- •Дәріс № 1 Картография. Картографияның мақсаттары мен міндеттері. Басқа пәндермен байланысы.
- •Связи картографии с другими науками
- •Дәріс № 2 Географиялық карталарды негізгі қасиеттері және оларды анықтау.
- •Дәріс № 3 Географиялық карталарға қойылатын талаптар.
- •Дәріс № 4 Картографиялық кескін туралы түсінік.
- •Дәріс № 5 Ауыл шаруашылығында қолданылатын ұсақ және орта масштабты карталарды құрудағы пайдаланылатын картографиялық кескіндер.
- •Дәріс № 6 Кескіндердің қасиеттерімен сипаттамалары.
- •Дәріс № 7 Құрастырушы түпнұсқа картасы және оны дайындау әдістері.
- •Дәріс №8 Басып шығарылатын карта түпнұсқасы мен оны басу тәсілдері.
- •Дәріс № 9 Карта басып шығару және баспа түрлері.
- •Дәріс № 10 Ауылшаруашылық картографиясының негізгі бағыттарына шолу.
- •Дәріс № 11 Жаңа картографияның басты бағыттарының бірі - кешенді ауылшаруашылық картографиясы.
- •Дәріс № 14 Карталар бойынша объектілерердің пішіндері мен мөлшерлерін анықтау, олардың орын алуының ерекшеліктері.
- •Дәріс № 15 Регионалдық мониторингіндегі тақырыптық карталар.
Дәріс № 15 Регионалдық мониторингіндегі тақырыптық карталар.
Тақырыптық карталардың негізгі екі түрі бар:
а) табиғат құбылыстарының карталары, яғни физико-географиялық карталар;
ә) қоғамдық құбылыстардың карталары, яғни әлеуметтік-экономикалық (экономика, халық, мәдениет, саяси-әкімшілік, тарихи) карталар.
Тақырыптық карталардан арнаулы карталарды (оқулық, туристік, навигация, жобалау, т.б.) айыра білу қажет. Арнаулы карталар жалпы географиялық (туристік) және тақырыптық (оқулық), климаттық, топырақ, экономикалық т.б. карталарда болуы мүмкін. Бұл карталардың кейбірінің өзіне тән өзгешелігі болғандықтан, олар тақырыптық карталардың ерекше бір тобы – техникалық карталар деп аталады. Оларға теңіз навигациясына, ұшуға, жобалауға т.б. арналған карталар жатады. Географиялық карта көбіне территориялық белгілері (кеңістікті қамтуы) бойынша ажыратылады. Мысалы, дүние жүзінің, мұхиттар мен теңіздердің, құрлықтардың, олардың ірі бөліктерінің, мемлекеттердің, облыстардың, аудандардың карталары.
Географиялық карта тақырыбының кеңдігі жағынан да әр түрлі болады. Мысалы, кейбір климаттық карталар бір ғана метеорологиялық элементті (температура, жауын-шашын т.б.), енді біреулері бірнеше элементті (ауа қысымы мен желді) көрсетеді, немесе климатты тұтас сипаттайды. Бір ғана тақырыпқа арнаған карталарды жеке немесе салалық (температура картасы) деп, ал құбылыстың толық сипатын беретіндерін жалпы (жалпы климаттық карта) карталар деп атайды. Көптеген карталарда бірнеше құбылыс және олардың арасындағы өзара байланыс қатар көрсетіледі. Бұл – көп салалы карталар; оларды комплексті карталар дейді (мысалы, барлық метеорологиялық негізгі элементтерді көрсететін синоптикалық карталар).
Климаттық карта
Географиялық карта мазмұнының қорытылу дәрежесі жағынан бірдей бола бермейді. Кейбір карталарда жинақтап қорытылмаған немесе әлі аз жинақталған көрсеткіштер (нақтылы бір уақыттағы метеорологиялық элементтердің мәні) берілсе, басқа бір карталарда әбден жинақталған көрсеткіштер (көп жылдық деректердің негізінде алынатын айлық орташа, жылдық орташа температулар) қамтылады.
Халықты сондай-ақ табиғаттың, экономиканың, мәденитеттің кейбір элементтерін, олардың қасиеттерін немесе ерекшеліктерін ажыратып көрсететін карталар анализдік карталар деп аталады. Бірнеше көрсеткішті қосып, пайдалану негізінде құбылыстарды тұтас алып сипаттайтын синтездік карталарға көрсеткіштер жинақталып алынады. Мысалы, жалпы климаттық карталарда климаттық аймақтар бірнеше көрсеткіштің жиынтығы (температура, жауын-шашын т.б.) бойынша көрсетіледі, бірақ олардың нақтылы көрсеткіштері берілмейді. Синтездік карталарда бірқатар жеке карталардың деректері жинақталғандай болады. Тәжірибеде нақтылы және жалпылама көрсеткіштер, анализдік және синтездік сипаттамалар берілген карталар болады. Мысалы, жалпы экономикалық карталардың көпшілігінде өнеркәсіп үшін картографиялаудың анализдік, ал ауыл шаруашылық үшін синтездік әдістері қолданылады.
Географиялық картаның құндылығы – олардың толықтығына, дәлділігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар географиялық карта жасаудың негізіне алынған ғылыми принциптер мен идеяларда. Ал бұл принциптер мен идеялар жаңа не ескі, дұрыс не бұрыс болуы мүмкін.
Географиялық карта планетамыздың және оның жеке бөліктері – құрлықтар мен мұхиттар олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәденитеі және тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.
