- •5В090700 – Кадастр, 5в090300 – Жерге орналастыру мамандықтарының
- •1, 2 Курс студенттеріне 2016-2017 оқу жылының
- •2, 4 Семестрлеріне арналған
- •Картография пәні бойынша
- •Оқыту бағдарламасы
- •(Силлабус)
- •2. Өткізу орны және уақыты
- •3. Пререквизиттері және постреквизиттері
- •5. Баға коюдың саясаты
- •6. Этика, академиялық тәртіп және курстың саясаты
- •7. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •7.1 Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •7.2 Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •8. Практикалық, зертханалық сабақтар жоспары
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •Зертханалық жұмыс № 2
- •2 Сурет. Карта бойынша көлбеу пішінін құру
- •Зертханалық жұмыс № 3
- •Зертханалық жұмыс № 4
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Зертханалық жұмыс №7
- •10. Оөж тапсырмалары.
- •11. Ұсынылатын әдебиеттер
- •Қосымша:
Зертханалық жұмыс №7
Тақырыбы: Топографиялық карта бойынша жерді сипаттау.
Жұмыстың мақсаты: жергілікті жерге толық анықтама беру және картографиялық территориясына сипаттама есебін беру дағдыларын қалыптастыру.
Теориядан қысқаша мәлімет:
Топографиялық картадағы жерді суреттеу үшін біріншіден сол жер бедеріне гидрографиялық объектілерге, тұрғын жағдайларға, байланыс құрылымдары мен байланыс жолдарына сипаттама беру керек.
Жер бедерін суреттеу барысында рельеф түріне, оның нүктелері мен сызбаларына мінездеме жасап, берілген жер телімінің ең төмен және ең жоғары нүктелері мен жоталардың, ойпаттардың тереңдігін көрсету керек.
Өзендерді суреттеуде өзен суының бағыты мен ағыстың жылдамдығын, өзен суының ені мен тереңдігіне, өзеннен өту жолдарына сипаттама жасау.
Көлдерді сипаттау барысында тереңдігіне, құрылысына, аталмыш аумақтағы өзен суының салыстырмалы «қоюлығына», орналасуына (жалғыз, топпен, тізбектелген т.б), рельефпен байланысына көңіл аудару қажет.
Батпақты жерлерді сипаттауда жер бедеріне байланыстылығын, өткізу дәрежесін, ауданы мен тереңдігін суреттеу қажет.
Өсімдік дүниесінің түрлерін, сандық және сапалық мінездемесін, анықтап рельефтен және гидрологиялық желіден өсімдіктердің орналасуындағы тәуелділікті көрсету.
Тұрғылықты мекендерді сипаттауда олардың түрлері, жоспарлануы мен орналысу ерекшелігін, сынымен қатар шаруашылық және мәдени маңызын атап көрсету.
Шаруашылық және мәдени объектілердің орналасуы мен мінездемесін анықтай отырып, аймақтың ауылшаруашылықта игерілу дәрежесін және басты қажеттіліктердің орналасу түріне (орман, шабындық, бақша т.б) табиғи жағдайлармен байланысына сипаттама беру қажет.
Тапсырма 1: Бағыттың ауызша сипаттамасы негізінде 1: 10000 масштаб бойынша жоспарын сызу керек. Жер телімі 10 см х 12 см.
Маршрут метеобекеттен басталып (қағаздың төменгі шетінен 4 см және сол жақ шетінен 3 см қалдырып, белгі қою) шығысқа қарай 30 м тас жолмен жалғасады. Жолдың 180 м сол жағында шабындық, оң жақта биіктігі 2 м бұталар өсіп тұр. Содан кейін жол 500 азимут бойынша жүреді. Бұрылыста бұталар таусылады, оның шекарасы 1800 азимут. Осы жерден қайңмен емен араласқан орман басталады. Ағаштардың, орташа биіктігі 12 м, діңінің диаметрі 20 см, ағаштардың өз ара арақашықтығы 3 м. Тас жолдың сол жағында (бұрылыста 200 м жерде) 3000 азимутта орман жолы басталады. Ол орманшының үйіне апарады. Жолдан 210 м жердегі орман алаңқайында орманшының үйі орналасқан. Ормандардың ағаштардың биіктігі 15 м. Басты жолдан оңға қарай орман жолын ені 4 м соқпақ жол жалғап жатыр.
Орман жолынан әрірек маршрут қайта басты жолмен 500 азимут бойынша 150 м созылады. Жолдың сол жағында кесілген орман, оң жағында биіктігі 12 м қайынды орман бар. Діннің диаметрі 23 м, ағаштардың ара қашықтығы 4 м құрайды.
150 м жүргеннен кейін байланыс торабын кездестіреміз. Ол жолды 300 0 азимутта қиып өтеді. Байланыс торабынан кейін жол сол бағытта кете береді. Сол жағы шабындық, оң жағында батпақты тоған орналасқан. Тағы да 150 жүрген жолдың оң жағынан оңтүстік- шығыс бағытта бұлақтың көзін көреміз. Бұлақтың қасындағы жер батпаққа айналған.
Тас жолмен 142 м жүрсен асфальт төселген шоссеге кездесеміз. Ол батыстан шығысқа қарай бағытталған. Шоссенің екі жағы да шабындық, шоссенің ені 14 м, жабық бөлігі 10 м. Шоссенің солтүстік жағынан байланыс торабы тартылған. Маршрут шоссе жанынан шығысқа қарай 180 м жүргенде Тарп өзеніне тіреледі. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай ағып жатқан өзен. Өзен ені 80 м, ағыс жылдамдығы 0,3 м/сек. Өзенге ұзындығы 110 м, ені 8 м, жүк көтеруі 25 тонна металдан жасалынған көпір салынған.
Тапсырма 2: Оқытушы ұсынбасымен жалпыгеографиялық және тақырыптық карталардан жердің физикалық - географиялық сипаттамасын құру.
Аймақтық кешенді мінездемесін құруда жұмысты осы аумақ суреттелген барлық атлас карталарын қараудан бастау қажет. Бұларда сипатталатын ауданның табиғи ортасының суреттейтін элементтер туралы ақпарат болады.
Суреттеу жоспар бойынша жүзеге асады.
1. Аумақтың географиялық орналасуы
2. Жер бедері және географиялық құрылымы
3. Климат
4. Гидрографиялық желі
5. Топырақ және өсімдіктер дүниесі
6. Жануарлар жемі
7. Табиғат кешендері(ландшафтар)
8. Тұрғындар және шаруашылық туралы мәлімет
Сипаттау барысында аумақтың басты географиялық орналасу ерекшелігін анықтауға, ландшафт бөліктерінің құрылысы және өзара байланысына, табиғи құбылыстардың аумақта таралуына мінездеме беріледі.
Тапсырма 3: А4 форматта суреттелген жер аумағының кесте түрінде бейнелеу.
Ауыл асханасында тамақтанғаннан кейін саяхатшылар Дубки селосының шығыс шетіне шықты. Олар оңтүстік- шығыс бағытталған тастақ жолмен келеді. Жолдың сол жағында ағаш отырғызылған ауыл мәйіті және кең алқап алып жатыр. Жолдың оң жағынан саяхатшылар шағын қайың тоғайын, одан әрірек бақшасы бар үйді көреді.
Он бес - жиырма минуттан кейін олар кішірек өзенге келді. Өзеннен өтетін көпірге тоқтап, олар компас бойынша өзеннің солтүстіктен оңтүстікке ағып жатқанын көрді.
Одан әрірек жолдың сол жағында аралас қалың орман басталады, ал оң жағында жайылымды қиып өтетін дала жолы шығып шабындықты кесіп өтетінін көреді.
Көпірден 1 шақырым жерде туристтер жолдан солтүстікке қарай бағытталған шағын дала жолын кездестірді. Көп кешікпей олар тас жол бойындағы орналасқан автобус күткен жолаушылардың демалыс павильонына келді. Асфальтталған ені 8 м тас жол оңтүстік - батыстан, солтүстік- шығысқа бағытталған. Туристтер солға бұрылып, жол жанымен жүрді.
Жолдың оң жағынан қорғанда орналасқан биік геодезиялық белгіні көрді, ал сол жағында сирек шабылған орман ашық алаңға созылып жатыр. Алаң жағынан тас жол ағаштармен бөлінген. Орманнан әрірек туристтер биік өрт сөндіру мұнарасын көрді. Ал, жол бұрылысында шығысқа қарай 8 саны күйдіріліп салынған бағанды көрді. Яғни, қалаға дейін 8 шақырым қалды. Шақырымдық бағаннан кейін жол ойыс арқылы өтіп жоғарлай береді екен.
Бақылау сұрақтары:
Аумақты толық сипаттау не үшін қажет?
Осы жұмыстарды орындауда міндетті түрде нені ескеру керек?
Аумақтың картографиялық сипаттамасы бойынша есеп қалай жасалады?
Жер бедері және гидрографиялық объектілерді суреттеу кезінде нені ескеру қажет?
Аумақтың кешенді сипаттамасында қандай көрсеткіштерді ескеру керек?
Әдебиет: Бегайдарова К.Д., Зотова О.А. 5В090700 - Кадастр мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Картография» пәнінен зертханалық практикум. Орал:- БҚИГУ баспасы, 2013.- 34 б.
9. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
|
Орташа арифметикалық |
1 тапсырма үшін, балл |
Апталар |
||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
|||
Практикалық сабаққа қатысуы |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
Зертханалық сабаққа қатысуы |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
СӨЖ |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
Аралық бақылау |
100 |
100 |
|
|
|
|
|
|
|
|
100 |
|
|
|
|
|
100 |
Емтиханға кіру рейтингісі |
100 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды балл |
200 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Емтихан |
100 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Пән бойынша білімді бағалаудың қорытындысынан аралық үлгерімнің бағасы 60% құрайды және пән бойынша білімді бағалаудың қорытындысынан емтихан бағасы 40% құрайды.
Тіркеу бөлімінде қорытынды бағаларды есептеу кезінде сәйкесті 0,6; 0,4: коэффициенттері қолданылады.
-
ҚБғ =
РБ1 (100) + РБ2 (100)
х 0,6 + ҚБ (100) х 0,4
2
мұндағы: РБ 1 – 1-ші рейтингті бақылау;
РБ 2 – 2-ші рейтингті бақылау;
ҚБ – қорытынды бақылау;
ҚБғ – қорытынды баға.
Егерде студент жіберілген рейтинг бағасының ж/немесе қорытынды бақылау нәтижелерімен келіспе се емтихан өткізгеннен немесе рейтинг қойғаннан кейінгі келесі күнінен кешікпей апелляцияға беру ге құқылы. Апелляция комиссиясының отырысының нәтижесі хаттамамен толтырылады. Бақылау қорытындысы бойынша бағаны кері тапсыруға рұқсат етілмейді.
