- •2.Бағаның атқаратын қызметтері,бәсекенің атқаратын функциялары.
- •3.Сұраныс заңы және әсер ететін факторлар
- •4)Инвестицияның заңдары және сипаттама беру
- •5) Монополияның әлеуметтік-экономикалық кемшіліктері:
- •6) Сұраныс және ұсыныс икемділігі
- •7)Өндіріс факторларының бірігуі
- •8)Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
- •9) Экономикалық теорияның зерртеу әдістері
- •10)Ұлттық экономика ұғымы
- •11) Жіө мөлшеріне жұмыссыздықтың ықпалы. Оукен заңы.
- •12. Натуралды шаруашылыққа тән сипаттар
- •13. Инвестиция және оның функционалдық белгілері
- •14. Инвестиция мөлшеріне әсер ететін факторлар.
- •15)Қаржы және Қаржы қызметтері
- •16)Бәсеке және онын түрлері
- •17)Инвестиция және оның функционалдық белгілері
- •18)Қр жұмыссыздық өзіндік түрлері мен себептері.
- •19)Экономикалық теория деген
- •20) Шығындардың категориялары
- •21) Мемлекеттің қаржы саясатының екі аспектісі бар:
- •22) Қазіргі экономикадагы жұмыссыздық түрлері
- •23). Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •24) Экономикалық жүйе оның түрлері
- •25)Өндіріс және өндіріс факторларының бірігуі
- •26) Акша айналысының сипаты және заңы
- •27 )Салықтың қызметі және элементтері
- •28)Меншік қатынастарының экономикадағы рөлі
- •29)Сұраныс және ұсыныс икемділігі
- •30)Өндіріс шығындары
- •31 )Тауар,тауардың қасиеттрі
- •32.Халықаларалық еңбек бөлінісі
- •33) Меншік формалары, түрлері.
- •34) Капитал аналымы(түсінік)
- •35) Инфляция, себептері және әлемдегі түрлері
- •36) Бәсекелік күрестің әдістемелері:
- •37) Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасы. Филлипс қисығы
- •38) Жиынтық сұраныс және оның қисық сызығы
- •39)Экономикалық қажеттілік деген не?
- •40)Жиынтық ұсынысы және оның қисығы?
- •42) Нарық және оның түрлері
- •43) Жұмыссыздық және онын түрлері:
- •44)Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы.
- •45)Жекешелендірудің түрлері ,тәсілдері
- •46 )Инфляция және оның себебі
- •47. Ұлттық өнім көлемінің көрсеткіштері
- •48. Монополия және ұйымдастырылу түрлері
- •49) Тұтыну және қор жинау
- •50. Нарықтық шаруашылықтың субъектілері:
- •51. Пайда және оны мейілінше көбейту
- •52. Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық салдары
- •53)Классикалық саяси экономия
- •54)Экономикалық игіліктер
- •55)Экономикалық өсу және әсер ететін факторлар
- •56)Акселератор және Мультипликатор
- •57)Экономикалық категориялар макро,микроэкономика
- •58)Банк қызметтері және операциялары
- •59) Дискрециялық саясат
- •60) Лаффер қисығы
- •62) Меншік субъектісі, объектісі
- •63)Меншік құқығы
- •64) Халықаралық сауда
- •65) Еңбек өнімділігі және өлшейтін формулалар
- •66. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы
24) Экономикалық жүйе оның түрлері
Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.
Экономикалық жүйенің түрлері мен сипаттамалары:
Дәстүрлі экономика: көп тармақты экономика; артта қалған технология; ғасырлар бойы сақталған дәстүрлер.
Әміршіл экономика: барлық материалдық ресурстардың қоғамдық (мемлекеттік) меншігі; өнімді тіркелген баға мен сәйкестірілген жалақы арқылы тікелей тарту; экономикалық ресурстар мен қаржыны қатаң бөлу; экономикалық тәртіп қатаң әкімшілік және қылмысты-құқықтық шаралар қолдану арқылы қамтамасыз етіледі; саясат экономикадан басым; экономиканың даму бағасының жалпы көрсеткіштері басым; орталықтандырылған жоспарлау; кәсіпкерлік жоқ; көлеңкелі экономика барлық шаруашылық қызметін қолдайды.
Нарықтық экономика: жеке меншік; таңдау еркіндігі; бәсекелестік; жеке қызығушылық – қылықтық негізі; еркін баға белгілеу; мемлекеттің араласуы шектеулі.
Аралас экономика: әміршіл экономика мен нарықтық экономиканың ұштастырылуы; көптүрлі меншік; күшті кәсіподақ қозғалысы; мемлекеттік реттеу және түзету рөлі белсенді.
25)Өндіріс және өндіріс факторларының бірігуі
Адамдар қоғамның тіршілік етуі үшін өндіріс үрдісі қажет.
Өндіріс – адам қоғамының өмір сүру негізі. Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді: шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар. Экономикалық игіліктерді өндіру үшін ресурстар, яғни қоғамның әлеуметтік мүмкіндіктері пайдаланылады. Өндіріс үрдісінде ресурстар өндіріс факторларына айналады, олар келесі топтарға бөлінеді: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік.
2.1 – сызба. Өндіріс факторларының бірігуі
Мұқтаждықтар – бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Мұқтаждықтарды қанағаттандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады (мысалы, ауа), ал екінші – шектеулі (мұнай, көмір). Соңғысы экономикалық игіліктер деп аталады.
Өндірістің түпкі мақсаты – тұтыну, яғни ол әр түрлі мұқтаждықтарды қанағаттандыру үрдісі. Дамуы бойынша мұқтаждықтар сан жағынан да, сапа жағынан да түрленеді. Олардың осы ерекшелігі өндіріс дамуының ынталандырушы құралы болып табылады, мұның өзі жаңа мұқтаждардың пайда болуын негіздейді.
Шектеулі ресурстар жағдайын таңдау мәселесі туындайды. Оларды пайдаланудың ең тиімді тәсілін табу керек, ол үшін мына сұрақтарға жауап беру қажет: Не өндіру керек? Қалай өндіру керек? Не үшін өндіру керек?
26) Акша айналысының сипаты және заңы
Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің терендеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз нысанының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Ақша айналысының кұрылымына колма-қол ақшалар айналысы мен қолма-колсыз ақшалар айналысы кіреді
Қолма-қол ақшалар айналысы
Қолма-қол ақшалар айналысы — бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене белігі (10-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.
Қолма-қолсыз ақшалар айналысы
Қолма-қолсыз ақшалар айналысы — қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы.
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс аясынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолмақолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.
Құн заңы және оның айналыс аясында пайда болу нысаны, яғни ақша айналысының заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан барлық қоғамдық формацияға тән болып келеді. Құн нысандарының дамуына талдау жасай отырып, К. Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын.
Оның пікірінше, ақша айналысы заңының мәні ақшаның айналыс қызметін атқаруға қажетті ақша саны, сатылатын тауарлар бағасы ақша айналысының жылдамдығына қатынасын білдіреді. Ақша айналысының заңы айналыстағы жүрген тауарлар массасы мен олардың бағасының деңгейі мен ақша айналысының жылдамдығы арасындағы-экономикалық тәуелділікті бейнелейді.
Ақша айналысының заңы
Ақша айналысының заңы — тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын (Ата) анықтайды.
Ата = Тауар бағаларының сомасы /Ақша айналымының саны
Бұл жерде бір айта кететіні, ақшаның төлем құралы қызметін атхаруымен байланысты бұл формула да нақтылануды талап етуде.
Айналысқа қажетті ақша санын мынадай формуламен бейнелеуге болады:
Aқ = (Стб - Нтб + Мтс - Өтс) / Aoc
мұнда,
Ак — айналысқа қажетті ақша саны;
Стб — сатылатын тауарлар бағасының сомасы;
Нтб — несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;
Мтс — міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы;
Өтс — өзара өтелетін төлемдер сомасы;
Аос — айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа саны.
