Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4. дәрістер кешені.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
747.52 Кб
Скачать

Дәріс № 14 Карталар бойынша объектілерердің пішіндері мен мөлшерлерін анықтау, олардың орын алуының ерекшеліктері.

Карта (немісше Karte – түпнұсқа; грекше chartes – жазуға пайдаланылатын папирус парағы) – Жер бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б. анықтауға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды. Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен елдің қорғанысында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрлі құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады;

Карта — Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі.

Карталардың шартты белгілері — графикалық белгілер; олар арқылы карталарда заттар мен құбылыстардың тұрған орнын, сонымен қатар олардың сапалық және сандық сипаттамаларын көрсетеді. Ауданы карта масштабында көрсетілген нысандар аудандық шартты белгілерімен бейнеленеді, олар контурдың белгісінен және оны толтырудан тұрады. Контур нысанның тұрған орнын және кескінін, толтырма сапалық сипаттамасын жеткізеді. Тұрқы ұзын, бірақ ені шағын нысандар сызықтық белгілермен бейнеленеді, олар осі бойынша нысандардың дол тұрған орнын көрсетеді, бірақ кейде енін ұлғайтады. Мысалы, 1:1 ООО ООО масштабғағы картада темір жолдың шартты белгісі оның енін 75—100 есе ұлғайтады. Шартты белгілердің ерекше категориясын изосызықтар құрады.

Шартты белгілерге қозғалыс сызығы да жатады, олардың көмегімен қандай да болса құбылыстардың жылжуы көрсетіледі (халықтың көші-қоны, жүк ағындары, ауа массаларының қозғалысы және т.б.). Мөлшері карта масштабында көрсетілмейтін нысандар масштабтан тыс шартты белгілермен бейнеленеді, олар нысандардың тұрған орнын және әр түрлі сипаттамаларын бейнелеуге мүмкіндік береді. Нысандардың тұрған орны шартты белгінің кандай болса да айкын нүктесімен, сапалық ерекшеліктері оның пішінімен, ал сандық айырмашылығы мөлшерімен белгіленеді. Әр түрлі мақсаттағы және масштабтағы карталарда бірдей нысандар аудандық және масштабтан тыс белгілермен белгіленуі мүмкін. Мысалы, елді мекендер топографиялық карталарда аудандык, ал ұсақ масштабты географиялық карталарда, әдетте, масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі. Шартты белгілер жасалатын картаның мақсатына және мазмұнына сәйкес жете зерттеледі және оның оқылуын, мазмұнының ұғынылуын едәуір оңайлатады. Шартты белгілерді талдап-белгілеу картографияның бір міндеті болып табылады.

Карта бойынша жергілікті жер бедерін зерделеу— жазықтықтың горизонтальдық суреті бойынша ой жүгірте отырып, жер бетіндегі тегіс емес кеңістік көрінісін елестету және бедер (ылди құлдилығы, нүктелер биіктігі және т.б.) сипатын анықтау бойынша есептеу мен өлшеу жүргізу. Бедердің жалпы сипаттамасы горизантальдардың пішіні мен жиілігі бойынша үстірт шолумен анықталады. Осы белгілерді пайдалана отырып, бірінші кезекте негізгі су айырықтары (жоталар), аңғарлар мен сайлар нақтыланады. Бедер сипатымен жалпы таныстықтан соң, жүктелген міндетке сәйкес оны толықтай зерделеуге кіріседі, сондай-ақ қажетгі өлшеулер мен есептеулер жүргізіледі. Карта бойынша жер бетінің абсолюттік биіктік нүктесін горизонтальдар мен белгілер бойынша анықтауға болады. Горизонтальда жатқан нукте биіктігі осы горизонтальдың белгісіне сәйкес келеді. Егер нүкте горизонтальдар арасында орналасқан болса, онда оған жакын теменгі горизонтальдың биіктігін табады және осы көлемге горизонталь үстіндегі осы нүктенің артық шамасын қосады. Бұл артық шама әдетте көзбен интерполяциялау жолымен анықталады. Салыстырмалы артықтық (салыстырмалы биіктік) олардың абсолюттік биіктіктерінін айырмашылығы ретінде есептеледі. Ылди құлдилығы арнайы графика — жатыс шкаласы арқылы анықталады. Ол карта жақтауының оң жақ астына, сызықтық масштабтың оң жағына таман орналасады.

Карта бойынша жергілікті жерде бағдарлану— жергілікті жерде бағдарланудың негізгі түрі. Карта бойынша бағдарлану картаны бағдарлаудан, ондағы нүктені анықтау мен жергілікті жермен картаны беттестіруден тұрады.

Карта масштабы.

Карталардың масштабы 1:10000, 1:25000, 1:50000 1:100000, 1:200000, 1:500000 және 1:1000000 болып шығарылады. Кіші бөлімдердің командирлері өз міндеттерін орындау үшін ұрыста көбінесе 1:50000 және 1:100000 масштабы карталарды қолданады. Ал масштабы 1:200000, 1:500000 және 1:1000000 карталар ірі штабтардын жұмысында, сонымен қатар арнаулы міндеттерді орындау үшін қолданылады.

Карта масштабы— картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтын ұзындығына қатынасы. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр тұрлі болуына орай масштабтары әр түрлі карталар қажет болады: 1:10000 — он мыңдық, 1:25000 — жиырма бес мындық, 1:50000 — елу мыңдық, 1:100000 жүз мындық, 1:200000 екі жүз мындық, 1:500000 — бес жүз мындық, 1:1000000 — миллиондық. Жергілікті жердің картографиялық бейнелену мөлшері мен картаның толықтығы, өлшеулер дәлдігі карта масштабына байланысты болады. Карта масштабы кішірейтудің төменгі дәрежесінде аса ірі болады. Ол жергілікті жерді толықтай бейнелеуге мүмкіндік жасайды. Карта масштабының кішірейтілуімен бірге оған салынатын жергілікті жер бөлшектерінің саны да кішірейтіледі. Аумақтың картада бейнеленген кішірейту дәрежесі неғұрлым көп болса, карта масштабын соғырлым ұсақ деп атайды. Карта жақтауының оңтүстік (төменгі) жағында сандык және сызықтық масштабы, масштаб көлемі корсетіледі.

Карталар номенклатурасы

Карталар номенклатурасы— көп паракты географиялық карталардың әр парағының орналасқан жерін немесе оның картаның басқа парақтарына қатысты орналасу ретін анықтайтын шартты белгілер жүйесі. Карталар номенклатурасы. карталарға сызықтар салумен тығыз байланысты, әскерлерді картамен жабдықтауды ұйымдастыруда пайдаланылады. Карталар номенклатурасы кестелік (карталардың жинақ кестесіне немесе каталогына сәйкес картаның әр парағы әріптік, сандық немесе әріптік-сандық белгімен белгіленеді), координаталық (картадың әр парағы оның нүктелерінің бірінің немесе парактың ортаңғы нүктесінің — координатасымен белгіленеді), сандық немесе әріптік-сандық (әрбір параққа сандық, немесе әріптік-сандық код беріледі) болуы мүмкін.

Топографиялық шартты белгілер — жер беті бедерін топографиялық карталар мен пландарға түсіруде қолданылатын жергілікті заттардың шартты (сызықтық, әріптік, контурлық, цифрлык) белгілері.

Топографиялық белгілер (Топографические знаки) — жергілікті заттардың топографиялық, карталардағы шартты (графикалық, әріптік, сандық) белгілері. Жергілікті заттардың шартты белгілері карталарда стандарт (үлгі) бойынша болады. Олар масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірмелі болып негізгі 3 топка бөлінеді. Масштабты шартты белгілермен өз өлшемі бойынша карта масштабында керсетілетін заттар (орман, көл, т.б.) бейнеленеді. Масштабтан тыс шартты белгілер карта масштабында өлшемі шағын болғандықтан (шахталар, радиомачта) көрінбей қалатын жергілікті заттарды беннелеуге колданылады. Түсіндірмелі шартты белгілер масштабты, масштабтан тыс шартты белгілермен бірге, жергілікті заттарға қосымша сипаттаыа беру үшін колданылады (орман түрін керсететін белгі, әзеннің ағу бағытын корсететін белгі). Жергілікті заттардың шартты белгілерінің қасына объектінің аты көрсетіліп, түсініктеме берілуі мүмкін.

Топографиялық карталардың ерекшеліктері. Жер бетінің карталары географиялық карталар деп аталады. Әдетте олардың масштабы ұсақ болады. Жер беті ондай карталарда 1 млн. еседен артық кішірейтіліп бейнеленеді. Ірі масштабты карталар (1 : 200 000 және одан ірі) топографиялық карталар деп аталады. Олар мазмұны жөнінен жалпы географиялық карталарға жатады (неліктен?). Неғұрлым ірі масштабты (1 : 25 000, 1 : 50 000, 1 :  100 000) топографиялың карталар жер бетінде жүргізілген топографиялық түсірулер мен өлшеулердің нәтижесінде жасалады. Оның өзінде аэрофотосуреттер кеңінен пайдаланылаңы.

Ірі масштабты топографиялың картаның әрбір табағы жер бетінің іс жүзінде жазықтыққа жақын біршама шағын бөлігін бейнелейді. Сон-дықтан ұсақ масштабты географиялық карталармен салыстырғанда мұндай карталарда бұрмаланулар өте мардымсыз болатындықтан оларды ескермеуге болады. Масштаб картаның барлық жерінде бірдей болып келеді.

Топографиялық карталарда үлкен территорияны бейнелеу үшін ондай карталардың көп табағы басылып шығарылады. Топографиялық картаның әрбір табағы жер бетінің  мери-диандармен және параллельдермен шектелген учаскесін алып жатады. Мысалы, 1 : 1000 000 масштабтағы картаның әрбір табағы 6° сайын жүргізілген меридиандармен және бір-бірінен 4° қашықтықтағы параллельдермен шектеледі. Соның нәтижесінде жер шарында мөлшері бойлық бойынша 6° және ендік бойынша 4° трапециялар пайда болады. Тым ірі масштабты карталар үшін кішірек мөлшердегі трапециялар пайдаланылады. Мәселен, 1 : 100 000 масштабтағы картаның трапециясының мөлшері бойлық бойынша 30′ және ендік бойынша 20′, ал 1 : 25 000 масштабтағы топографиялық картаның табақ бетінің мөлшері бойлық бойынша 7′ 30″ және ендік. бойынша 5′.