- •1 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерінің теориялық негізі
- •2 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерін эксперименталды түрде зерттеу
- •1 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерінің теориялық негізі
- •Ауыл жастарының психологиясы жайлы мәлімет
- •1.2 Психология ғылымындағы бейімделу ұғымының теориялық сипаттамасы
- •2 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерін эксперименталды түрде зерттеу
- •2.1 Ауыл жастарының әлеуметтік – психологиялық бейімделуін зерттеу әдістерін, процедурасын және базасын негіздеу
- •2.2 Ауыл жастарының әлеуметтік–психологиялық бейімделуінің зерттеу нәтижелерін талдау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша а
- •Қосымша ә
- •Қосымша б
- •Қосымша в
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................................................................................................3-5
1 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерінің теориялық негізі
1.1 Ауыл жастарының психологиясы жайлы мәлімет ...........................6-22
1.2 Психология ғылымындағы бейімделу ұғымының теориялық сипаттамасы ..............................................................................................23-35
2 Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделу ерекшеліктерін эксперименталды түрде зерттеу
2.1 Ауыл жастарының әлеуметтік – психологиялық бейімделуін зерттеу әдістерін, процедурасын және базасын негіздеу ..........................................36-46
2.2 Ауыл жастарының әлеуметтік – психологиялық бейімделуінің зерттеу нәтижелерін талдау......................................................................47-60
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................61-62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................63-65
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: “Қазақстан – 2030” деп жатырмыз. Бүгінгі жастар ертең ел тізгінін қолға алып, Қазақстан деген ұлы мемлекетті болашаққа апарар ұрпақтың алдынғы қатарлы арқа сүйер өкіліне айналмақ. “Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе” деген сөз бар. Демек, келешегімізді ойласақ, бүгінгі ұрпаққа жағдай жасауымыз керек-ақ.
Сол ұрпақтың бір буыны ақыл-ойы жетілген, қоғамның саналы мүшесі – бүгінгі студент жастар. Ал студент жастар дегеніміз кім? – ол мектеп табалдырығын келешекке үлкен үмітпен аттап, болашақ маман иесі болуды армандап жоғарғы оқу орындарына келген жастарды айтамыз.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие жұмысының жаңару заманында студенттік кезеңдегі психологиялық жетілудің орасан мәселелері бар. Атап айтқанда, ол қазақ студенттерінің әлеуметтік–психологиялық бейімделу процесін анықтау арқылы олардың жеке басын, кәсіби біліктілігін дамытуға бағыттау.
Қоғамда болып жатқан өзгерістер елімізде және басқа елдерде де дамып келе жатқан білім беру мекемелеріндегі студенттердің қоғамдағы ерекше арнайы әлеуметтік топ болып қалыптасуына алғы шарт болады. Бүгінгі күнде студенттің ролі ерекше мәнділікпен өсіп келеді.
Студенттің әлеуметтік–психологиялық бейімделу сипаты ерекше назар аудартады. Қоғамда студент ең алдымен әлеуметтік жүйенің органикалық түйіні. Екіншіден студенттің ерекшелігі, мінезі, дүниетанымы, қоғамның мақсат талабына сай келеді.
Арнайы әлеуметтік демографиялық топ – жастардан құрылады. Сондықтан студенттерді ерекше әлеуметтік топ деп қарастыру дұрыс болар еді. Студенттің субмәдениетінің ерекшелігі болып студенттік орта, оқу мақсаты, интеллектуалды потенциалы жоғары. Студенттердің танымдық құрылысы оның мінезінің бір ерекшелігі, бұл қазіргі уақытта мақсат бағдарлылықпен жоғарғы әлуметтік бағдарды көрсетеді. Студентті сипаттайтын ең негізгі мінездік ерекшелігіне еңбек, таным және қарым-қатынас, сонымен бірге әлеуметтік рольдерді жүзеге асыруындағы студенттің өмірлік іс-әрекетін ұйымдастыру жатады.
Ал адамның негізгі әлеуметтік потенциялының дамуы үшін студенттік кезең сензитивті болып саналатыны белгілі. Жоғарғы білім адамның психикасына, жеке басының дамуына зор әсерін тигізеді. Жоғарғы оқу орнындағы білім алу кезінде студенттерге жағымды жағдай әсер еткен кезде, яғни әлеуметтік-психологиялық бейімделуі қалыпты денгейде өтсе, ол психиканың барлық деңгейлерінің одан ары жақсы дамуына жағдай жасайтыны анық. Олардың өзі тұлғаның кәсіби бағыттылығын сипаттайтын ойлауды қалыптастырады. Сонымен қатар адамның өмірін қызықпен әсемдікпен қамтамасыз ететін эмоционалдық жағдай студенттің оқу стилі мен оқу үлгеріміне, курстастары, сонымен қатар ұстаздарымен өзара қарым-қатынасына мәнді әсерін тигізеді. Студенттің оқу орнына оптималды бейімділігін қамтамасыз ететін тактика мен жоспарларды жасау үшін бірінші курс студенттерінің өмірлік жоспарлары мен қызығушылықтарын, басым мотивтерінің жүйесін, тартымдылық деңгейін, өзін бағалауын, мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін және т.б. білу маңызды. Осы мәселені сәтті шешу жоғарғы оқу орнының психологиялық қызметінің дамуымен байланысты.
Көпшілік бірінші курс студенттері кеше ғана мектептегі мұғалімдерінің назары мен қамқорлығын сезінген, олар оқу орны жағдайында алғашында дискомфортты сезінеді.
Әр студенттің бейімделу үрдісі әр түрлі жүреді. Әдетте, барлық оқу орындарында бірінші курс студенттерін оқу орны жағдайына бейімдеуге көмектесетін арнайы іс-шаралар жүйесі жоспарланады. Маңыздырақ іс-шаралар қатарына «Студенттерге арнау», «Мамандыққа кіріспе курсының оқытылуы” “Тренингтік ойындар” жүргізіледі.
Қазақ студенттерінің мінездік қалыптасуы болашақ қоғамымыздың толыққанды құрылымдық сатысын құрайды. Сондықтан студенттің әлеуметтік-психологиялық бейімделу ерекшелігінің қоғамда болып жатқан құбылыстарға сай қалыптасуы өте маңызды болғандықтан зерттеудің мәселесі етіп алдық.
Осыған орай біз өзіміздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын – «Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік–психологиялық бейімделуін зерттеу» деп алдық.
Зерттеу мақсаты: ауыл жастарының қалаға әлеуметтік–психологиялық бейімделуін анықтау.
Зерттеу нысаны: ауыл жастарының қалаға бейімделуі.
Зерттеу пәні: әлеуметтік – психологиялық бейімделу ерекшеліктері
Зерттеу болжамы: егер, ауыл жастарының қарым-қатынаста ашық болуына байланысты, олардың қалаға әлеуметтік-психологиялық бейімделуі онда, қалыпты денгейде өтеді.
Зерттеу міндеттері:
- әлеуметтік – психологиялық бейімделудің әдебиеттерде қарастырылуын талдау;
- әлеуметтік – психологиялық бейімделудің мазмұнын сипаттау;
- ауыл жастарының әлеуметтік жағдайы жайлы мәліметтерді қарастыру;
- әлеуметтік–психологиялык бейімделуді анықтауға мүмкіндік беретін әдістер, әдістемелерді тағайындау;
- ауыл жастарының әлеуметтік–психологиялық бейімделуін эксперименталды зерттеу;
- зерттеу жұмысында қолданылатын математикалық әдістер.
Зерттеу жаңалығы: әр студенттің бейімделу үрдісі әр түрлі жүретіні белгілі, өйткені әрбір студенттің өзіндік ерекшелігі мен мінез-құлқы бар, бірі кездескен қиындық пен өзгерістерге қарсы тұра алып бейімделуі қалыпты денгейді көрсетсе, енді бірі қиыншылықтарға қарсы тұра алмай оқу үрдісінде және жеке даму барысында көптеген қиыншылықтармен кездеседі осы себепті бейімделу үрдісі маңызды болып табылады.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: Жоғарғы оқу орнында білім алу уақыты жастық шақтың екінші кезеңімен немесе жеке бас қасиеттерінің қалыптасу күрделілігімен ажыратылатын зерделік шақтың бірінші кезеңімен сәйкес келеді. Осы зерделік шақтың бірінші кезеңі Б.Г.Ананьев, А.В.Дмитриев, И.С.Кен, В.Т.Лисовский, З.Ф.Есаревтің және т.б. еңбектерінде талданады. Осы кездегі адамгершіліктік дамудың маңызды сипаты мінез-құлықтың саналы мотивтерінің күшеюі болып табылады. Жоғарғы сыныптардағы өте жеткіліксіз болған – мақсатқа бағыттылық, шешімталдық, табандылық, өзбеттілік, инициятива, өзін басқара алу сияқты қасиеттердің күшеюі анық білінеді. Адамгершілік (мақсаттар, өмір бейнесі, міндет, махаббат, сенімділік және т.б). мәселелерге қызығушылық жоғарылайды
Зерттеу базасы: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, психология және педагогика институтының 1 курс студенттеріне өткізілді.
Зерттеу әдістемелері :
Анкета
Автопортрет әдісі
В.Т. Ряховскийдің - «Қарым-қатынас денгейін анықтау» әдістемесі
К.Роджерс – Р.Даймондтың әлеуметтік - психологиялық бейімделу әдістемесі.
Зерттеу үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең - зерттелетін мәселе жағдайымен теориялық танысу. Студенттердің қалаға бейімделу үрдісіне баса назар аударылады.
Екінші кезең - зерттеудің ғылыми аппараты анықталды, эксперименттік жұмыс мазмұны бекітілді. Бақылау, әңгіме сауалнама, психологиялық- педагогикалық диагностика әдістерінің алынған материалдарына талдау жасалды.
Үшінші кезеңде – эксперименттік зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижелері жинақталып, жүйеленді.
Зерттеудің құрылымы:
Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
