- •Дәріс № 1 Картография. Картографияның мақсаттары мен міндеттері. Басқа пәндермен байланысы.
- •Связи картографии с другими науками
- •Дәріс № 2 Географиялық карталарды негізгі қасиеттері және оларды анықтау.
- •Дәріс № 3 Географиялық карталарға қойылатын талаптар.
- •Дәріс № 4 Картографиялық кескін туралы түсінік.
- •Дәріс № 5 Ауыл шаруашылығында қолданылатын ұсақ және орта масштабты карталарды құрудағы пайдаланылатын картографиялық кескіндер.
- •Дәріс № 6 Кескіндердің қасиеттерімен сипаттамалары.
- •Дәріс № 7 Құрастырушы түпнұсқа картасы және оны дайындау әдістері.
- •Дәріс №8 Басып шығарылатын карта түпнұсқасы мен оны басу тәсілдері.
- •Дәріс № 9 Карта басып шығару және баспа түрлері.
- •Дәріс № 10 Ауылшаруашылық картографиясының негізгі бағыттарына шолу.
- •Дәріс № 11 Жаңа картографияның басты бағыттарының бірі - кешенді ауылшаруашылық картографиясы.
- •Дәріс № 14 Карталар бойынша объектілерердің пішіндері мен мөлшерлерін анықтау, олардың орын алуының ерекшеліктері.
- •Дәріс № 15 Регионалдық мониторингіндегі тақырыптық карталар.
Дәріс № 7 Құрастырушы түпнұсқа картасы және оны дайындау әдістері.
Құрылыс өстерінің қиылысу нүктелерін бөлшектеу тік бұрышты полярлық, сызықты координаталар және бұрыштық белгілеулер арқылы жүргізіледі.
Тіктөртбұрышты координаталар әдісі құрылыстың координаталар шаршысы болған жағдайда пайдаланылады. Характерлік нүктелер мен шаршы төбелерінің координаталарының айырмалары есептелініп, олар шаршыларға салынады.
Ең көп қолданылатын әдіс – полярлық әдіс. Жобалық және тіректік нүктелердің арақашықтығы мен дирекциялық бұрыштарын анықтау үшін кері геодезиялық есептер шығарылады. Тірек пункттеріне жақын орналасқан нүктелер болған жағдайда сызықтық белгілеу әдісі пайдаланылады.
Бөлшектеу жұмыстары тұрғызылатын нысанның ең ұзын жармасын орнын айқындайтын екі шеткі нүктелерді шынайыға шығарудан басталады. Өстерді шынайыға шығару геодезиялық негіздің жақын пункттерінен тікбұрыш немесе қарама-қарсы координаталар, бұрыштық және сызықтық кертпелер әдісімен жасалады. Осы барлық әдістер жергілікті жерде жобалық немесе бөлшектеу бұрыштары мен арақашықтықтарды тұрғызуға арналған.
Толықтыру түсірістері теодолнттік журістердін пункттерінен жургізіледі. Ол берілген тапсырмаға және қабылданған масштабқа байланысты планда кескінделетін әрбір контурдың және ситуацияның барлық нүктелерінін, орнын анықтайтын өлшеулерден тұрады. Перпендикулярлар әдісі анықталатын нүктеден теодолиттік жүрістің кабырғасына түсірілген жергілікті жердегі перпендикулярдың ұзындығын және жүрістің нуктесінен перпендпкулярдың табанына дейінгі ара қашықтыкты өлшеуден тұрады. Кысқа перпендикулярлар көз мөлшерімен, ал ұзындары — эккердің көмегімен тұрғызылады. Эккер үш қырлы призма болып табылады, оның екі қыры теодолиттік жүрістің қабырғасына перпендикулярларды түсіретін және көз алдына келтіретін айна қызметін атқарады.
Жармалар әдісі теодолиттік жүрістін кабырғаларына тірелетін сызықтардың жармаларын немесе тірек нүктелерінін, жармасында орналасқан нуктелерді түсіруде қолданылады. Бұл әдіс кесінді сызықтардын шеткі нүктелерінің, арасында көрінушілік болған жағдайда пайдаланылады. Жармалар әдісі кұрылыс салынған аймақтарды түсіруде кең қолданылады, әрі перпендикулярлармен ұзындық қиылыстыру әдістерімен жиі ұштастырылады.
Бұрыштық қиылыстыру әдісі, әдетте жетуі қиын нүктелерді түсіру үшін қолданылады. Нүктенің орны теодолиттік жүрістің нүктелерінен немесе қабырғаларында орналасқан нүктелерден өлшенілетін екі бұрышпен анықталады. Анықталатын нүктедегі бұрыштың шамасы 30°—150° аралығында болуы тиіс. Нүктенің кескінін салу транспортирмен жасалынады, олардын, қиылысқан жері тиісті нүктенің орны болып табылады.
Айналма жол әдісі таса жердегі маңызды объектілерді түсіру үшін, яғни негізгі теодолиттік жүрістің кабырғалары мен ұштарынан алыста орналасқандықтан жергілікті жердегі кедергілеріне байланысты түсіруге мүмкіндігі болмайтын жағдайда колданылады.
Ұзындық қиылыстыру әдісі кезінде нүктенің орны кабырғалары өлшенген үшбұрыштың төбесі аркылы аиықталады. Нүктенің пландағы орнын табу үшін жергілікті жерде үшбүрыштын үш қабырғасының ұзындығын өлшеп, содан кейін планда олар арқылы үшбүрышты салу керек.
Полярлық координаталар әдісі теодолиттік жүрістен ашық жерде қашықтау орналасқан жергілікті заттарды және контурлардын сипатты нүктелерін түсіру үшін колданылады. Бүл әдіс кезінде түсіріс тұрақты сызық арқылы жүргізіліп, оның бір шеті полюс ретінде кабылданады. Түсірілетін нүктенін орны екі координаталармен: тұрақты сызықтан берілген нүктенін бағытына дейінгі есептелетін горизонталь бұрышпен және полюстен осы нүктеге дейінгі ара қашыктыкпен анықталады. Бүрыштарды полюсте орнатылған теодолитпен, ал ара қашықтықтарды өлшеуіш лентамен, рулеткамен және кашықтық өлшеуішпен өлшейді.
Жергілікті
жердің контурларын,
түсіріс
нәтижелерін, кесінді сызыктардың
ұзындыктарын өлшеу журналынан
абриске енгізеді.
Абрис
схематикалык сызба болып табылады,
бірақ
ол жергілікті жердің контурларының
өзара және тірек сызыктарының орналасу
реттерін міндетті түрде сактай отырып,
аңык
әрі мұқият салынады. Абристегі жазулар
карапайым қарындашпен, контурлардың
тузу учаскелері сызғышпен түсіріледі.
Абристі салғанда ондағы орналасатын
бедерлер мен
жазулардын. анық
және колайлы орналасуын
қамтамасыз
ететін масштаб
таңдалуы
тиіс.
