- •3. Дамудағы кемістіктердің статистикасы мен жіктеулері.
- •4. Арнайы педагогиканың пәндік салалары
- •Сурет-1. Арнайы педагогиканың пәндік салалары
- •5. Арнайы педагогикадағы ғылыми-зерттеу әдістері.
- •Әдебиеттер:
- •Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері Жоспары:
- •1. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері.
- •2. Арнайы педагогиканың әлеуметтік-мәдени негіздері.
- •3. Арнайы педагогиканың экономикалық негіздері.
- •4. Арнайы педагогиканың клиникалық негіздері.
- •5. Арнайы педагогиканың психологиялық негіздері.
- •6. Арнайы педагогиканың психолингвистикалық негіздері.
- •7. Арнайы білім берудің құқықтық негіздері.
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
- •Әдебиеттер:
- •Оқыту процесі туралы түсінік
- •2. Арнайы оқыту процесінің ерекшеліктері
- •3. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау
- •Білім беру мазмұны түсінігі, мәні
- •2. Арнайы білім беру мазмұны
- •1. Арнайы мектептегі жалпы дидактикалық принциптері
- •2. Арнайы педагогиканың принциптері
- •1. Арнайы білім беру технологиялары
- •2. Арнайы мектептердегі оқыту әдістері
- •3. Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары
- •1. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары
- •2. Арнайы мектептегі сабақ
- •3. Арнайы педагог тұлғасы
- •Арнайы білім берудің даму кезеңдері мен қазіргі жағдайы
- •Арнайы білімнің дамуы тарихына шолу Жоспары:
- •Қазақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы Жоспары:
3. Арнайы педагог тұлғасы
«Баланың психикалық немесе дене дамуы неғұрлым төмен болса, ұстаздың білімділігі мен біліктілігі соғұрлым жоғары болу қажет» деп жазған XX ғасырдың басында атақты неміс-педагог-дефектологы П.Шуман.
Педагог-дефектологтың кәсіби әрекеті дәстүрлі ұстаздың әрекетінің белгіленген шеңберінен әлдеқайда кең болып келеді өйткені әлеуметтік-педагогикалық, оңату, консультативтік-диагностикалық, психотерапиялық жеке коррекцияның көптеген түрлерімен бағытталған, яғни мүмкіндігі шектеулі тұлғаның әлеуметтік бейімделуіне және арнайы білім алуына ықпал ету.
Қазіргі уақытта арнайы педагогиканың түрлі мамандықтарын игеруге болады. педагог-дефектологтың кәсіптік іс –әрекетінің шеңбері маман дайындау бағытытына, олардың жұмысы мамзұынан тәуелді ерекшеленеді. Дефектология мамандығы бойынша, логопед, сурдопедагог, олигофренопедагог, түзету-дамыту оқытудың оқытушысы, тифлопедагог, түзету мекемелердегі педагог-психолог.
Олигофренопедагог-зиятында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мен түзету-дамыту.
Сурдопедагог – естімейтін, нашар еститін және кейін естімей қалған балаларды оқыту, тәрбиелеу мен түзету-дамыту.
Тифлопедагог – көрмейтін және нашар көретін балаларды оқыту, тәрбиелеу мен түзету-дамыту.
Логопед – сөйлеу тілінде ауытқуы бар тұлғалармен түзетушілік дамытушылықты жұмысын атқарады.
Мектепке дейінгі арнайы педагог-мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамуындағы кемістіктерін түзету.
ІV – тарау
Арнайы білім берудің даму кезеңдері мен қазіргі жағдайы
Дәріс № 40-41
Арнайы білімнің дамуы тарихына шолу Жоспары:
Арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қалыптасу тарихи кезеңдері.
кемтарларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейін кезең;
қамқорлықтан керең,соқырларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейін кезең;
сенсорикалық кемістіктері бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейін кезең;
кейбір кемтар балаларды оқытуын түсінуден барлығына білім беру қажеттілігін ұғынуға дейін кезең;
кемтар тұлғалардың тең құқықтарынан тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бас ұру кезеңі.
Түсініктер: қоғам көзқарасы, тарихи кезең,қамқорлық, біріктіру, қоғамға қосу, құқық тепе-теңдігі.
Арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қалыптасу тарихи кезеңдері.
кемтарларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейін кезең (VIIIғ.-б.э.XII)ғ.
Барлық тарихи кезеңдерде арнайы оқыту жүйесінің дамуы мемлекеттіңәлеуметік-экономикалық жағдайымен, қоғамның құндылықтары мен кемтар балаларға қатысты мемлекет саясатымен, білім беру жүйесіндегі заңдылықтармен, ғылымның даму деңгейімен, әлемдік арнайы білім беру тәжірибесіне лайық жүреді.
Арнай ыбілім беру жүйесінің бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі және сапалы құрылып,қалыптасуы әлеуметтік көрінісімен анықталады.
Антикалық дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі кемтар тұлғалардың дамуын зерттеу жұмыстары дамудың бес деңгейін ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл кезеңдерді ажыратудың негізгі көрсеткіші ретінде Н.Н.Малофеев қоғамның кемтар тұлғаларға деген көзқарасы, көрсетілген көмектің дәрежелерімен бекіткен.
Антика заманынан орта ғасырларға дейін қоғам мен мемлекеттің даму барысында «дамуында ауытқулары бар тұлғаларға» деген қарым-қатынас өте төмен дәрежеде болды. Ол кезде олардың азамат есебіне алмай, статустарын құлдардың статусымен тең қойды.
Алғашқы болып қоғамнан шектелгендерге қайырымдылық танытқан шіркеу қорғаушылары болды. Шіркеулер хоспис, баспеналар мен жетімханалар пайда болды.
Мәліметтер бойына ол кездегі өзіне тамақ тауып жеуге мүмкіншілігі жоқ тұлғалар, егер өз өлімімен өлмесе, ру басылары күшпен өлтіріп отырған екен. Туа біткен ақыл-ойы кем немесе дене кемістігі бар тұлғаларды азаматтық өлім күтіп тұрды.
Ежелгі Грекиядағы балаларды өлтіру туралы мәліметтер ерте жастағы күрделі деңгейдегі кейіп-кеспірсіз балаларға қатысты болған және де өлтіруге негізінен кемістігі бар балалар ұшыраған.
Ал ежелгі грек елінің ұлы философы Аристотель «адам бойындағы «бұзылғандықты», «ашуланшақтықты», «топтастықты»-жаман қылықтардың қалыптасуына әкелетін жетіспеушілік »-деп тұжырымдады.
Адамзат тұлғасына деген жаңа мұрат, құндылықтар мен көзқарастар адам өмірінің мәні туралы түсініктерді христиан дініне сенушілер алып келді. Олар діни сезімталдық пен жан ашу қасиетін енгізді. Қайырымдылық көрсету әркімнің өз еркінде ғана емес, ол әрбір христианның міндеті болып жарияланды. Шіркеулерде ашылған пана үйлер кемтарларға жағымды қатынастың бастауы болды. Келесі бес жылдықта Батыс Еуропа мемлекеттерінде алғашқы қайырымдылық мекемелері мен ауруханалар құрылды. Ең алғаш рет соқырларға және соғысқа қатысу салдарынан көрмей қалған тұлғаларға арнайы пана ашылды.
Сөйтіп, Еуропа елдері өркениеті дамуында кемістігі бар тұлғаларды басынудан, оларды өлтіруге тыйым салынған уақытқа дейін, өте ұзақ, азапты жолдан өтті.
Ресей елінде зиялы мекемелердің ұйымдастырылуы, яғни кемтарларға әлеуметтік көмек көрсету туралы мемлекет саясатының заңдылықтары, көбінесе Батыс Еуропа тәжірибесінің нәтижесімен танысудан бас алған.
қамқорлықтан керең, соқырларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейін кезең (XIIғ -XVIIIғ)
XIIғ мен XVIIIғ. аралығында Батыс Еуропа мемлекеттерінде кемтар тұлғаларға арналған зиялы мекемелер мен үйлер жүйесі құрылды. Реннесанс мәдениеті (қайта құру XIV-XVIIғғ) мен Ұлы Реформация (Ұлы шіркеу төңкерілісі- XVIғ. екінші жартысы XVII ғ. ортасы) ақыл-ойы мен дене кемістігі бар тұлғаларға деген мемлекет пен қоғам қатынасын күрт өзгертті. Реннеснс данышпандарынан туған гуманистік және орталандыру туралы ой-пікірлерді еуропалықтардың санасына еніп, адам және адам өмірінің мәні туралы түсініктерін өзгертті,мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың дәрежесіне деген көзқарастың өзгеруіне әсер етті. Христиан дінінің тағы бір бағытын тудырған реформация қайырымдылықтың жаңа үлгілерін дүниеге әкелді.
Орта ғасырлар кезеңінде батыс еуропалық шіркеулерде кереңдікті және басқа да кемістіктерді ата-аналарының кінәлары үшін жіберілген деген. Олар мен қарым-қатынасқа түсе алмағандықтан, оларды есі дұрыс сиқыршылар деп ойлаған. Инквизиция жағыолардың іздерінен қалмаған.
Біраз уақыттар өте келе дамуында ауытқуы бар тұлғаларға деген немқұрайлық біртіндеп жойыла бастады. Оларға деген жанашырлық пайда болып, мұндай адамдарды тәрбиелеуге болатыны жайлы да көзқарастар қалыптасты. Мысалыға, Ян Амос Коменский (1592-1670) өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегінде былай деп жазған : «Кімде-кім осындай ақылсыз адамдарға табиғи ақылсыздығынан құтылу үшін тәрбие беру» екендігіне күмән келтіре алады. Ары қарай: «Кім жаратылысынан өзі баяу және ашуланшақ болса,сол адам өзіне көмекті көп қажет етеді, өйткені өз бойындағы пайдасыз ақылсыздық пен жындылықтан құтылу үшін». Я.А.Коменский бұл сөздерінен номальді балаларға білім беру мүмкін екеніне кәміл сенгенін көреміз. Осылайша мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қоғамға артылған жүк болмас үшін оларды оқыту , тәрбиелеу мәселелері қарастырыла бастады.
Дамуында ауытқуы бар адамдарды «азаматтық» тұрғыда ақтауға ғана емес, сонымен қатар олардың кейбіреулерін оқытуға тырысу жағдайлары да жасалды. Бұл жерге тағы Я.А.Коменский жазғаннан еске түсіруге болады: «қандай болмасын әйтеуір адамзат баласы білім алудан шет қалмауы керек»...деген сөздерін.
Алғашында әр түрлі кемістігі бар балаларды жеке-дара оқыту тәжірибесі, арнайы оқу мекемелерін өзіне қарай тартқан жоқ. Саңырау және соқырлар жеке дара оқытудың алғашқы талпыныстары, олардың іс-әрекетке жарамды екенін заңды түрде дәлелдегісі келген, ауқатты семьядағы ата-аналар тарапынан қолдау тапты. Міне, осындай қолдау 1578 жылы Испанияда, 1648 жылы англияда, 1670 жылы Францияда іске асырыла бастады.
Ағарту дәуіріде дамуында кемістігі бар тұлғаларды оқытуға алғашқы қадам жасалды. Алғашында түрлі мемлекеттерден жинақталған балаларды жеке дара оқыту тәжірибесі арнайы оқу мекемелерін ұйымдастыру қажеттігін тудырмады.
-сенсорикалық кемістіктері бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейін кезең. (XVIIIғ-XXғ басы)
Бұл кезеңнің басында кереңдер мен соқырлар үшін арнайы мекемелер ашылып,соңында Батыс Еуропа мемлекеттерінде жалпыға бірдей міндетті білім беру туралы кейінен сенсорикалық кемістіктері бар және ақыл-ойы кемтар балаларға таралған, заңды актілер қабылданды. Үшінші кезең кемтар балаларға деген көзқарас пен қатынастардың өзгеріп олардың құқықтарына назар аударылумен ерекшеленеді. Ең маңыздысы кемтар тұлғалардың білім алуға құқықтары қарастырылады, кейін заңды түрде бірқатар мемлекеттерде бекітіледі.
1817 ж- Дания-кереңдерді міндетті түрде оқыту туралы атк;
1873 ж- Саксония- соқыр,керең, ақыл-ойы кемтар балаларды оқытудың міндеттілігі туралы заң қабылдады.
1881 ж- Норвегия- саңырауларды оқытудың міндеттілігі туралы заң;
1882 ж- Норвегия- ақыл-ойы кемтар балаларды оқыту туралы заң.
1884 ж- Пруссия- көмекші сыныптардан жағымсыз жанұядан шыққан балаларды шығару туралы өкім;
1887 ж- Швеция- кедей және ақыл-ойы кемтар балаларға бастауыш білім туралы Заң;
1892 ж- Пруссия- көмекші мектептер санын кеңейтудің қажеттілігі туралы заң.
1893 ж- Англия- соқыр,керең балаларға бастауыш білім туралы Заң;
1896ж- Швеция- соқыр балаларды міндетті түрде оқыту туралы Заң;
1899 ж- Англия- ақыл-ойы кемтар балаларды оқыту туралы Заң;
1900 ж- Пруссия- саңырау, соқыр және саңырау, нашар еститін балаларды оқытудың міндеттілігі туралы Заң;
1914 ж- Бельгия – көмекші мектептерді ұйымдастыру туралы Заң;
1920 ж- Нидерланды-ақыл-ойы кемтар,соқыр,саңырау және нашар еститін балаларға білім беру туралы қағида.
Сенсорикалық кемістігі бар тұлғалардың азаматтық құқығын және мәртебесін тану ғана, керең- мылқау балаларға (Париж, 1770ж) және соқыр балаларға (1774ж) арналған алғашқы мемлекеттік арнайы мектептердің пайда болуына мүмкіндік берді. Дамуында кемістігі бар тұлғалардың тағдырына қоғам көзқарасының өзгеруін ұлы француз төңкерісі енгізді. Бұл психиатрияның күрт дамуына жағдай жасады. Ф.Пиннель, Ж.Эскироль, Ж.Итар дәрігерлер кемтар балаларды оқыту тәжірибесін емханалард бастаған.
Ағылшын тифлопедагогы Г.Армитедж (1824-1894) өзі қайырымдылық ұжымның мүшесі бола тұра, көрмейтіндердің жанұясын аралап ата-аналары мен көрмейтін оқушыларға өмірлік қиындықтарды жеңу туралы ақыл-кеңестерін айтқан.
1892 жылы Лондон мен Лейчестер қалаларында ақыл-ойы кем балалар үшін алғашқы мектептер ашылды. Келесі онжылдықта Англияда ақыл-ойы кем балаларды күштеп жабық мекемелерде емделуге мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жанашырлары қарсы шығып, олардың қамқорлығы мен құқықтарын заңды түрде қорғауға ат салысты. Қоғамдық инициатива 1913 жылы ағылшын парламентіне ақыл-ойы кем тұлғаларды қамтамасыз ету туралы заң қабылдануына әкелді.
Барлық Еуропа елдерінде арнайы білім беру жүйесі дамуының жалпы белгілері:
жалпыға бірдей бастауыш білім беру туралы Заңның қабылдануы,
кемтар балалардың білім алуға құқығын белгілеу,
арнайы оқыту жүйесінің қызметінреттейтін шағын нормативті-құқықтық базасын құрылуы;
арнайы мектептерді қаржыландырудың бастауы мен принциптерін анықтау;
мемлекеттік емес ұйымдарды қаржыландыру;
барлық аймақтағы балаларды арнайы біліммен қамту.
Ресей үшін 3 кезең мемлекет пен қоғамның түбірімен қайта құрылуына себеп болған екі төңкерісүшін теңдесіз болды. Аталмыш жүйенің қалыптасуының алғы шарттары монархиялық Ресейде қалыптаса бастап, социалистік кезеңде рәсімделді. Кезеңнің басталуы керең-мылқауларға (1806ж) және соқырларға (1807ж) арналған алғашқы мектептердің ашылуымен танымал. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларға көмек көрсетудің 3 негізгі бағыты дамыды:
христиандық-қайырымдылық;
емдік-педагогикалық;
педагогикалық (мектептер мен балабақшаларда).
Кемтар балаларды оқутуды алғашқы тәжірибесін дәрігер-психиатрлер (В.М.Бехтерев, С.С.Корсаков, В.П.Сербский, А.Н.Бернштейн, В.П.Кащенко т.б) бастаған. Ресейлік психиатрлер қоғамы 1880 жылдан бастап психикалық ауру және ақыл-ойы кемтар балаларға арнайы мекемелерді ұйымдастыруға белсене тырысуда. Аномальді балаларға арналған «алғашқы жекеменшік мекеме» 1882 жылы Петербург қаласында ашылға И.В.Малярскийдің дәрігерлік мекемесі болды.
1904жылы Киев қаласында ақыл-ойы кем оқушыларға арналған дәрігерлік-педагогикалық институт құрылды, онда сондай-ақ атақты профессор И.А.Сикорскийдің Ольга және Елена атты қыздары да оқыды. Бұл мекеме ақыл-ойы орташа «орташа »және «жеңіл» деңгейде бұзылған балалар қабылданды. Бұл жердегі тәрбиеленушілер жалпы білімдік және мамандыққа, еңбектену дайындығынан өткен.
Тек 1908жылдан бастап ғана жалпыға бірдей бастауыш білім беру туралы заңда енгізу арқасында көмекші мектептер мен сыныптар ашыла бастады. арнайы мектептер ашылуы мен арнайы білім беру жүйесі рәсімделмейді.
Олигофренопедагогика даму тарихында 1908 жылы Москва қаласында ашылған В.П.Кашенконың «кемтар балаларға арналған мектеп-саноториясы» ерекше орындардың бірін алады. В.П.Кашенконың осы мекемесі және барлық емдік-педагогикалық әрекеті дефектология тарихында аса маңызды орын қалдырған.
В.П.Кашенко (1870-1943) аамольді балаларды жалпы түрде оқыту мен тәрбиелеу процесінің іске асуы үшін белсенді ат салысқандардың бірі болады, сондай –ақ дефектология аймағындағы зерттеулер мен СССР-де дефектологиялық білімді шеберлікпен ұйымдастырушы ретінде өте танымал болды. 1905 жылы В.П.Кашенко кемтар балаларға арналған мектеп-санаториясын ашуға дайындығын бастайды. Осы мақсатпен ол ынталы түрде балалар психологиясы мен психопотологиясының пайда болу белгілерін анықтаумен айналыса бастайды, оны А.Н.Бернштейн және Г.И.Россолимо жетекшілігімен жүргізіледі.
. В.П.Кашенконың ашқан мектеп-сансторийінде орталық жүйке жүйесінің әр түрлі аурулары бар балалар және ақыл-ойы кем балалар да тәрбиеленді. Ол өз әркетін тәрбиелеушілермен нақты қарым- қатынас жолдарын іздеуге ептілігін бағыттай ала білді. Бұл мектеп-санаторийдің қызметкерлері үкімет басшылары жағынан репрессияға ұшыраған алдыңғы қатарлы педагогтар болды, олар С.Крюков, В.Бабыков, И.Воскобойниковтар.
Мектеп-санаторийдің маңызды міндеті тәрбиленушілердің тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, оқыту процесінде баланы өз еркіне, белсенділікке тәрбиелеу негізінде кемтарлықты жеңіп, оны жерітуге бағытталған. Бұл оқуту тәсәлә тәрбиешілердің білімді меңгерудегі танымдық әрекетінің белсендігіне негізделеді.
Кемтар балалардың білім алудағы кемшіліктерін түзтудің белсенділігін қамтамасыз барлық сабақтарда, барлық пәндерде кеңінен қолданатын, негізгі әдісі –қол еңбегі. Қол еңбегі сабағын В.П.Кащенко мен оның әріптестері қарастырып, ол тек ерекше оқыту пәні емес сондай-ақ білім беру мен тәрбиелеудің негізі, оқытудың жан-жақты тәсілі деп шешті.
В.П.Кащенконың мектеп-санаторийдегі оқыту процесін ұйымдастырудағы бір қызық жайт,онда барлық оқу пәндерінің өзара байланысы, органикалық байланысты тығыз қамтамасыз етілгендігі. Бұл оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып,білімдерін тереңірек қалдырады деп санаған . Сондай-ақ оқушылардың белсенділігін арттыруда көрнекіліктерді көптеп қолдану мен оқыту барысындағы қолданылатын түрі ойындар да баланың қызығушылығын арттыруда қамьамасыз етеді.
Тәрбиеленушілерден қатаң түрдегі бағынушылықты талап етпеген. Бұл жөнінде В.П.Кащенко мен оның әріптестері «қатыгездік еріктің белгісі» және «қайырымсыздық » деп емес керісінше ол оқушының қателігі, жолдан таюы немесе оның ауру жағдайының салдары деп қарастырған. Ал балалар ондай әрекет жасаған болса оны невроздар, уақытша аурудың белгісі ретінде санап,оларды уақытша төсекке жатқызып қояды. Бір жағынан бұл тәсіл шынымен балалардың нерв жүйесінің дем алуына әкелсе, екіншіжағынан ол педагогикалық нәтиже беретіні де көрсетілген, яғни бала өзін «ауру» деп есептегісі келмей өздерінің сау екендерін дәлелдеуге тырысқан.
Дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу ісіне жауапкершілік халық ағарту комитетіне жүктелді. Кеңестік Ресейде арнайы оқыту жүйесі қалыптаса отырып, кемтар балаларды қоғамнан оқшалайтын, сарапталған арнайы оқу мекеме ретінде мектеп-интернаттар бекітілген. Кеңестік арнайы мектептің қалыптасуының аталмыш кезеңінде атақты педагогтар өз бағасыз үлестерін қосты.
Сөйтіп Ресейдегі 3 кезеңнің соңында керең, соқыр және ақыл-ойы кемтар балалар үшін арнайы білім беру жүйесінің заңды рәсімделу уақыты деп айтуға болады.
Кейбір кемтар балаларды оқытуын түсінуден барлығына білім беру қажеттігін ұғынуға дейін кезең (XXғ.басы-XXғ. 70 жж)
ХХ ғасыр басынан бастап 70 жылдар аралығында Батыс Еуропа мемлекеттері керең,соқыр және ақыл-ойы кемтар балаларға арнайы білім берудің қажеттігін түсінуден кемтар балалардың барлығын оқыту қажеттілігін танитындай дәрежеге жетті. Бұл кезең жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру туралы заңның қабылдануы мен күшіне енуі уақытымен анықталады. Бірақ барлық бастамалар мен жобалр бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты еуропа аймақтарында бір мезгілде қирады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен екінші дүниежүзілік соғыстың басталу аралығындағы қысқа уақытта арнайы білім беру саласындағы белсенділік біршама төмендеді.
Батыс Еуропа философиясының гуманистік тенденциясындағы көмек, фашистік идеологиямен басылып қалады. Соғыс жылдарында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жоспарлы түрде «жарамсыз», «адам емес», «төменгі сапалы адамдар» деп санап, оларды қоғамда өмір сүру құқығынан айырады. әрине осының салдарынан Еуропа елдеріндегі әлеуметтік – педагогикалық көмек беру ондаған жылдар бойы жалғасын таппай дамусыз қала берді.
Дәл осы кезде Еуропа қоғамының алдында, өзазаматтарының жеке құқықтарын жеке тұлғалық деңгейге көтеру, әрбір адамға жеке қарым-қатынас негізін құру мәселесі тұрды, ал қазірде ол Европа мемлекетінің заманға сай әлеуметтік- педагогикалық негізін құрайды.
Міне, осындай шараларды қолданудың арқасында бүкіл дүние жүзі елдеріне өте қажет және маңызды ұйым құрылды, ол БҰҰ (1945ж). Оның негізгі қызметі- дүниежүзілік стандарт бойынша адамның құқықтарын қорғау. Өмір, еркіндік, адам құқығы мен теңдігі маңызды құндылықтар болып жарияланды. БҰҰ 1948 жылы «Адам құқығы туралы» Декларацияны қабылдады.
Сол 50-70 жылдар аралығында кемтар балаларды анықтау, есепке лу, арнайы білім беру мекемелерін дамыту жүзеге асырылды. Осыған сәйкес, кемтар балаларды топтастыру, жіктеу де өзгерді, балалардың жаңа категориялары анықталып жүйені саралауға жол ашты. Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету баланың жасына лайық өзгертілді, кеңейді, яғни мектеп жасына дейінгі кемтар балаларға арнайы көмек ұйымдастырылды. Бұл кезеңнің аяқталуында БҰҰ ақыл-ой кемтар (1975), мүгедектердің (1975) құқықтарын декларацияларда бекітті.
Кеңес дәуіріндегі арнайы оқытуды ұйымдастыру жалпыға бірдей білім беру заңның негізінде жүрді. Жаңадан қалыптасып келе жатқан дефектология ғылымына маңызды міндетті шешу тапсырылды- кемтар балаларды оқытудың теориясын әзірлеу, тәжірибесін қалыптастыру. Сол кезден кемтар балаларды оқыту мәселелерін ғылыми - әдіснамалық негізін және әдістемесін құруда дефектология ғылымы айналысты. (Л.С.Выготский, Р.М.Боскис, А.Н.Граборов, А.И.Дьячков, Л.В.Занков, С.А.Зыков, Н.Г.Морозова, М.С.Певзнер, Ф.А.Рау, Ж.И.Шиф. т.б.)
Бұл уақытта кеңестікте балалардың барлығын арнайы біліммен қамту үшін арнайы мектептер белсенді ашылып, аяғында сегіз түрлі арнайы мектеп қызмет етті (естімейтін, нашар еститін, тірек қозғалысында ауытқуы бар , психикалық дамуы тежелген және зиятында ауытқушылығы бар балалар үшін).
-кемтар тұлғалардың тең құқықтарынан тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бас бұру кезеңі (ХХғ. 70 жылдар-қазіргі уақытқа дейін)
ХХ ғасырдың 70-жылдарында өркениетті елдерінде қалыптасқан қоғамның жалпы адамзаттың құндылығы туралы түсінігі бойынша және ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуындағы оқшалау шетте қалдыруға қарсы қоғамға қосу, құқықтарының теңдігі жарияланған. Тарихта ең бірінші рет дамуындағы ауытқушылықтарға қарамастан, кемтар тұлғалардың тең құқылы екендігін қоғам көзқарастарында толығымен қалыптасты. Сол жылдары дамуында ауытқуы бар тұлғалардың құқықтарын қорғайтын бір қатар БҰҰ бекіткен ақыл-ой кемтар тұлғалардың құқықтары туралы, мүгедектердің құқықтары туралы декларациялар қабылданды- бұл бесінші кезеңнің басталуының белгісі.
Құжаттарды аталмыш тұлғалардың отбасында өмір сүру, қлыпты адамдар арасында білім алуға, кемтар қабілеттерін қалпына келтіру, еңбек ету құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігі бекітілген. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды жабық мекемелерде оқыту және тәрбиелеу шетелдегі қоғамда әлеуметтік оқшаулау белгісі ретінде талқыға салынды. Сол кездерден бастап Батыс Еуропа және АҚШ елдерінде әлеуметтік-саяси , экономикалық өзгерістерге тәуелді арнайы білім берудің әдіснамасы күрт өзгеріп, мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы мектептерде оқыту жағдайын терең қарастырды. Бұл кезеңде жетекшілік ретінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды қоғамға қосу қолға алынды. Қлғамға біріктіруде кедергі жасайтын жағдайларды жою, қоршаған ортаны бейімдеу жұмыстары белсенді жүре бастады.
Осы кезеңде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы мектептердегі арнайы сыныптарда оқыту тәжірибесімен бірге бұрын оқытылмағын, яғни дамуында ауыр, терең ауытқулары бар балаларды оқыту басталды. Бұл кезең әлі аяқталмады, көтерілген мәселе қоғамда кең талқыланып жатыр. Осы кезеңде дәрігерлер ұрықтың пренаталды кезінде ауытқушылығын диагностикалау технологиясын халыққа ұсынады, сонымен қатар:
ағза мүшелерін ауыстырудың жаңа технологияларын;
жасанды органдарды әзірлеудің жетістіктерін;
имплант және протездеудің технологияларын;
жүктілік кезінде қолайсыз жағдайлардың алдын алу үшін арнайы вакциналар мен дәрмектерді пайдалану;
кемістіктерді ерте анықтап арнайы түзетушілік бағдарламаларын әзірлеу, жүзеге асыру .
біздің елімізде арнайы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихы әлеуметтік- мәдени тұрғыдан қарастырылмаған. ҚР арнайы білім беру жүйесі өз жүйесі өз дамуын кеңес құрамында бастап, кейін 90-шы жылдардан өзінші дамығаны, белгілі дерек.
Дәріс № 42-43
