- •3. Дамудағы кемістіктердің статистикасы мен жіктеулері.
- •4. Арнайы педагогиканың пәндік салалары
- •Сурет-1. Арнайы педагогиканың пәндік салалары
- •5. Арнайы педагогикадағы ғылыми-зерттеу әдістері.
- •Әдебиеттер:
- •Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері Жоспары:
- •1. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері.
- •2. Арнайы педагогиканың әлеуметтік-мәдени негіздері.
- •3. Арнайы педагогиканың экономикалық негіздері.
- •4. Арнайы педагогиканың клиникалық негіздері.
- •5. Арнайы педагогиканың психологиялық негіздері.
- •6. Арнайы педагогиканың психолингвистикалық негіздері.
- •7. Арнайы білім берудің құқықтық негіздері.
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
- •Әдебиеттер:
- •Оқыту процесі туралы түсінік
- •2. Арнайы оқыту процесінің ерекшеліктері
- •3. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау
- •Білім беру мазмұны түсінігі, мәні
- •2. Арнайы білім беру мазмұны
- •1. Арнайы мектептегі жалпы дидактикалық принциптері
- •2. Арнайы педагогиканың принциптері
- •1. Арнайы білім беру технологиялары
- •2. Арнайы мектептердегі оқыту әдістері
- •3. Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары
- •1. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары
- •2. Арнайы мектептегі сабақ
- •3. Арнайы педагог тұлғасы
- •Арнайы білім берудің даму кезеңдері мен қазіргі жағдайы
- •Арнайы білімнің дамуы тарихына шолу Жоспары:
- •Қазақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы Жоспары:
2. Арнайы мектептегі сабақ
Арнайы мектептегі сабақта оқу процесінің барлық компоненттері (мақсат – міндеттері, білімнің мазмұны, принциптері, оқыту әдістері) толығымен жүзеге асырылады.
Сабақ мұғалімнің шығармашылық өнері емес, ол нақты талапқа және білім беру мақсат – міндеттерге сәйкес ұйымдастырылатын жұмыс. Сабақты дұрыс өткізу үшін жалпы дидактикалық, әлеуметтік – педагогикалық, психологиялық – педагогикалық, ұйымдастырушы, санитариялық – гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету керек.
Жалпы дидактикалық жағдайлар нақты оқыту процесін қалай өткізу шарттарын белгілейді, сабақта өтетін білім мазмұнын, оған сәйкес сабаққа қойылатын міндеттерді анықтайды.
Білім беру міндеттері ғылыми негізделген, білім беретін оқу бағдарлама көлеміндегі білімді меңгерту, өмір сүру үшін қажетті икемділік пен дағдыларды қалыптастыруды қолдайды. Сабақтағы білім беру міндеттері үнемі оқушыларға арналған, өйткені мұғалім оқушылар нені меңгеріп, үйренуі тиіс екенін өзі анық білуі тиіс. Мысалы, сабақ тақырыбы: екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу, сол сабақта мұғалім келесі міндетті орындайды, жүз көлеміндегі сандарды бөлуге үйрету (қалыптастыру, қайталау, бекіту, кеңейту), бір амалды есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік міндеттері өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, жеке тұлғаның адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін тәрбиелеу, танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашады.
Түзету-дамыту міндеттері бала бойындағы алғашқы (біріншілік реттегі) кемістіктің салдарын жоюға, түзетуге және екіншілік кемістіктердің алдын – алуға бағытталған, яғни ең жиі кезлесетіндер, таным процестерін және сөйлеу тіліндегі кемістіктерді түзету. Бұл міндеттерді орындау ережесі нақты әрекеттерді анықтау мен орындауын қадағалауды талап етеді. Мысалы, зейін ауытқушылықтарын түзету үшін, «Кім байқағыш», «Не артық» т.с.с. атты ойын арқылы зейіннің тұрақтылығын дамыту міндеті сабақтағы түзету-дамыту міндеттерін бірі болуы мүмкін.
Сабаққа қойылған міндеттердің нақтылығы, түрлі әрекеттердің алмасуы, мұғалімнің оқушылар әрекетін бағалаудың тәртіптілік пен мәдениетін қалыптастырады.
Арнайы мектепте міндеттерді орындау үшін мұғалім оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып белсенді таным әрекетін дамытуға бағытталған оқыту әдістер мен тәсілдерін үйлесімді пайдлану мен қтар оқу-тапсырмаларының көлемі мен күрделігін анықтау білуі тиіс.
Сабақ барысында барлық міндеттер өзара байланыста жүзеге асырылады.
Әлеуметтік – педагогикалық жағдайлар арнайы мектептегі мұғалімнің жоғары кәсіби біліктілігі деңгейін талап етеді. Бұл жерде жалпы білімділік, дидактикалық, әдістемелік дайындық пен қоса сынып ұжымыда білім алуға деген қызығушылығы қажет. Әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар арнайы мектепте оқыту процесін арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуін талап етеді.
Психологиялық-педагогикалық жағдайлар оқытудың жоғары нәтижесіне жету үшін оқушылар бойында білім алуға қызығушылығын оятуды білдіреді. Бұл үшін арнайы педагогтар балалардың психикалық даму, жас, тұлғалық ерекшеліктерін жақсы білуі қажет және өздері кемтар балалармен жұмыс жасауға психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дайын болуы қажет.
Сабақ түрлері, құрамы
Әрбір сабақ негізгі біліктерден құралады, олар: үй тапсырмасын тексеру, жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білімді тексеру, бағалау, сабақты қорытындылау. Сабақ құрылымы – бір белгілі бірізділікті және өзара қарым – қатынасқа келген дәріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Ал сабақтың түрі – белгілі бір сабақтар тобына тән бірлектердің тұрақты үйлесімділігін білдіреді.
Жалпы білім беретін және арнайы сабақтар, сабақ түріне сәйкес құрылады. Бүгінгі дидактика сабақ түрлерін олардың басты сипатына орай топтастырады. Дидактикалық мақсаттарға сәйкес сабақ түрлері:
Пропедевтикалық сабақтар
Жаңа білім, икем, дағдыларды қалыптастыру
Білім, икем, дағдыларды қайталау
Білім, икем, дағдыларды бекіту
Білімді қорытындылау
Білім, икем, дағдыларды тексеру, бақылау.
Арнайы білім беруде пропедевтикалық сабақтардың екі түрін ажыратуға болады: бірінші түрі бастауыш сыныпта өткізілетін сабақтар, олардың мақсаты – оқу материалын толық жүйеде меңгеруге даярлау. Екінші түрдегі пропедевтикалық сабақтар жалпы оқыту процесінде күрделі оқу материалын меңгеру үшін арнайы дайындық ретінде өткізіледі. Жалпы пропедевтикалық сабақтардың негізгі мақсаты оқушыларды оқу материалын жақсы меңгеруге даярлау.
Жаңа білім, икем, дағдыларды қалыптастыру сабақтары тек жаңа мәліметтер мен жаңа икемділік пен дағдыларды үйретуді мақсат етеді. Бұл сабақтың құрылымы келесі бірліктерден тұрады:
психологиялық-педагогикалық даярлық
жаңа оқу материалын баяндау
меңгерілген оқу материалын бекіту
үй тапсырмасын беру
білімді бағалау
сабақты қорытындылау
Бұл сабақтарда оқушылар өздерінің білім, икемдерін жаңа жағдаятта, тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйренеді. Жаңа оқу материалын мұғалім бағдарлама негізінде жан – жақты талдап іріктеуі тиіс.
Әрине білім, икем, дағдыларды бір сабақта толық, тұрақты қалыптастыру мүмкін емес, сондықтан келесі сабақ түрі арнайы мектептерде өткізіледі – білім, икем, дағдыларды бекіту сабағы, оның құрылымы:
1. Психологиялық-педагогикалық даярлық
2. Оқу материалын қайталау
3. Меңгерілген білімдерін жетілдіру
4. Үй тапсырмасын беру
5. Білімді бағалау
6. Сабақты қорытындылау
Бұл түрдегі сабақтарда көп жаттығулар пайдаланылады, арнайы әрекеттер ұйымдастырылады.
Арнайы мектепте білімді жалпылау және бір жүйеге келтіру бұрын меңгерілген білімді белсендіруге бір берікті жүйеге келтіруге бағытталған. Ал білім жүйесін құруға арнайы мектептегі оқытудың баяулығы және оқушылардың даму ерекшеліктері (әсіресе, есте сақтау ерекшеліктері) кедергі жасайды. Сондықтан бұл сабақтардың түзетушілік маңызы зор. Құрылымы:
1. психологиялық-педагогикалық даярлық
2. оқу материалын қайталау
3. үй тапсырмасын беру
4. білімді бағалау
5. сабақты қорынтындылау
Бақылау сабақтары оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау мен шектелмейді. Бұл сабақтар мұғалімнің пайдаланған оқыту әдістердің тиімділігін көруге және кейіннен оқыту процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Бақылау сабақтарында келесі әдістер жиі пайдаланылады: әңгімелесу тақырып бойынша, жазбаша практикалық тапсырмалар беру бақылау жұмыстарын өткізу.
Арнайы мектептегі неғұрлым көп тараған сабақ түрі – аралас. Бұл сабақ жаңа оқу материалын шағын бөліктермен беріледі (басқа міндеттерді шешуге уақыт қалады), материалды есте сақтаудың ерекшелігі тиянақты бекітуді талап етеді; оқуға қызығушылықты тудыру үшін түрлі әрекеттерді пайдалану қажет және сабақта таным белсенділік деңгейін дамытады. Аралас сабақтың құрылымы:
1. психологиялық-педагогикалық даярлық
2. үй тапсырмасын тексеру
3. оқу материалын қайталау
4. жаңа оқу материалын баяндау
5. меңгерген білімді бекіту
6. үй тапсырмасын беру
7. білімді бағалау
8. сабақты қорытындылау
Аралас сабақ құрылымы үнемі бірдей бола бермейді, сабақ міндеттеріне, оқу материалының күрделігіне тәуелді кезеңдер орындары ауысуы мүмкін. Дидактикалық міндетке байланысты кейбір жағдайларда жаңа материалды баяндау негізгі орынға ие болса, бірде қайталау мен жүйелеу маңызды орын алады.
Арнайы мектептердің өзгешелігіол түзету сабақтары. Түзету міндеттері әр сабақта, сабақтан тыс уақытта жүзеге асқанына қрамастан арнайы түзету сабақтар енгізілген. Бұл сабақтардың түрлері арнайы мектеп оқушыларының дамуындағы кемістікке тәуелді. Мысалы, естімейтін, нашар еститін балалар оқитын мектептерде заттық-тәжірибелік оқыту, дактильді сөйлеуге үйрету, дыбысты қабылдауын дамыту, дыбыс айтуды қалыптастыру сияқты арнайы сабақтар өтеді, олардың құрылымында ерекшеліктер бар. Барлық сабақтарда тілді жаттықтыру, сөзді естіп қабылдауға арналған жаттығулар өз кезеңдерінде жүргізіледі.
Көруінде ауытқуы бар балалар үшін арнайы мектепке кеңістікті бағдарлау, зиятында ауытқуы бар балалар үшін таным әрекетін түзету сабақтары ұйымдастырылады.
Ал оқу материалын өткізу тәсілі бойынша сабақтар келесі түрде өтеді:
оқу саяхаттар;
ақпарат құралдар арқылы өткізілетін сабақтар (теле-бейне-компьютерлік құралдар).
Арнайы мектептегі сабақты талдау
Арнайы мектептегі оқыту процесін жетілдіру, оқу әрекетіне барабар баға беру сабақты психологиялық-педагогикалық тұрғыдан талдауға байланысты. Сабақты психологиялық-педагогикалық талдаудың өзгеше тәсілдері оқыту процестің түзету-дамыту бағытын ескеруді талап етеді.
Сабақты психологиялық-педагогикалық талдау сабаққа қойылған міндеттер орындалуын қадағалауымен бірге оқушылар ерекшеліктерін ескеру талап ретінде қарастырылады.
Сабақты талдау барысында ең басты құрылымын қарау. Сабақтағы бірліктер реттігі, оның тиімділігі, жасалған әрекеттердің ұйымдасуы талдау қажет.
Сабақтағы білім мазмұнын талдау үшін арнайы білім беретін бағдарламаға және білім беру міндеттерге сәйкестігін анықтау қажет. Бұл талдау кезде арнайы түзету міндеттерінің орындалуын қадағалау жауапты мәселе.
Ал сабақтың дамытушы қызметіне оқушылардың таным әрекетін белсендіру деңгейін қарастыру арқылы баға береді, әсіресе арнайы оқытудың ерекшеліктерін толығымен ескеруі қажет.
Сабақтың тәрбиелік мәнін бағалау оқу барысында оқушылар арасындағы қарым – қатынасты, балалардың адамгершілікі қасиеттерінің қалыптасуын бақылау арқылы мүмкін.
Сонымен қатар, сабақтағы пайдаланаған оқыту әдістердің тиімділігін анықтау мен талдауға көп мүмкіндік береді. Сабақтағы оқу жұмысының ұйымдасуы да маңызды көрсеткіш болып табылады (сынып тобымен, топтық, жеке).
Арнайы мектепегі сабақта әр оқушының жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы ықпал ету, жол табу мұғалімнің шеберлік пен кәсіби білім деңгейін білдіреді.
Ерекше сабақ үстінде үй тапсырмасына да көңіл бөлу қажет, тақырыпқа сәйкестігі, күрделігі мен орындалу мүмкіндіктерін ескеру.
Сабақтың сыртқы көрінісі- ол мұғалім мен оқушылар арасындағы түсінушілік, сыйластық пен жақсы көңіл. Мұғалім педагогикалық этика кәсіби деонтология ережелерін үнемі ұмытпай орындауға тиіс.
Сабақты талдау кезде, оның сабақ жүйесінде орнын анықтау маңызды. Тек «жақсы» сабақ немесе «жаман» сабақ, «ұнамалы» деген баға беруден бас тарту керек. Өйткені әр сабақ арқылы мұғалімнің білім деңшейін жетілдіруге болады.
