- •Мұғалімнің кәсіби бағыттары
- •1. Бірлескен және топтық жұмыс.
- •2. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.
- •3. Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару.
- •4. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу.
- •5. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары.
- •6. Сыныпты қадағалау әдістемесі.
- •7. Мұғалімдерге нені білу міндет?
- •9. Мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
- •8. Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.
- •10. Оқушылардың пікірі бойынша құзырлы мұғалімнің сипаттамасы қандай?
- •11. Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
- •12. Бұдан әрі даму бағыттары мен басымдықтарын анықтау үшін жеке тұлғаның құндылықтары мен көзқарастарын нақтылау.
- •13. Оқыту және оқу әдістемесін жетілдіру мақсатында зерттеу жүргізу қажеттігін негіздеу және мойындау.
- •14. Сыныптағы психологиялық ахуал.
- •15. Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффекттік теориясы.
- •16. Оқушыларды ынталандыру.
- •17. Оқушылардың оқу туралы пікірін анықтау (оқушыдан кеңес алу).
- •18. Оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимыл, әлеуметтік өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту.
- •19. Сабақтың интерактивті және инклюзивті болуын қамтамасыз ету.
- •20. Оқудағы кедергілерді анықтау.
- •21. Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау.
- •22. Оқушылардың қабілеттері және оқуға жағымды көзқарастары.
- •23. Қалай оқу керектігін үйрену дегеніміз не? Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері.
- •24. Бүкіл зейінді және педагогикалық амал-тәсілдерді оқушыларға бағыттау және оларға қалай оқу керектігін үйренуде көмек көрсету.
- •25. Қалай оқу керектігін үйренуге қатысты оқыту әдістері мен тәсілдеріне басты назар аудару.
- •26. Оқыту мен оқуда акт пайдалану мақсаттары.
- •27. Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта акт пайдалану әдістемесі.
- •28. Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшін бағалау (ОүБ) дегеніміз не?
- •29. Оқытуды жоспарлауда ОүБ әдістемесін пайдалану.
- •31. Сабақта тиісті тәсілдерді қолдану.
- •32. Талантты және дарынды оқушыларды жандандыру үшін жекелей оқыту.
- •33. Диалогтік оқыту дегеніміз не?
- •34. Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі.
- •35. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.
- •36. Оқыту үдерісін жақсарту мақсатында өзгерістерді жоспарлау.
- •37. Сыныпта оқыту үдерісінде болып жатқан өзгерістерді қадағалау.
- •38. Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson Study қолдану.
- •39. Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау.
- •40. Оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу барысында жүргізілетін бағалау.
17. Оқушылардың оқу туралы пікірін анықтау (оқушыдан кеңес алу).
Жастардың өз пікірін айтуға құқығы бар және олардың мектеп тәжірибесі туралы айтарлары бар екендігін әлем мойындаған. Қалай тыңдау және білім беру, сондай-ақ қалай оқыту бұл мұғалімдердің, мектептердің және бірлестіктердің міндеттері.
Оқушылармен жұмыс істегенде қолдану үшін сауалнама парақтарын әзірлеуге болады.
Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және арифметика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және кері байланыс (рефлексия) әдісін қолдануға болады.
Кері байланыстын негізгі міндеттері оқушылардың көңіл-күйін бақылау, сабаққа деген ынтасын қадағалау. Рефлексиялық әрекет-қимылдар әрқашан өзіндік қадағалау мен бағалаумен тығыз байланысты. Кері байланыс көбінесе уәж (мотивация) болып табылады.
Кері байланыстың мысалдары:
18. Оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимыл, әлеуметтік өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту.
19. Сабақтың интерактивті және инклюзивті болуын қамтамасыз ету.
«Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter» - бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді.
Интерактивті әдістерде басты назарды “процеске”, яғни үйрену процесінің өзіне, шәкірттердің “қалай” және “қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне” аударады. Яғни, интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында мұғалім мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады. Осы жерде оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды. Себебі, интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Әсіресе табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу оқушыларға пайдасы зор. Ал мұғалімнің міндеті – оқушының неғұрлым белсенділік танытуына жағдай жасау, қажет кезде жол көрсету болып табылады. Мұнда мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуі үлкен рөл атқарады. Өз сабақтарым интерактивті әдісті сабақ барысында диалог тәсілі көмегімен және топқа бөлу жұмысына негізделген. Нәтижесі жинақталған білімін сырта пайдалана алады. Интерактивті әдістің ерекшелігі - оқушыға жаттанды білім беру емес, керсінше әр оқушының танымдылық қабілеттерін және танымдық үдерістерді, яғни қойылған сұраққа бірнеше нұсқалы жауап беру, ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілеттерін, сөздің қорын белсенді түрде дамыту болып табылады.
20. Оқудағы кедергілерді анықтау.
Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Олар ойларын оңай жинақтайды, терең ойланады, оқудан ләззат алады, ішкі бақылау жұмыстары мен сыртқы тексерістерде жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оларға оқу оңай, олар оқу үдерісінен рахат алады.
Оқушылардың ынтасын басқара алатын мұғалімдер оларды дамыту жолдарын белгілеуде негізгі рөл атқарады. Болашақты болжауға болмайды, бірақ ол қазір қызу қалыптастырылады. Қазіргі кезде не істеліп жатса да, жастардың қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Қазіргі кезде оқу қабілеттерін қалыптастыратын немесе шектейтін күштерді белгілей отырып, мұғалім белгілі бір педагогикалық амалдарды таңдап, жастарға өз әлеуеттерін ашуға, сол арқылы ең үздік оқушы болуға көмектесуге тиіс.
Біз оқушылардың әртүрлі себептермен: кейде зеріккендіктен, ауыр жұмыстан жалтару мақсатында, сыныптағы шудан қажыған себепті, қажетті сәтте мұғалім көмегін ала алмай зәру болған жағдайда, кезекті тапсырмадан гөрі қоғамдық өмір қиындықтары жайлы әңгіме мен ойлар маңыздырақ болуы және тағы басқа да жайттар орын алғанда сабақтан «тыс қалатынын» жақсы білеміз.
Аталған мәселелер – оқыту мен оқуда күнделікті кездесіп отыратын проблемалар, бірақ оларға көңіл бөлмей, назардан тыс қалдыратын болса, онда оқушылар бұл мәселелерді күнделікті мектеп өмірінде кездесетін қалыпты жағдай деп қабылдауы мүмкін, осының нәтижесінде белгілі бір уақыт өткеннен кейін олардың алдында мектепке және оқуға қызығушылығы төмендеуінің салдарынан болған көптеген проблема туындайды. Қажетті қызығушылыққа қол жеткізу жолдары – кездесетін қиындықтарға, сынақтарға дайын болу және сынып жұмыстары мен мектептегі әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысуын ұйымдастыру, сонымен бірге жұмысқа икемделген сыныптастарының қолдауына да байланысты.
