Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эсис оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

6.3 Электр тораптарында кернеуді реттеу мәселесі

 Электрқабылдағыштар мен электраппаратарының кернеудің сапасына қоятын талаптарын қамтамасыз ету үшін электр торабының әр нүктесіндегі кернеулердің мәндері белгілі рұқсат етілген шектерде болу керек.  Кернеулердің іс жүзіндегі рұқсат етілген режимін арнаулы реттеуші құрылғыларын қолданбай қамтамасыз ету мүмкін, егер торапта кернеудің қосынды шығындары салыстырмалы көп болмаса. Бұл аралық трансформациялары аз ұзақ емес электр тораптарында мүмкін жағдай.

Осы кездегі электр жүйелері көп сатылы трансформациямен және әртүрлі кернеулердегі желілердің үлкен ұзындығымен сипатталады. Кернеу шығындарының қосынды шамасы электрэнергияны көздерден тұтынушыларға жеткізгенде үлкен болады. Жүктеме мәндерінің ең аздан ең үлкендерге дейін өзгергенде кернеудің қосынды шығындары да өзгереді. Нәтижесінде электрқабылдағыштардың қысқыштарында рұқсат етілгеннен асып кететін едәуір шектерде кернеудің өзгеруі болады. Бұл жағдайда арнаулы реттеуші құрылғыларды қолданбай кернеудің қажетті сапасын қамтамасыз ету мүмкін емес.

Кернеуді реттеудің мақсаты алдын ала тапсырылған заңдар бойынша тораптың бөлек пункттерінде кернеулердің режимін әдейі өзгерту болып табылады. Ең сенімді және экономикалық тиімді болатын кернеуді автоматты реттеу. Кернеуді реттеудің заңдары реактивтік қуат көздерінің, электр тораптарының және оларға қосылған электрқабылдағыштардың ең экономикалық тиімді бірге жұмыс істеуін қамтамасыз ету шарттарынан орнатылу керек. Кернеуді реттеу үшін бастапқы баптарды таңдау жергілікті жағдайлардан, тораптың типінен, электрқабылдағыштардың құрамынан және т.б. тәуелді.

         Кернеуді реттеу мәселелері электр тораптарын жобалау және эксплуатация жағдайларында әртүрлі шешіледі.

Электр тораптарын жобалау процесінде реттеу құралдары, реттейтін аралықтар, реттеу сатылары, тиісті құрылғыларды орнату орындары, автоматты реттеудің жүйелері таңдалады.

Электр тораптарының эксплуатация процесінде кернеуді реттеудің мәселелері бар құралдарды барынша толық және экономды пайдаланумен байланысты. Электр торабының жұмыс шарттарын ағымды өзгертуге байланысты (жүктемелерді, тораптың жабдығын, оның параметрлерін және жалғау сұлбаларын өзгертіп) кернеулердің режимін жақсарту бойынша тиісті шараларды өткізу қажет. Оларға жатады: жүктеме барда реттелмейтін трансформаторлардың трансформация коэффициенттерін өзгерту, бар құрылғыларды қосымша автоматтандыру, кернеудің автоматты реттеуіштерінің және кернеуді автоматты реттеудің қолданылатын жүйелерінің ұстамаларын өзгерту және т.б. Кейде торапты қайта құру қажет.

6.4 Торапта кернеуді өзгерту және реттеу тәсілдері

 

 Қорек ортасының (ҚО) шиналарына қосылған таратушы тораптың үлгісінде электрқабылдағыштарда техникалық тұрғыда рұқсат етілген ауытқуларды қамтамасыз ету үшін кернеуді өзгертудің және реттеудің қандай тәсілдерін қолдануға болады екенін қарастырайық. Бұл ауытқулардың шамасы көп нышандардан тәуелді: қорек ортасындағы кернеулер режимінен, торап элементтеріндегі кернеу шығындарынан, осы торапта қосымша реттеуші құрылғылардың болуынан.

      6.1 суретінде таратушы тораптың сұлбасы көрсетілген.