- •3. Дамудағы кемістіктердің статистикасы мен жіктеулері.
- •4. Арнайы педагогиканың пәндік салалары
- •Сурет-1. Арнайы педагогиканың пәндік салалары
- •5. Арнайы педагогикадағы ғылыми-зерттеу әдістері.
- •Әдебиеттер:
- •Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері Жоспары:
- •1. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері.
- •2. Арнайы педагогиканың әлеуметтік-мәдени негіздері.
- •3. Арнайы педагогиканың экономикалық негіздері.
- •4. Арнайы педагогиканың клиникалық негіздері.
- •5. Арнайы педагогиканың психологиялық негіздері.
- •6. Арнайы педагогиканың психолингвистикалық негіздері.
- •7. Арнайы білім берудің құқықтық негіздері.
- •Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
- •Әдебиеттер:
- •Оқыту процесі туралы түсінік
- •2. Арнайы оқыту процесінің ерекшеліктері
- •3. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау
- •Білім беру мазмұны түсінігі, мәні
- •2. Арнайы білім беру мазмұны
- •1. Арнайы мектептегі жалпы дидактикалық принциптері
- •2. Арнайы педагогиканың принциптері
- •1. Арнайы білім беру технологиялары
- •2. Арнайы мектептердегі оқыту әдістері
- •3. Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары
- •1. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары
- •2. Арнайы мектептегі сабақ
- •3. Арнайы педагог тұлғасы
- •Арнайы білім берудің даму кезеңдері мен қазіргі жағдайы
- •Арнайы білімнің дамуы тарихына шолу Жоспары:
- •Қазақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы Жоспары:
I – Тарау
Арнайы педагогиканың жалпы ториялық негіздері
Даріс № 1-4
Арнайы педагогиканың жалпы негіздері
Жоспары:
1.Арнайы падагогиканың пәні, мақсат-міндеттері.
2.Арнайы падагогиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері.
3.Дамудағы кемістіктердің статистикасы мен жіктеулері.
4.Арнайы педагогиканың пәндік салалары.
5.Арнайы педагогикадағы ғылыми-зерттеу әдістері.
Негізгі түсініктер:Арнайы білім беру, кемтар бала, мүмкіндіктері шектеулі бала, түзету, толықтыру, оңалту, қоғамға косу.
1.Арнайы педагогиканың пәні,мақсаты және міндеттері
Арнайы педагогика- педагогикалық білімнің бір бөлігі, құрамдас болғанына қарамастан көлемді, көп аспектілі ғылым саласы / латын тілінен аударғанда specialis – туыс, түрі деген мағынаны білдіреді/. Нақты анықтамасын қарастырсақ, арнайы педагогика – жалпы педагогикалық жағдайда білім алуда қиналатын, немесе мүлде оқи алмайтын кемтар тұлғаларға арнайы білім берудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін ғылым.
Қазіргі халықаралық педагогикалық теория мен тәжірибеде «арнайы педагогика» және « арнайы білім беру» ұғымдары кең пайдалынады: мысалы, ағылшынша special education, французша – education speciale, испан тілінде – pedagogica especial, немісше – sonderpadagogik деген анықтамалар дәстүрлі қолдануда. Өткені «арнайы педагогика» ұғымы жалпыға түсінікті және адамгершілік бағытына сәйкес үйлеседі.
Арнайы педагогиканың нысаны – білім алуда ерекше қажеттіліктері бар, яғни кемтар тұлғаларға арнайы білім беру үрдісі, ол педагогикалық феномен ретінде қарастырылады.
Арнайы білім беруде зерттеу мен педагогикалық көмек көрсетудің субьктісі – даму мүмкіндіктерінің шектеулі болғандықтан білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлға. Бұл жерде арнайы оқыту – нақты адамның білім алудағы күрделі мәселесін шешуге бағыталған.
Арнайы педагогиканың пәні – арнайы оқытудың теориясы мен тәжірибесі. Бұл үрдіс мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың дамуы мен білім алу ерекшеліктерін, тұлғалық қалыптасуы және әлеуметтену заңдылықтарың зерттейді. Арнайы педагогиканың пәнін білу тұлға дамуындағы дене немесе психикалық кемістікті түзету мен оңалтуға және қоғамға біріктіруге тәуелсіз өмір сүру деңгейіне қол жеткізу үшін өте маңызды.
Арнайы педагогика өз мәселелерін шешуге психолог, педагог ғалымдардың ( П.П. Блонский, Л.С. Выготский, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, А.А. Люблинская, Д.Б.Эльконин т.б. ) теориялық қағидалары мен ілімдеріне сүйенеді.
Арнайы педагогика дамушы тұлганын әлеуметтенуін, өзіне - өзі қызмет көрсетуге үйретуді көздей отырып, бұл мақсаттың мүмкіндігі шектеулі тұлға үшін маңызды екенің көрсетеді, нақты тәуелсіз және еркін өмір сүру мен әлеуметтенудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізуді жетекші бағыт ретінде қарастырады. Ал сол мақсатқа жету үшін арнайы педагогика келесі міндеттерді орындайды.
дамудағы кемістікті, ауытқуды түзету;
педагогикалық құралдар арқылы дамудағы кемістікті, ауытқуды теңестіру; орның толықтыу ( компенсациялау);
абилитация ( ерте жас кезеңі үшін ) - әлеуметік ортаға әлі бейімделмеген ерте жас кезенінде пайда болатын патологиялық жағдайлардың алдын алу емдік – педагогикалық шаралар жүйесін асыру. Ол қоғамда енбектену және пайдалы мүше болу мүмкіндігін туғызады;
сауықтыру жұмыстары ( әлеуметтік және тұлғалық) – тұлғаны даярлау мақсатындағы медициналық, әлеуметтік, білімдік, және кәсіби сипатағы кешендерді қолдану.
Сондықтан бұл міндеттер нақты тұлғаға көмек корсетуге бағытталған деп айтуға болады, мысалы, көруінде ауытқуы бар тұлғаны арнайы тифлотехникалық құралдармен қолдануға үйрету және қоршаған кеңістікте бағыттау дағдыларын қалыптастыру болса, естуінде ауытқуы бар тұлға үшін қалдық естуіне сүйене отырып, сөйлеп тұрған адамның ерін қимылынан ауызша сөйлеуді қабылдау дағдыларын қалыптастыру болады.
Сонымен бірге, арнайы педагогиканың өзгеше міндеттер қатарына мүмкіндіктері шектеулі тұлғаны сауықтыру шараларды ұйымдастыру, нақты өзін - өзі қадірлеу сезімін тәрбиелеу, өз тұлғасын барабар бағалау, әлеуметтік мінез – құлықтың сәйкестік формаларын қалыптастыру жатады. Бұл жұмысты атқаруда психолог мамандар ата аналармен бірлесіп белседі өз үлестерін қосу қажет.
Ал төмендегі міндеттер арнайы педагогиканың жетекші мақсатына қол жеткізу үшін аса маңызды болып табылады, олар:
мүмкіндіктері шектеулі жағдайында тұлға дамуының педагогикалық заңдылықтарын зерттеу;
нақты тұлға үшін кемістіктің құрамына сәйкес түзету және теңестіру (компенсация) орның толықтыру мүмкіндіктерін анықтау;
мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды педагогикалық тұрғыдан топтастыру, жіктеулерді әзірлеу жағдайларын анықтау және негіздеу;
арнайы білім берудің заңдылықтарын, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған педагогикалық жүйелерін зерттеумен қатар жаңа педагогикалық жүйелердің пайда болуын болжау;
арнайы білім беру мазмұны, принциптері, әдістері мен технологиялары және арнайы білімді ұйымдастырудың ғылыми негіздерін, жағдайларын әзірлеу;
арнайы білім беруде педагогикалық – түзету, сауықтыру, оңалту бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;
мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қажетті әлеуметтік бейімделуі, оңалту, абилитациялау бағдарламалары мен оларды қолдану жағдайларын зерттеу, талдау және жүзеге асыру;
дамуында кемістігі бар тұлғалар үшін әлеуметтік бейімдеу, кәсіби кеңес беру және кәсіби еңбекке даярлау мен әлеуметтік – еңбектік бейімдеу бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;
әлеуметтік – мәдени стандарттан тыс мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың өмір сүрудің барлық мәселелерің шешу үшін әлеуметтік педагогикамен байланыста болу;
дамудағы кемістіктердің алдын – алу үшін педагогикалық құралдар ме механизмдерін зерттеу, әзірлеу және жүзеге асыру;
кемтар балалардың ата – анасына психологиялық – педагогикалық қолдау көрсету, кеңес беру, үйрету
мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды қоғамға біріктіру (интеграциялау) беталысын жүзеге асыру, ғылыми зерттеулер жүргізу.
2. Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері
Тарихи арнайы педагогика педагогика ғылымның құрамдас бөлігі болғандықтан, ол жалпы педагогикалық негізгі ұғымдар мен терминдердің көпшілігін пайдаланады. Бірақ, арнайы педагогиканың даму барысында өзіндік ұғымдар аппараты және терминологиясы қалыптасқан.
Айтып кететін жағдай арнайы педагогиканың ұғымдар және терминдер шеңбері өте кең өйткені білімнің жиынтығы түрлі дене және психикалық кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде қалыптасып, жинақталған. Баланың психикалық және дене дамуының түрлі салалары:сөйлеу жүйесі, сенсорикалық, зият, ерік сферасы, қозғалысында түрлі деңгейде көрінуін және түрліше себептерден пайда болуына байланысты. Болашақ арнайы педагог кемістіктің пайда болудың негізгі себебі мен сипатын, ерекшеліктерін оларды түзетудің әдіс – тәсілдерін, сонымен қатар әрине арнайы терминдерді білуі тиіс.
Алғашында арнайы педагогиканың өзіндік терминдері болмағандықтан кемтар балалардың патологиялық, анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін білдіретін көбінесе медициналық термидер пайдаланылды.Арнайы ғылыми терминдер медицинадан туындаған, олар: диагностика, ақау, соқыр, түзету, ақыл – есі кемтар, кереңдік, мылқау т.с.с.
Арнайы психологияның дамуымен психологиялық терминдер мен ұғымдар қалыптасты, олар диагнозды сипатқа ие болған және нақты психологиялық терминдер ме ұғымдар қалыптасты, олар диагозды сипатқа ие болған және нақты психологиялық тексеру нәтижесін білдіреді. Мысалы: 1) дамуы уақытша тежелген балалар; 2) танымдық әрекеті төмен балалар; 3) психомоторикасындағы ауытқуы бар балалар, сияқты ұғымдар тексерудің қорытынды сипатын білдірген. Кейінен дефектологтар бұл ұғымдарды өз тәжірибелерінде пайдаланып, диагнозды сипатына көңіл бөлмей, дефектологиялық терминдер ретінде қалдырған.
Өзіндік педагогикалық ұғымдар мен түсініктердің болмауы медициналық және психологиялық терминдерді арнайы педагогика саласында пайдалануға тура келтірді, педагогтар үшін әлеуметтік мәдени контекстегі олардың диагноздық мәні жойылады.
Бұл процес әр қашанда өзекті болғандықтан, арнайы педагогиканың ұғымдық аппаратының дамуына үздіксіз ықпалын тигізеді. Ерекше айтып кететін жағдай, арнайы педагогика дамуының әрбір кезеңінде жаңа терминдердің пайда болуы ме секірген ұғымдарды алмастыру және аталатын нысандар мен құбылыстардың мғынасын нақты білдірмейтін ұғымдарды қате пайдалану беталысы байқалады.
Бір нысанды немесе құбылысты әр ғылым саласы өзінше атайтыны анық. Сондықтан бір ұғым басқа ғылымдарда түрлі мағыналық құндылығын әр контекстке байланысты білдіреді. Мысалы, дамуында нақты бір кемістігі бар баланы дәрігер «мидың минимальды дисфунциясы бар бала» десе, психолог – психикалық дамуы тежелген дейді, ал дефектолог сол баланы «білім алуда қиындықтары бар», «мүмкіндігі шектеулі бала» деп атайды.
Сонғы он жылдықта тұтас педагогика саласында атаулар мен анықтамаларды қайта қарастыру жұмыстары басталды. Бұл жағдайдың себебі, 70 жыл бойы дамуында кемістігі бар балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу саласы «дефектология» атты ғылым болып аталуда.Кеңес дәуірінде дефектология терминінің пайда болуы 20 ғасырдың басында педагогиканың күрт дамуына байланысты. Ол дамушы тұлғаны кешенді қарастыру арқылы педагогиканы байытты және өсіп келе жатқан баланы физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыда жан – жақты зерттеудің қажеттілігін көрсететінің дәлелдеді.
Бұл тұжырымдамалық негіздер жаңадан дамып келе жатқан ғылыми – практикалық сала, яғни дефектологияның іргетасын қалады. Дефектологияның дамуына Мәскеудегі мемлекеттік университетінде дефектология факультетін ашылуы мен дамуында кемістігі бар балаларға белсенді арнайы білім беру тәжірибесі ықпал етті, 1937 жылға дейін сол факультет педология факультеті деп аталған. Бірақ « дефектология» терминмен қатар «арнайы педагогика» және « арнайы психология» термині де пайдаланған.
ХХ ғасырдың ортасында шетел педагогикасы педологиялық ойлардың біртіндеп алшақтап, оның тек оқушыларға жүйелі ықпал етуді ғана қалдырған (психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік-мәдени контексте). Кеңес дәуірінде болса 1936 жылы «Халықты ағартушылық комитет жүйесіндегі едогогикалық бұрмалау туралы» атақты қаулы жарық көрді, сөйтіп педология мен осы салада айналысатын ғалымдарды, соның ішінде Л.С.Выготский қудалана бастады. Бүкіл әлемге атақты ғалымның еңбектері 30 жылға дейін пайдалану рұқсатынан айрылған.
Емдеу ұғымын терапия ұғымынан ажырату қиын мәселе, өйткені бір мағынаны білдіреді. Ал арнайы білім беру саласында психотерапиялық шаралар кең қолданылады, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде гипноз, арттерапия, ойын аркылы емдеу. ертегімен емдеу, кітаппен емдеу психологиялык жаттығуды пайдалану. ("Психотерапия в дефектологии" құрастырған Н.П.Вайзман) Психокоррекция - емдеу педагогикасы үғымын ажыратады К.Д.Ушинский педагогиканы емдеу өнерімен салыстырады. Дәрігер мен педагогты адамның жеке түлғасына ыкпал ету, баланын әлеміне уңілу кажеттілігі жақындастырады.
Емдеу педагогикасы термині XX ғасырда неміс ғалымдар енбектерінде кеңінен кездеседі. Ал, Ресейде атақгы дәрігер-психиатрлер А.С. Грибоедов, В.П.Кащенко Г.И.Россолимо психикадык дамуында кемістігі бар балаларлы емдеу ісімен айналыса отырып осы терминді пайдалангаи. Ал, бүгінгі танда отандык педагогикалык тәжірибе аталмыш термин сирек пайдаланалады, тек мамандардын кәсіби саласында және ол екірген бояып саналады.
Әлеуметтік қорғау мен құқықтық сала аясында жалпыға мәлім ретінде мүгедек атты ұғым кездеседі. Ал құқықтық мүмкіндіктері шектеулі тұлға термині жиі колданылады. Медициналык түрғыдан арнайы педагогика келесідей терминдерді пайдаланады, олар: кемтар балалар, дамуында дерті бар балалар, ауытқулары бар балалар. Ал арнайы педагогикада жиі кездесетін түсініктер «дефект», «кеміс» орысша-казакша сөздікте дефект — ақау, жетімсіздік, кемістік, мүкістік деп аударылады, дефективные дети-кемістігі бар балалар дейді. Ал қазакша-орысша терминологиялык сөздікте (педагогика жәнс психология) кемшілік - недостаток деп беріледі, дефективные дети - кеміс балалар деген.
Бірақ казіргі уакытта, педагогика мен әлеуметтану саласында жоғарыда аталган терминдердің мүмкіндіктері шектеулі тұлғанын намысын кемітіп, білім алудагы ерекше кажеттілікгерін, әлеуметік бейімделу жағдайларын білдірмейді.
Сонымен катар "аномальды", "кемтар балалар" деген терминдерден бас тартып орнына "мүмкіндігі шектеулі тұлға" және "білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар" терминдерді енгізілгені туралы айту керек.
Қазіргі әлемдік арнайы білім берудің теориясы мен тәжірибесінде аталмыш аныкгамаларды мақұлдап, кең колдануда.
Қазіргі арнайы педагогика дамудағы кемістік, акауды нақты адамның даму мүмкіндіктірінің қоғамда қабылданған мінез-қүлық және қарым-қатынас, мектептегі білімді меңгеру нормаларға сәйкес болмаған жагдайда пайда болады дейді. Ал жалпыға бірдей әлеуметтік кажеттіліктерді аталмыш адамның меңгере алмаған түрде оны әлеуметтік мүмкіндіктері шектеулі тұлға деп атауды ұсынады. Сондыктан арнайы педагогика казіргі уакытта мүмкіндіктері шектеулі тұлға. ал білім алушылар үшін білім алуда ерекше кажеттіліктері бар деген анықтаманы пайлаланады, сол ерекше қажеттіліктері арнайы жағдайды қамтамасыз ету арқылы қанағаттандыруға болалы. Ерекше назар аударсақ, даму мүмкіндіктердің шектелуі педагогикалык көмек қиындыктардын айнымалы көрсеткіш мағынасын ғана білдіреді.
Шетелдегі қазіргі заң және әлеметтік саласында еңбек ету мүмкіндіктері шектеулі тұлға дегенұғымдар жиі пайдаланады, ол бұрынғы "мүгедек"' терминінің орнын басады, өйткені "мүгедек" деген адамнын ештенеге жарамайды, яғни кабілетсіілікті білдіреді.
Сондықтан мүмкіндіктері шектеулі тұлға, еңбек ету мүмкіндіктері шектеулі тұлға, білім алуда ерекше кажеттіліктері бар тұлға терминдері біршама тиімді және адам намысын қорламайтын болып саналады.
Сөйтіп дамуында кемісіігі бар тұлгаларды коп жыл бойы қалыптасып дәстүрлі жіктесу бойынша келесі топтарын ажыратуға болады:
естімейтіндер:
нашар еститіндер;
көрмейтіндер;
нашар көретіндер;
тіл кемістігі бар;
ақыл-ойы кемтар;
психикалық дамуы тежелген (шет елдерде оқуында қиналагын балалар);
тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар;
сезім-ерік аясында ауыткуы бар;
күрделі кемістігі бар.
Осы терминдердің әлі күнге дейін негізінде медициналык, психологиялык жакындастык сақгалады.
Ал 2002 жылы кабылданған КР "Кемтар балаларды әлеуметгік және медициналык педагогикалык түзеу арқылы қолдау туралы Заң отандық арнайы білім беруде пайдаланатын негізгі терминlер мен аны0тамаларлы заңды түрде бекітіп тәжірибеге ұсынды, олар:.
Кемтар балаларды балаларды әлеуметтік және медициналық -педагогикалык түзеу арқылы колдау - кемтар балаларға тұрмыс-тіршілігіндегі шектелуді жою және онын орнын толтыру үшін жағдай жасауды камтамасыз ететін және оларға басқа азаматтармен бірдей коғам өміріне катысу мүмкіндіктерін жасауға бағыталган арнаулы әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтерің көрсететін білім беру, халыкты әлеуметтік қорғау, деңсаулык сақтау ұйымдарының кызметі.
Кемтар бала (балалар) - белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым куалаған. жүре пайда болган аурулардан немесе жарақаттардын салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене және (немесе) психикалык кемісі бар он сегіз жасқа дейінгі бала (балалар).
Қатер тобындағы бала (балалар) - ерте колға алынбағандьқтан әлеуметтік және медициналык-педагогикалык тузеу арқылы қолдау көрсетілмегендіктен, дене және (немесе) психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейінгі бала (балалар).
Дене кемістігі - ағзасы (ағзалары) дамуының және (немесе) жұмыс істеуінің ұзақ уақыт бойы әлеуметтік, медициналык, педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кажет ететіндей созылмалы бұзылуы.
Психикалық кемістік - адамның психикасы дамуынын және (немесе) жұмыс істеуінің уақытша немесе тұрақты кемістігі, сонын ішінде: сенсорлық бұзылыстардың салдары: сөйлеу бұзылыстары: эмоция-еркі жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; акыл-ой дамуынын бұзылыстары, сонынішінде ақыл-ой жағынан кенжелеп қалу; психикалык дамуының тежелуі және осыған байланысты окып-үйренудегі өзіндік қиынлыктар.
Күрделі кемістік - дене және психикалық кемістігінің кез-келген ұштасуы.
Ауыр кемістік - мемлекетгік (онын ішіінде арнаулы) білім беру станлартарына сәйкес білім беру колжетімді болмайтын және окыту "мүмкіндіктері өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, коршаған дүние туралы қарапайым білімдерді және қарапайым еңбек дағдыларын немесе аясы тар кәсіби даярлықты менгерумен шектелетін дәрежедегі психикалық және (немесе) дене кемістігі.
Ерте қолға алу (ерте қолдау) - психикалық дене бұзылыстары скринингің, медициналык психологиялык-пелагогикалык диагностиканы, смдеуді. дамыта окьпуды камтитын, слби жастагы (үш жаска) дейінгі балаларды әлеуметтік жэне медициналык педагогикалык түзеу арқылы қолдау.
Әлеуметтік бейімдеу - нысаналы әлеумеггік және медициналык –педагогикалық қолдау арқылы қолдау процқсінде кемтар балалардың коғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеруі мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі.
Әлеуметтік жұмыс - жекеленген адамдарға, отбасыларына олардын толық мәнді әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұзылган немесе жойылган функкияларынын орнын толтыра отырып элеуметтік күкыктары мен кепілдіктерін іске асыруда1 комск көрсету жөніндегі кызмет.
Скрининг - "катер" тобындагы балаларды аныктау мақсатымен жаппай стандарталган тексеру.
Арнаулы білім беру - кемтар балаларга арнайы жағдайлар жасай отырып білім беру.
Мұнда оқыту мүмкіндігі қоршаған орта туралы қарапайым білім алуымен. Өзіне-өзі кызмет ету дағдысын менгеру мен, қарапайым еңбек дағдысын және кәсіби даярлыкты меңгерумен шектеледі.
Білім алу үшін арнайы окыту, арнайы білім беру бағдарламасы мсн оқыту әдістері, окытудын жеке-дара техникалык кұралдары педагогикалык, медициналық әлеуметтік және т.б. қызмет көрсету.
Түзету - ақыл ой кем және дене дамуында кемістігі бар тұлғаның ақауын түзету, емдеу, азайтуға мүмкін болса жоюға бағытталған педагогикалық шаралар немесе кқұралдар жүйесі. Түзету адамның компенсациялық бейімделу негізінде құрылады.
Компенсации (латын сөзі орын толтыру) сақталған функциялар аркылы бұзылған қызметінің орнын толтыру негізінде ағза қызметін қайта құру үрдісі. Компенсация (толыктыру, гтеңестіруу) арнайы әдістер мен түрлі техникалық құралдарды қолданатын мақсатқа бағытталады және арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайында тиімді болмақ. Компенсация процестері әлеуметтік еңбеке бейімделу жағдайын қамтамасыз ету үшін және қалыпты дамыған тұлғалар ортасына кемтар балаларды біріктіру үшін қажет.
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар әлеуметтік ортамен әрекеттесуде қиыншылықтармен кездеседі, оларда қоршаған ортадағы өзгерістерді қабылдап, талдау қабілеттері төмен болады. Бұлш балалардың қоршаған адамдармен қалыпты қарым-қатынас қабілеті де шектеулі, кемістіктің салдарынан. Осыған байланысты арнайы мектердің маңызды міндеттерінін бірі - әлеуметтік бейімдеу жумыстары ұйымдастыру.
Сауықтыру - өзара тығыз байланысты бірнеше формалары бар, медициналық, психологиялық, әлеумек экономикалық, кәсіби еңбек және тұрмыс шараларынын кешенді жүйесінен тұрады.
Олардың біреуінсіз толык сауыктыру мүмкін смес. Медициналық тұрғыдан алғанда мүгедектердің деңсаулығын толық сауыктыру, белсенді өмірге араластыру. Психологиялық тұрғыдан қарағанда сауықтыру өзін-өзі бақылауды қалыптастырудың тұлғалық психокоррекциясы.
Педагогикалық тұрғыдан сауықтыру - білім алуға қажетті білім, іскерлік. дағдылы меңгеруге бағытталған тәрбие шаралары.
Әлеуметтік - экономикалық сауықыру - мүмкіндіктері шектеулі тұлгаларды тұрғын уймен, пенсиямен, кемістікке тәуелді қажетті арнайы техникалык құрал-жабдықтармен камтамасыз ету.
Кәсіби еңбекпен сауықтыру - кәсіби еңбектің дәйекті түрін анықтап, оған оқыту, жумысты жеңілдететін арнайы техникалыққұ пайдалануға үй|рету, жұмыс орнына бейімдеу.
Тұрмыстык сауықтыру - мүмкіндіктері шектеулі тұлгалар уйінде және көшеде еркін жүру ушін арнайы протездермен қамтамасыз ету жане ғимараттар мен нақты баспалдақтарын тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар тұлғалар үшін бейімдеу.
Сонымен, қазіргі арнайы педагогика ұзақ уақыт бойы жинақтаган өзіндік терминологиялық, ұғымдық аппаратын қалыптастырып, пайдаланып жатыр, Бұл мәселе арнайы білім беру саласындағы терминдермен ұғымдардың мәнін ашып, қазақ тіліне аударып, тәжірибеге белсенді еңгізуді білдіргендіктен әлі күнге дейін өзекті деп айтуға болады.
3. Дамудағы кемістіктердің статистикасы мен жіктеулері.
Арнайы білім берулін сапасын жетілдіру мақсатында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың саны, арнайы мекемелер туралы т.б. мәліметтерді жинактау аса қажетті шаралардың бірі.
Kaзіргі уақытта халықаралық қоғамдық бірлестіктер (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) дамудағы кемістіктердің түрлері мен пайда болу туралы статистикалық деректерді жүйелі жинактау жұмысын үздіксіз жургізуде. Ал көптеген өркениетті мемлекеттер статистикалык есепке алу жүмысын 83 елінде кабылданган денсаулық пен өмір сүру мүмкіндіктердің шектелуін анықтайтын терминдер мен топтастыруларга сәйкес ұйымдастырған.
Әсіресе статистикалык деректерді дамуы елдірде жинактау қиындық тудырады, өйткені әлеуметтік жағдайлар кең емдік-педагогикалық көмек көрсетудін төмен деңгейде болғандыктан барабар, накты, толық мәлімет алу мүмкіндіктері төмен.
Статистикалық мәліметтердің сипаттамасы әр мемлекеттін оркениеі деңгейімен, емдік педагогикалық, әлеуметгік көмек көрсету сапасымен айқындалады.
Айқындалған жағдай дамуы төмен деңгейдегі мемлекеттерде көру мен естуінде ауыр органикалық ауытқулары бар тұлғалар саны ең жиі кездесетін керсеткіш. Ал, білім деңгейі жоғары сатыдағы мемлекеттерде жиі кездесетін қиындықтардың бірі сөйлеуіндегі кемістіктер, оқу мен жазу және ести шығаруда проблемалары бар тұлғалардын көптігі.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында окуындағы қиындықтары бар балалар (40%)- бірінші орында, зиятында ауытқуы бар балалар - (20%), сөйлеу тілінде аутқуы бар - (20%), басқа да кемістіктері бар - (20%).
Жалпы мәліметтер бойынша Африкадан баска барлық мемлекеттерде I мың адамға 3 көрмейтін, ал 5 % халыкқа естуінде ауыткулары бар. 7 жастан 15 жасқа дейін 100 окушыға зиятында ауытқулары бар балалар келеді. 800 нәресте ішінде Даун синдромы бар бала туылады.
Біздің елімізде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар жөнінде статистикалык мәлімет жинақтау қызметін түрлі ведомстволар атқарады, олар денсаулық сақтау, білім, еңбек және әлеуметтік қорғау.
Денсаулық сақтау ұйымдары балалардың тек ауруын тіркеу мен ғана шектеледі, ал баланың даму дәрежесін айқындамайды.
2002 жылы ҚР "Кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы колдау туралы" Заңда бекітілген скрининг аркылы кемтар жане қатер тобындагы балаларды анықтау қызметін азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкілетті органдар атқаруга міндетті.
Әлеуметтік қорғау саласында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар жөнінде мәліметтер «мүгедек» деген жағдайды белгілеп, жәрдем ақша төлеумен шектеледі.
Білім беру саласында психологиялық-медицина-педагогикалық консультациялар аныктаған мүмкіндіктері шектеулі балалар саны 151X70. бұл барлық бала 4 659 500 санынан 3,32 % күрайды. Есепке алынған мүмкіндіктері шсктеулі балалардың 27,9 % арнайы білім беру ұйымдарында окып, түзетушілік көмекпен қамтамас етілген. Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша 17030 мүмкіндіктері шектеулі бала арнайы білім беру ұйымдарында оқытылып жатыр, 6883 жалпы мектептегі арнайы сынытарында, 8583 - арнайы білім ұйымдарында түзетушілік көмек алуда, 64854 жалпы мектепті әдеттегі сыныптарда.
Ал даму кемістіктердің көптеген көріністері болғандықтан бір әмбебап жіктеудің құрастыруға күрделі жағдай. Бір кемістік апат немесе созылмалы аурудың салдарынан пайда болса, басқасы ұзак уакыт бойы жағымсыз жағдайдың тигізетін әсерінен пайда болуы мүмкін. Бұл жерде қандайда кемістікті (ауытқу) медициналық әлде педагогикалык құралдармен қолдау көрсету аркылы толығымен жоюга немесе шамалы азайтуға болады.
Ал қазіргі уақытта кемістіктік (ауытқу) ұғымдардың орнына «мүмкіндіктері шектеулі» атты термин кең пайдалануда. Дамуында кемістігі бар адамдардың проблемаларын кәсіби тұрғыдан қарастыратын білім салалары (медицина, әлеуметтану, құқықтану және психология) шектеулік ұғымын өз жекеленген негізінде пайдаланады. Ең жиі кездесетін жіктеулердің негізделуі келесідей көрсетілген:
кемістік (ауытқу) себептері;
кемістіктің (ауытқу) түрлері;
кемістіктің (ауытқу) салдары.
Жалпы алатын болсақ арнайы педагогикада тарихи қалыптасқан мүмкіндіктері шектеулі балаларды топтастыру кемістің түріне сәйкес негізделген. Сондықтан мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың келесі топтарын ажыратамыз:
естімейтіндер:
нашар еститіндер:
кейіннен естімей қалғандар;
көрмейтіндер;
нашар көретіндер;
тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар;
эмоция-ерік саласында ауытқуы бар;
зиятында ауытқуы бар;
психикалық дамуы тежелген;
сөйлеу тілінде ауытқуы бар:
күрделі кемістігі бар.
Келесі жалпы жіктеу кемістіктердің ағзада орналауына негізделеді, олар:
- дене (соматикалық) кемістіктер яғни тірек-қимыл-қозғалыс жүйесі, созылмалы аурулар;
- сенсорикалық кемістіктер (есту, көру);
- ми қызметінің ауытқушылықтары (ақыл-ой кемтарлық, қимыл бұзылыстары, психика және ойлау саласындағы кемістіктер).
Аталмыш жіктеу арнайы педагогика үшін барлық кемістіктерді жалпы мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар бойындағы кемістің пайда болу себептеріне негіздеу арқылы топтастыру маңызды. Бұл жағдайдың себебі мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қаржы, әлеуметтік көмек көрсету мен жеңілдіктермен қамтамасыз ету ерекшеліктері. Сондықтан бұл жіктеуде келесідей себептерге сәйкес ажыратамыз:
туа біткен даму кемістіктері;
оқыс пен апат салдары;
кәсіби жарақат;
кәсіби еңбектің салдарының пайда болған ауру;
жол-апаттары;
соғысқа қатысу;
аурулар;
басқа да себептер.
Кемістің пайда болу себептеріне сәйкес жіктеуде арнайы педагогика үшін маңызы зор, өйткені нақты ауытқудан әлеуметтік немесе табиғи себебін білу болашақ түзетушілік-оңалту жұмыстарын дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.
Арнайы педагогиканың әр пәндік саласында өзінің жеке жіктеулері бар, оларды толықтыру мен жетілдіру үздіксіз үрдіс.
