Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАРИХ ГОС ӨЗГЕРТІЛГЕН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
255.61 Кб
Скачать

104.Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын анықтау. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту.

  • Мемлекеттік шекара - мемлекеттік аумақты белгілейтін шектер. Мемлекеттік шекара – белгілі бір елдің құрлықтағы немесе судағы аумағының шегін көрсететін меже. Мемлекеттер арасындағы шекараны белгілеу делимитация деп аталады.

2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі ережелерін icкe асыру, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және арнайы қызметтерінің құрылымын оңтайландыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН

105.Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегінің маңызы.

Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытының негізгі ұстанымдарын Президент 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінде айқындады, онда халықаралық аренада ҚР сыртқы саясатының бейбітшілік сүйгіш бағыты жарияланды: «Кез келген әскери жанжал апатты салдарларға әкеп соғатынын түсіне және өз жауапкершілігін сезіне отырып, бейбітшілікті сақтау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдықты мақсаты деп танимыз; саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде соғысқа немесе әскери күштер қаупіне жол бермейміз; ядросыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық қаруды таратпау шартына қосылуға ұмтыламыз;  жаппай қырып-жоятын қаруларды бірінші болып қолданбау ұстанымын қуаттаймыз және осы міндеттемелерді барлық әлемдік қоғамдастық мемлекеттері қабылдауын жақтаймыз; белгіленген шекаралардың мызғымастығы ұстанымдарын, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпауды қолдаймыз». 106.Қазақстан Республикасы президенті Н. Назарбаевтың халққа жолдауы. Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы (Алматы, желтоқсан 1997 ж.)

Қазақстан-2030 Стратегиясы– елдамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. ПрезидентН.Ә.Назарбаевтың Қазақстанхалқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

107.Құқық қорғау жүйесін оңтайландыру.Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды нығайту.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемелекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқытары мен бостандықтары” деп айқын жазылған. Бұл мемлекеттің мемелекеттік және өзге де органдары атынан өз қызметін құқықтық нормалар, Заңның үстемдігін қамтамасыз ету, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекет пен азамат арасында өзара заңды жауапкершілігін белгілеу негізінде жүзеге асыратытын айғақтайды.

Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады:

а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен;

ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен;

б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.

2011 жылғы қаңтардың 6-сында «Құқық қорғау қызметі туралы» № 380-IV ҚР заңының қабылдануын айтып өтуіміз қажет.

108.ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы және оның нәтижелері.