Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАРИХ ГОС ӨЗГЕРТІЛГЕН.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

163. Қауіп қатерді азайту

АҚШ астанасы Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жария етілген болатын. Елбасымыздың ядролық қарусыз әлем құру, ғаламдық ядролық қауіпті қысқарту саласында халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін үйлестіру маңыздылығы туралы бастамаларының өзектілігін тағы да айқындады. Айта кетерлігі, Елбасы манифесі таяуда БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды. Елбасы манифесі Вашингтондағы Карнеги қорының штаб-пәтерінде АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен өткен кездесуі кезінде жан-жақты талқыланған еді. Онда соңғы 25-30 жыл бедерінде болған аса маңызды оқиғалар мен шешімдер терең талдау жасала отырып мазмұндалып, өткен кезеңге оның адамзат өміріне, бүкіл жер беті халқының қауіпсіздігіне тигізген ықпалына объективті баға берілген болатын.  Вашингтондағы Президенттің ұсынысы – манифестің өмірге келуі әлемнің бейбіт қалыпта өрістеуіндегі маңызды құжат. Онда әлемдегі ты-ныштықты сақтау жолында не істеу керектігі жайында нақты ұсыныстар, планетадағы өркениеттердің бір-бірімен бейбіт қатынастарда болуы жолында әлемдік азаматтық қоғам мен жаһандағы мемлекет басшыларының неге баса назар аударуы қажеттігі көрсетілген. 

– Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесі сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер – жаһандық соғыс! Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, Жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған. Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам көз жұмады, – деді Елбасы өз манифесінде. Елбасы атап өткендей, ХХІ ғасырда адамзатқа өзін өзі демилитаризациялау жағына қарай батыл қадам жасау қажет. Бізде мұндай мүмкіндік енді болмайды. Бұлай болмаған жағдайда планета радиоактивті материалдардың тіршілік белгісі байқалмайтын орасан зор үйіндісіне айналады. Біздің планетамыз бірегей, бізде мұнан басқа планета жоқ және болмайды да. Елбасы бұл ретте адамзатқа «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» атты кең ауқымды бағдарлама қажеттігін айтты.

164. АӨСШК

Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтары жүйесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) бастамасын жүзеге асыру айрықша орын алады.

Қазіргі уақытта АӨСШК-ге мына 26 мемлекет мүше: Ауғанстан,Әзербайжан, Бахрейн, Бангладеш, Біріккен Араб Әмірліктері, Вьетнам, Египет, Израиль, Ирак, Иран, Иордания Хашимит Корольдігі, Камбоджа, Катар, Корея Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Пәкістан, Палестина, Ресей, Таиланд, Тәжікстан, Түркия және Үндістан. Бақылаушы мемлекеттер: АҚШ, Жапония, Индонезия, Малайзия, Украина, Филиппин, Шри-Ланка. Сонымен қатар, АӨСШК-ге мына халықаралық ұйымдар қатысады: БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб Мемлекеттері Лигасы. Кеңесті шақыру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария етті. Мемлекет басшысы бастаманың басты мәні әлемнің өзге өңірлерімен салыстырғанда мұндай тетік әлі жасала қоймаған Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді және әмбебап құрылым жасақтау бағытындағы бұрын жүзеге аспаған талпыныстарды қайта жаңғыртуда екенін атап өтті. АӨСШК-нің жаһандық дамудың күрделі жағдайында институционалдық тұрғыда қалыптасуы мен нығаюынан бұрын ұзаққа созылған талқылаулар, пікірталастар, көзқарастардың түйісу нүктесін табу жолындағы қажырлы ізденістер орын алды. Алғашқы кездесу 1993 жылы сәуірде өтті. Екінші басқосу 1993 жылғы тамыз-қыркүйекте, ал үшіншісі 1994 жылы қазанда болды. Үшінші кездесудің нәтижесінде Кеңестің құжаттарын дайындау міндетіне кіретін Арнаулы Жұмыс Тобын құру туралы шешім қабылданды.

Министрлердің 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда өткен бірінші кездесуінде АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін Қағидаттар декларациясы қабылданды. АӨСШК-нің 2014 жылы мамырда өткен ІV Шанхай саммиті бұл үдеріс эволюциясындағы ерекше басқосу болып шықты: өткізілген кездесулердің басты қорытындысы Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен АӨСШК арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы болды. Сондай-ақ, негізгі құжат – Төртінші саммит декларациясы қабылданды. Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары Бангладеш пен Катарды Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің жаңа мүшелері ретінде ықыласпен қарсы алды.  

165. ЕҚЫҰ

Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды.

Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет.

Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенім – халықаралық қатынастардағы басты ресурс. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «қосарланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогтың  барған сайын артып отырған маңызын түйсіну. Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы  Ыстамбұлда өткен болатын. Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасына көшу, яғни ынтымақтастықтың төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру қажеттігі жөнінде мәлімдеді. Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана рухы» айрықша белгісіне айналған екікүндік Саммитті «бүкіл ЕҚЫҰ қоғамдастығы үшін тарихи оқиға» ретінде сипаттап берді.(38 мемл. катысты)