Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАРИХ ГОС ӨЗГЕРТІЛГЕН.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

166. Еуразиялық идея

Әлемнің жаһандану үдерісінде Еуразиялық тұтастықтың қажеттігі, осы кеңістікте интеграциялық үрдістердің өмірлік маңыздылығы, ортақ бірлестіктің қағидаттары мен бағдарламасы туралы идеяны мемлекет президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде мәлімдеген еді. Сол сәттен бері, өз дамуын алған бұл еуразияшылдық идея түрлі идеологтар, саясаткерлер, сарапшылар тарапынан қолдау тауып,қазір өмірге белсене еніп келеді.

Еуразияшылдық идея­сының екі кезеңі бар. Біріншісі, 1920-жылдары Н.С.Трубецкой, П.Н.Савиц­кий, Г.В.Вернадский дамытқан фи­ло­со­фиялық ой-пікірлер жүйесі болса, екінші кезеңін – 1990 жылдары Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың еуразияшылдық док­три­насын теориядан шынайы бол­мыс­қа ұластыруға талпынған ерік-жігерімен байланыстыруға бо­лады. Нұрсұл­тан Әбішұлы философ болмаса да, өзінің сезімтал қасие­тімен осы идеяның өміршеңдігіне көзі жеткендігін көрсетеді. Сондықтан да ол осы идеяны іске асыру­дың артықшылығын көре білді және ол ақыл-ой жүйесінде ғана емес, нақты өмірде экономикалық интеграция түрінде қажеттілігін дәлелдеді. Еуразиялық идея теориядан шынайы практикалық кезеңге өту үдерісінде. Негізі, идея ұсынғаннан бері, Президенттің белсенді қатысуымен болған идеяның жүзеге аса бастауында бес қадамды ерекшелеуге болады: Бірінші қадам, 1994 жылы Мәскеуде ТМД қатысушыларына Еуразиялық одақ құру туралы бастама көтеруі; екінші қадам, 1995 жылы Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттері Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қоюы, кейінірек Қырғызстан мен Тәжікстанның қосылуы; үшінші қадам, 2000 жылы Бішкекте Кедендік одаққа кіретін Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстанның мемлекетаралық кеңесінде жаңа халықаралық ұйым – Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылуы; төртінші қадам, 2002 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Орталық азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қоюы; бесінші қадам, 2003 жылы Мәскеуде Қазақстан, Беларусь, Ресей, Украина президенттері бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қоюы. Қазақстанның, Беларусьтің және Ресейдің Кеден одағы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтан қисынды түрде өсіп шықты. Оның 2000 жылы бес ел – Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан пішінінде құрылуы еуразиялық интеграция тәжірибесіндегі бетбұрысты сәт болды. Бүгінде ол ЕурАзЭҚ-тың бірқатар елдеріндегі нақты экономикалық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге жедел көмек, мысалы, әлемдік дағдарыс зардаптарын бастан өткерген Беларусь экономикасына, көмек беруге де жағдай жасады. 167. Кедендік одақ

. 2010 жылдың 1 қаң­та­ры­нан бастап үш ел - Ресей, Бе­ларусь Қазақстан үшін бір­ыңғай кедендік тариф күшіне ен­ді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бас­тап бірыңғай кедендік кодекс ен­гізілетін болады. 2011 жыл­дың ортасынан бастап тауа­р­лар­дың кедендік бақылауы Беларусь Рес­публикасының, ал бір жылдан ке­йін Қазақстан Респуб­ли­ка­сының сыртқы шекарасына кө­ші­рілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «То­­лыққанды және толық ауқым­дағы Кедендік 2011 жылдан бас­тап енгізіледі және Ресей мен Қа­­зақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік жә­не тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз­гертіледі» деп атап көрсетті. Одаққа бірігудің негізгі мәні одақ­қа мүше мемлекеттер ішін­де­гі кедендік тосқауылдардың бол­мауында және кез келген сыртқы та­уарға, оның қай елге тасы­мал­данатынына және ортақ ше­карадан қай жерде өткеніне қара­мастан бірыңғай кедендік та­­лапты қалыптасуында. Ке­ле­шекте біртұтас көліктік, энер­гетикалық, ақпараттық ке­ңістік құрылуы тиіс, интег­ра­циялық процестер жеделдетіледі, то­лыққанды жалпы рынок қа­лыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеу­меттік-экономикалық да­мудың ортақ мақсаттарына ке­ліседі, уағдаласқан құрылымдық, ин­новациялық, сыртқы эко­но­микалық және әлеуметтік сая­сат­ты қалыптастырады. Кедендік одаққа қатысудан Ре­сей, Қазақстан және Бе­ло­руссия қандай дивидендтер ала­тын­дығы заңды сұрақ. Қазақстанда, әсіресе Белорусияда бұл КО-тан ұтыламыз деген дауыс толассыз естілуде. Олай деуге негіз бар: жаңа Одақтың заңнамалық негізі кем дегенде 90% Ресей Кеден заңына негізделген, сондықтан шикізатқа негізделген экономикалы Қазақстан үшін тек Қазақ ірі шикізат өндіруші компанияларға бұл Одақ пайдалы болғанымен, қалың қазақтар үшін 3-ші елден (Қытайдан) келетін арзан тұрмыстық заттар қол жетімсіз болып қымбаттайды деген сөз. Осылайша Өмір деңгейі де кем деген де 10-20% нашарлайды, ал аяқтарына толық тұрып үлгермеген қазақ бизнесі үшін де бұл Одақ өте қауіпті.