- •Дәріс № 1 Картография. Картографияның мақсаттары мен міндеттері. Басқа пәндермен байланысы.
- •Связи картографии с другими науками
- •Дәріс № 2 Географиялық карталарды негізгі қасиеттері және оларды анықтау.
- •Дәріс № 3 Географиялық карталарға қойылатын талаптар.
- •Дәріс № 4 Картографиялық кескін туралы түсінік.
- •Дәріс № 5 Ауыл шаруашылығында қолданылатын ұсақ және орта масштабты карталарды құрудағы пайдаланылатын картографиялық кескіндер.
- •Дәріс № 6 Кескіндердің қасиеттерімен сипаттамалары.
- •Дәріс № 7 Құрастырушы түпнұсқа картасы және оны дайындау әдістері.
- •Дәріс №8 Басып шығарылатын карта түпнұсқасы мен оны басу тәсілдері.
- •Дәріс № 9 Карта басып шығару және баспа түрлері.
- •Дәріс № 10 Ауылшаруашылық картографиясының негізгі бағыттарына шолу.
- •Дәріс № 11 Жаңа картографияның басты бағыттарының бірі - кешенді ауылшаруашылық картографиясы.
- •Дәріс № 14 Карталар бойынша объектілерердің пішіндері мен мөлшерлерін анықтау, олардың орын алуының ерекшеліктері.
- •Дәріс № 15 Регионалдық мониторингіндегі тақырыптық карталар.
Дәріс № 2 Географиялық карталарды негізгі қасиеттері және оларды анықтау.
Картаның тақырыбы мен мақсатына қарай картографиялық кескіндеу бірқатар географиялық элементтерден тұрады. Мысалы, бір жердің толық қартасының (тиопографиялық картасының) мазмұнына; жер бедері, суы, өсімдігі, топырағы, елді мекендері, жол қатынасы, байланыс құралдары, мемлекеттік және әкімшілік шекаралары, орталықтары және кейбір өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, мәдени объектілері кіреді.
Географиялық картаның жиегі мен бос жерінде қосымша графиктер мен жазулар: картада қолданылған картографиялық белгілер және олардың түсіндірмелері; карта бойынша қашықтықты, бұрыштарды, объектілердің ауданын, жеке нүктелердің координаталарын, еңістікті т.б. өлшеуге қажет графиктер; картаның жасалған кезін, пайдаланған материалдарын т.б. көрсететін деректер; кейде көрсетілген объектілерді түсіндіріп, толықтыратын диаграммалар, таблицалар мен мәліметтер де болады.
Географиялық карталардың ішінен неғұрлым көп қолданылатыны – жер беті мен ондағы объктілер көрсетілетін жалпы географиялық карталар. Ал басқалары тақырыптық деп аталады. лар жалпы географиялық картаның мазмұнына кіретін белгілі бір элементті (мысалы, жер бедерін) өте толық және жан-жақты баяндайды немесе жалпы географиялық картада жоқ құбылыстарды (белгілі бір жердің геологиялық құрылысын, климат жағдайын т.б.) көрсетеді.
Дәріс № 3 Географиялық карталарға қойылатын талаптар.
Географиялық карта - Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі.
Бұлайша көрсетілген географиялық карта Жердің географиялық қабығындағы табиғат және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен ұштасуы мен олардың қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы тұрғыдан іріктелініп алынғанын көрсетеді. Географиялық карта Жердің географиялық қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі ретінде көруге болады. Картаны аумақты қамтуына (дүниежүзілік, құрлықтық, жеке елдер, т.б.), мазмұнына (жалпы географиялық және тақырыптық, т.б.), масштабына (ірі масштабты - 1:200 000 және одан ірі, орта масштабты - 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін және кіші масштабты - 1:1000 000-нан кіші), т.б. белгілеріне қарай бөледі. Географиялық картаны жасаудың ерекше математикалық заңы болады. Оны картографиялық проекция деп атайды. Картаның көмегімен жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға болады. Картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдаланады. Географиялық картада көрсетілген құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картографиялық генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық картаның құндылығы - олардың толықтығында, дәлдігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар, географиялық картаны жасаудың негізіне алынған ғылыми принциптер мен идеяларда. Географиялық карта планетамыздың және оның бөліктері - құрлықтар мен мұхиттар, олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті мен тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.
Бірінші, картографиялық проекциялардың көмегімен карта жасау жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға мүмкіндік береді.
Екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдалану:
а) жер бетінің бір бөлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің маңызы жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды;
ә) картада жер бедерін көрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;
б) географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар, олардың ішкі қасиеттерін де (мысалы, теңіз картасында судың физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т.б.) көрсету оңайға түседі;
в) адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын құбылыстардың (магнит бұрылысы, ауырлық күшінің аномалиясы т.б.) таралуын, тікелей көруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат көзі мен оны өңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) көрнекі түрде көрсетуге болады;
г) жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне ортақ және ең маңызды белгілерін (елді мекендерді халқының саны мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау) көрсетуді оңайлатады, яғни абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, географиялық картада көрсетілетін құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картографиялық генерализациялаудың зор маңызы бар.
Географиялық карта адамның тіршілік әрекетінің барлық саласында пайдаланылады. Ол – жол көрсеткіш, өнеркәсіп, энергетика, транспорт құрылыстарын барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты іске асырудың негізі. Ауыл шаруашылығын жерге орналастыру, мелиорация және барлық жер қорын есепке алып, оны тиімді пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние туралы білімді таратуда, жалпы мәдениетті көрсетуде өте маңызды көрнекі құрал. Территорияның картографиялық жағынан зерттелуі әскери іс үшін де маңызды. Әлеуметтік құрылыс жағдайында халық шаруашылығын көптеген міндеттерін - географиялық жағдайларды дұрыс бағалау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына келтіру және табиғатты өзгертудің жоспарларын жасау, өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру, экономикалық аудандарды комплексті дамыту т.б. - географиялық картаның өте сапалы болуын керек етеді. Географиялық карта ғылыми-зерттеу құралы болып табылады. Мысалы, геологиялық карта белгілі бір жердің геология құрылысын көрсетумен қатар, қазбалардың таралу заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол - құбылыстардың кеңістегі өзара байланысы мен дамуын зерттеуде және болжауда да аса қажетті құрал.
