- •2016-2017 Оқу жылына арналған тарих бойынша гос экзамен жауаптары
- •12. Хх ғасырдың басындағы ұлттық баспасөз және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайына әсері («Қазақ», «Айқап» және т.Б.)
- •13. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі
- •14. 1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері
- •15. 1916 Жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. Көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарас
- •16. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі
- •17. Қазақстандағы қосөкімет және оның ерекшеліктері
- •18. Қазан революциясы және Азамат соғысы тарихының зерттелуі
- •19. Кеңестік Қазақстан тарихының батыс тарихнамасынан көрініс табуы.
- •20. Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и-ислам», «Шуро-и-иулемия» және т.Б.
- •21. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің эволюциясы
- •22. 1917 Ж. Шілдедегі I - жалпықазақ съезі. «Алаш» партиясы және оның бағдарламасы
- •23***Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс в. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
- •25***1917 Ж. Желтоқсанның 5—13 Орынборда Екінші жалпықазақ съезі өткізілді.
- •30, Қазақ (Қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында ркфср құрамында құрылған автономилы қазақ республикасы.
- •32***Қазақстандағы 1921-1922 ж.Ж. Жер-су реформасы
- •45.Қазақ мүддесін қорғаушылар – Сәдуақасовтың,Қожановтың,Мыңбаевтың ұстанымындағы теориялық саяси мәселелер.
- •46.Қазақ аксРнің одақтас республикаға айналуы.Әлеуметтік –Экономикалық,этнодемографиялық және саяси жағдай.
- •47.Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін1937-1938.
- •48.Қазақстандағы гулаг.
- •49.Қиыр Шығыстағы Коейлердің ҚазақстанғаҚоныс аударуы.
- •50.Шоқайдың эммиграциядағы саяси қызметі.
- •51.Қазақстандағы кеңестік мәдени модернизация.
- •52.Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі.ХХғасырдың 20-30жылдары.
- •53.Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласындағы қайшылықтары.
- •54.Ксро ға базасының ксро ға-ның Қазақ филиалы болып қайта құрылуы.
- •55.Екінші дүн.Жүз. Соғыстағы кеңестік биліктің ішкі сыртқы саясаты.
- •56. Отан қорғау соғысы қарсаңындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани жағадай.
- •57. Ксро территориясында фашистерден Отанды қорғау соғысының басталуы.
- •58. Республика экономикасының соғысқа қарай бейімделуі.
- •59.Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдердің ірі шайқастарға қатысуы және ғажап ерліктері.
- •60. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері- ата-баба қаһармандығының жалғасы.
- •61. Қазақстандықтар- партизан қозғалысына дем берушілер.
- •62.Фашистердің Түркістен легионын құру әрекеті
- •63. Соғыс жылдарындағы ұлт саясаты. Қазақстандағы депортация
- •64. Соғыс кезінде жеңісті жақындату жолындағы тыл еңбеккерлерінің еңбектегі ерен ерлігі.
- •65.Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен сабақтары.
- •66.Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі.
- •78. Өнеркәсіптің дамуы. 1965 жылы қыркүйекте кокп ок-нің пленумы болып өтті. Пленум өнеркәсіпті дамытуға арналды.
- •80.Жоқ табалмадым
- •81. Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев
- •82. Экологиялық жағдай
- •86. Қайта құру бағыты.
- •87. Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер.
- •88. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
- •89.Экономикалық тоталитарлық жүйенің дағдарысы.Ксро-ның құлауы(1990-1991 ж.)
- •90.1986-1991 Ж. Тәуелсіз ұйымдар мн партиялар,қозғалыстар мен олардың қызметі мен бағдарламалары.
- •91.Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызы.
- •92.Қазақ ксро жоғарғы Кеңесінің заң шығару қызметі.Президент қызметінің енгізілуі.
- •Қазақ кср Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағалары
- •93.Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы.
- •94.1991 Ж. Алматы декларациясы.Тмд ның құрылуы.
- •95.Мемлекеттік құрылыс(қр басқару формасы,президент институты)
- •Үкімет.Атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады.
- •96. «Қазақстанның тәуелсіздігі туралы» заңы
- •97.Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік символдары жөнінідегі заңдары.
- •99.Қазақстан Республикасының Конституциясы.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
- •Өзгертулер мен түзетулер
- •100.Қазақстан экономикасының нарыққа өту кезеңдері және оның сипаты.
- •101. Президент н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы.
- •103.Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы әлеуметтік-саясаты мен әлеуметтік-демографиялық процестері .
- •104.Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын анықтау. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту.
- •105.Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегінің маңызы.
- •107.Құқық қорғау жүйесін оңтайландыру.Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды нығайту.
- •Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі № 267-1 Заңы
- •109.«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» қр Президенті-н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
- •110.«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
- •111.През.Ң ел халқына жолдауы Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,б.Қ экономика үшін,б.Қ. Халық үшін және оның маңызы
- •113. 2008Ж. 28ақпандағы қр Пр.Ң қазақстан халқына жолдауы Жеделдетілген экономикалық жаңару-үдемелі инновациялық инд.У.Бағдарламаның жалғасы
- •114.Ехро-2017 өткізудің қазақстан үшін маңызы
- •115.Нұрлы жол-болашаққа бастар жол жаңа э.С.
- •116.Әлеуметтік реформалар және әл.К жаңару кедейшілікті жою т.Б.
- •117.2008Ж. 6ақпан қр Прпез.Ң Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мем.К саясаттың басты мақсаты
- •118.Десаулық сақтау,спорт және дш.Ды дамыту
- •119.Салауатты өмір салты-ұлт болашағын қалыптастырудың негізі
- •120.Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері
- •131.Қр Мәдениет туралы заңы
- •133. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам
- •136.Қазақстан халқы Ассамблиясының құрылуы
- •138.Демакратияландыру және азаматтық қоғам мәселелері боиынша Ұлттық комиссияның қызметі
- •139.Құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру.2003 жылғы 2 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт және оны жүзеге асыру.
- •161. Қр сыртқы саясаты
- •162. Қр Сыртқы эконом. Саясаты
- •163. Қауіп қатерді азайту
- •166. Еуразиялық идея
- •168. Еуразиялық Одақ
- •169. Энергоэкологиялық стратегия
136.Қазақстан халқы Ассамблиясының құрылуы
Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады.
ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Президенттің Жарлығы шықты.
2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.
2008 жылғы 20 қаңтарда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. ҚХА еліміздің саяси жүйесінің толыққанды субьектісіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.
Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне – Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.
Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) – оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады.
Сессиялар аралығындағы кезеңде ҚХА басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді.
Ассамблея Төрағасының этномәдени бiрлестiктерден тағайындалатын екі орынбасары алмастыру тәртiбiмен Кеңес ұсынымы негiзiнде Президенттің өкiмiмен тағайындалады.
Ассамблеяның жұмыс органы – Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы.
Ассамблеяның өңірлердегі құрылымдарын облыс әкімдері басқарады.
Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты елдегі барлық этностардың мүддесіне қорғайды. Сонымен қатар қазақстандық этникалық қоғамдастықтардың Парламентте өкілдік етуі олардың саяси партиялар арқылы өкілді органдарға тікелей қатысуы негізінде де жүзеге асырылады.
2015 жылы ҚХА-ның құрылғанына 20 жыл толады. Соған орай 2015 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды.
137.ҚР-ның ақпараттық саясаты,БАҚ-тың дамуы
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясының 18-бабының 3-пункті бойынша азаматтар мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарынан еркін ақпарат алуға құқықты. Осы салаға қатысты басқа да қалыптық-құқықтық актілерде сөз бостандығы және ақпараттану құқықтары туралы айтылған. Азаматтар өздерінің ой-пікірлерін еркін баяндауға да құқықты. Бүгінгі демократиялық қоғамдардың негізгі шарттарының бірі еркін БАҚ-тың болуында. БАҚ-тың еркіндіктерімен қатар мемлекеттің әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірін дамытудағы жауапкершіліктері де демократиялық елдерде алдынғы қатардағы маңызды мәселенің бірі болып табылады.
Бізде демократиялық мемлекеттерде «төртінші күш» деп аталатын бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) төңірегіндегі дау басылар емес. Әлемнің ең демократиялы, ең еркін саналатын елдерінің өзінде БАҚ сөз бостандығының жетіспейтіні және журналистердің проблемалары туралы ақпараттарды таратып жатады. Мұның негізінде жалаң кәсіби себептерден гөрі БАҚ-ты билейтін саяси, қаржы және экономикалық күштердің өз мақсаттарын толықтай орындай алмауы тұрса керек. Өйткені, қылмыскерлердің кесірінен тек журналистер ғана емес, көптеген қарапайым азаматтар да жапа шегуде. Ал, олардың қолында газет яки телевидение болмағандықтан, шулатып қоғамдық пікір тудыра алмайды. Сол себепті, БАҚ уәкілдеріне жасалған қылмыстық әрекеттерді, егер саяси астары немесе журналистің кәсіби функциясына қатысы болмаса, әдеттегі қылмыстармен бірдей қараған жөн. Сірә, мемлекет азаматтарын кәсіби ерекшеліктері бойынша емес, азамат болғандықтары үшін қорғайды.
Елімізде сөз бостандығы және БАҚ саласында кейбір өзекті проблемалардың бар екені рас. Бірақ, бұл заңдарымыздың шикілігінен яки еркіндікті шектеуінен емес, көбінесе журналистер уә атқарушы билік уәкілдерінің заң нормалары мен кәсіби ережелерді жөнді орындамауынан, өз құқықтары мен бостандықтарын жете білмеуінен туындауда. АҚШ, Германия (ГФР), Швеция, Швейцария, Түркия және Қазақстан елдерінің «БАҚ», «Бұқараны мәліметтендіру», «Ақпарат еркіндігі», «Баспасөз еркіндігі туралы Акт», «Баспасөз Заңы» сияқты заңдарын салыстырғанда 1999 жылы қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ҚР Заңының» халықараық талаптарға сәйкес екені аңғарылады. Қайта, аталмыш елдердің заңдарында бізден өзгеше шектеулер мен жазалау шараларының (қаржылай санкциялар мен бас бостандығынан айыру) бар екенін байқауға болады.
