- •3. Дамудағы кемістіктердің статистикасы мен жіктеулері.
- •4. Арнайы педагогиканың пәндік салалары
- •Сурет-1. Арнайы педагогиканың пәндік салалары
- •5. Арнайы педагогикадағы ғылыми-зерттеу әдістері.
- •Әдебиеттер:
- •Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері Жоспары:
- •1. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері.
- •2. Арнайы педагогиканың әлеуметтік-мәдени негіздері.
- •3. Арнайы педагогиканың экономикалық негіздері.
- •4. Арнайы педагогиканың клиникалық негіздері.
- •5. Арнайы педагогиканың психологиялық негіздері.
- •6. Арнайы педагогиканың психолингвистикалық негіздері.
- •7. Арнайы білім берудің құқықтық негіздері.
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
- •Әдебиеттер:
- •Оқыту процесі туралы түсінік
- •2. Арнайы оқыту процесінің ерекшеліктері
- •3. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау
- •Білім беру мазмұны түсінігі, мәні
- •2. Арнайы білім беру мазмұны
- •1. Арнайы мектептегі жалпы дидактикалық принциптері
- •2. Арнайы педагогиканың принциптері
- •1. Арнайы білім беру технологиялары
- •2. Арнайы мектептердегі оқыту әдістері
- •3. Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары
- •1. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары
- •2. Арнайы мектептегі сабақ
- •3. Арнайы педагог тұлғасы
- •Арнайы білім берудің даму кезеңдері мен қазіргі жағдайы
- •Арнайы білімнің дамуы тарихына шолу Жоспары:
- •Қазақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы Жоспары:
2. Арнайы педагогиканың принциптері
Арнайы педагогикалық меншкті принциптері кемтар балаларды оқытудың маңызды концентуалды жағдайын бейнелейді. Бұл принциптер арнайы педагогикалық өзгешелік принциптері оқыту процесіндегі заңдылықтарымен анықталады және оқытудың тиімділігін қамтамасыз етеді.
Педагогикалық оптимизм туралы принцип
Бұл принцип біріншіден кемтар тұлғалардың потенциалды мүмкіндіктері туралы қазіргі ғылыми – тәжірибелік білім деңгейімен, екіншіден дамуында ауытқуы бар балалар мен ересектерді сауықтырудың қазіргі педагогиканың жағдайы туралы ұғыммен қамтылған. Педагогикалық оптимизм туралы принцип қазіргі гуманизмді жариялайтын дүниетаным мен көзқарастарға негізделген. Мұнда әрбір адамның өміріндегі ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарамастан білім алуға, оқуға құқығын қорғау әрекеттері бекітіледі.
Арнайы педагогикада жарияланған тұжырымдама барлық балалар оқуға қабілетті, яғни оқи алады дейді. Бұл жерде оқуға деген қабілет – жалпы білім беретін пәндерді меңгеруден, балаға қол жетерлік, дәйекті, өмірге қатысты, әлеуметтік құны мол және тұлғалық дамуға маңызды дағдыларға деген қабілеттік мағынасында қарастыралады. Ол баланың қоршаған ортаға бейімделуін дамытады, өз бетімен тәуелсіз, еркін өмір сүруге дайындайды. Кемтар балалардың баяу оқитыны белгілі, бірақ олар өз деңгейіне сәйкес білімді меңгере алады да жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.
Педагогикалық оптимизм принципі Л.С.Выготскийдің баланың дамуының жақын аймағы туралы іліміне сүйенеді. Ол бала дамуындағы оқытудың маңызды рөлін көрсетеді және жеке түзету – дамыту бағдарламасының басынан соңғы нәтижесіне дейін болжау жасауға мүмкіндік береді. Арнайы педагог түзетушілік педагогикалық жұмысты бала дамуының актуальды деңгейін, сондай – ақ потенциалды мүмкіндіктерін ескере отырып әзірлейді.
Педагогикалық оптимизм принципі «шек қою» теориясынан бас тартады, өйткені ол теория дамуында ауыр ауытқуы бар балалар оқи алмайды, яғни «оқи алмайтын балалар» деп бекітеді.
Қазіргі уақытта педагогикалық шеберлік пен түзету білім беру технологиялар балаға деген махмббат, сүйіспеншілік, шыдамдылық болса, ғажап жетістіктерге жетуі мүмкін. Бұл жағдай дамуында ауыр жеке күрделі кемістігі бар, бұрын «оқи алмайтын» топтағы балалардың оқытудың қазіргі жағымды тәжірибесі мен нәтижелерін дәлелдейді.
Аталмыш принцип кемтар тұлғаларға басқаша көзқарасты қалыптастыруды ұсынады. Кемтар тұлға әлеуметтік құндылығы аз, қоғамға пайдасыз деген көзқарасты жою мақсатында қоғам арнайы ұйымдастырылған шаралар жасау тиіс, сол кезде кемтар тұлғалардың барлығы әлеуметтік толыққанды, жан – жақты дамыған тұлға болуына жол ашылады.
Ерте жастан педагогикалық көмек көрсету принципі
Қазіргі арнайы педагогика нәтижелі түзету – педагогикалық көмектің бірі – бала дамуындағы ауытқуды ерте анықтау және ерте диагностикадан өткізу мен қолдауды қамтамасыз ету деп санайды. Арнайы білім беру бала дамуындағы алғашқы кемістікті анықтау сәті мен бір мақсатқа бағытталған түзету – педагогикалық көмектің басталуы арасындағы уақытты біршама қысқартуды қарастырады.
XX ғасырдың 60-жылдарына дейін балаға түзету педагогикалық көмек көрсету қажеттігі бала мектепке келіп, мектеп бағдарламасын меңгере алмаған жағдайда ғана анықталған. Бұл жағдайдың бірнеше себептерге тәуелді, яғни бір жағынан медициналық және педагогикалық әрекет арасындағы келісім болмауы, мектепге дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпыға міндетті еместігі, балаға көрсетілетін педагогикалық көмектің мүмкіндіктері мен жетістіктері туралы ата – аналар білімнің жеткіліксіздігі.
Психологияда бала дамуында сензитивті деп аталатын кезеңдер бар, олар белгілі психикалық процестің жағымды, жеңіл әрі қарқынды тез дамитын кезең. Бұл кезеңнің уақыты шектеулі, егерде осы уақытта қандай да бір себептерге байланысьы нақты бір жүйе қалыптаспаса, кейін көптеген арнайы жағдайларды талап тедеі. Бала дамуы үшін ерте және мектепке дейінгі жас өте маңызды, сол кезде бастапқы психикалық процестері қарқын дамиды.
Егер бала естімейтін болып туылып, оған сол кезде арнайы сурдопедагогтың түзеу арқылы қолдау көрсетілмесе балада сөйлеу тілі дамымайды. Сонымен қатар тілдің дамуы мен қалыптасу үрдісінің жетіспеушілігі таным әрекетінің дамуына жағымсыз әсерін тигізеді яғни барлық психикалық процестерін өзгеше дамиды, тұлғасына тұтастай әсер етеді.
Қазіргі ғылыми жетістіктер қажетті диагностикалық құралдар мен түзету – педагогикалық технологияларды уақытымен ерте жастан көмекті ұйымдастыруға мүмкіндік ашады.
Білім беруде әлеуметтік-бейімдеу бағытын қамтамасыз ету принципі
Дамудағы кемістікті түзету және орнын теңестіру және толықтыру арнайы педагогикада кемтар тұлғалардың әлеуметтік өмірде тәуелсіздігін қамтамасыздандыру құралы ретінде қарастырылады.
Арнайы білім берудің әлеуметтік – бейімдеу бағыты әлеуметтік қатынастың түрлі құрылымын және адамды қоршаған мәдени ортаға психологиялық дайындығын қалыптастырады, дамудағы әлеуметтік кемшілікті анықтап түзетуге көмектеседі. Арнайы білім берудің әлеуметтік – бейімдеу бағыты арнайы білім стандартының мазмұнымен, түзетушілік білім беру үрдісінің формасы мен құралдарымен қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілердің әлеуметтік өмірге қатынасуына қажетті мінез – құлқын меңгеруі бойынша жүргізілетін түзету – педагогикалық және психологиялық жұмыстардың ұзақ әрі күрделі жүйесін, сондай – ақ аталмыш тұлғаға тиісті қарапайым гигиеналық, қарым – қатынастық, тұрмыстық дағдыдан бастап күрделі әлеуметтік, адамгершілік, философиялық, әлеуметтік – мәдени дағыдалрға дейінгі әдеттерді қалыптастыруды арнайы білім беру стандарты қарастырады.
Ойлау, сөйлеу тіл және қарым – қатынасты дамыту арнайы білім беру құралы ретінде принципі
Қалыпты дамушы бала өмірінің алғашқы күндерінен бастап – ақ сөйлеу ортасында тәрбиеленіп және затты – әлеуметтік өмірмен белсене араласуға мүмкіндігі бар болуы, сөйлеу тілі мен ойлауды дамытуға, қарым – қатынас іскерлігін қалыптастыруға қажетті барлық жағдайды меңгереді.
Жалпы білім беретін мекемелердегі оқыту қалыпты балалардың сөздік қорын дамытуға бағытталған. Қалыпты дамыған бала мектепке келгенде тұрмыстық ұғымдарды меңгерген жағдайда алады.осыдан кейін, біртіндеп ғылыми түсініктер қалыптасады, сөздік логикалық ойлауы дамиды. Кемтар балалардың сөйлесу негізінде қарым – қатынас дами бастайды, мінез – құлқы қалыптасады.
Ақыл – ой немесе дене дамуындағы кез келген кемістік баланың ойлауына, сөйлеу тіліне, қарым – қатынасына жағымсыз әсерін тигізеді.
Сөйлеу, ойлау және қарым – қатынастағы кемістіктер мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің барлық категорияларына тән дамуындағы өзіндік мәселелерді білдіреді. Сондықтан да, олар үшін маңызды қажетті жағдайдың бірі сөйлеу, ойлау және қарым – қатынасты дамыту бағыты бойынша түзету-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру.
Арнайы оқытудың түзету-теңестіру бағыты туралы принципі
Бұл принцип арнайы мектептерде оқушылардың сақтаулы сау күшіне сүйенуді талап етеді яғни зақымдалмаған анализаторлар мен ағза мүшелері, жүйелерді пайдалана отырып әзірленеді. Психикалық және дене дамуындағы зақымдалған немесе әлсізденген функцияларды реттеуге бағытталған түзету жұмысы үшін компенсациялау яғни теңестіру үрдісі қосымша құрал ретінде қарастырылады. Оқып үйрену көрмейтіндер үшін саусағының сипау арқылы болса, естімейтіндер сөйлеп тұрған адамның ерін қимылы арқылы сөйлеу мағынасын түсіне алады немесе ымдық қимыл арқылы үйренуге қабілетті.
Білім берудің түзету-теңестіру бағыты оқыту, түзету – дамыту процесін арнайы техникалық құралдарының қазіргі жүйесімен, компьютерлік технологиялармен қамтамасыз ету талабын білдіреді.
Жалпы бұл принцип арнайы білім беруде жетекші деп айтуға болады, өйткені нақты дамытудағы кемістіктерді түзетуді қамтамасыз етуін қадағалайды.
Арнайы оқыту мен тәрбиелеудегі әрекет арқылы ықпал ету принципі
Арнайы оқыту жүйесіндегі заттық-тәжірибелік әрекет кемтар баланың дамуын қамтамасыздандырудың арнайы құралы болып табылады. Ғылыми зерттеулер заттық-тәжірибелік әрекет, дамуында ауытқуы бар балалармен жүргізілетін жұмыстың ең қуатты нәтижелі түзету құралы екенін дәлелдейді (жоғары жүйке жүйесін, қабылдау, сөйлеу, есте сақтау, ойлауды түзетеді, дамытады). Аталмыш принцип сабақта, сондай – ақ сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылады.
Әрекет жасау кемтар балаларды оқыту мен бойындағы кемістіктерді түзетуге мол мүмкіндіктері береді. Бұл жерде кемтар балалардың жас ерекшеліктерін ескеру арқылы жетекші әрекетін толық ұйымдастыру қажеттілігін ескеру керек.
Арнайы педагогтың басшылығын қажет ету принципі
Кемтар балалар дамуындағы ерекшеліктер оқу – таным әрекетіне үнемі арнайы өзгерістерді енгізуді талап етеді. Көптеген жағдайларда кемтар балалар таным ерекшеліктеріне сәйкес өз бетімен жұмыс жасаудағы қиындықтар арнайы педагогтың басшылығын қажет етеді. Арнайы педагог оқу әрекетін, еңбек әрекетін барлық кезеңдерінде тапсырма беру мен бақылау арқылы басшылық жасайды.
Арнайы оқыту мен тәрбиелеуде арнайы педагогтар кемтар балаларға жан – жақты қолдау көрсетуге тиіс.
Өз бетімен жұмыс жасауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Оқытудың ғылымилық, жүйелілік және қол жетерлік принциптерінің қажеттігін дәлелдеңіз.
2. Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларының оқытудағы саналылығы мен белсенділігі принципін ашып көрсетіңіз.
3. Оқытудың беріктік принципін жүзеге асыру тұрғысында байқау негізнде арнайы мектепгеті бір сабаққа талдау беріңіз.
4. Арнайы педагогиканың өзгеше принциптерін атаңыз.
5. Ерте жастан педагогикалық көмек көрсету принципің қажеттілігі туралы айтыңыз.
Әдебиеттер:
1. ҚР «Білім туралы» Заңы – Алматы. – Юрист.-2007
2. Специальная педагогика / Под ред. Н.М.Назаровой – М.-2001
3. Сурдопедагогика / Под ред. Е.Г.Речицкой – М.-2004
4. Обучение детей с нарушениями интеллекуального развития. (Олигофренопедагогика) / Под ред. Б.Пузанов. Учебное пособие – М.2001
Дәріс № 15-16
Арнайы білім берудің оқыту әдістері
Жоспары:
1. Арнайы білім беру технологиялары.
2. Арнайы мектептердегі оқыту әдістері.
3. Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары.
Түсініктер: білім, оқыту, әдіс, тәсіл, технология
