- •Дінтану пәні бойынша оқыту бағдарламасы (силлабус)
- •5. Білімді бағалаудың саясаты.
- •6. Курсты жүргізудің академиялық тәртібі мен этикасы:
- •7. «Дінтану» пәнінің күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •8. «Дінтану» пәнінің семинар жоспары
- •9.Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •10.Білім алушылардың өзіндік жұмыстарының тапсырмалары
- •11.Әдебиеттер тізімі
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Барлық мамандықтардың 2 курс күндізгі және қысқартылыған бағдарлама бойынша студенттеріне 2016-2017 оқу жылының 2 жартылығына арналған
Дінтану пәні бойынша оқыту бағдарламасы (силлабус)
Орал – 2017 ж.
«БЕКІТЕМІН» |
|
|
«КЕЛІСІЛДІ» |
ИТФ деканы |
|
|
КӘС төреайымы |
Н.М Қадырғалиев |
|
|
Кадирова Ж.К |
________________ |
|
|
_______________ |
«___»_____2017 ж. |
|
|
«___» ____2017 ж. |
Құрастырушы: психология және педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Разахова Фарида Жаксылыққызы
«Жалпы білім беру пәндері және ақпараттық технологиялар» кафедрасы
Кредит саны – 2
Дәріс –15 сағат
Семинар – 15 сағат
СОӨЖ – 15 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Бақылау түрі – емтихан
Барлығы – 90 сағат
« » 2016 ж кафедра отырысында талқыланды, № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі _______Кажиакпарова Ж.С
1. Оқытушы туралы мәлімет: Разахова Фарада Жақсылыққызы- Жалпы білім беру пәндер және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі.
2. Уақыты және өткізу орны: 2016-2017 оқу жылы,Орал қаласы,Ықсанов к-44/1.
3.Пререквизиттер: Саясаттану
Постреквизиттер: Философия негіздері
4. Қысқаша курсқа сипаттама:Дінтанудың негізгі теориялары философиялық-теориялық қызметтің ең маңызды салаларының бірі болып табылады. Бұл пәннің қазіргі замандық дінтануда, сондай-ақ қазіргі замандық қоғамның рухани-идеялық және идеологиялық өмірінде рөлі анық көріне бастауда. Бұл діннің қазіргі кездегі жағдайын біртұтас сараптауға мүмкіндік туғызып отыр.
Пәнді оқытудың мақсаты: діннің шығу тарихы мен еркін ойлаудың тарихи кезеңдері туралы, діндердің догматтық негіздерінің тарихы, олардың қоғамның барлық саласындағы қызметтері мен орны туралы обьективті ақпарат беру, сондай-ақ дінді зерттеуші танымал ғылымдарының еңбектерімен таныстыра отырып, діни доктриналарды, діни бірлестіктер мен олардың өкілдерінің қызмет ету ерекшеліктерін сыни талдау біліктілігін қалыптастыру болып табылады.
Пәнді оқытудың міндеттері: - дінтанулық проблематика бойынша еркін бағдарлана және өз бетінше әдебиетті зерттей алатын боласыз;
зерттеудің қажетті әдістерін таңдай, нақты зерттеудің міндеттерін ескере отырып, сәйкес әдістерді жаңартып, жаңаларын жасай алатын боласыз;
дінмен және осы саладағы білімдердің дамуымен байланысты жалпы және жеке мәселелерді ақпаратты жинақтаудың, сараптаудың, жетілдірудің жаңа технологияларын қолдана отырып сараптай алатын болсаыз;
- дінтанудың терминологиясы мен ұғымдық аппаратында өз бетінңізбен бағдарлана алуға мүмкіндік аласыз;
- дінтанулық мәселе төңірегінде еркін жарыссөзге түсіп, дінтанулық мәселелерді сараптай аласыз;
- өзіңіздің дүниетанымдық позицияларыңызды қалыптастырып, соларды нық ұстануға мүмкіндік аласыз;
өз біліктілігіңізді кәсіптік және әлеуметтік қызметте пайдалана қолдана аласыз.
Негізгі құзыреттіліктер:
бакалаврдын курстан білетіні:
діннің тарихи даму кезеңдерін;
діни проблематикаға деген негізгі бағымдарды;
- пәннің мазмұндық құрылымын және оның кәсіби қызметтегі қолданысын;
- дінтанулық ғылымның негізгі категориялық аппаратын.
бакалаврдың жасай білуі:
- дереккөздердің философиялық-діни мәтіндерімен жұмыс;
қолдағы бар ғылыми, әдеби дереккөздерді ескере отырып, қол жеткізген нәтижелерді жалпылау және өңдеу;
қазіргі замандық ақпараттық технологияларды қатыстыра отырып, библиографиялық жұмыс жүргізу;
қоғамда және қазіргі замандық әлемдегі секуляризация және сакрализация процестерін сараптау.
