Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_6.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
584 Кб
Скачать
☆

Авермектиндер және ивермектиндер

Авермектиндер - streptomyces avermitilis саңырауқұлағынан алынатын өнім. Бұл саңырауқұлақты алғаш жапон ғалымы Саташи Омура топырақ құрамынан бөліп алған. Ал «Мерк Шарп Дом Компани» ғылыми зертханасының қызметкерлері саңырауқұлақтың биологиялық, нематодтық, инсектицидтік және акарицидтік белсенділігін анықтап, авермектиндердің ивермектиндерге дейінгі ыдырау өнімдерін сараптап, ивомек препаратын шығарды. Қазіргі уақытта баймек, цедектин, аверсект, рустомектин секілді авермектиндер тіркелген.

Ивермектиндер - авермектиндердің химиялық дериваты (ыдырау өнімі).

Авермектиндер және ивермектиндер - ақ түсті кристалды зат. Органикалық еріткіштерде жақсы, суда нашар ериді. Өндірісте құрамында 1% әсер етуші зат - глицерин полипропиленгликоль, поливинилпиролидон қоспалары бар препарат қолданылады. Дәрілік затты тері астына немесе ауыз арқылы 0,0002-0,0003 мг/кг мөлшерінде енгізеді. Остертагиоз, гемонхоз, трихостронгилез, коопериоз, диктиокаулез, онхоцеркоз, шошқаның аскаридозы және трихоцефалезі кезінде қолдану үлкен нәтиже береді. Сауылатын малдарға қолдану тиімсіз.

Токсикодинамикасы. Авермектиндер жәндіктер мен кенелердің жүйке жүйесінен келген импульстардың дұрыс өтуіне әсерін тигізетін гамма- амино майлы қышқылын қоршап алады (блокадалайды). Ал жүйке жүйесі қызметі гамма-аминомайлы қышқылына тәуелді емес цестодтар мен трематодтарға авермектиндер әсер ете алмайды.

Малдарға авермектиндердің әсер ету механизмі толық зерттелмеген. Өйткені, малдарда орталық жүйке жүйесінен келген импульстардың синапстар арқылы берілуі гамма- аминомайлы қышқылының қатысуынсыз жүреді.

Жылы қанды жануарларға авермектиндер мен ивермектиндер өте уытты. Ауыз арқылы бергенде ЛМ50- зертханалық жануарлар үшін 15-60 мг/кг, иттерге 80 мг/кг;

Тері астына және бұлшық етке еккенде жылқы, мүйізді ірі қара, қой, шошқа үшін ЛМ50 -1-5 мг/кг.

Клиникалық белгілері. Улану белгілері препарат енгізілгеннен кейінгі 3-4 сағаттан соң біліне бастайды. Мал әлсірейді, азыққа тәбеті болмайды, аяқтарының бұлшық еттері дірілдеп, жүріс-тұрысы бұзылады, әртүрлі салданулар байқалады. Қан құрамында ешқандай өзгеріс байқалмайды. Соңғы 20 жылда бұл препараттардан жаппай улану белгілері байқалмаған.

Емі. Арнайы у қайтарғыш жоқ. Симптоматикалық ем қолданылады.

Патолологиялық - анатомиялық өзгерістер. Ішкі мүшелерде морфологиялық өзгерістер байқалады. (препараттан улану қазіргі кезде де толық зерттелмеген).

Токсикологиялық талдау. Авермектиндер мен ивермектиндер негізінен майлы жерлерде жинақталады. Мысалы, ивомекті сиырдың терісі астына 0,3 мг/кг мөлшерінде еккенде, 7 күннен кейін тері асты майында 0,27 мг/кг, бауырда – 0,8 мг/кг, 21 күннен кейін – тері асты майында 0,07, бауырда 0,07 бұлшық етте 0,004 мг/кг, 28 күннен кейін тері асты майындағы мөлшері 0,03 мг/кг, бауырда 0,01 мг/кг мөлшерінде табылған. Ал бұлшық етте кездеспеген. Осыған орай, сойылатын малдарды препаратты енгізгеннен кейін 30 күн өтпей союға болмайды. Сауылатын малдарға қолдануға болмайды.

Алдын алу шаралары. Әр түлік малына енгізу мөлшерін қатаң сақтап, сойылу мерзімінен бұрын союға тиым салынуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]