- •Дәріс № 1 Картография. Картографияның мақсаттары мен міндеттері. Басқа пәндермен байланысы.
- •Связи картографии с другими науками
- •Дәріс № 2 Географиялық карталарды негізгі қасиеттері және оларды анықтау.
- •Дәріс № 3 Географиялық карталарға қойылатын талаптар.
- •Дәріс № 4 Картографиялық кескін туралы түсінік.
- •Дәріс № 5 Ауыл шаруашылығында қолданылатын ұсақ және орта масштабты карталарды құрудағы пайдаланылатын картографиялық кескіндер.
- •Дәріс № 6 Кескіндердің қасиеттерімен сипаттамалары.
- •Дәріс № 7 Құрастырушы түпнұсқа картасы және оны дайындау әдістері.
- •Дәріс №8 Басып шығарылатын карта түпнұсқасы мен оны басу тәсілдері.
- •Дәріс № 9 Карта басып шығару және баспа түрлері.
- •Дәріс № 10 Ауылшаруашылық картографиясының негізгі бағыттарына шолу.
- •Дәріс № 11 Жаңа картографияның басты бағыттарының бірі - кешенді ауылшаруашылық картографиясы.
- •Дәріс № 14 Карталар бойынша объектілерердің пішіндері мен мөлшерлерін анықтау, олардың орын алуының ерекшеліктері.
- •Дәріс № 15 Регионалдық мониторингіндегі тақырыптық карталар.
Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті
«Картография»
пәні бойынша дәрістер кешені
(міндетті компоненті)
2 курс студенттері үшін
мамандығы 5В090700 «Кадастр»
оқу түрі – күндізгі
2015-2016 оқу жылының 5 семестрі
Орал, 2015 ж.
Құрастырған: аға оқытушы Г.Б. Тапишева
Мұнай-газ ісі және салалық технологиялар кафедрасы
106 аудитория
Кредиттер саны -3
Дәріс - 30
Тексеру түрі - емтихан
Дәріс № 1 Картография. Картографияның мақсаттары мен міндеттері. Басқа пәндермен байланысы.
Определение картографии, понятие о предмете и методах картографии.
Важнейшие разделы картографии и картографические дисциплины.
История развития картографии
Связь картографии с другими науками.
Картаны пайдалану - картографиялық өнімдері (карта, глобус, атлас, т.б.) тәжірибелік, ғылыми, мәдени-ағартушылық оқу салаларында оның ерекшеліктері мен бағыттарын үйрететін, картографиялық өнімдермен жұмыс істеу әдістері жасалатын, алынған нәтижелердің өнімділігі мен ықпал ету деңгейіне баға беретін картографияның бір бөлімі.
Карта термині орта ғасырларда қайта өркендеу дәуірінде пайда болды. Бұл термин латын сөзінің «charta» - бет, парақ ұғымынан шыққан. Ол өз кезінде гректің «XAPNS» (хартес – папирустан жасалған қағаз) сөзінен шыққан туынды сөз. Карта жер бетінің т.б. аспан денелерінің немесе ғарыштық кеңістіктің математикалық амалмен анықталып, кішірейтіліп генерализацияланған бейнесі. Карта - жоғары ақпараттылығы шынайлылығына салыстырмалы түрде кеңістік уақытта ол жоғары ақпараттылыққа ие және ерекше сипаттаманың және көрнекілігімен көрінетін кейіпті белгі үлгі түрінде қаралады. Сондықтан да ол жерді тану ғылымдарының және әлеуметтік экономикалық ғылымдардың ең басты және маңызды құралы болып саналады.
Картография бөлімдері:
Картаны жүргізу;
Математикалық картография;
Карталарды жобалау және құрастыру;
Картография тарихы.
Сонымен қатар геологиялық картография, топырақ картографиясы, космостық картография, экономикалық картография және т.б. болып ажыратылады.
Картография тарихы – картография әдістерін, идеяларын, тарихын, сонымен қатар көне немесе ескі картографиялық жұмыстарды оқып зерттейді.
Математикалық картография – карталардың математикалық негізін оқып зерттейді. Онда картографиялық проекцияларды құру әдістері мен теориялары қарастырылады, олардағы бұрмаланудың таралуын сарапталады. Берілген жағдайлар бойынша картографиялық торлар құрастырылып, сипатталады.
Жобалау мен құрастыру – карталарды лабораториялық немесе камералдық дайындау және басып шығару технологиялары мен әдістерді қарастырады және оны зерттейді.
Картографиялық семиотика – яғни, карта тілін, картографиялық белгілер жүйесін құрастыру әдістері мен теориясын пайдалануды қарастырады.
Ерте заманнан қазіргі күнге дейін карталар жергілікті жердің бағдары мен теңіз және құрлық үсті маршрут-сызбаларын анықтауда қолданылып келсе, бүгінгі күнде карталар ғарыш пен әуе бассейніндегі навигациялық қызметті атқаруда. Карталарды Жер мен қоғам туралы білімді беруде, инженерлік құрылысты жобалау құжаттарында, өнеркәсіп, ауылшаруашылық нысандары мен қалалар және басқа да елді-мекендерді орналастыруды жоспарлауда кеңінен қолданылады.
Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құрастыру, пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым. Әрбір географиялық картаның өзіндік атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік-танымдық жорық жетекшілері, оқушылар білім мен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрастырушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп, оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап, ашып көрсетеді.
Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды, оның маңызды құрамды бөліктеріне – картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография мен картометрия, сондай-ақ картаны жобалау мен құрастыру, безендіру, жасау және пайдалану әдістемесі кіреді. Карталардың көмегімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын, қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіру іс-шараларын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жобалайды. Карта әскери өмірде де қолданылады, әрі ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызға ие. Картографиялау үдерісінің өзінде де карталар жаңа өнім жасаудың негізі мен бастауы болып табылады. Картографияның міндеті ретінде осыған дейін тек картаны құрастыру қарастырылып келсе, ХХ ғасырдың ортасынан бастап, оны пайдалану маңыздылыққа ие болып отыр. Мемлекеттік стандарттар мен энциклопедиялық басылымдарда, оқулықтар мен сөздіктерде «Картография – карта жасау мен пайдаланудың өндірісі мен ғылыми саласы», - деген ұғыммен түсіндіріледі. Ғылым мен тәжірибеде картографиялық зерттеу әдістері алуан түрлі. Ол көптеген теориялық ізденістердің ажырамас бөлігі. Тіпті карталар Жер мен қоғам туралы ілімдердің тірек негізіне айналып үлгерді. Картографиялық әдістер физикалық география, геология, геофизика, әлеуметтану, экономика және тарих ғылымдарында кеңінен қолданыс табуда.
Картографиялық зерттеу әдістерін қолданушы маман картограф картаны еркін «оқуға», құрастыру ұстанымдары мен бейнелеу және әзірлеу технологияларының тәсілдерін білуге міндетті. Сонымен қатар, ол модель түрінде карта бетіндегі бар дүниені ұсына білуі әрі осы туралы ақпарат бере білуі тиіс. Ең маңыздысы, картограф өнімін тұтынушының картаны пайдалана отырып, картографиялық бейнені өңдеуде қолданған амалдардан адаспай, жақсы бағдар алуы, оның мүмкіншіліктері мен шектерін айыра білуі, картадан алынған мәліметтердің сенімділігіне қатысты түсінігінің болуы тиіс.
Картатану – географиялық карта мен оның түрлері, қасиеті мен элементтері, даму тарихы пайдалану әдістемелерін зерттейді.
Математикалық картография – жер беті мен ғылымдағы аспан денелерін жазықтықта кескіндеудің математикалық әдістерін зерттейді.
Картографиялық ақпараттану – картаны жүйелеу және оларды талдау, бағалау, сақтау, тарату мәселелерін қарастырады.
Картометрия – картадағы әр түрлі географиялық нысандардың сандық сипатының мазмұнын айқындайтын картографияның құрамдас бөлігі.
Картаны безендіру – картаны көркем және графиктік безендірудің әдістері мен құралдарын жасап, оны басып шығаруға әзірлеуді оқып үйретеді.
Топография – географиялық және геометриялық әдістерді пайдалана отырып, жергілікті жерді оқып үйрену негізінде ірі масштабты карталарды құру жолдарын зерттейді.
Картографияның басқа ғылымдармен байланысы өте кең. Мәселен, қоғамдық ғылымдар ішінде, тарих, экономикалық география; жаратылыстану ғылымдарының ішінде, физикалық география, ландшафттану, геология, климатология, топырақтану, өсімдіктану, жануартану салаларымен байланысты. Астрономиялық, геодезиялық өлшеу жұмыстарының нәтижесінде картография жердің пішіні мен мөлшері, ауданы, белгілі бір нүктенің географиялық орны туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.
Картографияның міндеті – халықты шаруашылық пен мәдени қажеттілігін өтейтін заман талабына сай, сапасы жоғары географиялық карталар мен атластар, глобустар және басқа да картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету. Географиялық карталар еліміздің аумағын қамтып, табиғатын қайта түлетіп, шаруашылықты дамытуға қажетті ақпараттар сақтаған қуатты құрал болып табылады. Картография және топография негіздері курсын оқытудың мақсаты картографияның ғылыми негізі болып саналатын картатану, математикалық картография, картометрия және топографияның теориялық негіздерімен таныстыру арқылы студенттердің географиялық картаны біліп, түсініп оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Ххх
Карта - Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі. Бұлайша көрсетілген Географиялық Карта Жердің географиялық қабығындағы табиғат және қоғамдағы әлеуметтік -экономикалық құбылыстардың арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен ұштасуы мен олардың қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы тұрғыдан іріктелініп алынғанын көрсетеді. Географиялық Карта Жердің географиялық қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі ретінде көруге болады Картаны аумақты қамтуына (дүниежүзүлік, құрлықтық, жеке елдер, т.б.), мазмұнына (жалпы географиялық және тақырыптық, т.б.), масштабына қарай (ірі масштабты — 1:200 000 және одан ірі, орта масштабты — 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін және кіші масштабты — 1:1000 000-нан кіші), т.б. белгілеріне қарай бөледі. Географиялық Картаны жасаудың ерекше матем. заңы болады. Оны картографиялық проекция деп атайды. Картаның көмегімен жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға болады. Картогр. белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдаланады. Географиялық Картада көрсетілген құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картографиялық генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық Картаның құндылығы — олардың толықтығында, дәлдігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар, Географиялық Картаны жасаудың негізіне алынған ғылыми принциптер мен идеяларда. Географиялық Карта планетамыздың және оның бөліктері — құрлықтар мен мұхиттар, олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті мен тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.
-
Географиялық карталар
↓ ↓
Тақырыптық |
Жалпы географиялық |
Топографиялық карталар жергілікті жерге толық сипаттама беретін ірі масштабты жалпы географиялық карта болып табылады.
-
ЖАЛПЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАР
Математикалық негіз |
Картографиялық кескіндеулер |
-
Проекция
Масштаб
Геодезиялық негіз
Жер бедері |
Гидрография |
Климаттық |
Өсімдік және топырақ |
Елді мекендер |
Қатынас жолдары мен байланыс құралдары |
Саяси-әкімшілік бөліну |
Экономика мен мәдениет элементтері |
Карталардың негізін картографиялық кескіндеулер, математикалық негіз, көмекші жабдықтар мен қосымша мәліметтерден тұратын жиынтық құрайды.
Картаның аса маңызды элементтерінің бірі-оның түсіндірме бөлігі болып табылады.
-
Түсіндірме бөлік
Шартты белгілер |
Мәтіндік түсіндірме |
Кесте |
жіктеледі. Карта масштабында кескінделуіне сәйкес келетін обьектілер аудандық және сызықты шартты белгілер арқылы беріледі. Аудандық белгілермен орман, шалғын, батпақ, көл т.б. ал сызықты белгілермен өзен, жол, шекара, құбыр сияқты обьектілер белгіленеді.
-
Тақырыптық карталар
Картографиялық негіз |
|
Түсіндірме шартты белгілер |
Географиялық негіз |
|
Тақырыптық мазмұн |
Гидрография |
|
|
Шекаралар |
|
|
Елді мекендер |
|
|
Қатынас жолдар |
|
|
|
Кестелер
|
|
Тақырыптық мазмұн элементтері |
-
Шартты белгілер
Мәтіндік
түсіндірмелер
