Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отепберген Мадина.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
272.55 Кб
Скачать

1.2 Психология ғылымындағы бейімделу ұғымының теориялық сипаттамасы

Адам, қоғам және олардың арасындағы байланыс та үнемі түрленіп, дамып, өзгеріп отыратын күрделі құбылыстар. Кез келген қоғамның қандай болуы оны құраушы субьектілердің күш-жігеріне байланысты. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде, әлеуметтік-гуманистік ғылымда жастар мәселесі ауқымды орынға ие. Соңғы жылдары жүргізілген түрлі әлеуметтік, психологиялық зерттеулер жастар бойында жалпы құндылық, нормативті дағдарыстың бар екенін көрсетіп отыр. Қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында, күрделі экономикалық және саяси өзгерістер жастар ғана емес, жалпы адам психикасына елеулі әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты адамның бейімделуін зерттеу адам мен оны қоршаған орта қатынасының динамикасын күшейтетін факторлардың өсуімен, қоғамның адамға қоятын талаптарының көбеюімен, сондай-ақ психология ғылымының негізгі зерттеу обьектісі – тұлға, оның қалыптасуы мен дамуы мәселесінің маңыздылығымен байланысты ерекше ауқымды орын алып отыр.

Психология ғылымында бейімделу теориялық сипаттамасында адам кез-келген жағдайда өзін жақсы сезінуі үшін, әр түрлі жағдайларға икемделе, бейімделе алуы өте маңызды болып табылады деп қарастырылған.

Латын тілінен аударғанда «бейімделу» - икемделу, үйлесу деген мағананы береді. Казырғы уақытқа дейін «бейімделу» түсінігін нақты бір ашып түсіндіретін анықтамасы жоқ. Ағылшын ғалымы Проссердің айтуынша, оның көп мәнділігі сонша, әрбір зерттеуші өзінің зерттеуіне байланысты әр түрлі жауап қайтарады деген.

Бейімделу процесі аса динамикалы болып табылады. Оның жетістігі көбіне обьективті, субьективті оқиғаға, функционалды жағдайға, әлеуметтік тәжірибеге, өмірлік бағдарға және т.б байланысты.

Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық бейімделу мәселесі психология ғылымындағы және психология ғылымының басқада аймағындағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық мәселесі ауқымды түрде теориялық және қолданбалы маңызды иеленеді. Адамды қоғамға, әлеуметтік топқа және ұжымға енгізудегі, адам мен әлеуметтік тәжірибені меңгеру механизімінде, қарым – қатынас және мәдени тәжірибелерге бейімделу және әлеуметтену процесі маңызды механизм болып табылады [7, 219].

Адамның бейімделу ерекшелігі «әлеуметтік әлемге бірте–бірте енуі мен мінез–құлық, жүріс–тұрыстың әлеуметтік ережелерін менгеру процесі мен адамның әлеуметтенуі мен байланысты болады. Негізінде әлеуметтік бейімделу әлеуметтенудің маңызды механизімі болып табылады.

Психологиялық әдебиеттерде осы екі түсінік қатынасы жайлы түрлі пікірлер айтылады. М.Шайхова бойынша әлеуметтену өзіне бейімделу түсінігін енгізеді.

Әлеуметтену, тұлғаның бейімделуі жақын түсініктер, бұлар қоғам мен тұлғаның өзара әрекеттесуінің бірінғай процесін сипаттайды, сондай–ақ әлеуметтену түсінігі бейімделу түсінігінен аумақты болып табылады.

Әлеуметтену – тек тұлға болуы мен жалпы дамуы мен ғана жиі байланысады, ал бейімделу – қалыптасып қойған тұлғаның икемделу процесі мен байланысады. «Бейімделу және әлеуметтену» түсінігінде мазмұнына байланысты мәнді айырмашылықтар бар. Бейімделу адамның жаңа заттық іс - әрекет жағдайына икемделуі, дағдылануы, ал тұлғаның әлеуметтенуі тұлғаның қалыптасу процесінен көрінеді [40].

Әлеуметтену тұлғаны қоғамдық қарым–қатынас жүйесіне енгізу, сонымен қатар қоғамдық қалыптасқан іс-әрекет тәсілдерін менгеру. Соны мен әлеуметтенудің негізгі функциясы - индивидтің қоғамда қалыпты функциялануын қамтамасыз ету. Сәйкесінше әлеуметтік – психологиялық бейімделу процесіне темперамент ерекшелігі мен құндылық бағдары мен қызығушылығы, тұлғаның ішкі құрылымдық іс-әрекеті және қоғамдық белгіленген мінез–құлық пен жетеді.

М.И.Бобнева әлеуметтену мен әлеуметтік–психологиялық бейімделу процесі тығыз өзара байланысқан деп көрсетеді. Психологиялық механизімдер бейімделу процесінде тұлғаның әлеуметтік орта мен өзара әрекет етуін жеке алғанда, жанама түрде тұлғаның мотивацялық құрылымы, психикалық құрылымы, кейбір даралық ерекшеліктер индивидтің әлеуметтену процесінде әлеуметтік жағдайдың әсері мен құрылады. Тұлғаның әлеуметтенуі тұлғаның қоғамда нақты бір ұжымда бейімделуі үшін қажетті жағдай болып табылады.

Л.Д.Столяренко тұлғаның әлеуметтену сатысын қарастырғанда, бірінші сатыны – біріншілік әлеуметтену немесе бейімделу сатысы деп көрсетеді. Адамның әлеуметтік бейімделуі жеке позицияны, әлеуметтік статусын түсінуін, сондай–ақ оны мен байланысты рөлдік мінез–құлық түрі ретінде жалпы топтық міндеттерді шешу процесінде тұлғаның дара ерекшеліктерін жүзеге асыруды қарастырады .

Тұлғаның бейімделуі немесе бейімделе алмауының сипаты мен денгейі көбінесе адамның биологиялық, физиологиялық, психикалық қасиеттеріне және оның әлеуметтік дамуына байланысты.

Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі ережелерді қайта орнатуға, әлеуметтік пайдалы қарым–қатынас, мінез–құлық, іс-әрекеттің өзгеруіне бағытталған. Психологиялық бейімделу - әлеуметтік қажетті құндылық бағдар және мінез–құлықты меңгеру, әлеуметтік ортаның күтілімдері мен тұлғаның бағыттылығын, бағдарын жақындаттыру. Бейімделудің әлеуметтік және психологиялық жақтары бір – бірі мен үздіксіз байланыста [31].

Әлеуметтік бейімделу процесінің негізі - әлеуметтік ортаның оған ұсынатын талаптарына тұлғаның мінез–құлық, жүріс–тұрысы және іс-әрекетінің сәйкестенуі, яғни әлеуметтік күтілімдер жүйесіне мінез–құлықтың сай болуы. Сәтті әлеуметтік бейімделуі, ол тұлғаның ортаға әлеуметтік–психологиялық бейімделуіне негіз болады.

Негізінде көптеген адамдар басқа елден білім алуға, жұмыс істеуге талпынады, осыған байланысты Г.Триандис (1994) бейімделу процесінің бес кезеңін бөліп көрсетеді.

Бірінші кезең, «бал айы» деп аталады, ол көтерінкі көңіл күй, үлкен үміттің көрінуі мен сипатталады. Бірақ бұл кезең жылдам екінші кезеңге өтеді.

Екінші кезең, жаңа ортаға енуде ортаның теріс әсерлерінің әсер ете бастауы. Көптеген жағдайда көңілдері толмай, барлық нәрседен көңілдері қалып, тіпті бұл жағдай кейбір кездерде фрустрация мен депрессияға өтіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда көбі нақтылықтан қашуға тырысады.

Үшінші кезең - қиын қыстау кезіңіне жетуі мүмкін, ауыруларды және толық әлсіздікті сезінеді. Жаңа ортаға сәтті бейімделе алмаған адамдардың көбі келген жеріне қайта оралады.

Төртінші кезең - депрессия – оптимизацияға ауыса бастайды да өзіне деген сенімділік және қанағаттану сезімін сезіне бастайды. Адам өзінің икемделе бастағанын сезіне бастайды. Берри терминалогиясы бойынша – бұл кезең толық немесе ұзақ кезең деп аталады. Ортаның талабына индивидтің тұрақты өзгеруі. Бейімделу процесіне орта мен индивид өзара сәйкестікке келеді. Осы кезеңді бейімделу процесінің аяқталуы деп те айтуға болады.

Әлеуметтік – психологиялық бейімделу адамның дара ерекшеліктері мен және қоғамдағы тұлғаның бағыты мен байланысты күрделі құбылыс. Қоғамда тұлғаның бейімделуі үшін қоғам және тұлғаның міндеттері, мақсатының ұқсастығы, пікірге қосылуы ерекше болып табылады.

П.Г.Белкин ойы бойынша – әлеуметтік–психологиялық бейімделу даралықты дамыту жағдайларының бірі. Даралылықтың тұрақты қырының болуы бейімделу процесінің жетістігінің бір көрсеткіші. Бірақ кейбір жағдайларда нақты осы даралық сол немесе басқа топта тұлғаның бейімделуіне кедергі келтіруі мүмкін.

Бейімделу механизімінің құрылу денгейі даралықты дамыту жағдайын қамтамасыз етеді. Өмір әрекеті процесінде бейімделу механизімінің құрылуы автоматтандырылған әдет, дағды, мінез – құлық, бейсаналы аймаққа өтеді. Бұл даралықтың дамуы үшін шексіз мүмкіншілікті ашады.

Тұлғаның әлеуметтену процесінің жетістігінің алғы шарты адамның дара ерекшеліктері мен әлеуметтік – психологиялық бейімделудің жанама түрде болуы.

Әлеуметтік–психологиялық бейімделу түсінігіне қысқаша қарастыратын болсақ, жеке адам мен топтың өз ара қатынасының жағдайын жеке адам созылмалы емес ішкі және сыртқы қақтығыстарсыз басты әрекетке сәтті қосылуы, негізгі социогенді қажеттіліктерді қанағаттандыруы, оның топ ұсынатын ролдік күтілімдеріне қарсы шығуы, өзінің ісін көрсету және шығармашылық қабілеттерін еркін көрсету жағдайы әлеуметтік–психологиялық бейімделу деп аталады [12,122].

Сонымен әлеуметтік психологиялық бейімделу – толық әлеуметтенудің бір жолы болып табылады екен.

Тұлғаның бейімделе немесе бейімделе алмауының өзі көбінесе адамның биологиялық, физиологиялық, психологиялық қасиеттеріне және оның әлеуметтік дамуымен байланысты болады.

Әлеуметтік бейімделу процесінің негізі – әлеуметтік ортаның оған ұсынатын талаптарға тұлғаның мінез - құлқының, жүріс – тұрысының және іс-әрекетінің сәйкестенуі яғни, әлеуметтік күтілімдер жүйесіне мінез – құлықтың сай болуы. Сәтті әлеуметтік бейімделу тұлғаның ортаға әлеуметтік – психологиялық бейімделуіне негіз болады. Сондықтан бейімделудің әлеуметтік және психологиялық жақтары бір-бірімен байланысты болады.

Адам іс-әрекетінің психологиялық аспектісін қарастырғанда ол қоршаған ортадан тыс жүзеге асырылмайтындығы бізге мәлім. Сыртқы ортаның құбылысы үнемі адамға белгілі әсер етеді және оның іс-әрекетінің жүзеге асырылу жағдайын анықтайды, кейде жиі олардың әсері теріс сипат берері қақ.

Көне грек философы Эпидокл өсімдіктер мен жануарлар эволюциясы жайлы гипотезасын қарастырғада ең алғаш өмір сүру мен икемделу түсінігін көрсеткен. Ол түсініктер биологтар мен бейімделу деп түсіндіріледі. Психикалық икемделу мәнділігі жайлы ойында Г.Спенсер психиканы әлеуметтік ортаға енудегі маңызды құрал ретінде зерттеуге бағыт береді.

Алғаш тірі ағзаның тұтас жүйе ретінде функциялану мәселесін зерттей бастаған француз физиологы К.Бернар еді. Оның гипотезасы бойынша функциялану кез келген тірі ағзаға, соның ішінде адамға да тән, олар өздерінің өмір сүруі қолайлы болу үшін ағзаның ішкі орта параметрлерін үнемі сақтайды, ол өз кезегінде орындалады өйткені барлық жүйелер және ағзаларда өтетін процестер тең жағдайда өтеді. Осы теңдік сақталып тұрғанша ағза өмір сүріп әрекет етеді. Бұндай жағдайда ішкі ортаның тұрақтылығы Бернар бойынша ол – еркін өмір шарты деп аталады. Бернар ойынан кейін ағзаның ішкі орта тұрақтылығын американдық физиолог У.Кэннон мен қолданылып дамыды. Ол оны гомеостаз қасиеті деп санады. Гомеостаз – қандайда бір жүйенің қозғалмалы теңдік жағдайы, осы теңдік сыртқы орта факторларының бұзылуына қарсы әрекет ету жолы мен сақталады.

Кез келген тірі ағза да белгілі ортада өмір сүреді, ол сыртқы ортадан міндетті түрде өмірге қажетті компоненттерді үнемі алуға мәжбүрлі. Тірі ағзаны сыртқы ортадан шектеу, оның өлуіне әкеледі. Сондықтан тірі ағза ішкі теңдікке жетуге талпынуда, ол бір уақытта тұрған орта жағдайына бейімделуі керек. Осы құбылыс «бейімделу» түсінігінің сипатын анықтайды. К.Бернар жұмысынан бастап бейімделуді теңсіз жүйелер аралығындағы қатынас ретінде қозғалмалы құрылудың жиынтығы деп қарастырылады.

Гештальт психологиясының теориясы бойынша – барлық ағзаны функциялау өзін реттеу принципіне бағынады деп тұжырымдайды. Адамдар табиғи жағдайда пайда болып, қажеттіліктерді саналы түсіну ретінде және оларды пайда болу шегіне, қанағаттануына байланысты өмірде қозғалмалы теңдікті (немесе гомеостазды) ұстап тұрады деп қарастырады.

Гештальт бағытының психологы және щвейцар психологы Ж.Пиаженің интеллектуалды даму теориясында, бейімделуді баланың интелектуалды дамуындағы маңызды процесс ретінде қарастырады. Жаңа мәселелі жағдайда икемделу барысында аккомадация және ассимиляция процесі бірігеді, ал олардың қосылуы бейімделуді білдіреді. Ж.Пиаже аккомадацияны – жаңа ақпаратты меңгеру мақсатында ақыл - ой белсенділік механизімін қайта құру ретінде қарастырады, ал ассимиляция – сыртқы жағдайды иемдену және оны ойша қайта құру деп түсіндіріледі [24].

Адам ағзасы және жануарлар ағзасы қоршаған ортаға туа біткен және жүре пайда болған акт жиынтықтар негізінен икемделеді. Бұл икемделулер дәлме - дәл немесе дәлме –дәл емес болуы мүмкін, олардың көмегімен ағза өзінің өмір сүруін жеңіл – желпі ұстап тұрады.

Медицина дененің кез келген ағзасы қандай да бір функцияны орындауға икемді деп санаса, бихевиорист ғалымдар – біздің ойымыз жәнем мінез – құлқымыздың образы бейімделу ролін алады деген болжам ұсынады.

Психоанализ бейімделу мәселесінің үш түрі мен түйіседі: эго-психология мәселесі ретінде, терапиялық мақсат және педагогикалық мәселе ретінде.

Эго аймағындағы қақтығыстан тәуелсіз зерттеуде, нақтылықты меңгеру міндеттері мен өте немесе тығыз байланысты функцияларды, яғни бейімделуді анғара аламыз. Бейімделу концепциясы қарапайым болғаны мен, ол едәуір көптеген мәселелерді талқылайды [30].

Негізінен адамды жақсы бейімделген деп егер оның іс - әрекетінің өнімділігі, өмір мен рахаттана алу қабілеті және оның психикалық теңдігі бұзылыссыз болғанда айта аламыз. Бейімделу ең алды мен ағза мен қоршаған ортаның өз ара байланысы болып табылады. Бейімделу процесінің толық дамуы өмір сүру үшін қолайлы қоршаған орта және генотип арасындағы өз ара байланыстан туады деп айта аламыз.

Психоанализ ерте қалыптасқан адамның бейімделу құралының және осы бейімделу процесінің арасындағы өз ара қарым – қатынасты зерттеу және индивид пен қоршаған орта арасындағы бейімделу жағдайы индивидке себепкер болу, қоршаған орта мен белсенді тікелей әсер ету процесін талқылауға мүмкіндік береді.

Бейімделу өзгеріс пен болуы мүмкін, яғни индивид ойы оның психо физиологиялық жүйесінде тепе-теңдік өзгерістер болады. Бұл жерде Фрейдтің аллопластикалық және аутолпластикалық өзгеріс жайлы концепциясы орынды болып табылады.

Жануарлар белсенді және мақсатқа бағытталған түрде өзінің қоршаған ортасын өзгертеді (ұя, ін салуда). Бірақта аллопластикалық бейімделу кең түрде тек адамға ғана тән. Бұл жерде екі процесс мәнді болып табылады: адам іс - әрекеті қоршаған ортада адамды функциялауға бейімдейді; ал одан кейін (екіншілік) ол құруға көмектескен қоршаған ортаға адам бейімделеді. Ал үшіншіі бір түрі ол аллопластикалық және аутопластикалық түр пішінге байланыссыз және оны мен толығы мен бірегейлі емес, ол ағзаның функциялануы үшін қолайлы болып табылады [30].

Адам ағзасындағы бейімделудің сыртқы құрылымы қандай деген сұрақта, әлеуметтік концепциядан биологиялық концепцияны бөлектей алмаймыз. Баланың алғашқы әлеуметтік қарым – қатынасы оның биологиылық тепе – теңдігін сақтау үшінде маңызды, сондықтан адамның бейімделу міндеті адамға туғаннан бастап тән. Сонымен қатар адам қоршаған ортаға адамдар мен және өзі мен құралған бөлік пен бейімделеді. Адам қоғамға тек бейімделіп қана қоймайды, ол өзі бейімделетін жағдайды құруға белсенді қатысады. Жаңа әлеуметтік жағдай бейімделушінің жеке басына көптеген талаптар қояды – яғни ортаға сәтті, жекелеген түрде сәтті және сәтсіз енуіне байланысты [32,166].

Ф.Е.Эмери және Акофаның «мақсатты әрекеттер жүйесі» мақаласында индивидті қоршаған ортасына байланысты екі қатынаста қарастырады, яғни ортаға бейімделу днгейіне байланысты сол және басқа денгейді тудыруы.

Жағымсыз әсерлерге ағзаның бейімделу реакциясының қарқындылығы бірқатар жалпы арнайы емес сипатқа ие және ол бейімделу синдромы деп аталады. «Бейімделу синдромы» - стрессордың, яғни жағымсыз әсерлердің созылуы мен күшіне жауап беретін және жалпы қорғаныс сипатына ие жануарлар мен адамдар ағзасының бейімделу реакциысының жиынтығы. Стрессор әсерінен дамитын функционалды жағдай – стресс деп аталады. 1936 жылы Канадалық физиолог Г.Селье «бейімделу синдромының» негізгі симптомдары болып бүйрек үсті қыртысының өсуі, айырша бездің кішіреюі, зат алмасудың бұзылысы жатады. Адам орта балансының бұзылысында белсенді қажеттілікті қанағаттандыруға арналған немесе сол қанағаттану жүйесі мен келісу үшін индивидиумның психикалық немесе физикалық ресурстарының жетіспеушілігі мазасыздық негізі болып табылады. Мазасыздану былайша көрсетіледі

- белгісіз қауіпті сезіну,

- қауіптену және мазасыз күту сезімі,

- белгісіз алаңдаушылық психикалық стрестің өте күшті механизімін көрсетеді. Бұның өзі айтылып кеткендегідей қауіпті сезінуден шығады, өзінің мазасыздану орталық элементін және оның биологиялық маңыздылығын қауіптілік және жағымсыз сигнал ретінде алады.

Мазасыздану қарқындылығы және ұзақтығы бойынша дәлме - дәл жағдай, бейімделу мінез – құлықтың құрылуына кедергі келтіріп, мінез – құлық интеграциясының бұзылуына әкеледі және адамның психикалық ұйымдаспауына әкеледі. Бұл жағдайда мазасыздану кез – келген психикалық стресс пен игерілген мінез – құлық және психикалық жағдайдың өзгеруінің негізінде жатыр [30,67].

Психикалық бейімделу процесінің элементін көрсететін мазасыздық қатарын көрсетуге болады:

- ішкі шиеленісуді сезіну

- мазасызданудың реңі өте айқын емес, тек оның жақындауының сигналы болып ішкі жан дүниесіндегі ауыр дискомфорттың құрылуы.

- гиперстезиялық реакция – үрей өсіп, алдынғы бейтарап стимулдар теріс бейнені алып тітіркендіргіш жоғарлайды.

- өзіндік мазасыздану – қарастыратын қатардың орталық элементі белгісіз үрейді сезіну мен көрінеді.

Қорқыныш – белгілі обьектіде айқындалған үрей. Бірақ обьекті мен байланысты үрейлер оның себебіде болмауы мүмкін, субьектіде үрейді нақты бір әрекеттер арқылы шектеуге болады деген көрініс туады.

Болмай қоймайтын апатты сезіну – мазасыздық бұзылыстарының қарқындылығының өсуі субьектіде сақтанып қалу мүмкін емес деген көрініс туады.

Мазасыз үрейлі қорқу – үрей негізіндегі ұйымдасудың бұзылысы жоғарлайды және мақсатқа бағытталған әрекеттің мүмкінділігі жойылады.

Мазасызданудың күшеюі екі өзара байланысқан бейімделу механизім әрекетінің қарқындылығының өсуіне әкеледі [16,21]

А.А Реан «бейімделу синдромының» даму негізінде үш сатыны бөліп көрсетеді.

1) «Мазасыздану» сатысы – бірнеше сағаттан екі тәулікке созылып өзіне екі фазаны енгізеді; шок және мақсатқа қарсы, сонғысында ағзаның қорғаныс реакциясын жұмылдыру болады.

2) «Қарсыласу сатысы» - ағзаның түрлі әсерлерге тұрақтылығының жоғарлауы. Осы саты жағдайдың тұрақталуына және созылуына әкеледі немесе «бейімделу синдромының» сонғы сатысына - әлсіреу, титықтау сатысына, яғни ағзаның өлуіне әкелуі мүмкін сатыға өтеді». Осы сатылар кез – келген бейімделу процесіне тән.

Осы бейімделу мәселесін зерттеуде А.А.Реан үш бағытты бөліп көрсетеді. Бірінші бағытқа негізінен тұлға мен әлеуметтік ортаның өзара әрекет етуінің психоаналетикалық тұрғысын жатқызуға болады. Негізінде психосаматикалық және психофизиологиялық мәселелер мен байланысты. Толығы мен осы бағыт шеңберінде әлеуметтік бейімделу – сыртқы орта талабына тұлғаның гомеостатикалық теңдігінің көріну нәтижесі ретінде талданады. Бейімделу процесінің мазмұнын жинап қортылған түр-пішіні бойынша сипатталады: қақтығыс – үрей қорғаныс реакциясы.

Психоаналитикалық және психологиялық бағдар жұмысының авторларынан басқа осы тұрғыға жақын Г.Сельенің (1979-1992) жалпы бейімделу синдром концепциясы жүзеге асырылады. Осы бағыт шегінде қақтығыс әлеуметтік ортаның шек қоятын талаптары мен тұлғаның қажеттіліктерінің сәйкестенбеуі ретінде қарастырылады. Қақтығыс нәтижесі болып – жеке тұлғаның үрей жағдайын өзектілеу болып табылады. Осы тұрғыда тұлғаның бейімделу денгейі оның эмоционалды өзіндік көңіл-күй түрі мен анықталады. Осының салдарынан бейімделудің екі денгейін көрсетуге болады: бейімделу және бейімделе алмау.

Бейімделу – тұлғада үрейдің болмауы мен байланысты. Бейімделе алмау – үрей жағдайының көрінуі мен байланысты.

Бұл жерде Э.Эриксон тұрғысына көңіл аудару керек және осы бағыт бойынша әлеуметтік бейімделуді зерттеуде елеулі ерекшеліктер бар. Бұл ерекшеліктер Э.Эриксон бойынша бейімделу процесі формула бойынша сипатталады: қайшылық үрей ортада индивидтің қорғаныс реакцияларының жетіспегендігінен болады.

Екінші бағытта тұлға құндылықтары мен социум құндылықтарының сәйкестенуі қарастырылады. Соны мен бірге бейімделген индивидте белгілі қажетті тұлғалық қасиеттер дамиды деп шамалайды. Бұл тұрғыда: гомеостатикалық кейіп шегінде бейімделу түсінігі сынға алынады. Гуманистік психологияда гомеостаз идеясына қарама – қарсы, тұлға мен ортаның үйлесімді өзара әрекет ету жайлы ой желісі қозғалады. Бұнда динамика ретінде қолданады. Бұл тұрғыда бейімделу процесінің түр-пішінінің сипатталуына қақтығыс-фрустрация – икемделу актілері және де қақтығыс тұлғаланың кез-келген қажеттіліктері мен келісу барысында емес, ол тек тұлғаның негізгі, басты қажеттіліктерді фрустрациялауда пайда болады. Олардың санына А.Маслоудың физиологиялық қажеттіліктері, қауіпсіздік қажеттіліктерін, өзін жетілдіру қажеттіліктерін қосады.

Келесі тұрғыны қарастыратын болсақ, ол тұлғаның «когнитивті психологиялық» концепциялары мен байланысты. Формуласы – қақтығыс - қауіп-қатер - икемделу реакциясы. Когнитивті диссонанс негізінен әлеуметтік өзара әрекет ету процесінде тұдғаның эмоционалды бейімделуінің бұзылысы мен байланысты.

Бұл жерде бейімделу бұзылысы – өзін өзгерту, өзін коррекциялау және өзін дамыту процесінсіз әлеуметтік ортаның бағдар, құндылықтарын, ереже, талаптарын енжар, конфорымды қабылдау.

Осы бөлімдегі шет ел ғалымдарының бейімделу түсінігін қарастыруына тоқталып өтетін болсақ, “бейімделу” түсінігін сипаттайтын құбылыс “гомеостаз”- деп көрсетеді. Гомеостаз – қандайда бір жүйенің қозғалмалы теңдік жағдайы, осы теңдік сыртқы орта факторларының бұзылуына қарсы әрекет ету жолымен сақталады.

Гештальт бағытының психологы және щвейцар психологы Ж.Пиаженің интелектуалды даму теориясында, бейімделуді баланың интелектуалды дамуындағы маңызды процесс ретінде қарастырады. Жаңа мәселелі жағдайда икемделу барысында аккомодация және ассимиляция процесі бірігеді, ал олардың қосылуы бейімделуді білдіреді. Ж.Пиаже аккомадацияны – жаңа ақпаратты меңгеру мақсатында ақыл - ой белсенділік механизімін қайта құру ретінде қарастырады, ал ассимиляция – сыртқы жағдайды иемдену және оны ойша қайта құру деп түсіндіріледі. Осы бейімделу қасиеті адамға туғаннан бастап тән. Сонымен қатар адам қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, ол өзі бейімделетін жағдайды құруға белсенді қатысады [24].

Кез келген тірі жан туғаннан бастап өмірінің соңына дейін қоршаған ортаға жақсы икемделуге тырысады. Бұл қасиет барлық тірі ағзағаларға тән, яғни дем алу, қозғалу, көбею секілді қасиеттері бар ағзаларға тән. Адам өмір сүру барысында үнемі оған қауіп төндіретін жағдайлар мен ұшырасып отырады. Адам өмір бойы үздіксіз – климатқа, қоректенуге, қоршаған адамдарға және стреске икемделеді, яғни барлық тірі ағза қоршаған орта мен үйлесімді болуға тырысады.

Медицина ғалымының дәрігерлері өмір сүруді бейімделу - деп қарастырады.

Соны мен «бейімделу» - түсінігіне тоқталатын болсақ, жоғарыда айтып өткендей «бейімделу» түсінігінің нақты, бір мәнді анықтамасы жоқ. Әр саладағы ғалымдар, зерттеушілер өзінің зертеу бағытына байланысты анықтаманы ұсынады. Соларды қарастыратын болсақ М.И.Бабнева – «бейімделуді» - ағзаның орта мен нәтижелі әрекет ету процесі деп қарастырады.

Ал Ц.П.Караленко «бейімделуді» - ағзаның құрылысы және функциясы, оның мүшелері және ұлпаларының орта жағдайына йкемделуі дейді. Л.Д.Столяренко «бейімделу - адамның қоршаған ортаның түрлі талаптарына ішкі қолайсыздықты сезінбей және орта мен қақтығыссыз икемделе алу қабілеті» - деп қарастырады.

Сондай–ақ, Е.А.Ямбург Т.В.Кучер, В.Н.Дружинин, Е.В.Шорохова, В.И.Курбатова және т.б ғалымдар «бейімделу» түсінігіне өз анықтамаларын ұсынған.

Сонымен «бейімделу» дегеніміз – бұл тірі ағзаның қозғалмалы жүйесінің арқасында, жағдайдың өзгеруіне қарамастан өзінің өмір сүруіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға қажетті тұрақтылықты ұстайтын қозғалмалы процесс.

Көп жағдайда адам тағдыры оның кез келген жағдайда өмірінің туа біткен және қалыптасқан қабілеті, бейімделгіштігі мен анықталады. Жоғары, орташа, төмен бейімді адамдар болады. Бейімділіктің туа біткен негіздері – ол инстинктер, темперамент, дене құрылымы, эмоциялар, туа біткен интелектік талабы, ағзаның физикалық жағдайы және сыртқы көрсеткіштері болып табылады.

Жоғарыда келтіріліп кеткендей «бейімделу» процесі әр түрлі денгейде жүзеге асырылуы мүмкін: Биологиялық, физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік.Осы денгейлердің ішіндегі біздің таңдап алған тақырыбымызға тікелей байланысы әлеуметтік және психологиялық бейімделу денгейіне толығырақ тоқталғанды жөн көрдік.

Сонымен психологиялық денгейде – бейімделу нәтижелі шешім қабылдау ынтасының, ықыласының көрінуі мен жауапкершілікті қабылдыу, ұсынылған әрекеттердің нәтижесінде жүзеге асады. Әлеуметтік бейімделу – бұл әлеуметтік орта мен нәтижелі өзара әрекет ету процесі. Ол әлеуметтену мен байланысты индивид әлеуметтік орта мен өз ара әрекет ету процесі нәтижесінде әлеуметтік механизімдерін меңгеріп және оның бейімделу мәнділігі бар ережелерді үйренеді [18, 123].

Әлеуметтік бейімделу процесін міндетті түрде үш денгейде қарастыру қажет:

1) қоғам (макроорта) – тұлғаның және әлеуметтік – экономикалық, саяси, рухани және қоғамның мәдени дамуына бейімделуі.

2) әлеуметтік топ (микроорта) – адамның бейімделуі немесе керісінше әлеуметтік топпен адамның қызығушылығының түйіспеуі.

3) индивидтің өзі (тұлға ішілік бейімделу) – үйлесімділікке талпыну, ішкі позициясы мен өзін бағалауын басқа индивидиум позициясы мен баланс жасау. Философиялық энциклопедиялық сөздікте бейімделу мәселесі былайша қарастырылады: «әлеуметтік бейімделу - әлеуметтік ортада әлеуметтік топ пен тұлғаның өз ара әрекет ету түрі». «Психологиялық бейімделу – тұлғаның белсенділігі және аккомадация, ассимиляция бірлігі ретінде көрінеді. Орта тұлғаға немесе топқа әсер етеді. Осыдан бейімделу бір уақытта тұлғаның немесе топтың белсенділігін бейімдейді. Бейімделудің бұндай механизімі тұлғаның әлеуметтену процесінде құрылып, оның мінез – құлық және іс - әрекет негізі болып табылады.

Адамдағы бейімделуді зерттеуде оның психикалық денгеиін ескермеу мүмкін емес. Адамның психикалық дамуы қоғамдық процесте, ұжымда, табиғатта болып жатқандарды дұрыс түсінуге, ортаға икемделуіне әкеледі. Бейімделу мүмкіндігінің көлемі немесе мөлшері психикалық және психо – физиологиялық бейімделудің пайда болуы мен байланысты. Соны мен бірге олардың өзгеруіне байланысты басқа биологиялық обьектіге тән икемделу функциясы сақталады. Адамның бейімделуінің жануарлардан айырмашылығы тек ортаға икемделуіне байланысты ғана емес, ең алды мен ол өзің қажеттілігіне сәйкес икемделуі. Белсенді қажеттілікті қанағаттандыру, бейімделу процесінің нәтижелілігінің маңыздысы критериі болады. Бұдан психикалық бейімделуді – адамға тән іс-әркетті орындау барысында қоршаған орта мен тұлғаның үйлесімділігін орнату, индивидтің белсенді қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны мен байланысты маңызды мақсат жүзеге асырылады және адамның іс – әрекетті оның мінез қылығын орта талабы мен сәйкестігін қамтамасыз ететін процесс ретінде анықтауға болады.

Психикалық бейімделу толығы мен процесс болып табылады, өзіндік психикалық бейімделу екі аспектіні қамтиды: индивидиумның орта мен үнемі өзара әсер етуін үйлесімді ету, психикалық және физиологиялық сипаттар арасында дәлме – дәл сәйкестігін орнату.Әлеуметтік топтарда психикалық бейімделуді нәтижелі ететін маңызды фактор болып, әлеуметтік тұтастылық, тұлға аралық қарым – қатынасты орната алу қабілеті болып табылады.Адамның психикалық бейімделуі күрделі икемделу процесі болып табылады. Жағымсыз жағдайлардың әсерінде осы бейімделудің түрі ең бірінші өзгеріске ұшырайды және басқа бейімделу денгейлерінің бұзылысына әкеледі. Психикалық жағдай және оны мен байланысты психикалық бейімделу жағымсыз әсерлердің бас миына бағытталуына байланысты бұзылуы мүмкін және ортаның психогенді әсерлерімендә байланысты [17,54].

Бейімделусіз түрлі климаттық жағдайға, үнемі өзгермелі ауа – райына ағзаның қалыпты өмірлік әрекеттерін ұстап тұру мүмкін емес еді. Бейімделу – барлық тірі және адам ағзасы үшін үлкен өмірлік маңызы бар. Осы тұрғыда А.В.Петровский әлеуметтену процесінде тұлға дамуының үш кезеңін бөліп көрсетеді: бейімделу, даралану, интеграция. Бейімделу денгейі – негізінен балалық кезеңге сәикес келеді, адам қоғамдық қарым – қатынас обьектісі ретінде қарастырылады. Бұл денгейде адам тұлға болуға бағытталады және ереже, талаптарды, белгілер жүйесін менгеру болады. Егер бала бейімделу денгейінен өтпесе және әлеуметтік өмірдің негізін менгермесе, ол одан ары икемделе, бейімделе алуы күрделене түседі.

Даралану денгейі – даралық, жекелік қажеттілігі арқылы туындайтын кейбір жекелену болады. Бұл жерде тұлға қоғамдық қарым – қатынастың субьектісі. Бұл кезең бір адамнан екіншісінен ерекшеленуіне мүмкіндік туғызады.

Интеграция денгейі – ол қоғам мен адам арасындағы белгілі байланысқа жетуді шамалайды. Бұл кезеңде адам тіршілік әрекетінің үйлесімді түрін табады, қоғамда өздігінен жүзеге асырылу процесіне мүмкіндік туғызады. Тіршілік әрекетінің үйлесімді тәсілдері бар, ол нақты адамның бейімделуіне біршама денгейде мүмкіндік береді [22].

Қазіргі кезде бейімделу жайлы түсінік И.П.Павлов, И.М.Сеченов, П.К.Анохин т.б жұмыстарында негіз алған. Бейімделу феноменінің көптеген анықтамаларына қарамастан, обьективті түрде оның негізгі көріністері бар, олар бейімделуді біріншіден – ағза қасиеті; екіншіден - өзгермелі орта жағдайына бейімделу процесі; үшіншіден – «адам – орта» жүйесі мен өзара әрекет ету нәтижесі; төртіншіден – ағзаның талпыну мақсаты ретінде бекітуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бейімделу феноменін қарастыру да екі жалпы тұрғыны бөліп көрсетуге болады.

а) бейімделу оның сыртқы орта жағдайына тұрақтылығын қамтамасыз ететін кез келген тірі өзін реттеуші жүйе қасйеті тетінде қарастырылады.

б) бейімделу динамикалық құрылым, сыртқы орта жағдайына тікелей бейімделу процесі ретінде қарастырылады.

Бейімделу тұлға мен әлеуметтік ортаның өзара әрекет ету түрі ретінде, олардың талап күтілімдері мен келісуі көбіне қоғамдық иеархия жүйесінде анықталатын индивидтің алғашқы, өзін бірегейлендіру жағдайына байланысты. Тұлғаның өзін бірегейлендіруі индивидтің өзі істейтін істі таңдауы мен тұлғаның өзін анықтауына сәйкес жүзеге асуы.

Тұлғаның теріс немесе тіпті әлеуметтік ортаның қылмысты жағдайына икемделуін «жалған бейімделу» деп аталады [9].

Тұлғаның әлеуметтік бейімделу құрылымында келесі компоненттерді бөлуге болады;

  • тұлға іс- әрекетінінен шығатын параметірлері,

  • тұлғаның макро- микро орта мен интеграциялану денгеиі,

  • эмоционалды көңіл күйі.

Осы көрсеткіштерді бейімделу түрінің қасйеті ретінде қолдану тұлғаның негізгі бейімделу денгейін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: жоғары - үйлесімді, жоғары – артық, төмен, бейімделудің бұзылысы.

Осыған байланысты А.Жайтапова (1989) бейімделудің белгісі ретінде тек екі денгейді көрсетеді: толық бейімделу және бейімделудің бұзылысы.

Енді бейімделу бұзылысына тоқтала кететін болсақ. Соны мен бейімделу бұзылысы дегеніміз – қоршаған орта мен өз ара әрекет етуінің бұзылуы, мәселелі жағдайдың күрделенуі және тұлға аралық, тұлға ішілік қақтығыстардың болуы мен көрінетін процесс.

Тұлғаға әсер етуінің ұзақтығына байланысты уақытша, тұрақты жағдайлық және жалпы тұрақты тұлғаның бейімделуінің бұзылысын көрсетеді. Уақытша бейімделудің бұзылысы – жаңа жағдайға ену мен байланысты міндетті түрде бейімделуі керек (мектепке келу, жұмысқа тұру, баланың дүниеге келуі т.б) жағдай. Тұрақты жағдайлы бейімделудің бұзылысы – мәселені шешу барысында арнайы жағдайға бейімделуде қолайлы әдіс – тәсілдерін таба алмауы мен байланысты (кәсіби іс-әрекет жағдайында, жанұя қарым – қатынасы аймағында). Жалпы тұрақты бейімделудің бұзылысы қорғаныс механизімін белсендендіруде тұлғаның тұрақты икемделе алмау жағдайы.

Бейімделу бұзылысының пайда болу себептері болып:

1) созылмалы ауру мен кәсіби мәселелер , ажырасу мен т.б шақырылған психо - әлеуметтік стресті басынан өткізуі.

2) басынан өткізген экстремалды жағдайлар – жарақатты жағдайлар, яғни адамның қайғылы оқиғаларға тікелей өзінің қатысуы болған жағдай;

3) жаңа әлеуметтік жағдайға сәттсіз, қолайлы емес енуі немесе топтағы өзара әрекет етуінің бұзылысы [11].

Қорыта келгенде өмір бойы барлық тірі ағза, соның ішінде адам үздіксіз – климатқа, қоректенуге, қоршаған адамдарға тіпті кәсіби зияндылықтарға және стресске икемделеді дедік. Яғни барлығы қоршаған ортамен үйлесімді болуға тырысады.Ортаның талабына біртіндеп бейімделеді.

Сонымен отандық ғалымдардың В.Н. Дружинин, А.Г Маклаков, Л.Д Столяренко, Е.А Ямбург, М.И Бобнева, Т.В Кучер, Ц.П Караленко т.б ғалымдар бейімделу түсінігіне берген анықтамаларын қорыта келсек былайша анықтама беруге болады. Сонымен бейімделу дегеніміз – тірі ағзаның қозғалмалы жүйесінің арқасында, жағдайдың өзгеруіне қарамастан өзінің өмір сүруіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға қажетті тұрақтылықты ұстайтын қозғалмалы процесс. Сондай-ақ осы бейімделу жоғарыда қарастырылып кеткендей психологиялық, биологиялық, физиологиялық, әлеуметтік денгейлерде жүзеге асады.

Адамның бейімделу мәселесін қарастырғанда психикалық денгейін ескермеи кете алмаймыз. Адамның психикалық бейімделуі күрделі икемделу процесі болып табылады. Осы бейімделу түрі жағымсыз жағдайлар нәтижесінде ең бірінші өзгеріске ұшырап, басқада бейімделу денгейлерінің бұзылысына әкеледі.