- •10. 2015 Жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»
- •12. Мемлекеткеттік қызмет көрсету процессін жетілдіру.
- •13. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді:
- •21. Мемлекеттік саяси қызметке кіру
- •26. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары
- •33.Мемлекеттiк қызметшi мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға тиiс.
- •34. Халықаралық тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық елдерде шартты түрде бөлінген санаттары
- •35. Нидерланды мемлекетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзіне енгізген тәжірибесі
- •36. Сана және құқықтық сана ұғымы
- •42.Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар үшін мемлекеттік қызметшілерге, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттің белгілері болмаса
- •43.Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың қандай әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады
- •46.Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
- •47.Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы
- •48.Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
- •49.Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы
- •50.Мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiнде шаралар қолданбауы
- •51.Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау
- •52.Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру
- •53.Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену
- •54.Жалған кәсiпкерлiк
- •55.Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау
- •56.Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету
- •57.Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)
- •58.Экономикалық контрабанда
- •59.Рейдерлiк
- •60.Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру
- •61.Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану
- •62.Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану
- •63.Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
- •64.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
- •65.Пара алу
- •66.Пара беру
- •67.Парақорлыққа делдал болу
- •68.Қызметтiк жалғандық жасау
- •69.Қызметтегi әрекетсiздiк
- •70.Билiктi терiс пайдалану
- •71.Билiктi асыра пайдалану
- •72.Биліктің әрекетсіздігі
42.Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар үшін мемлекеттік қызметшілерге, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттің белгілері болмаса
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.
:
1) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне заңсыз араласу;
2) аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану;
3) мемлекеттік қызметке және мемлекеттік ұйымдарға және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарға, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, ұлттық даму институттарына, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларға қызметке тұратын және қызметін жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық).
4) шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;
5) кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;
6) мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;
7) берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру;
8) жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету;
9) мемлекеттiк қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорына беру;
10) жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу;
11) жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;
12) жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау;
13) кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру;
14) мемлекеттік бақылау мен қадағалау міндеттерін мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беру;
15) қызметi немесе жұмысы жөнiнен жоғары немесе төмен тұрған не өздерiмен өзге де түрде тәуелдi лауазымды адамдармен ақша немесе өзге де мүлiк салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу
43.Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың қандай әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 1), 6), 7), 8), 10), 11), 12), 14) тармақшаларында аталған қандай да болсын құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда – заңда белгiленген тәртiппен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрiнде тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады.
Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтардың кез келгенiн қайталап жасау заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға әкеп соғады.
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 9), 13), 13-1) тармақшаларында аталған қандай да бiр құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк функцияларды орындауын тоқтатуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар осы баптың 1-тармағында аталған құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол бұларды материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.
44.Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтардың кез келгенiн қайталап жасау қандай жауаптылыққа әкеп соғады
Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтардың кез келгенiн қайталап жасау заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға әкеп соғады.
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 9), 13), 13-1) тармақшаларында аталған қандай да бiр құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк функцияларды орындауын тоқтатуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар осы баптың 1-тармағында аталған құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол бұларды материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.
45.Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады:
1) өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау.
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына көрсетілген адам хабардар етілмей келiп түскен ақша, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып, тиісті функцияларды орындауына байланысты алған қаражаты олар анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады;
2) өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау.
Аталған адам бiлмей келiп түскен сыйлықтар, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып тиiстi мiндеттердi атқаруына байланысты алған сыйлықтары жетi күн мерзiм iшiнде арнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзiлуге тиiс, ал адамға нақ сондай жағдайлар кезiнде көрсетiлген қызмет үшiн республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы ақы төлеуге тиiс. Өзiне сыйлықтар келiп түскен адам жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға хақылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша қаражатын арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады;
3) жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебiнен;
- егер қарым-қатынасы шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетiнiң мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);
- Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарының арасындағы өзара уағдаластыққа сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;
- жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен, ұйымдардың қаражаты есебiнен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық шараларға қатысу үшiн жүзеге асырылатын, оның iшiнде осындай қоғамдық бiрлестiктердiң (қорлардың) жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда, шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдау;
4) несиелер, қарыздар алуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын және өзге де мүлiктер сатып алуда заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану.
