- •Дәріс № 1 Картография. Картографияның мақсаттары мен міндеттері. Басқа пәндермен байланысы.
- •Связи картографии с другими науками
- •Дәріс № 2 Географиялық карталарды негізгі қасиеттері және оларды анықтау.
- •Дәріс № 3 Географиялық карталарға қойылатын талаптар.
- •Дәріс № 4 Картографиялық кескін туралы түсінік.
- •Дәріс № 5 Ауыл шаруашылығында қолданылатын ұсақ және орта масштабты карталарды құрудағы пайдаланылатын картографиялық кескіндер.
- •Дәріс № 6 Кескіндердің қасиеттерімен сипаттамалары.
- •Дәріс № 7 Құрастырушы түпнұсқа картасы және оны дайындау әдістері.
- •Дәріс №8 Басып шығарылатын карта түпнұсқасы мен оны басу тәсілдері.
- •Дәріс № 9 Карта басып шығару және баспа түрлері.
- •Дәріс № 10 Ауылшаруашылық картографиясының негізгі бағыттарына шолу.
- •Дәріс № 11 Жаңа картографияның басты бағыттарының бірі - кешенді ауылшаруашылық картографиясы.
- •Дәріс № 14 Карталар бойынша объектілерердің пішіндері мен мөлшерлерін анықтау, олардың орын алуының ерекшеліктері.
- •Дәріс № 15 Регионалдық мониторингіндегі тақырыптық карталар.
Дәріс № 10 Ауылшаруашылық картографиясының негізгі бағыттарына шолу.
1919 жылдың 15 наурызындағы Жоғарғы геодезиялық басқарма құру туралы Декретімен, Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің ғылыми-техникалық бөлімі жанынан КСРО геодезиялық қызметі ұйымдастырылды. Қазақстан аумағында, сол кезеңнен 1945 жылға дейін барлық топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар Батыс-Сібір Аэрогеодезиялық топографиялық кәсіпорыны мен Орта-Азия Аэрогеодезиялық кәсіпорынының топографиялық-геодезиялық тобының күшімен орындалды. 1945 жылы Алматы Қазақ Аэрогеодезиялық кәсіпорны ұйымдастырылды. 1945-1947 жылдар аралығында Қазақ ССР-ының бүкіл аумағында 1:1000000 масштабтағы мемлекеттік картографиялау мақсатындағы түсірімдерді аяқтау міндетін мақсат етті. Қазақ Аэрогеодезиялық кәсіпорыны өзінің жұмысын 1945 жылдың 1 қаңтарында бір далалық топографиялық топ және Талғар станциясындағы стационарлық базасымен бастаған болатын. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алуына орай, геодезия және картография саласының барлық құрылымдары да қайта қалыптасты. Қазақ КСР Президентінің 1991 жылғы Жарлығымен, барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер одақтың бағыныштылығынан шығарылып, Қазақ КСР Үкіметінің қарауына берілді, Қазақ КСР Министрлер Кабинеті жанынан Геодезия және картография Бас басқармасы (Қазгеодезия) құрылды. Оның құрамына бұрынғы ГКБ басқармасының барлық кешенді бірлескен экспедициясы, яғни Қазақстан аумағындағы, ұйымдар мен кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекеттік геодезиялық аймақтық бақылау инспекциясы (ҚазАГБИ) кірді. 1992 жылы бұрынғы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың орынына Орталық картография-геодезиялық қор (ОКГҚ) құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы Жарлығымен Қазгеодезия таратылып, оның қызметі Жер қатынастары және жерге орналастыру Мемлекеттік комитетіне (Мемжерком), содан кейін 1999 жылы Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігіне берілді. Қазіргі Агенттік қарамағында мынадай республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар бар: “Астанатопография”, “Шығысгеодезия”, “Батысгеодезия”,“Қазгеокарт”, “Ұлттық картография-геодезиялық қор”, “Солтүстікгеодезия”, “Орталықмаркшейдерия”, “Оңтүстікгеодезия”. Қазақстан Республикасы топография-геодезия саласында алғашқы қалыптасу және даму кезеңі өте күрделі өтті. Бүгінде айтулы салаға біртіндеп жаңа техника мен технология енгізілуде. Бұл электрондық тахеометрлер, координаттарды айқындаудың спутниктік жүйесі. Геоақпараттық технологияларды (ГАЖ) құру мен енгізу картография-геодезиялық саласының аса маңызды, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын демаркациялау мен делимитациялау, электрондық сандық топографиялық карталарды жасау сияқты күрделі мәселелерін шешуге жол ашады. Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік карталар, дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстан Республикасының физикалық оқулық карталары әзірленуде. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің өткен 10 жылында көршілес мемлекеттер аумағында 100,5 млн. гектарға аэрогеодезиялық зерттеу жұмыстары орындалды. Сонымен қатар, институт мамандарының қатысуымен Астана, Павлодар, Жезқазған қалаларымен қоса, 300-ден аса ауылдық елді мекендердің, соның ішінде өткен аэрофототүсірімдер материалдары бойынша үлкен масштабтағы түсірімдерді сызбалар (карта) жасау іске асырылды. Сандық картографиялау технологиясы түгелімен игерілді. Мемлекеттік және арнаулы маңызы бар геодезиялық және картографиялық қызметтің негізгі бағыттары анықталды. Мемлекеттік реттеудің, жүзеге асырудың, лицензиялаудың және қаржыландырудың, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызметтің метрологиялық қамтамасыз ету нормалары қарастырылған. Картографиялық өнімдерге авторлық құқық нормалары, геодезиялық және картографиялық өнімдерге мемлекеттік меншіктігі анықталған және Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызмет туралы заңнаманың бұзылуына жауапкершілік қарастырылған. Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың қызметін реттеу жөніндегі нормалар және геодезия мен картография саласындағы халықаралық қатынасты жүзеге асыру қарастырылған.
