Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oet_shpor_dayyn.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143.95 Кб
Скачать

60) Лаффер қисығы

Лаффер қисығы салық мөлшері қандай болғанда салықтық түсімдері ең жоғары көрсеткіштерге жететінін көрсетеді (М нүктесі). График көрсеткендей, салықтық түсімнің көлемі (200 мың доллар) салық мөлшері 10 % және 65 % болғанда қамтамасыз етіледі (L және M нүктелері). Салық мөлшері өскенде (графикте 35%-тен жоғары) салықтық түсімдері азаяды, өйткені еңбек етуге және кәсіпкерлік қызметке ынта төмендейді және кәсіпкерлердің көбі «қалтарыс экономикаға» енеді.

График 1. - Лаффер қисық сызығы – салық мөлшері мен салық түсімінің көлемі арасындағы байланысты көрсететін қисық сызығы

62) Меншік субъектісі, объектісі

Меншік субъектісі – меншік қатынастарының активті жағы, яғни меншік объектісін иелену құқығы.

Меншік объектісі - меншік қатынастарының пассивті жағы, яғни табиғат, заттар, энергия, мүліктер, ақпараттар т.б. Меншік объектісі мен субъектісі арасындағы қатынас иелік ету, пайдалану, билік ету, жауапкершілігі бір уақытта құқықтық, заңдық және экономикалық категориямен байланысты.

63)Меншік құқығы

Меншік – белгілі бір материалдық игілікті иелігіне алу үшін адамдар арасындағы қатынас. Меншіктің экономикалық мазмұны өндірістік қатынастар жиынтығы, яғни өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну арқылы көрсетіледі. Меншіктің құқықтық мазмұны меншік иесінің табыс пен қауісіздікті иелену, пайдалану, басқару құқығы.

Меншік құқығы – белгілі бір тауарларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығы

64) Халықаралық сауда

Халықаралық сауда — еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өидірушілер арасыда пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.

Халықаралық сауда дегеніміз — дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.

XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.

Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:

1.халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісгі интернационалдаудың дамуы;

2.экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;

3.дуниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;

4.тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;

5.көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кеден бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;

6.сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;

7.сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар „жаңа индустриалды елдердің" пайда болуы т. б.

Халықаралық сауданың көрсеткіштері:

Сыртқы сауда айналымы=Экспорт+Импорт;

Сауда байланысы=Тауарлар экспорты мен импорт айырмасы;

65) Еңбек өнімділігі және өлшейтін формулалар

Еңбек өнімділігі – бұл жұмсалған еңбектің тиімділігі, нәтижелілігі. Ол қызметкердің бір өлшем уақыт ішіндегі өндірілген өнімнің сонымен немесе бір өлшем өнімді дайындауға жұмсалған жұмыс уақытының шамасымен, сонымен қатар ұлттық табыс мөлшерімен (халықшаруашылығы көлеміндегі өнімділік) белгіленеді. Еңбек өнімділігінің өсуі – қоғамдық өнімді ұлғайтудың және қоғамдық өндіріс нәтижелілігін арттырудың басты факторы. Оның негізгі факторлары: ҒТП, еңбекшілердің мәдени-ағарту деңгейін арттыру, өндіріс және еңбек ұйымдарын жетілдіру, еңбекшілерді моральдық және материалдық ынталандыруды нығайту болып табылады. Өндіріс тиімділігіне талдау жасау үшін оның еңбек өнімділігі, қорлар орнының толтырылуы және материал сыйымдылығы сияқты жекелеген көрсеткіштері де жатады.

Еңбек өнімділігін өлшейтін формулалар:

  1. ЕӨөндірілген өнімнің мөлшері/жұмысшылардың саны;

  2. ЕӨөндірілген өнімнің мөлшері/жұмсалған уақыт;

  3. ЕӨөнімнің құны/жұмысшылардың саны;

  4. ЕӨжалпы ұлттық өнім/мемлекеттегі жұмыс істейтіндердің саны;

  5. ЕӨөнімнің құны/жұмсалған уақыт.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]