Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эсис оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.31 Mб
Скачать

3.2 Электр тораптары элементтерінің номиналды кернеулері

Әрбір электр торабы оның жабдығы есептелетін тораптың номиналды кернеуімен сипатталады Uном. Номиналды кернеу электртұтынушылардың (ЭП) қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді, ең үлкен экономикалық тиімділік беру керек және жеткізілетін активтік қуатпен және электрберіліс желісінің ұзындығымен анықталады.

ГОСТ 21128–75 бойынша айнымалы токтың электр тораптары және 1000 В дейінгі қабылдағыштардың номиналды фазааралық кернеулерінің шкаласы ендірілген: 220, 380, 660 В.

ГОСТ 721–77 бойынша 1000 В жоғары айнымалы токтың электр тораптарының номиналды фазааралық кернеулерінің шкаласы ендірілген:

3, 6, 10, 20, 35, 110, 150, 220, 330, 500, 750, 1150.

3.1 кестесінде электр тораптарының жіктелуі берілген, мұнда төменгі (ТК), орта (ОК), жоғары (ЖК), асқын жоғары (АЖК) тораптарға бөлу көрсетілген.

3.1 кесте – Электр тораптарын жіктеу

<1

3 - 35

110 - 220

330 - 750

ТК

(НН)

ОК

(СН)

ЖК (ВН)

АЖК (СВН)

Аймақты қамту

Арналымы

Тұтынушылардың сипаты

Жергілікті Аудандық

Таратушы

Коммуналды- тұрмыстық

Өндірістік

Ауылшаруашылық

Аймақтық

Жүйе құраушы

-

-

-

Электртұтынушылардың (электрқабылдағыштардың) қалыпты жұмыс істеуі үшін шарт орындалу керек:

ЭП жүктемесі тұрақты қалмайды, ол жұмыс режимінің өзгеруінен тәуелді өзгереді (мысалы, өндірістің технологиялық процесінің барысына сәйкес), сондықтан тораптың түйіндерінде кернеу номиналды мәннен тұрақты ауытқиды, бұл электрэнергияның сапасын төмендетеді және шығындарды тудырады. Электрқабылдағыштардың көбісі үшін орнықты аймақ кернеу ауытқуларының δU = ± 5% мәндерімен шектелетінін зерттеулер көрсетті.

Әдетте, желінің басындағы кернеу соңындағыдан көп және кернеу шығындарының шамасына айырмашылығы бар

U1 тұтынушы кернеуін электр торабының номиналды кернеуіне жуықтату және сапалы энергиямен қамтамасыз ету үшін ГОСТ генераторлардың номиналды кернеулерін тораптың номиналды кернеуінен 5 % артық орнатады

Жоғарылатқыш трансформаторлардың біріншіреттік орамдары тікелей генераторлардың қысқыштарына қосылуына байланысты олардың номиналды кернеулері U1ном бірдей болу керек

Төмендеткіш трансформаторлардың біріншіреттік орамдары олар қоректенетін тораптарға қарағанда тұтынушы болып келеді, сондықтан шарт орындалу керек

Соңғы кезде өндіріс біріншіреттік орамның кернеуі тораптың номиналды кернеуінен 5 % артық кернеуі 110 – 220 кВ төмендеткіш трансформаторларды шығарады

Төмендеткіш және жоғарылатқыш трансформаторлардың екіншіреттік орамдары олар қоректендіретін торапқа қарағанда көз болып табылады. Екіншіреттік орамдардың номиналды кернеулерінің U2ном мәндері осы тораптың номиналды кернеуінен 5–10 % артық

Бұл қоректенетін торапта кернеудің құлауын өтемдеу үшін жасалынады. 3.4 суретінде жоғарыда айтылғанды айқын сипайттайтын кернеу эпюрасы берілген.

3.4 сурет – Кернеу эпюрасы