- •10. 2015 Жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»
- •12. Мемлекеткеттік қызмет көрсету процессін жетілдіру.
- •13. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді:
- •21. Мемлекеттік саяси қызметке кіру
- •26. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары
- •33.Мемлекеттiк қызметшi мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға тиiс.
- •34. Халықаралық тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық елдерде шартты түрде бөлінген санаттары
- •35. Нидерланды мемлекетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзіне енгізген тәжірибесі
- •36. Сана және құқықтық сана ұғымы
- •42.Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар үшін мемлекеттік қызметшілерге, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттің белгілері болмаса
- •43.Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың қандай әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады
- •46.Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
- •47.Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы
- •48.Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
- •49.Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы
- •50.Мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiнде шаралар қолданбауы
- •51.Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау
- •52.Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру
- •53.Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену
- •54.Жалған кәсiпкерлiк
- •55.Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау
- •56.Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету
- •57.Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)
- •58.Экономикалық контрабанда
- •59.Рейдерлiк
- •60.Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру
- •61.Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану
- •62.Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану
- •63.Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
- •64.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
- •65.Пара алу
- •66.Пара беру
- •67.Парақорлыққа делдал болу
- •68.Қызметтiк жалғандық жасау
- •69.Қызметтегi әрекетсiздiк
- •70.Билiктi терiс пайдалану
- •71.Билiктi асыра пайдалану
- •72.Биліктің әрекетсіздігі
26. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына мыналар жатады: 1) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы; 2) Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған стратегиялық даму жоспары, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы; 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы; 4) 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы; 5) 5-10 жылға арналған мемлекеттік бағдарламалар; 6) салалық бағдарламалар; 7) мемлекеттік органдардың 5 жылға арналған стратегиялық жоспарлары; 8) өңірлерді дамытудың 5 жылға арналған бағдарламалары; 9) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың (бұдан әрі - ұлттық компаниялар) 10 жылға арналған даму стратегиялары. 27. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары үш деңгейге бөлінеді. Бірінші деңгейдегі құжаттарға түйінді басымдықтары мен бағдарлары бар, ел дамуының ұзақ мерзімді пайымын айқындайтын құжаттар - Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған стратегиялық даму жоспары, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жатады. Екінші деңгейдегі құжаттарға аядағы/саладағы даму стратегиясын айқындайтын құжаттар - 5 жылға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, 5-10 жылға арналған мемлекеттік бағдарламалар, салалық бағдарламалар жатады. Үшінші деңгейдегі құжаттарға қайта құрылымдау негізінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші және екінші деңгейдегі құжаттарына қол жеткізу жолдарын айқындайтын құжаттар - мемлекеттік органдардың 5 жылға арналған стратегиялық жоспарлары, 5 жылға арналған өңірлерді дамыту бағдарламалары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары жатады. 28. Электронды үкімет дегеніміз биліктегі кәдімгі үкіметке оппозиция болатын базбір құрылым емес, ол мемлекет атқаратын барлық қызметтер мен функциялардың электронды түрі. Электронды үкімет шынайы көрініс бергендегі артықшылықтар: үнемді түрде әкімшілік басқаруды жүзеге асырады; қоғам мен Үкімет арасындағы қарым-қатынасты түбегейлі өзгертеді; биліктің халық алдындағы жауапкершілігі артып, демократия жетіле түседі.
Электронды үкімет туралы
"Электронды үкімет" бағдарламасының құрамдас бөлігі ретінде 2005 жылы www.e.gov.kz/ веб-порталы (бұдан әрі - Портал) - іске қосылды. Портал озық технологияларды пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғаларға on-line режимде алуға болатын 60-тан астам қызметтерді ұсынады.
Осы қызметтерді пайдалану үшін Сіздің жеке электрондық цифрлық қолтаңбаңыз (бұдан әрі - ЭЦҚ) болуы қажет.
ЭЦҚ-ның пайдасы қандай? Оның Сізге әкелер пайдасы көп. Сіз «Электронды үкімет» порталында тіркеліп, үйде отырып-ақ онлайн режимде мемлекеттік органдардың қызметтеріне қол жеткізе аласыз. Басқаша айтқанда, ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, Сіз уақытыңызды және мүмкін боларлық жол шығындарын үнемдейсіз.
ЖСН-і (орысша - ИИН) бар Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы ЭЦҚ-ны алуға және пайдалануға құқылы. Яғни, туу туралы куәлігін алған кішкентай баладан бастап егде жасқа келген аға-апаларымызға дейін Порталдың қызметіне жүгіне алады. Пайдалы сілтемелер:
1) www.pki.gov.kz - "Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығы";
2) www.e.gov.kz – Қазақстан Республикасының Электронды Үкімет порталы.
«Электрондық құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. "Электрондық үкімет" деген не?
«Электрондық үкімет» (e-Government) термині барлық мемлекеттік органдардың басын біріктіріп, оларға интернеттің, электронды терминалдардың немесе тіпті ұялы телефондардың көмегімен тұрғындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйені білдіреді. Жеке тұлғаларға ғана емес, компания мен кәсіпкерлерге де.
Мұнда мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы өзара қарым-қа тынасты электронды үкімет ішіндегі G2C (мемлекет-азаматтар) G2B (мемлекет-бизнес) және G2G (мемлекет-мемлекет) деп аталатын негізгі модельдер атқарады.
29. Жемқорлық мінез-құлық тетігі дегеніміз объективтік шындықтың сыртқы факторлары мен жемқорлыққа бару шешімін детерминациялайтын, бағыттайтын және оның орындалуын бақылайтын ішкі, психикалық процестер мен жағдайлардың байланысы мен өзара ықпалдастығы. Жемқорлық мінез құлықтарының тетігі тұлға мен сыртқы ортаның өзара ықпалдасуы нәтижесінде орын алады. Қылмыс жасау тетігі әр сатысында сыртқы орта жауап беріп отырады, ал тұлға болса, өз кезегінде осы жауаптарға қатысты шешім қабылдайды.
30. Жемқорлық мінез-құлықтың мотивациясы дегеніміз мотивтің заңға қайшы қылықты жасаудың саналы түрткісі ретінде қалыптасу процесі.
Жемқорлықтың ең бастауы, түбірі мотив болып көрінеді. Қылмыстық құқық та қылмыс мотивін қарастырады және қылмыстық субъективтік жағының қосымша белгісі ретінде адамның мінез-құлқының ішкі түркісі деп қарастырады. Шынында да мотив ең бір әрекеттің бастауы болып табылады, деген-мен, ол да әлі беті жағы осы мотивтің қалыптасуының өзіне де бірнеше факторлар ықпал етеді. Олардың да белгілі бір жолдан өтетін тізбегі бар .
Бұл тізбек тек қана жемқорлық мінез-құлыққа ғана тән емес, барлық заңды мінез-құлыққа да тән. Мұқтаждықтар ең алғашқы және адаммен туа бітті мотивтің қайнар көзі болып табылады. Бірақ жалғыз ғана емес.
Әлеуметтік субъект ретінде адамда одан да басқа мотив көздері пайда болады. Олар - өмірлік жоспарлар мен проблемалық жағдайлар. Осы үшеуінен барып мүдде туындайды. Мүдде мұқтаждықпен тығыз байланысты. Мүдде категориясының әлеуметтік, философиялық және құқықтық мағыналары бар. Өз кезегінде мұқтаждық мүддеге айнала алады. Қарапайым мысалмен айтқанда ‘’Қарным ашып тұр’’- дегеніміз мұқтаждық та, ‘’Қалай тамақ тауып жеймін?’’- дегеніміз мүдде. Демек, мұқтаждық адам санасымен сезілген уақытта мүддеге айналады. Ол “өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру жолындағы субъектінің объектіге қатынасы”. Мүдде сонымен бірге, мұқтаждық, құндылық т.б. сияқты қоғам дамуының қозғаушы күштерінің қатарына жатады. Қоғам дамуының секірістері үшін әлеуметтік қайшылық және оны шешуге ұмтылыс қажет.
31. Сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау – қоғамымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі. Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
32.Мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уəкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына əкеп соғуы мүмкін;
Егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттiк қызметшiнің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады.
