- •10. 2015 Жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»
- •12. Мемлекеткеттік қызмет көрсету процессін жетілдіру.
- •13. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді:
- •21. Мемлекеттік саяси қызметке кіру
- •26. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары
- •33.Мемлекеттiк қызметшi мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға тиiс.
- •34. Халықаралық тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық елдерде шартты түрде бөлінген санаттары
- •35. Нидерланды мемлекетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзіне енгізген тәжірибесі
- •36. Сана және құқықтық сана ұғымы
- •42.Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар үшін мемлекеттік қызметшілерге, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттің белгілері болмаса
- •43.Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың қандай әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады
- •46.Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
- •47.Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы
- •48.Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
- •49.Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы
- •50.Мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiнде шаралар қолданбауы
- •51.Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау
- •52.Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру
- •53.Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену
- •54.Жалған кәсiпкерлiк
- •55.Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау
- •56.Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету
- •57.Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)
- •58.Экономикалық контрабанда
- •59.Рейдерлiк
- •60.Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру
- •61.Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану
- •62.Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану
- •63.Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
- •64.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
- •65.Пара алу
- •66.Пара беру
- •67.Парақорлыққа делдал болу
- •68.Қызметтiк жалғандық жасау
- •69.Қызметтегi әрекетсiздiк
- •70.Билiктi терiс пайдалану
- •71.Билiктi асыра пайдалану
- •72.Биліктің әрекетсіздігі
46.Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
676-бап. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
47.Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы
677-бап - Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, – алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
48.Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
678-бап - Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
49.Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы
679-бап - Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы
Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңнамада жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен басқа материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы – осы ұйымдардың басшыларына алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
50.Мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiнде шаралар қолданбауы
680-бап - Мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiнде шаралар қолданбауы
Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шаралар қолданбауы не көрсетілген шараларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы бұза отырып қолдануы не кiнәлi тұлғалардың тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына тиiстi ақпаратты ұсынбауы – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
