28 денгей аралығында болса қалыпты болып табылады.
е) 1. ішкі бақылау көрсеткішіне келетін болсақ, бұл көрсеткіш мына жауаптар бойынша есептелінеді: 4,5,11,12,13,19,27,37,51,63,68,79,91,98. Ал бұл көрсеткіш өз кезегінде мына денгейде болса (26-65) 26-52 қалыпты болып табылады.
2. сыртқы бақылау көрсеткіші мына жауаптар шегінде есептелінеді: 25,36,52,70,71,73,77. Бұл көрсеткіш мына денгейде (18-45) 18-36 қалыпты болып табылады.
ж) 1. басымдылыққа ұмтылу көрсеткішіне келетін болсақ, бұл мына жауаптар бойынша есептелінеді: 58,61,66. Ал ол мына денгейде (6-15) 6-12 қалыпты болып табылады.
2. бағыну көрсеткішіне келетін болсақ, бұл көрсеткіш мына жауаптар бойынша есептелінеді: 16,32,38,69,84,87. Бұл мына денгейде (12-30) 12-24 қалыпты болып табылады.
з) эскапизм (мәселеден қашу) көрсеткіші мына жауаптар бойынша есептелінеді: 17,18,54,64,86. Ал бұл көрсеткіш мына денгейде (10-25) 10-20 қалыпты болады.
Нәтижені өңдеуде белгісіздік зонасы әрбір шкала бойынша жас өспірімдер үшін көрсеткіштер жақша ішінде беріледі, ал ересектерге арналған көрсеткіштер жақшасыз берілген. Белгізіздік зонасына "дейінгі" нәтиже - өте төмен деп саналады. Ал белгісіздік зонасынан "кейінгі" нәтиже - өте жоғары деп саналады.
Қарым–қатынасты дамыту үшін әртүрлі тренингтік сабақтар, оның құрылым компоненттері, әдіс-тәсілдері қарастырылады. Алайда тәржірибеде қатаң ескеруді керек ететін, тренингтік сабақтарды тиімді ұйымдастырудағы жекелей мәселелер шешілуі қажет.
Тренингтік сабақтарды ұйымдастырып өткізудің жалпы шарттарын сақтаумен қатар, жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік және ұлттық психология ғылымдарының мәселеге қатысты негіздері мен өз тәжірибемізді саралай отырып 19-21 жастағы қазақ және орыс студенттерінің қарым-қатынасын жетілдіруге арналған тренингтік сабақтарды тиімді ұйымдастырудың жағдайларын құрастырдық. Мұнда ең алдымен тренингтік сабақтардың басты принциптеріне сүйендік. Өткізудің тәртіптері жасалды. Тренингтік сабақтардың барысы студенттердің бәсекелестік емес, жарыстық сипаттағы ойындар болуы қатаң ескерілді. Бұл әрбір тапсырма, ойын топтың іс-әрекеттің негізінде студенттердің бір-бірінен үйренуіне, бірнеше рет көріп, байқап, дағдылануына мүмкіндік береді. Сондықтан студенттердің жарысудағы белсенділігін қолдап, қоштап отырдық.
Әрбір тренингтік сабақтың жағымды эмоциялық фонда жүргізілуін қамтамасыз ету керек. Ол үшін балалардың қимыл-қозғалысына, жүріс-тұрысына еркіндік беріледі, оның күлуі, дауысын қатты шығарып, белсенділік танытуы қалыпты болып саналады. Ал, керісінше, дәстүрлі оқыту атрибуттары орнынан тұрып сөйлеу, қозғалмай, тік отыру, дауысты қатты шығармау т.с.с. – тренингтік сабақтар үшін тиімсіз, адекватты емес болады.
Адамның жеке басының даму заңдылықтары өз халқының құндылықтарына, мәдениетіне байланысты. Ал тренингтік сабақтардың барысы студенттердің өзін-өзі тануын, адекватты бағалауын мақсат етеді. Тек сонда ғана қарым-қатынасты жетілдіру мүмкін болмақ. Олай болса бұл жағдайлар қиылысуынан шыққан тәртіп, тренингте студенттердің өз мәдениетіне, құндылықтарына орай материалдарды қолдану. Сонымен қатар студенттермен тренингтік сабақтарды ұйымдастырып, өткізуде:
а) студенттердің тренингтік тобын құру және тренингтік сабақтарды өткізу жағдайларына;
ә) қарым-қатынасты жетілдірудегі тренингтік бағдарламаның, сценарийлердің мазмұнына;
б) тренинг жүргізуші позицияларына басты назар аударылды.
Бірінші аспект бойынша жасалатын шараларға тоқталайық.
Тренингтік топта 20 студенттен артық болмады. Тренингтік сабақтардың студенттердің жұп санымен ғана өтуін тиімді деп санаймыз. Сонымен қатар, әрбір тренингтік топтарға тек жас шамасы бойынша қатарластар жинақталынып алынды. Тренингтік сабақтардың тиімділігіне топтағы ер балалар мен қыздардың сандық құрамы да әсер етеді деп санадық та, топтың жыныстық жағынан гетерогенді болуына назар аудардық. Сонымен қатар, әрбір тренингтік топтағы қыздар мен ер балалардың әрқайсысының саны үштен кем болмауы жөн.
Басқаша айтқанда, тренингтік топта бір немесе екі қыз, не ер бала ғана қатынаспауы қажет. Біздің тренингтік топтағы қыз балалар мен ер балалар саны тең болды. Бұл ер адамдар мен әйелдерге тән мінез-құлық, жүріс-тұрыстың адекватты үлгілерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар топтың жыныстық жағынан гетерогенді болуы топ ішіндегі қарым-қатынастың эмоционалды тойымды, толық болуын қамтамасыз етеді, талдау сәттерінде әртүрлі позицияларды шығарады. Студенттердің тренингтік топ құруда студенттердің бір-бірімен таныс, бір ресми топ мүшелері болуын ескердік.
Тренингтік сабақтар студенттердің үйреншікті іс-әрекет аймағында (аудиторияларда, саябақтарда) жүргізілді. Сабақтар бөлек, әдейілеп ыңғайластырылған бөлмеде өтті. Әртүрлі кедергілерден сақтану үшін, бөлме есігінің ішкі ілгегі ішінен жабылуы қажет. Бөлменің студенттердің еркін қозғалуына, ойнауына, барлығының дөңгелене, қысылмай отыруына және бөлменің осыдан кейін бір жартысы бос тұруына мүмкіндік болатындай етіп таңдалынып алынды. Тренингтік сабақтарға үстел, парталардың қажеті жоқ. Әрбір күнгі сабаққа екі сағаттық астрономиялық уақыт қажет. Мұнда студенттердің психологиялық, физикалық, физиологиялық жағдайларын ескере отырып, үзіліс сәттері жасалды. Үзіліс уақыттарын тренинг барысында реттеп отырдық. Дегенмен ол 15 минуттан артық болмауын ескердік.
Студенттерге бағыттап, құрастырған тренингтік жұмысымыздың бағдарламасы 10 кездесуге, яғни 10 күндік сабақтарға арналды.
Ал тренингтік сабақтар жиілігіне келсек, аптасына екі рет тренингтік сабақ өткізу ең ыңғайлы вариант болатыны анықталды.
Бұл жағдай, біріншіден, студенттердің жаңа формада ұйымдастырылатын іс-әрекетке деген қызығушылықтарын ұзақ мерзімге сақтауға, жаңалыққа «тойынып қалу» феноменінен, шаршаудан, қажудан сақтайды.
Екінші жағынан, студенттерге біртіндеп тренингтік әсер болады да, оларды жаңалықтық эффектісіне бар мәліметтердің негізінде абдырап, енжарлыққа бой ұрып қалмауға мүмкіндік береді. Ең соңында, студенттердің тренинг жүргізушіге бауыр басып қалып, өздерінің бұрыңғы, тренингтен тыс болатын іс-әрекеттерінен, педагогтарынан аулақтап кетуден сақтайды.
Тренинг сабақтарының алдында әрбір студент психологиялық тестер арқылы алдын-ала анықтаудан (диагностика) өтті. Әдістеме педагогқа ұсынылды. Педагог белгілі бір кесте бойынша студенттің қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне қатысты сұрақтардың ұсынылған жауаптарын таңбалап отырды.
Зерттеу нәтижесін өңдегенде студенттердің мәдениетті қарым-қатынас жасау дағдыларының қалыптасу көрсеткіші ретінде студенттің:
Байсалды, байыппен тілдесе алуы;
Басқаларға құрмет таныта алуы;
Ересектерге, студенттерге еңбегі мен демалысына қатысты қамқорлық көрсете алуы;
Ересектердің, студенттердің өтініші мен тапсырмаларын пейілімен орындауы;
Топта педагог, тәрбиеші болмаған сәттерде де мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережесін сақтауы;
Басқа студенттерге мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелерін достық пиғылымен ескертуі;
Қоғамдық орындарда ұстамдылық көрсетуі;
Өзіне көпшілік назарын аудара қоймауы;
Айқайлап сөйлемеуі саналды.
Тренингтік сабақтардың мазмұндық аспектісін қарастыралық. Бұл тренинг бағдарламасын анықтау болып табылды. Бағдарлама алдыңғы тарауда талданылған тренингтердің нақты бір түріне ғана қатысты емес. Біз ұйымдастырған тренингтік сабақтар студенттердің қарым-қатынас дағдылары мен біліктерін жетілдіруге арналған дағдылар тренингі болып табылады. Бұл психотерапия да, сензитивті тренинг те емес құрылымдық бағдарлама болды.
1-ші сабақтың тақырыбы: «Өз атыңды кеңістікте жазу» деп аталады. Бұл әдісті сабақтардың басында, әсіресе студенттермен вербалды қарым-қатынас жасауда қолдану тиімді. Себебі алғашқыда студенттер өздерін сенімсіз ұстайды және сурет сала алмайтындығын айтады. Ал бұл әдіс арқылы олар қатты қысылмай аттарын жаза алады. Атын жазған соң оны әр түрлі етіп бояп, безендіруді ұсыну керек.
2-ші сабақтың тақырыбы: «Кеңістікте сурет салу» деп аталады. Бұл сабақта бірнеше конфликттілік жағдайлар беріледі. Қатысушылар осы жағдайларды бейнелеп, кейін оны талдау керек. Осы сабақтың негізгі мақсаты қатысушылар конфликт себептерін анықтауға үйренеді, өздерінің жағымды жақтарын көре алады және бағалай алады. Бұл жаттығуды топпен де жұппен де орындауға болады. Топпен орындау кезінде қимыл мен оның қарқынының жүргізуші өзі ұсынады, ал кейін қалау бойынша топ мүшелеріне беріледі.
3-ші сабақтың тақырыбы: «Соқыр және жетекші». Қатысушылар екі жақты келісім негізінде немесе кездейсоқ түрде құрылады. Жұптарды кездейсоқ құру үшін қатысушыларға көздерін жұмып, тыныштықта жайлап кеңістікте қоғалу ұсынылады. «Соқыр» кіммен бірінші соқтығысса сол адамды «жетекші» етіп алады. Бұл жерде ең бастысы вербалды емес әрекеттесу. Рөлдермен ауысып жаттығуды түрлі нұсқада қайталаған соң, бірінші жұппен кейін топта алынған тәжірибе, соның ішінде өзара сенім тәжірибесі талданып талқыланады, қатысушылар осыдан алған (сезімдері, ойлары) әсерлермен бөліседі. Бұл сабақтың негізгі идеясы әр конфликттік жағдайда позитивті шешім бар.
4-ші сабақтың тақырыбы: «Шеңбер ішіне сурет салу» немесе «Мандала» әдістемесі. Арт-терапиялық сабақтарда қолданылатын бейнелеудің техникасы ретінде мандалды салу шеңберде сурет салумен байланысты, онда автордың жекелік ерекшеліктері көрсетіледі. Оның психикалық қалпы, өзіне және әлемге деген қатынасы сонымен қатар саналанбаған қажеттіліктер мен даму тенденциялары.
Шеңбер ішіндегі сурет салу оған талдау жасаудың психологиялық интеграциясы және бағалаудың құралы ретінде оны ең бірінші рет К.Юнг қолданды. Ол мандал салу және визуализацияның негізінде жатқан және соған сәйкес эффектілердің кейбір психологиялық механизмдерін бейнелеп көрсетті. Ол түстерде, елестерде және клиенттердің суреттеріндегі доамалақ немесе сфералық бейнелер психикалық даму процесінің ерекшеліктерін талдай отырып клиентке өз дамуының процесін түсінуге көмектесумен қатар даму процесімен байланысты кризисті қалыптарды жеңуге көмектесетін психологиялық механизмдерді активтендіруге көмектеседі.
Шеңбер ішіндегі суреттің өлшемі әртүрлі болуы мүмкін және онда түрлі материалдарды қолдануға болады майлы бояулар, қарындаштар, фломастерлер, акварельді бояулар. Сонымен қатар мандалды топырақтан, балшықтан, дәнді дақылдардан, тастардан, жемістерден және т.б. жасауға болады.
Бір жағдайларда клиентке шеңбер ішіне өз қалауы бойынша сурет салуына мүмкіндік беріледі, ал кейбір жағдайларда жұмыс жүйесінің құрылуы қатал болуы мүмкін. Мандал авторына өзінің өткен, қазіргі және болашақ өмірі туралы немесе жыл мезгілдерін салу ұсынылады. Мандал салуда психикалық қауіпсіздік атмосферасы, сананың бақылауының әлсізденуі және сурет салу кезіндегі созылған фокусировканың мәні зор. Ол мандал салудағы клиент қалпының ерекшеліктері шынайы түрде көруге және психиканың саналанбаған элементтерін көруге сонымен қатар жүйенің терапиялық, үйлесімділік функциясын нығайтуға мүмкіндік береді.
5-ші сабақтың тақырыбы «Пайдалы кеңес» деп аталады. Бұл сабақта қатысушылар туралы қосымша дианостикалық мәліметтер жинауға көмектеседі. Мұнда алдын ала түрлі-түсті қағаздан жасалған үшбұрыштың, төртбұрыштың, дөңгелектің үлгілерін жасап қойған дұрыс. Мұндай жағдайда қатысушы өзінің көңіл-күйінің түсін ғана емес, сәйкес форманы да таңдай алады. Мұндай белгі киімге жабыстырылып психолог үшін индикатор рөлін атқарады. Сол мезетте эмоцияның тренинг арқылы өзгергенін форманың өзгергенінен көруге болады. Негізгі идея шиеленіс жағдайдан абыройлықпен шығу әркімнің өз қолында.
6-шы сабақтың тақырыбы «Айна» деп аталады. Бұл жаттығуда бір қатысушы көшбасшы, екіншісі оған бағынушы адамның рөлін ойнайды. Өз атынан белгілідей көшті көшбасшы бастайды, ал бағынушы оның істегенін қайталауға тырысады. Екеуінің сезімдері мен ойлары және қайғыруларынан талқылап болған соң рөлдердің ауысуы болады. Жаттығудың аяғында қатысушылар өздерін қай рөлде жағымды сезінгендерімен бөліседі.
7-ші сабақтың тақырыбы «Оған қарсы қадам жасау». Мұнда әрбір сабаққа қатысушылар өздерінің конфликт жағдайға түскенде оған қарсы достық қол ұшын беруге үйренеді. Топта жағымды эмоция құруға көмектеседі.
Қарым-қатынас тренингі мақсаты: Қарым-қатынас маңыздылығын тренингке қатынасушыларға ашып көрсету. Қарым-қатынас техникаларымен таныстыру. Тренинг туралы жалпы түсінік беру.
1. Жаттығу. « Тропикалық жаңбыр» ойыны.
2. Тренинг туралы жалпы түсінік. Оның ережелерімен принциптері.
3. Танысуға арналған ойындар.
Жүргізілу жолдары: Топ шеңбер болып тұрады.Ойынға қатынасушының бірі өз атын айтып қандай да дыбыс шығарады. Келесі қатынасушы өз атын айтып өзгеше дыбыс шығарады да алдыңғы ойынға қатынасушының атын және дыбысын қайталайды. Осылай барлық ойынға қатынасушылар өзінің атын айтып, өзгеше дыбыс беріп, алдындағы адамдардың аты мен дыбысын қайталайды. Осы әдіс ең соңғы ойынға қатынасушыға дейін барып, ол барлығын қайталау керек.
4. Қарым-қатынас дегеніміз не? Оның функцияларымен құрылымы. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Тұлғааралық қарым-қатынас үшін маңызды қасиеттер.
Тест «Коммуникативтілік».
5. Ойындар:
«Сыйлық» ( ойынға қатынасушылар ешбір сөзсіз жестикуляцияның
көмегімен келесі ойынға қатынасушыға қандай да сыйлық сыйлайды. Соңында оған не сыйлағанын сұрап, қаншалықты дұрыс түсінгенін анықтау).
« Комплимент» (Топ мүшелері ішкі және сыртқы шеңбер құрайды.
Ішкі шеңбердің топ мүшелері орнында тұрады да, сыртқы шеңбердің топ мүшелелері ішкі топтағы адамдарға комплимент айтып, жүргізушінің айтуы бойынша келесі адамға жылжып отырады).
«Эмоционалдық күй» (әрбір ойынға қатынасушы карточкаға
жазылған эмоционалдық күй беріледі, ол осы күйді мимикасының көмегімен көрсетуі керек. Топ мүшелері қандай күй екенін анықтауы керек).
«Менің қожайыным» ( әрбір ойынға қатынасушы өзінің жақсы
көретін затын алып, сол заттың атынан өзі туралы 3-жақты айтып береді
«Мен кіммін» әдістемесі.
Бұл әдістеме өз-өзіне қатынасын зерттеу техникасына байланысты. Осы әдістемеде зерттелушіден 12 минут ішінде өзіне тиісті «Мен кіммін» деген сұраққа әртүрлі жауап беруін сұрайды. Ондағы жауаптардың қатары өздері спонтанды түрде пай бола береді. Сонымен қатар, зерттелушіден логикаға берілмей, мазмұндама сияқты болып кетпеуін талап етеді.
«Мен кіммін» әдістемесін өңдеу үшін біз контент-аналитикалық процедураға сүйендік. Осы контен-аналитикалық процедурада тексттің мазмұнын сипатының нәтижесіндегі өзін-өзі бейнелеуді талдадық. «Мен кіммін» әдістемесі бойынша зерттелушінің өзін-өзі сипаттауының тіркелген категориялары нәтижесінде біз мынандай талдау категорияларын қабылдадық, әлеуметтік мінездемелер, психологиялық қасиеттер, мінез-құлықтық және биологиялық ерекшеліктер сияқты категориялар.
1. Әлеуметтік мінездемелер – бұл өзінің жынысы туралы, жасы, әлеуметтік статусы, профессионалды тиістілігі, ұлты тағы басқалар сияқты зерттелушінің берген өзін-өзі сипаттауы.
2. Психологиялық қасиеті – зерттелушінің өзінің сапалары, қабілеттері, мүмкіншіліктері, болашаққа деген жеке жоспарлары туралы берген сипаты.
3. Мінез-құлық ерекшеліктері – бұл зерттелушінің өзінің мінез-құлық сипаттарына көңіл бөлуі, қылықтарына, тілектеріне, қиындықтарына және тағы басқа берілген сипаты.
4. Биологиялық ерекшеліктер – сол кездегі зерттелушілердің өзінің физикалық мінездемелерін сыртқы келбетімен, сұлулығымен, күштілігімен және тағы басқа бейнелеуі.
