- •2.Бағаның атқаратын қызметтері,бәсекенің атқаратын функциялары.
- •3.Сұраныс заңы және әсер ететін факторлар
- •4)Инвестицияның заңдары және сипаттама беру
- •5) Монополияның әлеуметтік-экономикалық кемшіліктері:
- •6) Сұраныс және ұсыныс икемділігі
- •7)Өндіріс факторларының бірігуі
- •8)Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
- •9) Экономикалық теорияның зерртеу әдістері
- •10)Ұлттық экономика ұғымы
- •11) Жіө мөлшеріне жұмыссыздықтың ықпалы. Оукен заңы.
- •12. Натуралды шаруашылыққа тән сипаттар
- •13. Инвестиция және оның функционалдық белгілері
- •14. Инвестиция мөлшеріне әсер ететін факторлар.
- •15)Қаржы және Қаржы қызметтері
- •16)Бәсеке және онын түрлері
- •17)Инвестиция және оның функционалдық белгілері
- •18)Қр жұмыссыздық өзіндік түрлері мен себептері.
- •19)Экономикалық теория деген
- •20) Шығындардың категориялары
- •21) Мемлекеттің қаржы саясатының екі аспектісі бар:
- •22) Қазіргі экономикадагы жұмыссыздық түрлері
- •23). Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •24) Экономикалық жүйе оның түрлері
- •25)Өндіріс және өндіріс факторларының бірігуі
- •26) Акша айналысының сипаты және заңы
- •27 )Салықтың қызметі және элементтері
- •28)Меншік қатынастарының экономикадағы рөлі
- •29)Сұраныс және ұсыныс икемділігі
- •30)Өндіріс шығындары
- •31 )Тауар,тауардың қасиеттрі
- •32.Халықаларалық еңбек бөлінісі
- •33) Меншік формалары, түрлері.
- •34) Капитал аналымы(түсінік)
- •35) Инфляция, себептері және әлемдегі түрлері
- •36) Бәсекелік күрестің әдістемелері:
- •37) Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасы. Филлипс қисығы
- •38) Жиынтық сұраныс және оның қисық сызығы
- •39)Экономикалық қажеттілік деген не?
- •40)Жиынтық ұсынысы және оның қисығы?
- •42) Нарық және оның түрлері
- •43) Жұмыссыздық және онын түрлері:
- •44)Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы.
- •45)Жекешелендірудің түрлері ,тәсілдері
- •46 )Инфляция және оның себебі
- •47. Ұлттық өнім көлемінің көрсеткіштері
- •48. Монополия және ұйымдастырылу түрлері
- •49) Тұтыну және қор жинау
- •50. Нарықтық шаруашылықтың субъектілері:
- •51. Пайда және оны мейілінше көбейту
- •52. Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық салдары
- •53)Классикалық саяси экономия
- •54)Экономикалық игіліктер
- •55)Экономикалық өсу және әсер ететін факторлар
- •56)Акселератор және Мультипликатор
- •57)Экономикалық категориялар макро,микроэкономика
- •58)Банк қызметтері және операциялары
- •59) Дискрециялық саясат
- •60) Лаффер қисығы
- •62) Меншік субъектісі, объектісі
- •63)Меншік құқығы
- •64) Халықаралық сауда
- •65) Еңбек өнімділігі және өлшейтін формулалар
- •66. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы
10)Ұлттық экономика ұғымы
Ұлттық шаруашылық – бұл әр түрлі экономикалық байланыстармен біртұтас бүтінділікке біріккен барлық салалар мен мемлекет аймақтарының бірігуі. Осындай халық-шаруашылық кешеннің құрылуына ұлттық нарықтың маңызы зор. Ол мекемелер, салалар және аймақтар арасындағы горизанталь қатынастарды дамыта отырып, серіктестер арасындағы шаруашылық міндеттемелерді бекіте түседі.
Ұлттық қазына – бұл мемелекеттегі еңбек күшімен тұрғызылған және жинақталған материалдық игіліктердің бірігуі. Оның ішінде:
а) өндірістік (ғимараттар, машиналар мен құрал-жабдықтар) және өндірістік емес негізгі қорлар (тұрғын үй, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттары мен құрал-жабдықтары);
б) материалдық айналым қаражаты;
в) азаматтардың жеке заттары қамтылған.
11) Жіө мөлшеріне жұмыссыздықтың ықпалы. Оукен заңы.
Оукен заңы жұмыссыздық пен экономикалық белсенділіктің сандық өзара байланыстылығын сипаттайды. Осы заңға сәйкес ЖІӨ-ның жыл сайынғы өсімінің жобамен 2,7 %-ы жұмыссыздықтар есебінен құралады. ЖІӨ-ның қосымша 2 % өсімі жұмыссыздықтар үлесінің 1%-ын төмендетеді. Дәл сол сияқты, әрбір ЖІӨ өсімінің 2% төмендеуі жұмыссыздықтың 1% артуын анықтайды. Әлеуметтік-экономикалық жұмыссыздықтың салдары төмендегідей:
1. Жұмыссыздық ЖІӨ деңгейін төмендетеді және эқономикалық жоқшылыққа ұшыратады.
2. Жұмыссыздық табыстың жоғалуына, өмір деңгейін төмендетуге, қылмыстық әрекеттің өрлеуіне, өлімнің көбейуіне ықпал етеді.
3. Созылмалы жұмыссыздық кезінде жұмысшылар біліктілігі жойылады.
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудегі негізгі төрт түрлі бағытын атауға болады:
Жұмысбастылықты өсіруді және мемлекеттік сектордағы жұмыс орын көбейтуді ынталандыру бағдарламалары.
Жұмысшы күшін дайындау және дамыту бағдарламалары.
Жұмысшы күшін жалға беруге жәрдемдесу бағдарламалары.
Жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру бағдарламалары.
Еңбек нарығының негізгі элементіне еңбек биржасы жатады. Еңбек нарығы – сату-сатып алу мәмлелерін жасауда жұмысшылар мен кәсіпкерлер арасында дел-далдық қызмет жүргізетін және жұмыссыздарды тіркейтін мекеме.
12. Натуралды шаруашылыққа тән сипаттар
Натуралды шаруашылық – бұл адамдар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдастырудың экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл жүйе келесі қасиеттерге бөлінеді:
тұйық шаруашылық;
тікелей шаруашылық нысандары;
әмбебап еңбек.
Натуралды шаруашылыққа тән сипаттар:
ұйымдастырушы-экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы;
ерекшеленген түрлерге бөлуді жоққа шығаратын әмбебап қол еңбегі;
өндіріс пен тұтыну арасындағы тура тура экономикалық байланыстар. Ол мынандай формула бойынша тарайды: өндіріс бөлу тұтыну.
Натуралдық шаруашылық алғашқы тайпалық құрылыс қалыптасуы кезеңінде туып, құл иеленуші мемлекеттерде үстем етті және феодалдық экономикалық басты қасиеттерінің бірін құрады. Қазіргі кезде ол индустрияға дейінгі өндіріс, дәстүрлі экономика басым дамушы елдерде сақталып қалды.
13. Инвестиция және оның функционалдық белгілері
Таза шығынның тұтынудан кейінгі компоненті - инвестиция. Инвестиция - бұл табыс алу мақсатында елдің ішіндегі жеке салаларға және шетке ұзақ мерзімге мемлекеттік және капитал салымдарын айтады.
Инвестиция бағыттары:
- жаңа өндіріс ғимараттары құрылысын салуға;
- жаңа техника және технология, жаңа жабдықтар сатып алуға;
- шикізат пен материалдарды қосымша алуға;
- әлеуметтік нысаны және пәтер құрылысына. Осы бағыттарға байланысты:
- негізгі капитал инвестициясы;
- товарлы-материалдық қорлар инвестициясы;
- адам капиталы инвестициясы бөлінеді.
Бұдан басқа жалпы және таза инвестициялар болып бөлінеді.
Жалпы инвестициялар - ескі жабдықтың орнын басуға кеткен шығындар (амортизация) + өндірісті ұлғайтуға кеткен инвестиция өсуі.
Таза инвестиция - негізгі капиталмен амортизация қосындысын шегергендегі есептелген жалпы инвестиция. Егер таза инвестиция мөлшері тұрақты болса, экономика өседі, дамиды. Егер таза инвестиция нольдік мөлшерді құраса (жалпы шығынмен амортизация тең болса), онда экономика статика шамасында болады. Егер таза инвестиция теріс мөлшерді құраса (жалпы шығын амортизациядан төмен), онда іскерлік белсенділіктің төмендеуін көрсетеді.
