Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАРИХ ГОС ӨЗГЕРТІЛГЕН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
255.61 Кб
Скачать

19. Кеңестік Қазақстан тарихының батыс тарихнамасынан көрініс табуы.

Кеңестік Қазақстан тарихының Батыс тарихнамасынан көрініс табуы Қазақстанның осы заманғы тарихнамасынан кеңестік ұлт саясатының теориясы мен практикасы жайлы еңбектерді, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, этнографиясы мен мәдениеті жөніндегі зерттеулерді, оның ішінде докторлық диссертацияларды, сондай-ақ аймақтағы оқиғаларды көзімен көрген шетелдіктердің күнделіктері мен естеліктерін көруге болады. Шетелдік тарихнаманың маңызды бөліктері ретінде қазақ авторлары зерттеулерінің методологиясы мен әдіс-амалдарына сыни талдаулар жасауға арналған жарияланымдарды, бұрынғы Ресей империясындағы түркі тілдес халықтардың азаттық күресі көсемдері Ә. Бокейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай, А. Заки Валиди Тоған, Т. Рысқұлов және басқалардың еңбектері мен жеке мұрағаттарына, сондай-ақ саяси партиялардың бағдарламаларының, үндеулері мен шешімдерінің мәтініне берілген кең көлемді ғылыми түсініктеме мен сипаттамасы бар анықтамалық библиографиялық басылымдарды атап айтқан жөн.[1]. Бұларға Ресейдегі мұсылман халықтардың бірінші және екінші Бүкілресейлік съезінің (мамыр және шілде, 1917 жыл), Мұсылмандық әскери съезінің, Кіші бұхарлықтар партиясының, Мусават партиясының (Әзірбайжан), Федералистердің түркілік партиясының, Милли-Фирка партиясының (Қырым), «Ерік» партиясының (Түркістан), «Алаш» партиясының (Қазақстан) бағдарламалық құжаттарын жатқызуға болады. Ұлттық шет аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда да Кеңес өкіметінің орнау тақырыбындағы шетелдік тарихнама АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа мемлекеттердің мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған сан алуан материалдардан, XX ғасырдың 20-жылдарындағы Ресейде болған оқиғаларға қатысты әр түрлі көзқарастар алуандығы көрініс тапқан мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің сөздерінен өз бастауын алады.Бұл айтылғандар бірінші кезекте америкалық публицист Уильям Чемберлиннің «Орыс революциясы» (2 томдық), «Кеңестік Ресей», «Ресейдің темір ғасыры» жұмыстарына қатысты, бұл еңбектер деректерді кең көлемде пайдалануымен, халық бұқарасының төңкеріске қатысуы тақырыбына дең қоюымен ерекшеленеді.

20. Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и-ислам», «Шуро-и-иулемия» және т.Б.

Кадет ұйымы Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде құрыла бастады. Кадет партиясының мақсаты: бөлінбес біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру, қоныстандыру саясатын қолдау еді. Кадеттер басқа саяси партиялармен солдат казармаларында еңбекшілерді соғысқа қарсы, бүкіл үкімет билігінің жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің қолына көшу жолында митингілер мен пікір сайыстар өткізді.1917 жылдың көктемінде өлкенің ірі қалаларында, уездердің көпшілігінде, болыс орталықтарының бір бөлігінде Эсер (СР) партиясының ұйымдары құрылды. Осы ұсақ буржуазиялық партияның " жерді оны өңдейтіндерге беру керек" , " жер бүкіл халықтың меншігі" деген ұрандары, Түркістандағы съезде патша өкіметінің отарлау саясатының айыптауы оның уақытша табысқа жетуін қамтамасыз етті. 1917 жылғы жазға қарай барлық кеңестер солардың қолында болды [3,35 б.]. Халықтың ауыр жағдайын шешу үшін өлкеде бірнеше съездер өткен болатын. 1917 жылғы мамыр айында өткен Ташкенттен өткен эсерлер партиясының Түркістан өлкелік съезд іс жүзінде Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халқына ұлттық автономия беруге қарсы шықты. Осыған мазмұндас сәуір айында Омбы қаласында өткен Батыс Сібір эсерлерінің конференциясында да қабылданды.Сонымен қатар қазақ өлкесінде діни сипаттағы партиялар құрылды. 1917 жылғы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде, кейін сол жылдың 17–20 қыркүйегінде өткен Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінен кейін Иттифок—муслимин (мұсылмандар одағы) партиясының құрылғанын жариялады. Бұл парттия тұңғыш мұсылман партиясы Түркістан федералистердің партиясы болды.Сол сияқты 1917 жылы 14 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде Шура—ислами ұйымы құрылды. Бұл ұйым ұлттық—демократиялық бағытта саяси күштері Алаш партиясымен қарым қатынаста болды, 1917 жылдың 22 қарашасында Шура—ислами Қоқан қаласында өткен Бүкіл Түркістандық төтенше ІV съезінде кеңес үкіметін мойындамау мен Түркістан автономиясын құру туралы шешім қабылдайды. Түркістанда ұлт бағдарламасын нақты іске асыру нәтижесі айқындала түсті. Империялық ойлаумен шовинистік көзқарас ұлғаю, ұлттың өзін—өзі билеу идеологиясын большевиктердің жете бағаламауын айқындады.