Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oet_shpor_dayyn.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143.95 Кб
Скачать

21) Мемлекеттің қаржы саясатының екі аспектісі бар:

Біріншіден, бюджеттік процестреді реттеу – секвистерлеуді-өндірістің құлдырауы, инфляция дағдарыстың шиеленісуі, т.б. ерекше жағдайларда мемлекет шығындарының кейбір баптарын қысқартуды қосқанда өз бюджеттік саясатын жүзеге асыру арқылы бюджеттік тепе-теңдік қол жеткізу;

Екіншіден, Фискальды саясат-табыс табу мен шығындарды жүзеге асырудың қаржылық тетіктері арқылы экономиканы реттеу.

22) Қазіргі экономикадагы жұмыссыздық түрлері

Жұмыссыздардың бірнеше түрі болады:

  1. Өндірістің құлдырауына байланысты, жұмысшы саны жұмыс орындардан едәуір көп болса, айналымдық жұмыссыздық орнайды.

  2. Фрикциялы жұмыссыздық – жұмысшылардың аймақтық, кәсіптік және жасына байланысты ауысуы (жаңа мекен-жайға көшуі, жаңа мамандық игеру, оларға күтім және т.б. байланысты).

3.Құрылымдық жұмыссыздық жұмысшы күшіне сұраныстың құрылымдық өзгеруін туғызатын өндірістегі технологиялық өзгерістерге байланысты. Жаңа құрылымдағы жұмыс орнына бұрыннан қалыптасқан құрылымдағы жұмысшылар күшінің құрылымының сәйкес келмеуі де өндірістен жұмысшылардың бір бөлігін шығарып тастауға әкеледі.

Нарық экономикасында жұмыс пен толық қамту фрикциялы және құрылымдық жұмыссыздығына байланысты. Бұл жұмыссыздықтың қалыпты деңгейі және ол 5-7 % шамасын көрсетеді. Айналымдық жұмыссыздықта толық жұмысбастылық бұзылады.

Жұмыссыздықтар көрсеткіштері:

  1. Жұмыссыздар деңгейі – пайыз түріндегі жұмыссыздар санының жұмысбастылар санына қатынасы.

  2. Жұмыссыздық ұзақтығы.

23). Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы

Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) ұлттық кіріс пен соңғы өнімнің қолданылуын сипаттайтын өндірісті, оларды тарату мен қайта таратуды сипаттайтын өзара байланыстағы көрсеткіштерді білдіреді. Ұлттық шоттың негізін жинақталған шоттар, ұлттық кіріс, инвестиция, үй шаруашылығының кірістері мен шығыстары және мемлекеттік мекемелері, ішкі экономикалық операциялар құрайды. Сонымен қатар, ҰШЖ-не жинақталған көрсеткіштерді ашып беретін немесе өз бетінше мағанасы бар баланстық кестелер кіреді.

Жалпы ұлттық өнімді екі түрлі әдіспен: қоғамның өндірілген тауарлар мен қызметтер жұмсаған барлық шығындар жиынтығымен, немесе осы жылғы өндірістің нәтижесінде алынан өнімнің ақша табыстарын қосу жолымен өлшеуге болады.

Жалпы ұлттық өнімді шығындар бойынша есептеу:

GNP=C+I+G+NX

C - тұтыну бұл үйшаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерге кететін шығындар;

I - инвестициялар жабдықты, жылжымайтын мүлікті және т.б. алуға кететін шығындар;

G - мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік өкімет органдарының өздеріне қажетті тауарлар мен қызметтерге кететін шығындары;

NX - таза экспорт, экспорт пен импорт көлемдерінің айырмасы.

Y=W+R+I+P

W - жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы;

R - жерді, тұрғын үйді және т.б. жалға беру арқылы алынған рента;

I - пайыз (үйшаруашылығында жиналған ақша капиталынан түскен табыстар түріндегі);

P - пайда (бейкорпорациялық пайда+дивиденттер+бөлінбейтін пайда).

ЖҰӨ дефляторы=Атаулы ЖҰӨ/Нақты ЖҰӨ*100;

Атаулы ЖҰӨ - тауарлар мен қызметтер өндірісінің ағымдағы бағаларымен көрсетілген көлемі.

Нақты ЖҰӨ - тауарлар мен қызметтер өндірісінің тұрақты бағаларымен көрсетілген көлемі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]